302взвод экзамен жауаптары-2020

You might also like

Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 92

Экзамен жауаптары

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, олардың


авторларын және олар нені бейнелейді?
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық
айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара
үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен
құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-
мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік
нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан
да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.
Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе
конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік
мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу
азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып,
жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан
Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан
Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996)
белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ.
Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының
бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы
суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн
үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-
азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас
жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке,
бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ
поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған
таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың,
жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты
тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр
шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-
өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш
етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол
нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк
Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан


Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы”
конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.
Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы
күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген
тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ
өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы —
суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық
аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан
халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк
аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен
жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және
оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге
сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк
түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де
халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып,
мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке
ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға
болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi.
Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт,
замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай,
билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-
ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн
паш етедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев


Әні: Шәмші Қалдаяқов

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы


кім және оның өкілеттігі?
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нурсултан
Назарбаев
Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысы – еліміздің Қарулы Күштерінің
Жоғарғы Бас қолбасшысы.
Елбасы Қарулы Күштерді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде тек
техникалық жаңғыртуға, заманауи қару-жарақ сатып алуға ғана емес, сондай-
ақ қазақстандық әскери қызметшілердің тұрмысын, өмір сапасын жақсарту
үшін де айтарлықтай қаражат бөлінеді. Әскери кәсіптің беделі де біртіндеп
артып келеді.
Президентіміз айтқандай, қазір еліміздің Қарулы Күштерінің біртұтас
жүйесін құрайтын заманауи, саны жағынан жинақы, жақсы жабдықталған
және ұрысқа қабілетті Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен
Әскери-теңіз күштері бар. Қарулы Күштеріміз ел тәуелсіздігін, халықтың
тыныштығы мен бейбітшілігін кірпік қақпай күзетеді.
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери
құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы
әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер
түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан»,
азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

3. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы және оның


мақсаттары мен міндеттері?
Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы 11 қазандағы
№ 161 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН 
2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299
Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар
мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар
жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы
бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі
ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын,
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық
актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық
шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды,
елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан
Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық
қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз
таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа
бағыттарын нақтылайды.

 Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық,
әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін
жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери


доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен
қарулы жанжалдарды (бұдан әрі - әскери жанжалдар) болдырмауға, әскери
ұйымды дамытуға, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарды қолдануға көзқарастар жүйесін білдіреді.
      Әскери доктрина Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсаттарын,
негізін қалаушы қағидаттары мен нысандарын айқындайды.
      Әскери доктрина әскери теория ережелеріне, орта мерзімді перспективада
әлемдегі және еңірдегі әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға және оны
дамытуды стратегиялық болжауға негізделеді.
      Әскери доктринаның құқықтық негізін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-
құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттар құрайды.
      Әскери доктринаның қорғаныстық сипаты бар, оның ережелерінде
бейбітшілікті дәйекті түрде ұстанатындығы елдің ұлттық мүддесін табанды
қорғаумен, әскери қауіпсіздігіне кепілдік берумен үйлеседі.
      Әскери доктринада әскери қауіпсіздіктің қазіргі заманғы, оның ішінде
ассимметриялы қатерлер - кибертерроризмді, этноұлттық және діни
экстремизмді, қарудың заңсыз таралуын қоса алғанда, халықаралық
терроризмге қарсы күрес ескеріле отырып, Қарулы Күштерді, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту жағдайлары мен негізгі бағыттары
нақтыланады.
      Әскери доктринада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі - әскери күштерді
қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі
қатерлерден жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар
мүддесінің қорғалу жай-күйі;
      2) әскери жанжал - әскери күшті қолданумен мемлекеттер, халықтар,
әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыс, қарсы күресу, қайшылықтарды шешу
нысаны (ұғым соғыс пен қарулы жанжалдарды қоса алғанда, барлық қарулы
қарсы күресу түрлерін қамтиды);
      3) соғыс - саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізу
үшін қарулы күш көрсету құралдарын қолдануға көше отырып, мемлекеттер,
халықтар және әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруіне
байланысты қоғамдық-саяси құбылыс;
      4) қарулы жанжал - ауқымы шектеулі қарулы қақтығыс, мемлекет соғыс
жағдайына өтпеген кезде қарулы күш көрсету құралдарын қолдана отырып,
ұлттық, этностық, діни және басқа да қайшылықтарды шешу нысаны;
      5) төмен қарқынды әскери жанжал - бұл шекаралық жанжалдар
эскалациясы, ел ішіндегі заңсыз қарулы құралымдардың және террористік
ұйымдардың әрекеті нәтижесінде туындаған қарулы жанжал;
      6) орташа қарқынды әскери жанжал - бұл қуатты экономикалық және
әскери әлеуеті жоқ елдер арасындағы соғыс;
      7) жоғары қарқынды әскери жанжал - бұл әскери және экономикалық
жағынан қуатты мемлекеттер (мемлекеттер коалициялары) қатысатын соғыс;
      8) мемлекеттің әскери ұйымы - бірлескен қызметі Қазақстан
Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
шешуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жиынтығы;
      9) жеткілікті қамтылған әскерлер топтамасы - төмен қарқынды жанжалдар
туындаған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
дербес орындауға қабілетті түраралық (ведомствоаралық) әскерлер топтамасы;
      10) Қарулы Күштерді стратегиялық өрістету - бұл Қарулы Күштерді бейбіт
жағдайдан соғыс жағдайына көшіруді, әскерлер (күштер) топтамаларын
жедел-стратегиялық (жедел) өрістетуді, әскерлерді (күштерді) стратегиялық
қайта топтастыруды, бірінші кезектегі стратегиялық резервтерді өрістетуді
қамтитын іс-шаралар кешені;
      11) әскери қауіпсіздік қатері - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу
үшін әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін, орын алған
қайшылықты әскери-күш көрсету әдістерімен шешу ниетін болжайтын
тұрақсыздық факторы.

4. Әскери доктринаға сәйкес әскери қауіпсіздіктің сыртқы және ішкі


қатерін атаңыз?
Орталық Азияда Ауғанстандағы тұрақсыздықтың сақталуына, өңірдегі
әлеуметтік-саяси жағдайдың шиеленісуіне, шекаралық-аумақтық және су
проблемаларының, оларды реттеу жөніндегі жетілдірілмеген тетіктердің іс-
қимылы жағдайында экономикалық, діни және басқа қайшылықтардың
болуына байланысты ахуалдың шиеленісуіне алғышарттар бар. Есірткі
тасымалы мен заңсыз көші-қон проблемалары трансұлттық сипатқа ие
болды.
      Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселенің шешілмеуі, Каспий
маңындағы кейбір мемлекеттердің өз әскери әлеуетін арттыруға ұмтылуы
және даулы мұнай кен орындарының болуы перспективада өңірдегі әскери-
саяси жағдайдың шиеленісуін тудыруы мүмкін.
      Әскери қауіпсіздік қатерінің сипаты елеулі өзгерістерге ұшырады.
Сыртқы және ішкі қатерлер арасындағы өзара байланыс күшейе түсті.
      Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің сыртқы қатерлеріне
мыналар жатады:
      1) өңір елдеріндегі әлеуметтік-саяси тұрақсыздық және қарулы
арандатулардың ықтималдығы;
      2) Қазақстан шекарасы маңында әскери жанжалдар ошақтарының болуы;
      3) өз мүддесін қамтамасыз ету мақсатында шетел мемлекеттерінің немесе
ұйымдарының әскери-саяси қысым көрсетуді, Қазақстан Республикасының
ішкі істеріне араласу үшін ақпараттық-психологиялық күрестің жаңа
технологияларын пайдалануы;
      4) Қазақстанның әскери қауіпсіздігіне залал келтіру үшін әскери-саяси
ұйымдар мен одақтардың ықпал етуінің кеңеюі;
      5) шекаралас елдердегі халықаралық террористік және радикалды
ұйымдардың және топтамалардың, соның ішінде кибертерроризмнің әрекеті,
діни экстремизм ұстанымдарының күшеюі;
      6) жекелеген мемлекеттердің жаппай қырып-жою қаруын және оны
жеткізу құралдарын жасау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруы, оны
шығару үшін пайдаланылатын технологияларды, жабдықтар мен
құрауыштарды, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы технологияларды заңсыз
тарату.
      Қазақстан Республикасы әскери қауіпсіздігінің ішкі қатерлері мыналар
болуы мүмкін:
      1) экстремистік, ұлттық және сепаратистік қозғалыстардың, ұйымдар мен
құрылымдардың қарулы күш көрсету әдістерін пайдалана отырып, елдегі
ішкі жағдайды тұрақсыздандыруға, конституциялық құрылысты өзгертуге
бағытталған әрекеті;
      2) заңсыз қарулы құралымдардың құрылуы және олардың әрекеті;
      3) диверсиялар, террористік актілер немесе өзге де заңға қарсы әрекеттер
жасау үшін пайдаланылуы мүмкін қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және
басқа да құралдардың заңсыз таратылуы.
5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен
әскери құрылымдарына тыныштық уақытындағы қойылатын негізгі
тапсырмаларды атап өтіңіз?
6. Әскери доктринада пайдаланылған келесі ұғымдарға анықтама
беріңіз: мемлекеттің әскери ұйымы, әскери күш, мемлекеттің жауынгерлік
потенциалы.

Мемлекеттiң әскери ұйымы


      Мемлекеттiң әскери ұйымы мiндеттердi әскери әдiстермен орындауға
арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi
мен әскери құралымдарын қамтиды. Қазiргi заманғы және тиiмдi әскери
ұйым Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
маңызды құралы болып табылады.
      Мемлекет өз Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарын дамыту мен жан-жақты қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi
шаралар қабылдайды. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарды дамытудың басты мақсаты олардың мемлекеттiң әскери
қауiпсiздiгiне қазiргі бар және әлеуеттi қатерлердi бейтараптандыруға
әзiрлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарын дамытудың негiзгi принциптерi мыналар болып
табылады:
      ғылыми негiздiлiк;
      жоспарланған iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге
орталықтандырылған басшылық жасау;
      белгiленген iс-шаралардың уақтылығы, жоспарлылығы мен жан-жақты
қамтамасыз етiлуi;
      жалпы мемлекеттiк және ведомстволық iс-шаралардың кешендiлiгi мен
келiсiлуi, оларды ұйымдастыру мен өткiзудi ұдайы бақылау;
      бiрыңғай мемлекеттiк әскери-техникалық саясат;
      кадрларды оқыту және даярлау жүйесiнiң бiрiздiлiгi.
      Мемлекеттiң әскери ұйымын дамыту олардың қызметiн регламенттейтiн
нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, үйлестiрiлген және келiсiлген
бағдарламалар мен жоспарлар бойынша, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдарды жауынгерлiк қолданудың мiндеттерi мен
ерекшелiктерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiң әскери ұйымын дамытудың мiндеттерi:
      Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
қызметiн мемлекеттiк және азаматтық бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      мемлекеттiң әскери ұйымының барлық құрауыштарын теңгерiмдi және
үйлесiмдi дамыту;
      әлемнiң жетекшi елдерiнiң армиясын дамыту және қолдану тәжiрибесiн
талдау негiзiнде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарға технологиялық және кәсiби талаптарды орнату;

7. Әскери доктринада пайдаланылған келесі ұғымдарға анықтама


беріңіз: әскери жанжал, қарулы жанжал, шекаралық қарулы жанжал.

Әскери жанжалдардың сипаты


      Халықаралық қатынастар жүйесiндегi объективтi орын алып келе жатқан
үрдiстер Қазақстан Республикасын мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар
мүдделерiн қорғау, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес
мiндеттемелерiн орындау мақсатында әскери жанжалдарға қатысуға әзiрлiкте
ұстауға мiндеттейдi.
      Әскери жанжал - әскери күштердi қолданумен мемлекеттер, халықтар,
әлеуметтiк топтар арасындағы қақтығыс, қарсы күресу, қайшылықтарды
шешу нысаны.
      Кез келген әскери жанжалға тараптардың саяси мақсаттарына, әскери iс-
қимылды жүргiзу ауқымына, олардың шиеленiсуiне, қолданылатын қарулы
күрес құралдарына, әскерлер iс-әрекетiнiң тәсiлдерiне негiзделген ерекше
әлеуметтiк-саяси, құқықтық және әскери-стратегиялық белгілер тән, олар
жиналып келгенде оның сипатын айқындайды.
      Қазiргi заманғы қарулы жанжалдардың негiзгi белгiлерi:
      кеңiстiктiк етек алуы, жоғары белсендiлiк пен қарқындылық, асығыстық
пен шектi шиеленiсу, авиацияны, жоғары дәлдiктi қаруды, радиоэлектрондық
күрес құралдарын, ғарыштық құрауыштарды, барлау мен басқарудың
автоматтандырылған жүйелерiн, ақпараттық және психологиялық күрес
күштерi мен құралдарын кеңiнен пайдалану;
      тараптар мен қапталдардың айқын белгiленген түйiсу жолақтарының
болмауы, әскерлердi жедел құруда үлкен аралық пен алшақтықтың болуы;
      кеңiнен маневр жасау, диверсиялық-барлау топтары мен құралымдарын
белсендi қолдану үшiн жағдай жасайтын iс-қимылдың байланыссыз және
басқа да дәстүрлi емес нысандары мен тәсiлдерiн пайдалану;
      тiкелей емес стратегиялық iс-әрекеттердi, оның iшiнде саяси және
психологиялық қысым жасауды, күш көрсетудi, экономикалық
санкцияларды, ақпараттық күрестi қолдану;
      мемлекеттiк және әскери басқару жүйесiне iрiткi салу;
      қару-жарақ пен әскери техниканың қазiргi заманғы жүйелерiн кеңiнен
қолдану;
      энергетика кәсiпорындарын, қауiптi өндiрiстердi, инфрақұрылымды,
коммуникацияларды, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн iстен
шығарудың апаттық зардаптары;
      қарулы жанжалдарға тұрақты емес қарулы құралымдардың қатысуы.
      Әскери жанжалдардың түрлерi соғыстарға және қарулы жанжалдарға
бөлінедi.
      Соғыс - мемлекеттер, халықтар және әлеуметтiк топтар арасындағы
қарым-қатынастардың өзгеруiне, саяси, экономикалық және басқа да
мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қарулы күш көрсету құралдарын қолдануға
көшуге байланысты қоғамдық-саяси құбылыс. Қарулы күреспен қатар
соғыста сонымен қатар экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық және
басқа да күрес нысандары қолданылады.
      Қарулы жанжал - мемлекет соғыс жағдайына өтпеген кезде қарулы күш
көрсету құралдарын қолдана отырып, ұлттық, этникалық, дiни және басқа да
қайшылықтарды шешудiң бiр нысаны.
      Қарулы жанжал қарулы инцидент, қарулы арандатушылық, басқа да
ауқымы шектелген қарулы қақтығыстар нысанында туындауы мүмкiн.
Қарулы жанжалдың ерекше нысаны шекаралық жанжал болып табылады.
      Қазақстан Республикасы тартылуы мүмкiн әскери жанжалдар ауқымы,
ұзақтығы мен шиеленiсуi бойынша төмен, орта және жоғары қарқынды
жанжалдарға бөлiнедi.
      Төмен қарқынды әскери жанжал - шекаралық қарулы инциденттер, ел
iшiндегi заңсыз қарулы құралымдардың және террористiк ұйымдардың
қызметi нәтижесiнде туындаған қарулы жанжал.
      Ол әскерлер iс-қимыл жасайтын аудандардағы әскери-саяси жағдайдың
күрделiлiгімен және бiркелкi еместiгiмен, коммуникациялардың, сондай-ақ
жергiлiктi тұрғындардың әлсiздiгiмен, тұрақты емес қарулы құралымдардың
қатысуымен, диверсиялық және террористiк iс-әрекеттермен сипатталады.
      Орта қарқынды әскери жанжал - қуатты экономикасы мен әскери әлеуетi
жоқ елдер арасындағы соғыс.
      Ол қарсы күресетiн тараптардың шектелген күштер мен құралдарды,
жоғары дәлдiктi қаруды, радиоэлектрондық күрес құралдарын және басқа да
қару-жарақ пен әскери техниканың қазiргi заманғы құралдары кеңiнен
қолданылатын жауынгерлiк iс-әрекеттер ошақтарымен, жанжалдасушы
мемлекеттер шекараларында әскери iс-қимыл жүргiзумен, әскерлердi, тылды,
олардың барлық аумағында экономиканы және коммуникацияларды
талқандаумен сипатталады.
      Орта қарқынды әскери жанжалды жанжал ауданында өрiстетiлген
әскерлер топтарының жүргiзуi, олар қажет болған кезде басқа бағыттардан
әскерлердi, күштер мен құралдарды ауыстыру және Қарулы Күштерге
iшiнара стратегиялық өрiстету жүргiзу есебiнен күшейтiлуi мүмкiн.
      Орта қарқынды жанжалда тараптар қарсы күресетiн мемлекеттердiң
шекараларында әрекет жасайтын және шектелген әскери-саяси мақсаттарды
ұстанатын болады.
      Жоғары қарқынды әскери жанжал - әскери және экономикалық жағынан
қуатты мемлекеттер (мемлекеттер коалициялары) қатысатын соғыс. Ол қарсы
күресетiн тараптардың түбегейлi әскери-саяси мақсаттарымен сипатталады,
оларға қол жеткiзу қатысушы мемлекеттердiң материалдық және рухани
ресурстарын толық жұмылдыруды талап етедi.
      Ядролық мемлекеттердiң қатысуымен болатын жанжалда ядролық қаруды
қолдану қатерi ұдайы сақталады. Тiптi оны шектелген ядролық соққы бере
отырып, ядролық соғысқа айналдыру көп адам өлiмiне, экономикалық және
мәдени орталықтардың қатты қирауына, үлкен аумақтың зақымдануына әкеп
соғуы мүмкiн, ол өңiрдiң көп елдерiнде экологиялық зiлзалаға әкеп
соқтырады.

