000ea041 F6a4ac65

You might also like

Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 2

Оқушыны жеке оқыту арқылы дамыту,

оқу орталықтарында білім алудың нәтижесі.


«Өмір бойы білім алу, әрбір Қазақстандықтың жеке қажеттілігіне айналуы тиіс» 
Н.Ә.Назарбаев 

Заман талабына сай, қәзіргі уақытта әр ата-ана баласының сауатты ,


білімді болғанын қалайды. Сондықтан мектепте алған білімін тереңдету
мақсатында балаларын оқу орталықтарында қосымша сабақтар беруге
әкеледі. Оқу орталықтарында оқушының жан-жақты дамуына толық
мүмкіндік бар. Себебі оқушымен жеке жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда
оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл ой белсенділігін, қабілетін,
шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Оқу орталығында әрбір
пән мұғалімі дарынды оқушының қабілетін арттыру үшін, немесе оқу
үлгерімінде қиындықтары бар оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-


тәсілдерді қолдануына, сондай-ақ оқыту әдістемесін жаңартып отыруына
байланысты. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық
қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заман
талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және
Интернет ресурстарын пайдалану, оқушының шығармашылық зерттеу
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі: 
• оқушының өз бетімен жұмысы, өзін-өзі реттеуі; 
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
• білім-білік дағдыларын тестілеу арқылы тексеріп, дамуы 
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
Оқу орталықтарында осы мәселелерге көп көңіл бөлінеді.
Сабақ мектептегідей 45 минут өтеді. Мысалы математика пәні бойынша
айтар болсақ:
Оқу процесінде есеп шығару математиканы оқытудың мақсаты ретінде
де оны оқыту әдісі ретінде де қолданылады. Есеп оқушыларды жаңа
математикалық біліммен қаруландырады,қалыптасқан іскерліктері мен
машықтарын жүйелеуге көмектеседі. Сондықтан оқушымен жеке жұмыс
жүргізу барысында оқушы қабілетін арттыру үшін өз бетінше есеп шығаруға
үйреткен жөн. Есепті өз бетінше шығару оқушының ойлау қабілетін
дамытады, қажетті теориялық материалды практикада қолдана білуге
үйретеді. Өз бетінше есеп шығарту арқылы мұғалім оқушының біліміндегі
олқылықтарды, яғни, жіберетін қателерін анықтайды.
Оқушы өз бетінше есеп шығарғанда мынадай қиындықтарға кездеседі :
1) Берілген есептің қандай тақырыппен байланысты екендігін анықтай алмау.
2) Дәлелдеуге берілетін есептерде қандай аксиомаға, теоремаға сүйенетінін
білмеу 
3) Есеп шығаруда тиімді тәсілді таңдай алмау. 
4) Есеп шартын құра алмау. т.б.
Оқушының біліміндегі ақаулар оқушыны берілген есепті ойдағыдай шеше
алу қабілетінен айырады. Бұдан барып оқушының математикаға деген
қызығушылығы жойылады. 
Сондықтан, оқушыға өз бетінше орындауға тапсырма бергенде алдын –
ала нұсқаулар беріп, қажетті анықтама материалдарды қандай әдебиеттен
алуға болатындығын көрсетіп отырған дұрыс. 

Оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет.


Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне
көңіл бөлуіміз қажет. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру
барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап,
бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар
өздеріне деген жауапкершілкті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға
деген белседілігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының
өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.
Оқу орталықтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,
ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізеді :
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдаланады;
2. Сабақты түрлендіріп өткізеді ;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалана алады;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолданады;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көреді.
Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында ұландарымыздың биіктен
көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген
тәрбиеміз арқылы қол жеткізуге болады. Ендеше бізге ой өрісі жоғары
дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір
сәтте естен шығармағанымыз жөн. Осы таңда мектептен тыс оқу
орталықтарында да оқушыға көптеген қолайлы жағдайлар бар.

You might also like