8. Қазіргі заман жағдайында Қазақстан Республикасының әскери


қауіпсіздігіне қандай факторлар әсер етеді?
9. Қалыптасатын жағдайларда Қазақстан Республикасының әскери
қауіпсіздігіне мынадай факторлар ықпал етуі мүмкін:
      1) мемлекеттердің немесе әскери-саяси одақтардың Қазақстан
Республикасында, оның стратегиялық ресурстарына және көлік
инфрақұрылымына бақылау орнату үшін ықпал ету салаларын кеңейтуге
ұмтылуы;
      2) өңірде халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар іс-
қимылдары белсенділігінің күшеюі, Қазақстан Республикасындағы ішкі
жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында эмиссарларды, сондай-ақ
террористік және экстремистік ұйымдар құрамына кіретін Қазақстан
азаматтарын пайдалану;
      3) өңірді милитаризациялау және Қазақстан Республикасын "қару-жарақ
бәсекесіне" тарту;
      4) құрылымды бұзатын күштердің жаппай қырып-жоятын қаруға, кәдімгі
қару-жарақтарға, оқ-дәрілерге, жарылғыш және басқа да зақымдау
құралдарына, оларды шығару технологияларына немесе жаңа физикалық
қағидаттар негізінде жасалған жаппай ықпал ететін қаруға қол жеткізуі;
      5) Қазақстан Республикасының әскери және әскери-экономикалық
әлеуетін төмендету мүдделерінде мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық
жүйелеріне, елдің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелеріне
бағдарламалық-техникалық ықпал етудің (кибершабуылдардың) жүзеге
асырылуы.
      10. Қазіргі заманғы жағдайлар мен факторларды талдау нәтижелеріне
сүйенсек:
      1) мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың Қазақстан
Республикасына қарсы, оның ішінде "гибридті" күрес әдістерін пайдалану
арқылы әскери күш қолдануы немесе қолдану ниеті;
      2) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігінде шекаралық
қарулы жанжалдардың басталуы және өршуі;
      3) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыруға, конституциялық
құрылымды күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық
тұтастығын бұзуға бағытталған құрылымды бұзатын күштердің әрекеті;
      4) мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың мемлекеттің
әскери және әскери-экономикалық әлеуетін ақпараттық-психологиялық және
бағдарламалық-техникалық ықпал ету (кибершабуылдар) арқылы
төмендетуге бағытталған әрекеті;
      5) мемлекеттердің, әскери-саяси блоктардың Қазақстан Республикасын
"қару-жарақ бәсекесіне" тартуға бағытталған әрекеті;
      6) өңір мемлекеттерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, жаңа физикалық
қағидаттар негізінде жасалған жаппай ықпал ететін қаруды, оларды жеткізу
құралдарын жасау жөніндегі рұқсатсыз бағдарламаларды іске асыру, сондай-
ақ құрылымды бұзатын күштерге қару-жарақ пен әскери техниканы шығару
үшін қолданылатын жабдықты және құрауыштарды заңсыз тарату Қазақстан
Республикасына әскери қатер төндіруі мүмкін.
8. Қазіргі заман жағдайында Қазақстан Республикасының әскери
қауіпсіздігіне қандай факторлар әсер етеді?
1) мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың Қазақстан
Республикасына қарсы, оның ішінде "гибридті" күрес әдістерін пайдалану
арқылы әскери күш қолдануы немесе қолдану ниеті;

2) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігінде шекаралық


қарулы жанжалдардың басталуы және өршуі;

3) мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыруға, конституциялық


құрылымды күшпен өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық
тұтастығын бұзуға бағытталған құрылымды бұзатын күштердің әрекеті;

4) мемлекеттердің, халықтардың, әлеуметтік топтардың мемлекеттің


әскери және әскери-экономикалық әлеуетін ақпараттық-психологиялық және
бағдарламалық-техникалық ықпал ету (кибершабуылдар) арқылы
төмендетуге бағытталған әрекеті;

5) мемлекеттердің, әскери-саяси блоктардың Қазақстан Республикасын


"қару-жарақ бәсекесіне" тартуға бағытталған әрекеті;

6) өңір мемлекеттерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, жаңа физикалық


қағидаттар негізінде жасалған жаппай ықпал ететін қаруды, оларды жеткізу
құралдарын жасау жөніндегі рұқсатсыз бағдарламаларды іске асыру, сондай-
ақ құрылымды бұзатын күштерге қару-жарақ пен әскери техниканы шығару
үшін қолданылатын жабдықты және құрауыштарды заңсыз тарату Қазақстан
Республикасына әскери қатер төндіруі мүмкін.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі


саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді
әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін
айқындайды.

Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары:

1) заңдылық;

2) әскери қызметшілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін


әскери қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, оларды толық, жеткілікті
және уақтылы қамтамасыз ету;
3) әскери қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және
өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғау, әскери қызмет міндеттерін
орындау кезінде оған қол сұғылмаушылық;

4) дара басшылық және дәреже сатысы;

5) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне тәуелді


болмау болып табылады.

10. Әскери қызмет өткерумен байланысты әскери қызметшілердің


құқықтарын шектеу

Әскери қызметші:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару


органдарының мүшесі болуға, саяси партияларда, кәсіптік одақтарда, діни
бірлестіктерде тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге;

2) әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін педагогтік,


ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет болмаса, басқа ақылы
қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық


ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға
қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдардың


істері бойынша өкіл болуға;

5) әскери мүлік пен оның қызметтік істерін қамтамасыз ететін басқа да


құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты
қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;

6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын


ұйымдастыруға және оған қатысуға;

7) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде


лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

8) өзінің жақын туысқандары (ата-аналары, балалары, бала асырап


алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-
інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы
(зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазым атқаруға;
9) уəкілетті басшының жіберуі бойынша мамандандырылған
медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік,
есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан
медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы
емес.

Куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару əскери қызметтен


шығаруға алып келеді.

11. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар


əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы
азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-
ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар
бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен
жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.

2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1) бастапқы әскери даярлықты;

2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;

3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;

4) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты


қамтиды.

3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрлігі бекітетін, Азаматтарды әскери қызметке даярлау
қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз
етеді.

4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және


әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндетті.

12. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;

2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған


адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды


қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.

13. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:

1) сарбаздар (матростар);

2) сержанттар (старшиналар);

3) офицерлер құрамына бөлінеді.

Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мынадай


әскери атақтар белгiленедi:

Әскери Корабльдік

1) сарбаздар (матростар) құрамы

қатардағы жауынгер матрос

ефрейтор аға матрос

2) сержанттар (старшиналар) құрамы

кіші сержанттар құрамы

кiшi сержант екiншi сатылы старшина

сержант бiрiншi сатылы старшина

аға сержант бас старшина

аға сержанттар құрамы

үшiншi сыныпты сержант үшiншi сыныпты старшина

екiншi сыныпты сержант екiнші сыныпты старшина

бiрiншi сыныпты сержант бiрiншi сыныпты старшина

жоғары сержанттар құрамы

штаб-сержант штаб-старшина

шебер-сержант шебер-старшина

3) офицерлер құрамы
кiшi офицерлер құрамы

лейтенант лейтенант

аға лейтенант аға лейтенант

капитан капитан-лейтенант

аға офицерлер құрамы

майор үшiншi дәрежелi капитан

подполковник екiншi дәрежелi капитан

полковник бiрiншi дәрежелi капитан

жоғары офицерлер құрамы

генерал-майор контр-адмирал

генерал-лейтенант вице-адмирал

генерал-полковник адмирал

армия генералы

14. Әскери міндеттілер, əскери қызмет, əскери қызметшілер, əскери


міндеттілік- анықтама беріңіз?

əскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан


Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы
қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге
бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар
əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери


құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының
азаматтары;

əскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан


Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;

əскери міндеттілер – əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың


шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының
азаматтары.
15. Әскери жиындар, əскери есепке алу, әскери атақ- анықтама
беріңіз?

əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери


айырым белгісі;

əскери есепке алу – əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен


жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу
жəне талдау жүйесі;

əскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы


жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары,
уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-
шаралар.

16 сурак

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері


мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерудің осы қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру
және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.

Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті


"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012
жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі –
"Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заң) көзделген ерекшеліктерді
ескере отырып өткереді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,


басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мемлекеттік
мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін
азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия;

1-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Ұлттық ұланы


жоғары қолбасшылығы және басшылығының президенттік резерві (одан әрі –
Президенттік резерв) – Қарулы Күштер және Ұлттық ұланының жоғары
тұрған басшы лауазымдарына ұсыну үшін осы Қағидаларда белгіленген
ерекше іріктеу тәртібінен өткен әскери қызметшілерінің тізімі;
2) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің)
штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;

3) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген


мемлекеттік орган.

2.Әскери қызмет өткеру

3. Бейбіт және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және


кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқуды,
әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті
түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және
әскери қызмет бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен
шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді,
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-
жайларды (оқиғаларды) қамтиды.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының


заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға
сәйкес Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда ерікті
тәртіппен келісімшарт немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
өткереді.

5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші


бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және олар әскери-есептік
мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде
ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің құрамында
Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау
жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін.

6. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде


бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді
орындауға (бітімгершілік операцияларына), жауынгерлік іс-қимылдарға
қатысу кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, терроризмге
қарсы операцияларға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайды.

7. Әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке


тарту тәртіптік жарғыда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен
жүргізіледі.

3. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы


8. Әскери қызметтің басталуы:

1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін – жергілікті


әскери басқару органынан (облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту)
орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шыққан күн;

2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім


командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бөлім жеке құрамының
тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша
бұйрық шыққан күн;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім


беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түскендер
үшін, егер оған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса –
ұландарды қоспағанда, әскери оқу орындары үшін әскери оқу орны
бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан
күннен бастап, ал шетел әскери оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган
басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;

4) негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің


білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың
екінші курсын бітірген ұландар үшін – əскери оқу орны бастығының оқуды
жалғастыру, үшінші курсқа көшіру және кадет ауыспалы құрамының əскери
лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап саналады.

Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574


Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі).

9. Әскери қызмет мерзімдері "Әскери қызмет және әскери


қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан
Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген және:

1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – әскерге


шақыру бойынша әскери қызметтің аяқталу мерзімінің соңғы айының соңғы
күнінен кешіктірілмей;
2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – егер осы
Қағидаларда өзгеше көзделмесе, келісімшарттың аяқталу мерзімінің соңғы
айының тиісті күні аяқталады.

Әскери қызмет мерзімінің аяқталуы ондай күн болмайтын айға тура


келген жағдайларда көрсетілген мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады.

Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына)


байланысты, сондай-ақ әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме
басшысының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы
мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауыстыруды қоспағанда,
қызметтен шығару бірінші басшысының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, мемлекеттік
органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысқан
жағдайда әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет
аяқталған күн болып саналады.

10. Әскери бөлімді немесе әскери қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен
уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеу
уақыты әскери қызметшінің әскери қызмет мерзіміне есептелмейді.

Әскери бөлімді немесе әскери қызмет орнын өз еркімен тастап кету


кезеңінің басталуы әскери қызметшінің әскери бөлім немесе қызмет орны
орналасқан жерді нақты тастап кеткен уақыт, сол сияқты оның белгіленген
мерзімде қызмет орнына негізсіз келмеуі, аяқталуы – әскери қызметшінің
әскери бөлімге, әскери басқару органдарына немесе құқық қорғау
органдарына келуі не оны ұстау уақыты болып табылады.

11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің жалпы ұзақтығы (еңбек сіңірген


жылдары) оның әскерге шақыру бойынша, сондай-ақ келісімшарт бойынша
әскери қызметінің барлық уақытын қамтиды.

Әскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының


заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік және жеңілдік есептеумен
жүргізіледі.

17-сурак

Воинские звания в Вооружённых Силах Республики Казахстан — воинские


звания в Вооружённых силах, других войсках и воинских формированиях,
установлены Законом Республики Казахстан «О воинской обязанности и
воинской службе».
Звания в Вооружённых силах, других войсках и воинских формированиях
подразделяются на составы:

• солдат (матросов);

• сержантов (старшин);

• офицеров.

Звания состава сержантов (старшин) подразделяются ещё на три категории


составов:

• младший сержантский состав;

• старший сержантский состав;

• высший сержантский состав.

Звания офицерского состава подразделяются ещё на три категории составов:

• младший офицерский состав;

• старший офицерский состав;

• высший офицерский состав.

Также все звания подразделяются на войсковые и на корабельные (на флоте).

Для офицеров, имеющих медицинскую или юридическую специальности, к


воинским званиям добавляются слова «медицинской службы», «юстиции»
соответственно.

Для высшего офицерского состава авиации (летного, инженерного,


имеющего инженерно-авиационную подготовку) к воинским званиям
добавляется слово «авиации».

К воинским званиям граждан, пребывающих в запасе, добавляются слова


«запаса», а находящихся в отставке — «в отставке».

Использование сокращённых просторечных названий (подобно «кавторанг»,


«старлей» и т. п.) не допускается.

19 сурак

В какое время проводится призыв?


Согласно статье 31 Закона "О воинской службе и статусе военнослужащих",
призыв граждан на срочную воинскую службу проводится два раза в год на
основании Указа Президента Республики Казахстан и постановления
Правительства Республики Казахстан.

В соответствии с ежегодными принимаемыми Указами Президента


Республики Казахстан, постановлениями Правительства Республики
Казахстан призыв граждан на воинскую службу осуществляется два раза в
год, с апреля по июнь и с октября по декабрь месяцы соответствующего
календарного года.

Призывной возраст

В соответствии со статьей 31 Закона "О воинской службе и статусе


военнослужащих", призыву на срочную воинскую службу подлежат
граждане в возрасте от 18 до 27 лет, не имеющие права на отсрочку или
освобождение от призыва.

20 сурак

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери


қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді
төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің әскери қызметшілерін ақшалай ризықпен, жәрдемақылармен
және басқа да төлемдермен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Толық бір ай қызмет өткермеген әскери қызметшіге тиесілі ақшалай


ризықтың мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күндердің нақты
санына пропорционалды түрде сүйене отырып айқындалады.

3. Әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себептермен болмаған


жағдайда, қамау түріндегі жазасын өтеу уақытында сотталған әскери
қызметшіге, гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу уақытында ақшалай ризық
әскери қызмет міндеттерін нақты орындаған күндеріне пропорционалды
түрде командирдің бұйрығы негізінде төленеді. Бұйрықта әскери қызметте
нақты болмаған күндері көрсетіледі. Ақшалай ризықты пропорционалды
түрде есептеу үшін бір айдағы күнтізбелік күндер қолданылады.

4. Әскери қызметшіге ағымдағы айға ақшалай ризықты төлеу ағымдағы


айдың 25-і күні жүргізіледі.
Ақшалай ризық төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура
келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Ақшалай ризықты төлеу кезінде әскери қызметші тиісті кезең үшін оған
тиесілі ақшалай ризықтың құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың
мөлшерлері мен негіздері туралы, сондай-ақ төленуге тиіс жалпы ақша
сомасы туралы жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабардар
етіледі.

5. Әскери қызметшіге белгіленген мерзімдерден бұрын ақшалай ризық


төлеуге оның баянатының негізінде мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) демалысқа (жүктілікке және бала тууына және бала үш жасқа толғанға


дейін оның күтіміне байланысты демалысты қоспағанда), оқуға, қызметтік
іссапарға кеткенде – егер ол қызмет орнына ақшалай ризық төлеу мерзімінен
кешігіп қайтса, ағымдағы ай үшін;

2) жаңа қызмет орнына қоныс аударғанда – ағымдағы ай үшін.

6. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе


мөлшерден аз төленген ақшалай ризық әскери қызметшінің талап мерзімінің
өтуі шегінде оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.

6-1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық


айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (мемлекеттік
мекемеде) қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады.
Лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін әскери бөлімдегі
(мемлекеттік мекемедегі) қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссиялардың
құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр
бөлімшесі болмаған кезде – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар)
міндетті түрде енгізіледі.

Азаматтар әскери қызметке 15 жұмыс күн аралығында, сондай-ақ жыл


сайын 20 қаңтарға дейін кірген кезде (1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық
әскери қызметшілердің қызмет өтілін белгілеу үшін) комиссия отырысы
жүргізіледі. Қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия шешімі комиссия
отырысының хаттамасымен ресімделеді. Комиссия отырысы хаттамасының
көшірмесі екі данада құрастырылады (кадр қызметіне - бір данасы, қаржы
қызметіне - екіншісі).

7. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге Қазақстан


Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдарының ішкі қызметі жарғысымен белгіленген
мерзімдер шегінде істері мен лауазымын тапсырған уақыт үшін, сондай-ақ
оған істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін шығарылу кезінде берілетін
жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық атқаратын әскери
лауазымы бойынша төленеді.

7-1. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және халықаралық


ұйымдарғаіссапарға жіберілген әскери қызметшілерге ақшалай ризық,
жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен
әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 74-тармағына
сәйкес жүргізіледі.

21 сурак

Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы


мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы
негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай
күнтізбелік есептеумен белгіленеді:

1) кемінде он жыл – 30 тəулік;

2) он жылдан он бес жылға дейін – 35 тəулік;

3) он бес жылдан жиырма жылға дейін – 40 тəулік;

4) жиырма жəне одан көп жыл – 45 тəулік.

Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік


кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет
өткеретін əскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10
тəулік демалыс беріледі.

Жыл сайынғы негізгі демалыстың ұзақтығы демалыс күндеріне келетін


мереке күндерді есептемей, күн тәртібіне және қызметтік уақыт регламентіне
қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге (əскери интерндерге,


магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс
берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық
айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлеу жүргізіледі.

Əскери интерндердің, магистранттардың, докторанттардың,


адъюнкттердің жазғы жəне қысқы каникулдық демалысының жиынтығы жыл
сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.

Келісімшарт бойынша əскери қызметші теріс себептермен əскери


қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жəрдемақы
сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге
міндетті.

2. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыстан басқа


Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қосымша
демалыстар беріледі.

Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан


басқа, əскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тəртіппен бала үш жасқа
толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.

Жыл сайынғы негізгі жəне қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы


тиісті жылға 60 тəуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол
жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс
орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақытты беру тəртібі
Əскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.

Келісімшарт бойынша əскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі


ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.

3. Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне жалпыәскери жарғыларда


айқындалған тәртіпте көтермелеу түрінде қысқа мерзімді демалыс беріледі.

4. Қажет болған кезде әскери қызметшілерге ауыруы бойынша, отбасы


жағдайлары бойынша қысқа мерзімді, ал әскери оқу орындарында (әскери
факультеттерде) оқитындарға каникулдық демалыстар беріледі.

Əскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден,


кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу
жəне тапсыру үшін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде
оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым
кандидаты, докторы ғылыми дəрежелерінің, философия докторы (PhD) жəне
бейіні бойынша доктор дəрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери
қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тəртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.

5. Жыл сайынғы негізгі демалыс жұмылдыру, соғыс немесе төтенше


жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында және қызметтік қажеттілік
жағдайында уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен
тоқтатылады. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы
жылы немесе келесі жылы беріледі.

Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлігі он және одан астам күнтізбелік


күнді құраса, әскери қызметшілерге демалыс өткізу орнына бару және кері
қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі.

Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі əскери қызметшіге


оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы
негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.

6. Өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін немесе оқуға Қазақстан


Республикасынан тыс жерлерге жіберілген әскери қызметшілер Қазақстан
Республикасының аумағында қызмет өткеретіндердің демалысқа құқықтарын
пайдаланады.

7. Əскери қызметшілердің жұмыс істейтін əйелдеріне (күйеулеріне) жыл


сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың
күйеулерінің (əйелдерінің) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін.
Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы
сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен күйеуінің (əйелінің) демалыс
ұзақтығына тең болуы мүмкін.

22 сурак

Баллистика (немісшее Bаllіstіk, грекше ballo — лақтырамын) — жоғары


математика, теориялық механика, газ, жылудинамикалары, жарылғыш заттар
мен оқ-дәрі теориялары және т.б. ілімдерге сүйенетін әскери-техникалық
ғылым.[1] Ол артиллериялық және реактивтік снарядтардың, миналардың,
авиабомбалардың, ракеталардың, оқтардың, гарпундардың атылу, ұшу,
құлдилау (әуеден тастау) кезіндегі қозғалыстарын зерттейді.[2]

Баллистика — ішкі баллистика және сыртқы баллистика болып бөлінеді. Ішкі


баллистика оқ-дәрі оталғаннан кейін оқ, снаряд, мина т.б-лардың қару
ұңғысындағы қозғалысы мен жану камерасында өтетін процестерді зерттейді.
Ішкі баллистиканың негізгі салалары: пиростатика және пиродинамика,
сондай-ақ, аралық баллистика мен оқ-дәрілі ракеталардың ішкі
баллистикасы. Пиростатика белгілі бір тұрақты көлем ішінде оқ-дәрінің жану
(оталу) және газдану заңдылықтарын, ал пиродинамика ату кезінде ұңғы
(оқпан) ішінде өтетін процестерді және олардың арасындағы өзара
байланыстық құбылыстарды зерттейді; ұңғының құралымдық сипаттары мен
нысана көздеу шарттарын: қарулардың, ракеталардың, атыс құралдарының
баллистикалық жобаларын белгілейді. Аралық баллистика процестердің
кезеңдік салдарын, ал, оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы камерадағы
оталған заттардың жану және газ бөліну, сондай-ақ, ракетаға әсер ететін
күштердің пайда болу заңдылықтарын зерттейді.[3]

Сыртқы баллистика снарядтардың, миналардың, оқтардың, басқарылмайтын


ракеталардың қару (қондырғы) ұңғысынан ұшып шыққаннан кейінгі
қозғалыстарын, сондай-ақ ол қозғалыстарға ықпал жасайтын өзге де
факторларды зерттейді. Сыртқы баллистиканың негізгі мәселелері: снарядқа
ұшу кезінде әсер ететін күштер мен әр түрлі жәйттерді зерттеу; траектория
элементтерін есептеу үшін снаряд массасы (салмағы мен инерциясы)
орталығының қозғалысын, сондай-ақ, ұшу бағдары мен ауытқушылық
сипаттарын айқындау мақсатында снаряд қозғалысын оның масса
орталығына қатынасы арқылы зерттеу. Сыртқы баллистика осымен бірге
атыс кестелері мен сыртқы баллистикалық жобаларды әзірлеу үшін
мәліметтер алу әдістерін жасау және түзетпелер теориясы мәселелерін де
қамтиды. Ерекше жағдайларда снарядтар қозғалысын сыртқы баллистиканың
авиациялық баллистика, су асты баллистикасы, т.б. арнаулы салаларымен
байланыстыра зерттейді. Баллистика ғылым ретінде 16 ғасырда қалыптасты.
[4]

Баллистика жөнінде алғашқы еңбекті (“Жаңа ғылым” деп аталатын) 1537


жылы италиялық математик Н.Тарталья (1499 —1557) жазды. Кейін Б-ның әр
түрлі мәселелерін Г. Галилей, Исаак Ньютон, Л.Эйлер, т.б. зерттеді. Италия
физигі Э.Торричелли (1608—1647) және француз М.Мерсенн снаряд
қозғалысы жөніндегі ғылымды “Баллистика” деп атауды алғаш рет 1644
жылы ұсынды. Әйтсе де, ежелгі соғыс құралдарының, соның ішінде
садақтардың, жебелердің қолданылу орны мен ретіне қарай түрліше болып
келуі баллистика заңдылықтарымен есептесудің көне замандардан бастау
алатындығын көрсетеді.

23 сурак
Начальная скорость пули — скорость движения пули у дульного среза
ствола.

За начальную скорость принимается условная скорость, которая несколько


больше дульной и меньше максимальной. Она определяется опытным путём
с последующими расчетами. Дульная скорость сильно зависит от длины
ствола: чем длиннее ствол, тем большее время пороховые газы могут
воздействовать на пулю разгоняя её. Для пистолетных патронов дульная
скорость примерно равна 300—500 м/с, для промежуточных и винтовочных
700—1000 м/с.

Величина начальной скорости пули указывается в таблицах стрельбы и в


боевых характеристиках оружия.

При увеличении начальной скорости увеличивается дальность полета пули,


дальность прямого выстрела, убойное действие пули и пробивное действие
пули, а также уменьшается влияние внешних условий на её полет.

Даже обычные пули, которые имеют начальную скорость более 1000 м/с
обладают мощным фугасным действием. Это фугасное действие обладает
экспансивным ростом, по мере того как начальная скорость переходит
границу в 1000 м/с.

24. Зақымдалатын, бүркемеленген және бос кеңістікке анықтама беріңіз?

Расстояние на местности, на протяжении которого нисходящая ветвь


траектории не превышает высоты цели, называется поражаемым
пространством.

Пространство за укрытием, не пробиваемым пулей, от его гребня до точки


встречи называется прикрытым пространством.

Часть прикрытого пространства, на котором цель не может быть поражена


при данной траектории, называется мертвым ( не поражаемым )
пространством. Другую часть прикрытого пространства, на которой цель
может быть поражена, составляет поражаемое пространство.

25. Әскери топография пәні және оның міндеттері

Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы


бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді
бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті
заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты
жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық,
химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.

Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі


белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп
аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол
торабы, өзендер, көлдер т.б.

Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам
еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың
барлығы – жергілікті заттар деп аталады.

Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол


бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар,
байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді.
Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін
қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен
миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар.
Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде
кеңінен пайдалынылады.

Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай
білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге
дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін
толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде
қолдану.

Военная топография( от греч. Topos – местность, grapho – пишу ) -


специальная военная дисциплина о способах и средствах изучения и оценки
местности, ориентирования на ней и производства полевых измерений для
обеспечения боевой деятельности войск, о правилах ведения рабочих карт
командиров и разработки графических боевых документов.

Современная военная топография дает знания о тактических свойствах


местности, о наиболее эффективных способах и средствах ее изучения и
оценки при организации и ведении боевых действий.
Предметом военной топографии являются способы изучения и оценки
тактических свойств местности, ориентирования на ней по топографическим
и специальным картам, аэрофотоснимкам, а также приемы полевых
измерений.

Главной задачей военной топографии является изыскание наиболее


рациональных способов и средств получения информации о местности.

Применение современных мощных огневых и радиотехнических средств


требует производства топографических измерений и расчетов по их
привязке, ориентированию направлений их действий и по определению
расстояний до целей. Чем больше эти расстояния, тем точнее должны
производиться такие измерения. С этой целью в войсках используют
различного рода измерительные инструменты - угломерные приборы,
дальномеры, высотомеры и т.п. Для измерения и расчетов широко
приминаются также топографические карты. Однако в современном бою,
когда успех зачастую решают минуты, а иногда и секунды, наряду с
применением точной измерительной техники не менее важно, что бы каждый
воин, и тем более командир обладал хорошим глазомером и мог, применяя
простейшие способы измерений, быстро и достаточно точно определять
расстояния до целей, ориентиров и других объектов, а также направлений на
них. Особенно это важно для мотострелковых подразделений. Такие
простейшие угломерные и линейные измерения постоянно требуются при
разведке, ориентировании на местности и, особенно при подготовке
исходных данных для стрельбы. Измерять углы приходится, например, при
определении местоположения различных объектов, направлений пути
движения, при целеуказании и т. п. Угловые измерения также применяются
при определении расстояний и линейных размеров удаленных объектов.

26. Жергілікті заттар арқылы көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері?

Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.

Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және


жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп
тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы
кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина
орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.

Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат


меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері
жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік
белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында
айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты
нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына
бағытталады.

Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып,


оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне
қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс,
оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.

Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық


нәтижелі болады.

Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта
келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат
тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге
бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін
түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен
кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп
алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан


Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы
шоқжұлдызымен оңай табуға болады.

Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы


өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы
қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз,
соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.

Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы


шамалап анықталады.

Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді.


Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа
райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей
жағына шайыр көбірек жинақталады.

Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына


салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау
келеді.

Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар


оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай
созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).

27. Тактикалық және топографиялық бағдарлау дегеніміз не

Бағдарлану туралы түсінік.

Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды
меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана
білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен
шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері
маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі
жылу мен жарықтың қайнар көзі.

Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу
солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар
қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті
бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.

Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері


қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен
объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті
жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа
элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып
тұруы тиіс.

Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше


көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі
мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда
оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта
қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.

Топографическое ориентирование на местности включает в себя :


— Определение сторон горизонта.

— Точки своего стояния.

— Положения окружающих объектов местности.

При топографическом ориентировании вначале показывают направление на


север по какому-либо предмету и свое местоположение относительно
ближайшего и хорошо выделяющегося ориентира. Затем называют
необходимые ориентиры и другие объекты местности, указывают
направления на них и примерные расстояния.

Направления на ориентиры указывают относительно своего положения


(прямо, справа, слева) или по сторонам горизонта. Порядок указания
ориентиров: справа налево, начиная с правого фланга.

Тактическое ориентирование на местности.

Тактическое ориентирование на местности заключается в определении и


показе на местности расположения и характера действий войск противника и
своих подразделений к определенному времени.

28. Әскери кафедра студенттерінің құқықтары мен міндеттері?

Студенттердің әскери дайындығы Қазақстан Республикасы Қарулы


Күштеріне сана, интернационализм рухында тәрбиеленген, моральдық
тұрақты, тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтай білетін,
жоғары идеологиялық және адамгершілік қасиеттерге ие, сонымен қатар
білімге, Отанға адал қызмет ететін, және де взвод командирі лауазымындағы
қызметтік міндеттерін сәтті орындау үшін қажетті — білім, қабілеттер
мемлекеттік резерв офицерлерін дайындауға бағытталған.

Студенттерді әскери даярлаудың негізгі міндеттері:

1) негізгі моральдық, саяси, кәсіби және әскери, психологиялық және


физикалық сапалардың қалыптасуы мен дамуы;

2) міндеттерін ойдағыдай орындау үшін қажетті командалық және


әдістемелік дағдыларды қалыптастыру;
3) далалық және практикалық дайындық, жоғары тактикалық, арнайы және
техникалық дайындық;

4) запаста қызмет ету тәртібін, әскери бөлімге мақсатты түрде келудің жалпы
тәртібін білетін, арнайы кезең ішінде өзіне жүктелген барлық іс-әрекеттерді
орындай алатын және жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде
бөлімшелерді басқаруға қабілетті запастағы офицерлерді даярлау.

Осы мәселелерді шешу үшін:

1) оқытушылар құрамы сабақ барысында жүйелі түрде студенттерді


мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту туралы Қорғаныс министрінің
бұйрықтары мен нұсқаулықтарының талаптары туралы хабардар етеді;

2) сабақ барысында әр студент жоғары моральдық және жауынгерлік


қасиеттерді, біздің ісіміздің дұрыс екендігіне, Қазақстан халқына және
олардың заңды түрде сайланған Президентіне деген адалдықты белсенді
дамытады;

3) жауынгерлік жұмысты, әскери-техникалық дайындықты, артиллериялық


тактиканы оқытқан кезде мұғалімнің қызметін бағалаудың басты өлшемі
оқушылардың нақты дайындық деңгейіне негізделгендігіне негізделеді;

4) практикалық және топтық сабақтарда студенттерге тапсырмаларын сенімді


орындауда практикалық дағдыларды, взводтың (батареяның) отты шебер
басқаруын үйрету;

5) оқыту кезінде студенттерге проблемаларды шешу, басқаруда жеке


бастылық пен тәуелсіздік ұсыну;
6) студенттерді өз бетінше шешім қабылдау қабілетіне ерекше назар аудара
отырып, командалық шеберлік пен әдіснамалық сапаларды үнемі
ынталандыруға;

7) оқушылардың сабақтағы жұмысын бақылауды күшейту.

29. Әскери киім нысанын және айырым белгілеріне анықтама беріңіз?

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы және Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары әскери қызметшілерінің
далалық киім нысанының және арнайы киімінің үлгісі және түсі, айырым
белгілері

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің


03.04.2017 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Далалық киім нысанының үлгісі мен түсінің сипаттамасы

1. Далалық киім нысанын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының


және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу
органдарының әскери қызметшілері оқу-жаттығуларға, далалық шығуларға,
жауынгерлік кезекшілікке, қарауылдардың құрамында қызмет атқару кезінде,
оқу орталықтарындағы, полигондардағы сабақтарға киеді.

2. Далалық киім нысаны:

1) жазғы (1-сурет):

бүркеніш түсті далалық фуражка;

бір түсті футболка;

бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар;

далалық белбеу;

қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке.

Бүркеніш түсті далалық фуражка төбесінен, екі жақ бүйірінен және


күнқағардан тұрады, екі жақ бүйірінің биіктігі желке жағына қарай ұлғаяды.

Бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар:


орталық ішкі қаусырмалы түйме ілгегі бар тік пішілген күртеше;

белі сырылып тігілген тік пішілген шалбар.

2) қысқы (2-сурет):

белгіленген түсті теріден тігілген құлақшын (полковниктер мен


генералдар үшін - күнқағары бар сұр түсті қаракөлден тігілген малақай);

бір түсті футболка;

бүркеніш түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар;

бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар;

далалық белбеу;

қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке;

қара түсті іші жылы былғары қолғап.

Бүркеніш түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар:

тік пішілген, ұзын, орталық ішкі қаусырмалы "сырғыма" сыдырма ілгекті


және түймемен ішінен жабылатын желден қорғайтын өңіржиекті күртеше;

аспалы бауы және белі сырылып тігілген тік пішілген шалбар.

Мата түсі: төрт түсті бүркенішті сурет.

30. Әскери киім үлгілері, жазғы және қысқы киім үлгісіне өту тәртібі?

2-тарау. Кеңселік киім нысанының үлгісі мен түсінің сипаттамасы

3. Кеңселік киім нысаны Бас және өңірлік қолбасшылық басқару


органдарында, әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде күнделікті
киюге арналған.

4. Ұзын жеңді күртеше және шалбар (3, 5, 7-суреттер):

еркін пішілген, белі сырылып тігілген, орталық "сырғыма" сыдырма ілгегі


бар күртеше;
белі сырылып тігілген, тік пішілген балағы түсіңкі шалбар.

5. Қысқа жеңді күртеше және шалбар (әскери қызметші әйелдер үшін –


белгіленген түсті юбка) (4, 6, 8-суреттер):

еркін пішілген, белі сырылып тігілген, орталық түйме ілгегі бар күртеше;

белі сырылып тігілген, тік пішілген балағы түсіңкі шалбар (әскери


қызметші әйелдер үшін – белі сырылып тігілген юбка).

6. Ұзын және қысқа жеңді күртешелер "Қазақстан Республикасының


Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары әскери
қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144
Жарлығымен бекітілген (бұдан әрі - Жарлық) әскери атағы бойынша
погондармен (муфта), Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына және
Бас (өңірлік) қолбасшылыққа тиістілігін білдіретін жеңдегі белгілермен, "қан
тобы" кеуде белгісімен, тікбұрыш нысанды, ені – 3,5 см, ұзындығы – 13 см,
әріптердің (сандардың) биіктігі – 17 мм "ҰЛТТЫҚ ҰЛАН" деген кеуде
белгісімен жабдықталады (3, 4, 5, 6, 7, 8-суреттер).

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің


03.04.2017 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

7. Жоғары офицерлік құрамның ұзын және қысқа жеңді күртешелерінің


жағасы алтындатылған зермен кестеленеді.

8. Мата түсі: қара жусан, авиацияның ұшқыштар құрамына қара көк түс.
9. Кеңселік киім мыналардан тұрады:

жазғы:

кепи (әскери қызметші әйелдер үшін – пилотка), ақ түсті футболка, қара


түсті қысқа қонышты былғары бәтеңке (әскери қызметші әйелдер үшін – қара
түсті былғары туфли);

қысқы:

қара жусан түстес теріден тігілген құлақшын (полковниктер үшін -


күнқағары бар сұр түсті қаракөлден тігілген малақай), теріден тігілген
жағасы бар белгіленген түсті күртеше (полковниктер үшін – сұр түсті
қаракөлден тігілген жаға), қара түсті іші жылы қолғап, кашне, ақ түсті
футболка, қара түсті іші жылы қысқа қонышты былғары етік (әскери
қызметші әйелдер үшін – қара түсті іші жылы былғары етік).

3-тарау. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша

қызметті атқаруға арналған бекеттік киімі үлгісінің және

түсінің сипаттамасы

10. Бекеттік киім қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша, оның
ішінде бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша қызметті атқару
кезінде киюге арналған.

11. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша қызметті атқаруға


арналған бекеттік киім:

1) жазғы (9-сурет):
жазғы кепи;

футболка;

жазғы костюм;

былғары жабдық;

қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке.

Кепи құрақтардан, күнқағардан, өлшемін реттеуге арналған бау мен


ілгектен тұрады.

Жазғы костюм:

орталық ішкі қаусырмалы түйме ілгегі бар тік пішілген күртеше;

тартылатын белдігі бар тік пішілген шалбар.

2) қысқы (10-сурет):

теріден тігілген құлақшын (полковниктер мен генералдар үшін -


күнқағары бар сұр түсті қаракөлден тігілген малақай);

футболка;
жазғы костюм;

астары жылы костюм;

былғары жабдық;

қара түсті іші жылы ұзын қонышты былғары бәтеңке;

қара түсті іші жылы былғары қолғап.

Астары жылы костюм:

тік пішілген, орталық ішкі қаусырмалы "сырғыма" ілгекті және түймемен


ішінен жабылатын желден қорғайтын өңіржиекті күртеше;

шалбар – аспалы бауы және белі сырылып тігілген тік пішілген жартылай
кобинезон.

12. Жазғы күртеше, астары жылы күртеше, қысқа жеңді жазғы жейде
Жарлықпен бекітілген әскери атағы бойынша пагондармен (муфта),
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына және Бас (өңірлік)
қолбасшылыққа (тікелей бағынысты бөлімдерге) тиісілігін білдіретін жеңдегі
белгілермен, "Қазақстан" және "қан тобы" кеуде белгілерімен жабдықталады.

Жазғы күртешенің жағасына төменгі жағына параллель алтын түстес


"KZ" эмблемасы бекітіледі. Жағаның төменгі шетінен әріптердің төменгі
шетіне дейінгі арақашықтық – 15 мм.
13. Жазғы және астары жылы күртешенің, жейденің арқа бөлігінің
жоғарғы жағында күміс түстес немесе ақ түсті жарқырайтын элементтермен
"ҰЛТТЫҚ ҰЛАН" деген жазу жазылады (9, 10, 11-суреттер).

14. Мата түсі: қара көк, қысқа жеңді жейдеден басқа - ашық көк.

15. Қой терісінен тігілген қысқа тон әскери атақтар бойынша


погондармен жабдықталады (12-сурет).

4-тарау. Әртүрлі арнайы жұмыстарды орындайтын әскери

қызметшілердің, жұмысшылар мен қызметшілердің арнайы киімі

үлгісінің және түсінің сипаттамасы

16. Әскери қызметшілер автомобильдік және броньдытанк техникаларына


қызмет көрсетуі кезінде киюіне, жауынгерлік машиналар мен броньдалған
автомобильдердің экипажына, жөндеу бөлімшелерінің әскери
қызметшілеріне, атыс қаруын, көтергіш механизмдерді, қоректендіру
агрегаттарын жөндеуге арналған жөндеу жөніндегі шеберлерге, автокөлікті
және басқа да техникалық құралдарды жете тексеруге байланысты бақылау-
көліктік және бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне арналған.

17. Автомобильдік және броньдытанк техникаларына қызмет көрсететін


әскери қызметшілердің, жауынгерлік машиналар мен броньдалған
автомобильдердің экипажы, жөндеу бөлімшелері әскери қызметшілерінің,
атыс қаруын, көтергіш механизмдерді, қоректендіру агрегаттарын жөндеуге
арналған жөндеу жөніндегі шеберлерге арналған арнайы киім:

1) жазғы (13-сурет):

мақта-мата фуражка;
костюм (күртеше және шалбар);

2) қысқы (14-сурет):

костюм (күртеше және шалбар);

астары жылы костюм (күртеше және шалбар).

18. Арнайы киім мыналардан тұрады:

жазғы уақытта:

футболка, далалық белбеу, қара түсті ұзын қонышты былғары бәтеңке;

қысқы уақытта:

жүн малақай, футболка, далалық белбеу, қара түсті іші жылы ұзын
қонышты былғары бәтеңке;

Мата түсі: қара.

19. Автокөлікті және басқа да техникалық құралдарды жете тексеруге


байланысты бақылау-көліктік және бақылау-өткізу пункттері әскери
қызметшілерінің арнайы киімі мыналардан тұрады (15-сурет):

мақта-мата фуражка;
костюм (күртеше және шалбар).

Мата түсі: қара.

31. Сап, қатар, қаптал, маңдайшеп, саптың тыл жағы- анықтама беріңіз?

Сап- әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің олардың өзара


іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы Жарғымен
белгіленген орналасуы.

Одан ары қарай қатар, оң (сол) жақ қаптал, саптың тыл жағы, саптық
маңдайшебі және т.б. не екенін түсіндіру қажет.

Қатар– қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі


екіншісінің қасында орналасқан сап.

Сап қапталдары – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап
қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілері тіке қарап тұрған жағы


(машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.

32. Аралық, арақашықтық, саптың ені, сап тереңдігі- анықтама


беріңіз?

Аралық - маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар),


бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.

Арақашықтық - әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен


бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.

Саптың ені - қапталдар арасындағы қашықтық.

Сап тереңдігі - бірінші қатардан (алдында тұрған әскери қызметшіден)


соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал
машиналардағы іс-қимыл кезінде - машиналардың бірінші сызығынан
(алдында тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта
тұрған машинаға) дейінгі қашықтық.

33. Екі қатарлы сап, қатар, лек, өрістетілген сап, бағыттаушы,


тұйықтаушы- анықтама беріңіз?
Екі қатарлы сап - бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым
арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына
алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай
орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап
бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.

Қатар - екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі


әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында
екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса, онда ондай қатар толық емес деп
аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.

Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери
қызметші алдында тұрған қатарға ауысады.

Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарға сапқа


тұрғызылады.

Бір қатарлы (қатар) және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған
болуы мүмкін.

Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша


бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда
орналасады.

Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша


бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.

Лек - әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер


(машиналар) - бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен
белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.

Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.

Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа


тұрғызу үшін қолданылады.

Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір-бірден тұрғызылады.

Өрістетілген сап - бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе


екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен
немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына
тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар,
парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы - көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери
қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери
қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.

Тұйықтаушы - лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше,


машина).

34. Командирлер мен әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы


және саптағы міндеттері

Командир мыналарға міндетті:

сапқа тұрғызу орнын, уақытын, тәртібін, киім нысаны мен жабдықтарды,


сондай-ақ қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетуге; қажет
болған кезде қадағалаушыны тағайындауға;

сапта өз бөлімшесі (бөлімі) бағыныстыларының, қару-жарақтың, әскери


және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдары мен
шанецтік аспаптардың болуын тексеруге және білуге;

бағыныстылардың сыртқы пішінін, сондай-ақ жабдықтардың болуын


және оның дәл келуін тексеруге;

сап тәртібін сақтауға және бөлімшелердің командаларды, ал әскери


қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауын талап етуге;

жаяу жүру сабындағы орнында командалар берген кезде саптық қалыпты


қабылдауға;

жеке құрамды тасымалдау үшін жабдықтың болуын және ақаусыздығын,


тасымалданатын (тіркелетін) материалдық бөлік бекітілуінің және мүлік
салынуының дұрыстығын тексеруге, бөлімшелерді қару-жарақпен және
әскери және басқа да техникамен сапқа тұрғызған кезде оларға сыртқы шолу
жасауға;

рота және одан жоғары командирлерде - өзімен бірге саптық жазбаның


болуына (3-қосымша);

жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын ескертуге;

қозғалыста белгіленген арақашықтықты, жылдамдық пен қозғалыс


ережелерін сақтауға.

Әскери қызметші мыналарға міндетті:


өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару-жарақтың, әскери және басқа
да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдарының, шанецтік
аспаптардың, киім-кешек пен жабдықтың ақаусыздығын тексеруге;

киім-кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге,


жанында тұрған әскери қызметшілерге байқалған кемшіліктерді жоюға
көмектесуге;

саптағы өз орнын білуге, оған жылдам, әбігерсіз тұруға; қозғалыста


түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға; қауіпсіздік
талаптарын сақтауға; рұқсатсыз саптан (машинадан) шықпауға;

сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге;

өз командирінің командаларын мұқият тыңдауға, басқаларға бөгет


жасамай, оларды жылдам және нақты орындауға;

командаларды бұрмаламай, дауыстап және анық жеткізуге.

35. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері


мен әскери құрылымдарының ішкі қызмет жарғысы нені айқындайды?

Ескерту. Жарғы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.02.2016 N 187


Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің


жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-
қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд
адамдарының міндеттерін айқындайды.

Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті


нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік
құқықтық актілермен айқындалады.

Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері


мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери
қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери
міндеттілерге, азаматтарға, олар әскери даярлықтан өту кезеңінде, әскери
киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен шығарылған азаматтарға
оны киген кезде қолданылады.

36. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері


мен әскери құрылымдарының тәртіптік жарғысы нені айқындайды?
Ескерту. Жарғы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.02.2016 N 187
Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Осы Жарғы әскери тәртіп ұғымы мен мәнін, әскери қызметшілердің оны
сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен
тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану
жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу тәртібін, әскери
қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін
айқындайды.

Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері


мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери
қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға
шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.

Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына


және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң
басшылыққа алуға тиіс.

37. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері


мен әскери құрылымдарының горнизондық және қарауылдық
қызметтер жарғысы нені айқындайды?

38. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері


мен әскери құралымдарының саптық жарғысы нені айқындайды?

Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды;


бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы
саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери
бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету
тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы
міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ
әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен
шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да


әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери
қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға
шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар
әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

39. Әскери қызметшілердің құқықтары?


Әскери қызметшілер:

1) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет


есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің
еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде, уәкілетті органдардың
бірінші басшылары көздеген тәртіппен ақшалай үлеспен мемлекет есебінен
қамтамасыз етілуге;

2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу


бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен
нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен
қамтамасыз етілуге;

3) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын


ескере отырып, қызметі бойынша жоғарылатылуға;

4) уәкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша әскери оқу орындарына


және басқа да білім беру ұйымдарына оқуға түсуге және курстық даярлықтан
өтуге;

5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена


талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен


әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына немесе
жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;

7) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012


жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери
қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;

8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаруды сақтауға, алып


жүруге және қолдануға құқылы.

Соғыс және төтенше жағдай туралы заңнамамен әскери қызметшілерге


өзге де құқықтар берілуі мүмкін.

40. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері?

Қазақстан Республикасын қорғау — оның әр азаматының қасиетті борышы


және міндеті. Қазақстан Республикасы азаматтары әскери қызметті заңда
көрсетілген тәртіп бойынша атқарады. Әскери қызмет атқару — қоғам және
мемлекет тарапынан берілген аса зор жауапкершілік, ол жауынгерден биік
моральдық-этикалық өнегелілікті талап етеді. Қазақстан Республикасының
азаматтары әскери қызметті ерікті түрде шақыру бойынша немесе
келісімшартқа отыру арқылы атқарады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінде немесе басқа да әскери бөлімдерге заңда көрсетілген тәртіппен
алынады. Қазақстан Республикасыньщ «Әскери міндет және әскери қызмет
туралы» Заңына сәйкес Қарулы Күштерде жауынгерлерге әскери атақ
беріледі.

Әскери қызметші мәртебесіне қоса әр жауынгер Қазақстан Республикасының


азаматы ретінде өзіне тиесілі барлық қүқықтарды жөне әскери
қызметкерлерге тиесілі жеңілдіктерді пайдалана алады. Әскери қызметші
қызмет барысында (әскери міндетін өтеу кезінде мемлекеттік кызметкер
болып саналады және мемлекеттің қорғауыңда болады. Мемлекет өз
кезегінде өскери қызметші өз міндетін адал атқару, яғни өз Отаны —
Қазақстан Республикасын корғау үшін бар күш-жігері мен көсіптік
шеберлігін аямайды деп сенім білдіреді.

Әскери қызметшінің міндеттері:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және


әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға;

әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, ерлікпен,
Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай
қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің
қиындықтарына табандылықпен төзуге, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік
биліктің беделін нығайтуға;

өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің


арасындағы достықты нығайтуға;

адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орьндау кезінде байыпты


бастама жасауға;

командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста


қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік туын сақтауға;

әскери кәсіптік білікті үдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери


шеберлігін жетілдіруге;

өзіне сеніп тапсырылған кару мен әскери техниканы білуге және оларды
ұдайы өзірлікте ұстауға, өскери мүлікті жөне баска да материалдык
кұралдарды сактауға;
жауынгерлік жолдастықты бағалауға, жолдастарын кауіптен күтқаруға
көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де кемектесуге, әркайсысының ар-
намысы мен абыройын кұрметтеуге, өзіне жөне басқа да әскери
қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды
лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;

әскери өдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға,


әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға,
әскери киім нысанын кию ережесін сақтауға, ұқыпты киюге;

қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

41. Дара басшылық қағидаты?

Дара басшылық — әскери бөлімшені, бөлімді және құраманы жеке


командирдің басқаруы.

Оның қолында әскерлерді басқарудын барлық тәсілі — командалық, саяси,


әкімшілік, техникалық, шаруашылық және бақылау құқығы болады.

Дара басшылық — әскерді басқарудың ең қолайлы түрі. Ол әскерлерді


басқарудың бірлігі мен бір орталыққа бағынуын, басқарудың
тиянақтылығын, икемділігін, оперативтілігін нығайтады, жауынгерлерді
оқыту мен тәрбиелеуді, әскери тәртіпті күшейтуді, алға қойған міндеттерді
орындау үшін материалдық-техникалық жабдық пен адам күшін тиімді
пайдалануды, жауынгерлердің ұйымшыл болуын, жоғары орындардын
бұйрықтарын, жарғы талаптарын орындауын қамтамасыз етеді.

Дара басшылық принципіне сай басшы қол астындағыларға толықтай билік


жүргізіп, барлық сала бойынша жеке өзі жауапкершілік арқалайды. Ұжым
мүшелерімен ақылдасып, жеке дара шешім қабылдайды, бұйрық беріп, үкім
шығарады, олардың орындалуын қадағалайды. Дара басшылық Кеңес Одағы
кезіндегі өндірісті әкімшілдік-төрешілдік басқару тәсілінің негізгі принципі
саналды; жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып, тапсырылған іске
қатысты қызметкердің іске жауапкершілігін арттыру үшін әртүрлі деңгейдегі
марапаттау, ұйым басшыларына Дара басшылық жасау құқы берілді. Қазіргі
кезде әскери бөлімдер мен құрамаларда, құқық қорғау oргандарында, сондай-
ақ келісімгерлікпен, коммерциямен шұғылданатын әр алуан меншік
сипатындағы ұйымдарда басқарудың осы принципі сақталған. Ол ұйымдық-
өндірістік шараларды жедел атқарып ұжымдағы тәртіп пен моральдік-
психологиялық ахуалды нығайтуға, жұмыс күшін тиімді пайдаланып, еңбекті
ынталандырудың оңтайлы жолын таңдауға, т.б. мүмкіндік береді
42. Бастықтар мен бағыныстылар, үлкендер және кішілер- анықтама
беріңіз?

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер

Өзінің қызмет жағдайы мен өскери атағы бойынша бір өскери қызметші бір-
біріне қатысты бастык немесе бағынышты болуы мүмкін.

Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар олардың орындалуын


бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен
ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныштының адамдық қадір-қасиетін
қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес


бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің
қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады.

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты өскери қызметшілер үшін


бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын


бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық депаталады.

Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай өскери


қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

Армия генералдары — барлық әскери қызметкерлер үшін;

Генерал-полковниктер, адмиралдар — барлық аға және кіші офицерлер,


сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін;

генерал-лейтенанттар, вице-адмиралдар, генерал-майорлар, контр-


адмиралдар, полковниктер, I дөрежелі капитандар — барлық кіші офицерлер,
сержанттар (старшиналар) солдаттар (матростар) үшін;

офицерлер — сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін;

сержанттар (старшиналар) — сол әскери белімдегі солдаттар мен матростар


үшін.

Өзінің қызмет жағдайы мен өскери атағы бойынша басқа әскери


қызметшілерге қатысты олардьщ бастықтары немесе бағыныштылары болып
табылмайтын өскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып
табылады.

Аға шенділік өскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқын-далады.


Өскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті,
коғамдық реттілікті, мінез-кұлық қағидаларьш, әскери киім нысанын киіп
жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы
жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға
шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.

Бір-біріне бағынбайтын әскери кызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған


ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир (бастық)
айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал
лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық
болып табылады.

43. Бұйрық, өкім, бұйырым, нұсқау- анықтама берің?

Бұйрық -

Басқару актісі. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың,


сондай-ақ коммерциялық, коммерциялық емес құрылымдардың қызметінде
қолданылады. Құқықтық болмысына қарай Бұйрық басқарудың нормативтік
және индивидуалдық актілері болып бөлінеді. Нормативтік акт ретінде
Бұйрық бірнеше мәрте қолдануға арналған әрі белгіленген ахуал шегінде
барша адамның орындауы міндетті болып саналатын жалпылама сипаттағы
мінез-құлық қағидаларын мазмұндайды. Осы нормативтік акт ретіндегі
Бұйрықтың өзі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның,
идараның (к-ттің), сондай-ақ, Президентке, Бас прокурорға есеп беретін
мемл. органның басшылары шығаратын нормативтік-құқықтық актіге (мыс.,
бұйрықпен бекітілетін Жүктерді тасымалдау ережесі, Паспорт жүйесі туралы
ережені қолданудың тәртібі жөніндегі нұсқаухат, т.б.) және мемл. орган
басшысы, коммерциялық, коммерциялық емес ұйым жетекшісі, әскери
бөлімше командирі шығаратын нормативтік актіге (мыс., Ішкі еңбек
тәртібінің қағидалары, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже,
т.б.) жіктеледі. Ал, индивидуалдық акт ретіндегі Бұйрық құқық жосындарын
қолдану әрекеті болып саналады әрі жекеше сипаттағы мәселенің шешімін
табу үшін шығарылады (мыс., әлеум. жәрдемақы тағайындау, қызмет
орнынан алып тастау, кезекті еңбек демалысын беру, т.б. туралы). Оны
атқарушы және билік жүргізуші органдардың, коммерциялық, коммерциялық
емес ұйымдардың, т.б. басшылары шығара алады. Идарааралық сипаты
немесе азаматтардың құқылары мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысы
бар Бұйрықтар Әділет мин-нде тіркеліп, ҚР “Нормативтік құқықтық актілер
туралы” заңының 6-, 7- тарауларына сәйкес ресми түрде жарияланғаннан
кейін ғана күшіне енеді

Өкім – белгілі бір лауазымды тұлға шығаратын билік құжаты. Өкімді ҚР


Президенті, Премьер-Министрі және әкімдер әкімшілдік-өкімдік,[1] жедел
және жеке дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарады. Президент пен
Премьер-Министр өкімдері ҚР-ның бүкіл аумағында, ал әкім өкімі өзі
басқарып отырған әкімшілдік-аумақта немесе өкімнің өзінде көрсетілген
шекте міндетті күші болады. Өкім тиісінше Президент әкімшілігінің,
Үкіметтің немесе әкімдіктің регламентінде белгіленген тәртіпте әзірленіп,
шығарылады. Төмен тұрған лауазымды тұлғаның өкімін жоғары тұрған
лауазымды тұлға, заңсыз өкімді сот жоюы мүмкін. Заңсыздығы жойылғанша
өкімнің күшін прокурор тоқтата тұра алады

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio — құру, ереже) — әскердің (күштің)


қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен
пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау
мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен
директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде
шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның
орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер
түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына)
берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс
қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік
дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру
және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар,
қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін
(әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен
пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау).
Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын
әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне
катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы
сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы
талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке
алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

44. Әскери қызмет қауіпсіздігі және әскери қызмет қауіпсіздігін


қамтамасыз ету бойынша негізігі бағыттар?
Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты

Дүниежүзілік соғыс ашу және жаппай қырып жоятын қарудың ядролық та,
басқа да түрлерін қолдану қатері төмендеді. Көп жақты әлемнің қалыптасу
үрдісі дәйекті даму үстінде. Қару-жарақты бақылау, әлемдегі тұрақтылық пен
қауіпсіздікті ұлғайту саласында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді.
[1]

Сонымен бірге, әлемде болып жатқан орасан зор өзгерістерге кейбір күрделі
және қарама-кайшы үрдістер тән: бір жағынан — әлемдік қоғамдастық
ынтымақтастықты кеңейту және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу,
жанталаса қарулану мен ядролық қарудың таралуын шектеу жөнінде нақты
шаралар қолдануда; екінші жағынан — қауіпсіздіктің жаңа ошақтары мен
қатерлері пайда болуда, олардың ішінде әр турлі әскери қақтығыстардың
туындау мүмкіндігінің артуы, экстремизмнің, халықаралық терроризмнің,
ұйымдасқан қылмыстың таралуы, қару мен есірткінің заңсыз айналымы
мейлінше кауіпті болып табылады.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

— мемлекетаралық және ішкі қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі


қандай да болмасын қақтығысқа жол беруге болмайды;

— Қазақстан Республикасының өзіне және өзінің одақтастарына қарсы


агрессия жасалған жағдайда қарулы қорғануға, жеке және ұжымдық
қорғанысқа құқы бар;

— басқа мемлекеттердің егемендігін, мемлекеттік шекарасының


мызғымастығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі
істеріне қол сұқпау;

— өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара түсіністік негізінде барлық


елдермен достық қарым-қатынаста болу;

— басқа елдердің қауіпсіздігіне және жалпыға ортақ қауіпсіздікке залал


тигізбей Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

— аймақта сенім шаралары мен әскери саладағы ашықтықты нығайту;


— халықаралық дау-дамайларды бейбіт реттеу;

— Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды


халықаралық құқықта, ұлттық заңдарға сәйкес колдану;

— халықаралық міндеттемелерді сақтау және Қазақстан Республикасы


қатысушысы болып табылатын шарттардың мақсатқа қол жеткізуіне
жәрдемдесу;

— әскери қақтығыстардың алдын алуға, бейбітшілікті колдау мен қалпына


келтіруге бағытталған пәрменді ғаламдық және аумактық кауіпсіздік жүйесін
құруға қатысу;

— жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық режимдерін


бекітуге жан-жақты жәрдемдесу;

— қару-жарақпен, әскери техникамен, әскери және кос колданысты


технологиялармен сауда жасаудың халықаралық нормаларын сақтау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттің пәрменді әскери ұйымдастырылуына


сүйене отырып, өз қарамағындағы күштердің, құралдар мен ресурстардың
күллі жиынтығымен әскери кауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге
Қазақстан Республикасы елдің әскери қауіпсіздігіне қатерлердің алдын
алудың, тұмшалаудың және жоюдың саяси-дипломатиялық және басқа да
әскери емес құралдарына ден кояды.[2]

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау

Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылықты Қазақстан


Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және
басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен зандарының негізінде жүзеге асырады. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге басшылық жасау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі Қарулы
Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды жауынгерлік және
жұмылдыру даярлығы жағдайында ұстауға, оларды жан-жақты қамтамасыз
етуге, экономиканы, аумақты және халықты, елді корғау мен қорғанысқа
әзірлеуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.

Әскери доктринаға сәйкес әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық


жасау:
— Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың
құрылымын әзірлеуді, әскерлердің жедел, жауынгерлік және жұмылдыру
даярлығының талап етілетін деңгейін ұстауды;

— Қазақстан Республикасынын мемлекеттік шеқарасын күзету мен корғауды


қамтамасыз етуді, азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын
дайындау мен жүзеге асыруды;

— әскери-техникалық саясатты, қару-жарақ пен әскери-техниканы, әскери


ғылымды дамыту бағдарламаларын іске асыруды;

— экономиканы, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды соғыс уақытында


жұмыс істеуге жұмылдыру даярлығының іс-шараларын жүзеге асыруды;

— елдің халқы мен инфрақұрылымын қорғанысқа әзірлеуді;

— мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінде материалдық құралдар қорын


жасауды;

— Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке әзірлеуді,


соғыс уақытында жұмылдырылушы адам ресурстарын жинақтауды;

— мемлекеттік органдардың қызметін, соғыс уақытындағы іс-әрекетті


үйлестіруді;

— бейбіт кезеңдегі әскери қызметке байланысты айналадағы ортаны корғау


жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;

— Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларды мемлекеттік


инспекциялауды көздейді.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі


қызметті Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы басқарады.

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі Қазақстан Республикасы


Президентінің азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы шешімдерін жүзеге асыратын қорғаныс пен
кауіпсіздік мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесші орган болып
табылады.
45. Әскери бөлім және бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар?

Осы міндетті дұрыс және уақытында шешу маңыздылығы техникалық


жабдықталудың сапасына, өрт сөндірудің жаңа құралдарының кеңінен
енгізілуіне, олардың ПТВ-ның сан түрлерінің, техника мен радиоэлектронды
құралдардың үлкен көлеміне, барлық материалдық құралдар шығынының
артуына және олардың тұтануының күрделі жағдайларына қарай үнемі артып
отырады. Барлау және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүзеге
асыруға қойылатын талаптар артуда.

Өрттің аса қауіпті факторларынан қорғау бойынша іс-шаралар өткізу ерекше


қиындық тудырады.

Осылайша, заманауи жаһдайларда әскери амалдарды жан-жақты қамтамасыз


етуді ұйымдастырумен байланысты міндеттері аясы бұдан да кеңіп, алуан
түрлі болды. Әрі бұнымен біргеқамтамасыз етудің әрбір түрінің өзіндік
ерекшеліктері бар; оларды шешуге арнайы күштер мен құралдар тартылады,
оларды басқаруды басқару органдарының арнайы бөлінген қызметкерлері
жүзеге асырады.

Әскери амалдардың тиімділігі қамтамасыз етудің әр түрін дұрыс


ұйымдастырудан ғана емес, сонымен бірге жан-жақты қамтамасыз ету
бойынша іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру келісушілігіне
байланысты.

Командирлердің өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери амалдардын жан-жақты


қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмысыөрт сөндіруде
қажеттіліктерді дер кезінде қанағаттандыру үшін, қамтамасыз ету түрлері
бойынша жоспарлардың өзара, сондай-ақ өрт сөндіру бойынша жалпы
жоспармен нақты үйлестіру мақсатында жүргізіледі.

Әскери амалдарды жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру қамтамасыз


етудің әр түрін, орындауға қажетті күш құрамы мен құралдарды айқындау,
тапсырмаларды орындаушыларға жеткізу және оларды шешу тәсілдерін
анықтаудан тұрады.

ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешімі мен оның әскери амалдарды


қамтамасыз ету бойынша нұсқаулары осы жұмыстың негізі ретінде қызмет
атқарады.

Командирлердің әскери амалдарды қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша


жұмысының тәртібі өрт сөндіруге бөлінген уақытпен және шұғыл штабпен
қабылданған жұмысты ұйымдастыру әдісімен айқындалады. Командирлердің
қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша немесе әскери тапсырманы
орындауда ерекше маңызға иелері бойынша жүйелі жұмыстары барысында
қажетті күш пен құралдарды қамтамасыз ету және айқындау бойынша негізгі
міндеттер ғана қойылмайды, сондай-ақ өрт сөндіруді қамтамасыз ету кезінде
күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі туралы ұсыныстар да толық
қарастырылады. Осылайша, әскери амалдарды жан-жақты ұйымдастыру
бойынша командирлер мен өзге басқару органдарының жұмысын
қамтамасыз етудің барлық түрлерін жоспарлаумен, сондай-ақ оларды іс
жүзіне іске асыру бойынша іс-шараларды өткізумен де байланысты.
Дайындық барысында жан-жақты ұйымдасқан қамтамасыз ету әскери
амалдарды жүргізу барысында үздіксіз қолданылады.

46. Тәуліктік нарядты ұйымдастыру және атқару?

Тәуліктік наряд (Суточный наряд) — бөлімнің (бөлімшенің) алдағы тәулікте


ішкі тәртіпті сақтау, қаружаракты, тұрғын жайлар мен бөлімнің мүлкін
күзету, сондай-ақ ішкі қызметтің өзге де міндеттерін орындауға
тағайындаған әскери қызметшілер тобы. Әдетте, төуліктік полк наряды
мынадай кұрамда алынады: полк бойынша кезекші, полк кезекшісінін
көмекшісі, кезекші бөлімше, қарауыл, парк бойынша кезекші мен төуліктік
кезекші, кезекші фельдшер (санитарлық нүсқаушы), медпункттегі төуліктік
кезекші, бақылау-еткізу пунктінің кезекшісі, асханаға — кезекші және
жұмысшы, полк штабына кезекші-хатшы, кезекші белгі беруші (сигналист),
шабарман. Ротаның тәуліктік нарядда: рота бойынша кезекші, рота бойынша
тәуліктік кезекші (ауысым санын полк комадирі белгілейді) тағайындалады.
Тәуліктік нарядтың бүкіл кезекшілері мен олардың көмекшілері сол қолына
тиісті жазу жазылған таңғыш тағуы керек. Полк бойынша кезекші мен оның
көмекшісі, парк бойынша кезекші, бақылау-өткізу пунктінің кезекшісі
тапаншамен, рота бәйынша кезекші мен тәуліктік кезекшілер — сүңгімен
(армиялық пышакпен) қарулануы керек. Тәуліктік нарядты таратуды полк
командирі белгіленген жаңа кезекші жүзеге асырады

47. Әскери бөлім бойынша тәуліктік наряд құрамы?

Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері Тәуліктік


наряд- әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке
құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық
қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-
күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар
қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі
бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.

Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы: — бөлім бойынша кезекші; — бөлім


бойынша кезекшінің көмекшісі; — қарауыл; — кезекші бөлімше; — парк
бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер, кезекші сүйреткіштердің
механик-жүргізушілері; — кезекші фельдшер және медпункт бойынша
тәуліктік кезекшілер; — бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның
көмекшілері; — бөлім штабы бойынша кезекші; — өрт наряды. Әскери
бөлімнің штабы Жатақхана Әскери плац Бөлімшелердің казармасы Автопарк
Санитарлық бөлім Оқу корпусы Өрт сөндіру бөлімі Әскери асхана . Азық
қоймасы Қарауыл қалашығы Киімдер қоймасы ГСМ қоймасы 1- дивизион
КЛУБ КПП Ротаның тәуліктік нарядына: - Рота бойынша кезекші - Рота
бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады. Ротадағы тәуліктік
кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Жатақхана
бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ олардың міндеттері ротаның
тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп белгіленеді.

48.Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер.

Медициналық пункт, медициналық рота бойынша кезекші фельдшер


(санитарлық

нұсқаушы): медициналық пункттегі ішкі тәртіп, ал дәрігер болмағанда

дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін жауап береді. Ол бөлім

бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне және бөлімнің медициналық


пунктінің

бастығына бағынады. Оған медициналық пункт бойынша тәуліктік


кезекшілер
бағынады. Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа

кезекшілер медициналық пункт бастығы мен бөлім бойынша кезекшіге


баяндайды.

Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы):

1.Медициналық пунктте болуға, қызмет істері бойынша кеткенде өз орнына

медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшіні қалдыруға және оған қайда

және қанша уақытқа кететінін хабарлауға;

2.Медициналық пунктте стационарлық емделудегі науқастардың санын,

сырқаттану сипатын, әрбір науқасқа тағайындалған ем мен тамақтануды


білуге,

дәрігердің тағайындауларын орындауға;

3.Белгіленген уақытта асханаға берілетін азық-түліктердің дұрыс сапасын

айқындау және оларды ас тарату мәзіріне сәйкес қазандарға салу үшін


келуге;

4.Тамақты таратар алдында оның сапасын, тағамдардың температуралық


режимін,

тамақтануды ұйымдастыруға,сондай-ақ асхананың санитарлық-гигиеналық


жай-

күйін тексеруге, ол туралы тамақ дайындау сапасын есепке алу кітабына


жазба

жазуға;

5.Амбулаторлық қабылдау басталғанға дейін рота бойынша кезекшілерден

қабылдауға жазылған әскери қызметшілердің медициналық кітапшаларын


жинап

алуға және науқастардың температурасын өлшеуге;

6.Медициналық пунктке кенеттен сырқаттанған әскери қызметшілер келіп


түскен
кезде оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, жұқпалы

сырқаттарды оқшаулау жөнінде шаралар қабылдауға және медициналық


пункт

бастығына баяндауға;

7.Рота (бөлімше) бойынша кезекшінің немесе бөлім бойынша кезекшінің


шақыруы

бойынша сырқаттанғанға медициналық көмек көрсету үшін дереу келуге, ал

шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуді талап ететін жағдайларда сырқаттанғанды

медициналық пунктке дереу жіберуге және бұл туралы кезекші дәрігерге

баяндауға;

8.Демалыстан, іссапарлардан келген, қарауыл және асхана бойынша нарядқа

тағайындалатын жеке құрамды, сондай-ақ рейске шығар (парктен шығар)


алдында

жүргізушілерді (механик-жүргізушілерді) медициналық тексеруді жүргізуге;

9.Медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілерден сырқаттанғандарды

мұқият бақылауды және қарауды талап етуге;

10.Тағамдардың сапасын, температуралық режимін, сырқаттанғандар үшін


тағам

тасымалдау ережелерін сақтауға және оны уақтылы таратуға, медициналық


пункт

үй-жайларын жинауға және залалсыздандыруға, оларды уақтылы желдетуге

бақылауды жүзеге асыруға;

11.Кезекшілікті қабылдау (тапсыру) кезінде улы және есірткі заттарын,

психотроптық заттар мен прекурсорларды және олар сақталатын


шкафтардың

кілттерін қол қоюмен қабылдауға (тапсыруға) және күзет дабылдамасының

ақаусыздығын тексеруге;

12.Кезекшілікті қабылдаған кезде шұғыл медициналық көмек көрсетудің


санитарлық техникалық көлік құралының әзірлігі мен медициналық
жабдықтармен

жабдықталуын тексеруге, оны бөлімнің медицина қызметі (медициналық


пункт)

бастығының және бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен тікелей арналуы


бойынша

қолдануға;

13.Кезекшілікті қабылдағаннан кейін бөлім бойынша кезекшіге медициналық

пунктте стационарлық емделудегі сырқаттардың саны туралы мәліметтерді

ұсынуға;

14.Медициналық пунктке медициналық пункт бастығы және одан жоғары


тікелей

бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі келген


кезде

оларға өзін таныстыруға міндетті.

Мысалы: Майор мырза. Кезекші фельдшер сержант Қамбаров.Өзін

таныстырғаннан кейін кезекші фельдшер келген адамға медициналық


пункттегі

сырқаттардың болуы және олардың жай-күйі туралы баяндайды.

Медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекші.

Медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекші санитарлардан


тағайындалады

және кезекші фельдшерге (санитарлық нұсқаушыға) бағынады. Егер


медициналық

қызмет штатында санитар лауазымы жоқ болса, онда медициналық пункт


бойынша

тәуліктік кезекші медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшінің

міндеттерін орындау қарсы көрсетілмеген, жазылып келе жатқан мерзімді

әскери қызметтің әскери қызметшілерінен тағайындалады.


Ол:

1.Кезекші фельдшердің (санитарлық нұсқаушының) нұсқауы бойынша және


оның

бақылауымен келіп түскен сырқаттарды санитарлық өңдеуді жүргізуге;

2.Сырқаттардың жеке заттарын қабылдауға және залалсыздандыруға әзір-


леуге;

3.Сырқаттарға қызмет көрсетуге, оларға тамақ және ішетін су беруге;

4.Медициналық пункттің үй-жайын жинауға;

5.Медициналық пункттегі ішкі тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру-


ға

міндетті.

49. Рота бойынша кезекші:

бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке


құрамды ұйқыдан тұрғызуға, рота орналасқан жерден тыс тұратын ротаның
әскери қызметшілерін хабардар етуге, ротаның офицерлері мен келісімшарт
бойынша әскери қызметшілері келгенге дейін бөлім бойынша кезекшінің
нұсқауларын орындауға;ротаның жауынгерлік есебін білуге;ротада күн
тәртібінің нақты орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, белгіленген
уақытта жеке құрамды жаппай ұйқыдан тұрғызуға;ротаның орналасқан жерін
және оны шақыру тәртібін, ротадағы жеке құрамның болуын, жауынгерлік
кезекшіліктегілердің, жауынгерлік қызметтегілердің, нарядтағылардың,
сырқаттанғандардың, бөлім орналасқан жерден сейілдемеге
босатылғандардың немесе командалар құрамында жіберілгендердің санын,
сондай-ақ қарудың болуын және нақты шығысын білуге;пистолеттерден
басқа қаруды рота командирінің, бөлім бойынша кезекшінің қатысуымен, ал
көрсетілген лауазымды адамдардың біреуі болмаған кезде ол туралы қару
мен оқ-дәрілерді беру кітабына жаза отырып, бөлім командирінің жеке
рұқсатымен беруге, қаруды қабылдау кезінде оның нөмірлері мен
жиынтығын тексеруге; күндізгі уақытта қару сақтауға арналған бөлмелердің
кілттерін өзімен бірге алып жүруге, ал кешкі тексеруден кейін бөлім
бойынша кезекшіге мөрленген пеналда сақтауға тапсыруға;ротада қандай да
бір оқиғалар және ротаның сарбаздары мен сержанттары арасындағы
жарғылармен белгіленген өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылықтар
жағдайында тәртіпке келтіруге шұғыл шаралар қабылдауға, бұл туралы бөлім
бойынша кезекші мен рота командиріне немесе оның орынбасарына, ал
соңғылар болмағанда рота сержантына (старшинасына) дереу
баяндауға;ротаның өрт сөндіру құралдарының және қару сақтауға арналған
бөлмелерінің күзет дабылдамасының болуын және ақаусыздығын, ротадағы
өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға
(шылым шегуге тек арнайы бөлінген орындарда, киім-кешекті кептіруге тек
кептіретін жерлерде рұқсат етуге, пештерді жағу және шамдарды пайдалану
ережелерінің орындалуын бақылауға);өрт шыққан кезде өрт сөндіру
командасын шақыруға, оны сөндіруге шаралар қолдануға және бөлім
бойынша кезекші мен рота командиріне дереу баяндауға, сондай-ақ қауіп
төніп тұрған үй-жайлардан жеке құрамды әкету, қару мен мүлікті шығару
жөнінде шаралар қабылдауға;бөлім бойынша кезекшінің командасы
бойынша казарманың есігін тиектерге жабуға, ал әскери қызметшілерді
жіберуді келушінің жеке басымен алдын ала танысқаннан кейін дабылдама
қоңырауы бойынша жүзеге асыруға;тәуліктік кезекшілерді уақтылы
ауыстыруға; рота сержантының (старшинасының) бұйрығы бойынша
жұмысқа тағайындалған бөлімшелер мен әртүрлі командаларды жөнелтуге,
сондай-ақ барлық сырқаттанғандар мен дәрігердің қарауына жататындарды
медициналық пунктке жөнелтуге;белгіленген сағатта әскери бөлім
орналасқан жерден сейілдемеге шығарылатындарды сапқа тұрғызуға, бұл
туралы рота старшинасына баяндауға және оның бұйрығы бойынша оларды
бөлім бойынша кезекшіге таныстыруға;қызмет істері бойынша рота үй-
жайынан кеткенде, сондай-ақ демалу уақытында өзінің міндеттерін атқаруды
бос ауысымының бір тәуліктік кезекшісіне беруге;рота старшинасынан кешкі
тексеруден кейін жеке құрамның шығысы; іссапарларға кеткен командалар;
сабақтардағы қару мен оқ-дәрілер туралы; болмағандар, ал өз еркімен кетіп
қалғандар болған кезде, олардың тегі мен аты туралы мәлімет алуға, бұл
туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндауға.Мысалы: «Капитан мырза.
Бірінші танк ротасында кешкі тексеру өткізілді, демалыстағы екі адамды,
нарядтағы үш адамды қоспағанда, барлық адамдар түгел. Рота бойынша
кезекші сержант Тоқышев»;таңертеңгі тексеруден кейін бөлім бойынша
кезекшіге техникалық байланыс құралдары арқылы рота жеке құрамының
болуы мен шығысы, түнде болған оқиғалар туралы баяндауға, ал
сейілдемеден кешіккендер мен өз еркімен кетіп қалғандар болған кезде,
олардың тізімін беруге; белгіленген уақытта сырқаттарды жазу кітабын
бөлімнің медициналық пунктіне ұсынуға;тағайындалған жинаушыларға
басшылық жасауға; рота үй-жайларын мұқият жинауды және ұстауды,
оларда белгіленген ауа температурасын ұстауды, үй-жайларға жарық беру,
жылыту, желдету тәртібін сақтауды, шағын бөшкелерде ішетін судың және
қолжуғыштарда судың болуын, сондай-ақ ротаға бекітіліп берілген аумақ
учаскесін жинауды бақылауды жүзеге асыруға;рота старшинасының нұсқауы
бойынша асхана бойынша кезекшіге жауынгерлік кезекшіліктегі,
жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы немесе басқа да қызмет істері
бойынша жоқ адамдарға тамақ қалдыруға өтінімдерді уақтылы беруге;ротаға
рота командирі және одан жоғары тікелей бастықтар, бөлім бойынша
кезекші, сондай-ақ инспекциялаушы (тексеруші) адамдар келген кезде «Тік
тұр» командасын беруге, оларға баяндауға және рота орналасқан жер
бойынша ілесіп жүруге міндетті.

Мысалы: «Майор мырза. Менің кезекшілігім уақытында оқиғалар болған жоқ


(немесе мынадай болды). Рота жауынгерлік оқ ату алаңында айналысуда.
Рота бойынша кезекші сержант Тоқышев».

Басқа әскери қызметшілер жоқ кезде «Тік тұр» командасы берілмейді, тек
баяндалады.

Басқа офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге


баяндамайды, тек өзін таныстырады.

Мысалы: «Лейтенант мырза. Рота бойынша кезекші сержант Тоқышев».

Өз ротасынікі емес офицерлер келгенде рота бойынша кезекші, сондай-ақ


оларға өзін таныстырады және оларды рота командиріне алып келеді.

Келген командирді (бастықты) рота командирі қарсы алған және оған


баяндаған жағдайда бұл ретте қатысып тұрған рота бойынша кезекші
баяндамайды, тек өзін таныстырады және рота командирінің нұсқауы
бойынша әрекет етеді.

Рота бойынша кезекшіде: рота бойынша кезекшіге және тәуліктік кезекшіге


нұсқаулықтар, бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру
жағдайына және өрт қауіпсіздігі талаптары жөніндегі нұсқаулықтар, күн
тәртібі; казармадан тыс тұратын әскери қызметшілердің мекенжайы,
телефондары мен шақыру тәсілдері көрсетілген тізімі; жинау үшін ротаға
бекітіліп берілген аумақ учаскесінің схемасы; рота қарамағындағы мүліктің
тізімдемесі; таңертеңгі дене жаттығуын өткізу нұсқалары; таңертеңгі дене
жаттығуы үшін киім нысандарының үлгілері; кезекшілікті қабылдау және
тапсыру, қару мен оқ-дәрілерді беру (қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған
бөлмеде болады), сырқаттанғандарды, сейілдемеге шығатындарды жазу
кітаптары; жалпыәскери жарғылар; өрт сөндіру командалары мен бөлім
бойынша кезекшінің телефондарының нөмірлері; кезекшілерге (тәуліктік
кезекшілерге) берілетін типтік командалар мен белгілердің тізбесі және басқа
да құжаттар болуы тиіс.

Елді мекенде орналасқан кезде рота бойынша кезекші одан басқа, сарбаздар
(матростар) мен сержанттардың (старшиналардың) рота орналасқан ауданнан
шықпауын бақылауды жүзеге асырады.

50.Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол


өзінің қол астында күзетуде түрған қару-жарақтың, тапаншалар түрған
шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жөшіктердің, рота мүліктерінің
және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін
жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге
бағынады.

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде


кіреберіс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің
жанында қызметін өткереді.

Ол:

 рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-


жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

 бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, сондай-ақ рота бойынша


кезекшінің рүқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ- дәрілерді, мүліктер
мен заттарды алып шығуға жол бермеуге; ротадағы барлық оқиғалар туралы,
жарғыларда белгіленген рота әскериызметшілері арасындағы өзара қарым-
қатынас ережелерін бүзушылық, байқалған ақаулар және ©рт қауіпсіздігі
талаптарының бүзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге
баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

жеке қүрамды таңертеңгі түру уақыты кезінде, сондай-ақ дабыл немесе өрт
болған жағдайда түнде оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен
беруге;

 үй-жайлардағы тазалық пен тәр-тіпті қадағалауға жөне әскери қызмет-


шілердің оларды сақтауын талап етуге;

 әскери кызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-


жайдан шығуына жол бермеуге;
 әскери кызметшілердің темекі шегуін, аяқкиім мен киімдерін
тазалауын осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

 ротаға тікелей бастықтары — рота командирінен бастап, одан жоғары


бастықтары, бөлім бойынша кезекші келген кезде: «Тік түр!» деп пәрмен
беруге, ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның
старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде, кезекшіні шақыруға
міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, шығыңыз!»

Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарактарын алып қоюға, киімінің


түймесін ағытуға тыйым салынады.

Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен


тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рүқсатынсыз ешқайда
кетпеуге, өскери жарғыларда белгіленген рота жауынгерлері мен
сержанттары арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бүзған жағдайда
оған тәртіпке шақыру шараларын қолдануға кәмектесуге, рота бойынша
кезекшінің орнына қалғанда, оның міндеттерін орын-дауға тиісті.

Ротаны елді мекенде жайғастыру кезінде төуліктік кезекшінің біреуі рота


командирі белгілеген жауын-шашыннан қорғау үшін төбесі жабылған
орында, далада ешқайда кетпей түруы керек.Тәуліктік кезекші рота бойынша
кезекшінің кайда жүргенін әрка-шан да білуге және өскери қызметшілердің
қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын
қадағалауға міндетті. Байкалған барлык тәртіпбүзушылык туралы ол рота
бойынша кезекшіге баяндайды.

51. Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік


дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы


мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында
белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің
арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және
дәл сақтау.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің
Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз
берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал


атқаруды міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып
табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін
қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

52.Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға;

2) әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың, командирлер (бастықтар)


бұйрықтарының талаптарын нақты орындауға;

3) әскери қызметтің қиындықтарынан табандылықпен өтуге;

4) қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға;

5) командирлерге (бастықтарға) және бір-біріне құрмет көрсетуге, әскери


сәлемдесу мен әскери сыпайылылық ережелерін сақтауға;

6) әділ болуға, әскери істі адал зерделеуге және сеніп тапсырылған қару-
жарақты, әскери және басқа техниканы, әскери мүлікті сақтауға;

7) өзін абыроймен ұстауға, өзі лайықсыз қылық жасамауға және басқалардың


оны жасауына жол бермеуге, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін
қорғауға жәрдемдесуге міндеттейді.

53. Әскери тәртіпке:

1) әскери қызметшілерді патриоттық, әскери, адамгершілік және рухани


тәрбиелеумен, оларда жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік
қасиеттерді және командирлерге (бастықтарға) саналы бағынуды
қалыптастырумен;

2) әрбір әскери қызметшінің өз міндеттерін және заңнама мен жалпыәскери


жарғылардың талаптарын орындауға жеке жауапкершілігімен;

3) әскери бөлімде (бөлімшеде) жарғылық тәртіпті ұстаумен, әскери


қызметшілердің күн тәртібін және қызмет уақытының регламентін қатаң
сақтауымен;

4) жауынгерлік даярлықты нақты ұйымдастырумен және онымен жеке


құрамды толық қамтуымен;

5) командирлердің (бастықтардың) жеке үлгі көрсетуімен және


бағынысындағыларға әскери қызмет міндеттерін олардың тиісті орындауы
үшін күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын ұдайы
бақылаумен, әскери қызметшілердің құқықтары мен жеке қасиеттерін
құрметтеумен, оларға үнемі қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру,
мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер
үйлестірумен және дұрыс қолданумен;

6) әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін


қамтамасыз ететін жағдайлар, қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де
жағдайлар жасаумен қол жеткізіледі.

54.Тәртіптік жауапкершілік – әскери қызметшілердің, олар әскери қызмет


міндеттерін атқару кезінде тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапты
болатын жауапкершілік түрі.

Әскери қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) –


әскери қызметшілердің оларға жүктелген міндеттерді құқыққа қарсы, кінәлі
орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра
пайдалануы, әскери тәртіпті, қызметтік этика ережелерін бұзуы, тәртіптік
түрде жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауы,
сондай-ақ заңдармен белгіленген әскери қызмет өткеруге байланысты
шектеулерді сақтамауы.

55. Тәртіптік жаза (бұдан әрі – жаза) – әскери қызметшілер жасаған теріс
қылықтар үшін осы Жарғыға сәйкес осындай құқығы бар командирдің
(бастықтың) билігімен оларға қолданылатын тәртіптік жауапкершілік
шарасы.

Тәртіптік комиссия – қызметтік тексеру материалдарын қарау және әскери


қызметшінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеу үшін, оны
жасаудың мән-жайын жан-жақты, толық және объективті белгілеу
мақсатында әскери бөлімде, мемлекеттік мекемеде (бұдан әрі – әскери бөлім)
құрылатын тұрақты әрекеттегі алқалық консультативтік-кеңестік орган.

Көтермелеу – әскери қызметшіні тәрбиелеудің және әскери тәртіпті


нығайтудың маңызды құралы болып табылатын оның қызметтік іс-қимылын
оң бағалау.

Қызметтік карточка – әскери қызметшінің көтермелеулері мен жазалары


туралы мәліметтерді көздейтін белгіленген нысандағы қатаң есептілік
құжаты (1-қосымша).
Қызметтік карточка әскери бөлімнің штабында тіркеледі және әскери
қызметшіні ауыстырған кезде жеке ісімен бірге жаңа қызмет орнына
жіберіледі.

Қызметтік тексеру – оқиғаның, теріс қылық жасаудың мән-жайын немесе


өтініште көрсетілген фактілерді жан-жақты, толық және объективті зерттеу.

Әскери қызметшілерді тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру әдісі


болып табылады.

56) КӨТЕРМЕЛЕУЛЕР МЕН ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

102. Тікелей командирлер (бастықтар) олардың көтермелеулер мен тәртіптік


жазаларды қолдануы туралы команда бойынша баяндауы тиіс:

сарбаздарға, матростарға, сержанттар мен старшиналарға - рота


командирлеріне және оларға күн сайын тең;

прапорщиктерге, мичмандарға және офицерлерге (жоғары офицерлерден


басқа) - әскери бөлімдердің командирлеріне апта сайын;

әскери бөлімдердің командирлеріне, сондай - ақ жоғары офицерлерге-ай


сайын жоғары тұрған штабқа (әскери басқару органына).

103. Көтермелеу мен тәртіптік жазаларды есепке алу барлық бөлімшелер мен
әскери бөлімдерде жүргізіледі.

Осы Жарғыда көзделген барлық көтермелеулер мен тәртіптік жазалар, оның


ішінде командир (бастық) әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке
құрамына жариялаған көтермелеулер жеті күн мерзімнен кешіктірілмей
қызметтік карточкаға (N 3 қосымша) енгізіледі.

Әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алу кезінде қызметтік карточкада,


"тәртіптік жазалар" бөлімінің тиісті бағанында жазаның қашан және кімнің
алынғаны туралы белгі қойылады.

Егер әскери қызметшіге қолданылған тәртіптік жаза (осы Жарғының 36-


бабында көзделгендерді қоспағанда) жыл өткеннен кейін алынбаса және осы
кезең ішінде ол басқа тәртіптік теріс қылық жасамаса,"тәртіптік жазалар"
бөлімінің тиісті бағанында мерзім өткеннен кейін жазаның алынғаны туралы
белгі қойылады.

Қызметтік карточкалар жүргізіледі:


а) ротада-сарбаздар мен сержанттарға;

б) әскери бөлім штабында - офицерлер мен прапорщиктерге;

в) 1 және 2 - дәрежелі кемелерде: матростар мен старшиналарда-жауынгерлік


бөлімдерде, қызметтер мен жекелеген командаларда; офицерлер мен
мичмандарға-кеме командирінің көмекшісі;

г) 3-дәрежелі кемелерде-кеменің барлық жеке құрамына кеме командирінің


көмекшісі;

д) 4 - дәрежелі жауынгерлік катерлер мен кемелерде-дивизион штабында


дивизионның барлық жеке құрамына.

Әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлеріне, сондай-ақ жоғары


офицерлерге қызметтік карточкалар жоғары тұрған штабта (әскери басқару
органында) жүргізіледі.

104. Сарбаздарға, матростарға, сержанттар мен старшиналарға қызметтік


карточкаға әрбір жазбаны рота (тиісті бөлімше) командирі, офицерлер мен
прапорщиктерге - әскери бөлім штабының бастығы, әскери бөлімдердің,
құрамалардың командирлеріне және жоғары офицерлерге - жоғары тұрған
штаб (әскери басқару органының) бастығы куәландыруы тиіс.

105. Батальондардың, полктардың, корабльдердің командирлері және оларға


теңдер көтермелеулер мен жазалардың дұрыс қолданылуын тексеру үшін
қызметтік карточкаларды кезең-кезеңімен қарауға міндетті. Әрбір әскери
қызметші алты айда бір рет, сондай-ақ жаңа қызмет орнына ауыстыру немесе
ауыстыру алдында өзінің қызметтік карточкасымен жеке қолы қойылып
таныстырылуы тиіс.

Әскери қызметшіні ауыстыру немесе ауыстыру кезінде қызметтік карточка


жаңа қызмет орны бойынша жіберіледі, бұл ретте онда көтермелеудің және
тәртіптік жазалардың жалпы саны туралы жазба жасалады, ол әскери
бөлімнің елтаңбалық мөрімен расталады.

Әскери қызметшіге прапорщик, мичман әскери атағын, бірінші офицерлік


атағын, сондай-ақ аға офицердің немесе жоғары офицердің бірінші атағын
беру кезінде оған бұрын әскери қызметшіге қолданылған тәртіптік жазалар
енгізілмейді, ал бұрын қолданылған жазаны алып тастау түріндегі
көтермелеулерден басқа көтермелеу ғана енгізіледі. Бұрынғы қызметтік
карточка жойылады.
57) Тактиканың пәні мен міндеттері.

Әскери өнер үш құрамдас бөліктен тұрады:

ел мен қарулы күштерді (ӘК) соғысқа дайындау стратегиясы (теориясы мен


практикасы), соғысты және стратегиялық операцияларды жоспарлау мен
жүргізу); жедел өнер (Қарулы Күштер бірлестіктерінің операцияларды
дайындау және жүргізу теориясы мен практикасы);тактикасы.

Тактика-бұл бөлімшелермен соғысты дайындау және жүргізу теориясы мен


практикасы. бөліктерінде (кемелер) мен құрамалар әр түрлі ҚК,
әскер(күштер). Тактика жауынгерлік іс-қимылдардың барлық түрлерін:
шабуыл, қорғаныс, қарсы ұрыс, тактикалық қайта топтастыру және т. б.
зерделеу, әзірлеу, дайындау және жүргізуді қамтиды.

Тактика әскери өнердің басқа құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты,


оның теориясы мен практикасы стратегия мен жедел өнердің мүдделеріне
бағынады, олардың талаптарын басшылыққа алады. Өз кезегінде, қару-жарақ
пен жауынгерлік техниканың жылдам дамуы әсерінен тактика жедел өнерге,
ал ол арқылы стратегияға да айтарлықтай әсер етеді. Ол 1 )әк
түрлерінің,әскер тектерінің тактикасына және 2) жалпы тактикаға бөлінеді.
ӘК түрлерінің, әскер тектерінің тактикасы-жалпы әскери ұрыста және дербес
әскери бөлімдерді, бөлімдер мен құрамаларды, әскер тектерін және арнайы
әскерлерді жауынгерлік қолданудың ерекше мәселелерін әзірлейді.

Жалпы тактика жалпы әскери ұрыстың заңдылықтарын (тұрақты, жиі


қайталанатын себеп-салдарлық байланыстар) зерттейді және бөлімшелер,
бөлімдер мен құрамалардың бірлескен күшімен оны дайындау және жүргізу
бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Жалпы тактиканың негізін Құрлық
әскерлерінің тактикасы құрайды. Тактиканың маңызды міндеттері жер үсті,
әуе және радиоэлектрондық жағдайдың күрделі жағдайларында жауынгерлік
міндеттерді орындауға бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың ұдайы
жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу және
жүзеге асыру, соғыстың бастапқы кезеңінде жауынгерлік іс-қимылдарды
жүргізу тәсілдерін әзірлеу және жетілдіру болып табылады.;

Тактиканың негізгі міндеттері:

жаудың күштері мен құралдарын, олардың ұрыста қолдануға, сондай-ақ әр


түрлі ұрыс түрлерін жүргізу тәсілдеріне көзқарасын зерттеу;

қару-жарақтың, техниканың, әскерлерді ұйымдастырудың күшті және әлсіз


жақтарын және қарсыластың іс-қимыл тактикасын анықтау;
әскерлердің жай-күйін МП қолдауды және олардың жауынгерлік міндеттерді
табысты орындауын қамтамасыз ететін ұрыстағы МПО нысандары мен
әдістерін әзірлеуге қатысу;

әскери құралымдардың ұйымдық-штаттық құрылымына және олардың


жауынгерлік даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды әзірлеу;

жалпы әскери ұрыс элементтерінің (әр түрлі әскер тектері мен әк түрлері
бөлімшелерінің, бөлімдері мен құрамаларының от, соққы және маневрі)
оңтайлы үйлесімін іздеу және оған күштер мен құралдардың қатысуы;

қазіргі заманғы қарудың түрлі түрлерін (оның ішінде ядролық) қолдану,


сондай-ақ әскерлерді қарсыластың осындай қаруынан қорғау тәсілдерін
әзірлеу.

58) Қарулы күштердің түрі[

Қарулы күштердің түрі – мемлекеттің қарулы күшінің белгілі бір салада


(құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) әскери қимылдар жүргізуге арналған
бөлігі. 1Қарулы Күштердің әрбір түрінде әскерлер, арнайы әскерлер және
тыл әскерлері болады. Қарулы күштердің түрін қолбасшы (бас қолбасшы)
басқарады және оның штабы (бас штабы) болады. Көптеген мемлекеттердің
(соның ішінде АҚШ, Ресей, т.б. аса ірі елдердің) Қарулы күштері құрлықтағы
әскери күштер (армия), әскери-әуе күштері, әскери-теңіз флоты тәрізді үш
түрден құралады. ҚР Қарулы күштері де әскердің осы үш түрі бойынша
ұйымдастырылған. [1]

• құрлықтағы әскери күштер

• әскери-әуе күштері

• әскери-теңіз флоты

Міндеттері «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері


туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша:
Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының
аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік
және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес
міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы
мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы
бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери
доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс
саласындағы міндеттерді орындайды.

59) Құрлық әскерлері (Сухопутные войска) — Құрлықта ұрыс қимылдарын


жүргізуге арналған Қарулы Күштердің түрі. Құрлық әскерлері Құрлықта өз
міндеттерін бір-бірімен және Қарулы Күштердің басқа түрлерімен өзара
бірлесіп орындайтын әр түрлі әскер салаларының құрамалары мен
бөлімдерінен және арнайы әскерлерден тұрады. Қазіргі заманғы қару-
жарақпен, әскери техникамен жабдықталған, қуатты атыс, қиратушы, соққы
беретін кабілеті бар және өте жылжымалы Құрлық әскерлері жер үсті
қарсыласын түбегейлі талқандауда шешуші рөл атқарады. Оның басты атыс
күші — ядролық ракеталармен қаруланған және алыс қашықтықта
қарсыласының кез келген объектілерін жоюға қабілетті оперативтік-
тактикалық мақсаттағы ракеталық әскерлер болып табылады. Құрлық
әскерлерінің құрамына алыс жерлерді қосымша жанармай құймай-ақ жүріп
өтуге және жүріс барысында қарсыласына екпінді соққы беруге кабілетті, өте
жылжымалы танк құрамалары мен бөлімдері кіреді. Мотоатқыш
әскерлерініңқұрамалары мен бөлімдері автоматты қарулармен, танкілермен
күресуге арналған куатты құралдармен және де басқа кару түрлерімен
жабдыкталады. Мотоатқыш бөлімдер өтімділігі жоғары сауытты
машиналармен қимыл жасай отырып, ұрыс даласында икемді маневр жасап,
ядролық қару соққыларынан кейін қарқынды шабуыл жасай алады. Құрлық
әскерлері құрамында әуе шабуылына қарсы өздерінің корғаныс құралдары,
инженерлік, жол және басқа да арнайы әскерлері, сонымен қатар әуе-десант
әскерлері болады.[1]

Құрлық әскерлерінің салалары (Роды сухопутных войск) — қарсыласқа


қарсы дербес не бір-бірімен байланысты ұрыс әрекеттерін жүргізуге арналған
Құрлық әскерінің құрамдас бөлігі. Оларға зымырандық әскер мен
артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, мотоатқыштар, танк,
әуе десанты әскерлері жатады. Құрлық әскерлерінің салалары
ұйымдастырылуына, техникасына, карулары мен ұрыс максатына карай
бөлінеді. Сонымен бірге Құрлық әскерлерінің салалары құрамына арнайы
әскерлер, инженерлік, химиялық, байланыс, радио және радиотехникалық,
автокөлік, жол әскері және т.б. енеді.[1]
60) Әуе қорғаныс күштері - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің
бір түрі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы
шаралар туралы» 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығын және
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі
директивасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының қорғаныс
қабілетін нығайту мақсатымен 1998 жылғы 1 маусымда құрылды. Негізгі
мақсатттары:

• Қазақстан Республикасы әуе шебінің қорғанысын қамтамасыз ету

• мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан


қорғау

• ҚР ҚК басқа да түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі


әскери міндеттерді орындау.

Құрылымы

Әуе қорғанысы күштерінің құрамы:

• әскери әуе күштері (авиация)

• әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері

• әуе қозғалысын басқару органдары

Әскери әуе күштер[өңдеу]

Авиация – әуедегі қарсыластың соққыларынан маңызды бағыттарды,


аудандарды және объектілерді қалқалауға арналған Әуе қорғанысы
күштерінің негізгі маневрлік әскер түрі. Қалқалайтын объектілерден
барынша көп қашықтықтағы кез-келген дерлік әуе нысаналарын жоюға
қабілетті. ҚР ӘӘК қарулануында зымырандармен және пушкамен қаруланған
жылдамдығы дыбыстан жоғары жойғыш ұшақтары: МиГ–31 жойғыш ұшағы,
МиГ – 29 майдан жойғыш ұшағы, МиГ – 27 и Су – 27 бомбалаушы-жойғыш
ұшақтары бар.

61) Әскери-теңіз күштері — Қазақстан Республикасының президентінің 7


мамыр 2003 жылғы жарлығына сәйкес құрылды.
Негізгі әскери қимыл аудандары Каспий теңізі шекара аймақтары. Қазақ
әскери-теңіз күштерінің жалпы саны 3,000 адамнан құралады, оған 14 кеме
қызметі қызмет көрсетеді.[1]

2011 жылы, Ақтау қаласында әскери база ашылды. Ақтау қаласындағы 612ші
әскери базасы екі СУ-27 шабуыл ұшақтары, жеті СУ-27 және 12 МИ-24
тікұшақтары. [2]

Құрал жабдықтар:

• 4 Алматы класс кемелері[3]

• 1 Dauntless class кемелері[4]

• 5 Guardian class кемелері[5]

• 2 Project 1400M Grif class бақылаушы кемелері[6]- 39 тонна

• 2 AB-25 class patrol craft кемелері[7]

62) Мотоатқыш бөлімшелері тактикалық бөлімше болып табылады. Ол


мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып
табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып
табылады. Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш
бөлімшенің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-
жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың көмекшісі, аға атқыш
және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы
(ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар,
жарықшақты және танкіге қарсы қол гранататтары болады. ЖҰМ – бұл
сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын
орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ
зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті
снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте
жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден
және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және
түнде көру аспаптарымен жабдықталған . Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі
заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып,
қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз
атысымен табысты түрде жеңіліске ұшырауға қабілетті. Олар жылдың және
тәуліктің кез-келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және
жоғары қарқынмен шабуылдай алады. Ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті
жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде
әрекет етуі мүмкін. Жорық реті – бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына
тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс
реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен
техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Мотоатқыштар бөлімшесінің,
взводының, ротасының жорық реті – лек. Егер мотоатқыштар взводы мен
ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті
лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған
арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте
жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі
лек бойынша, ал взводтың жорық реті – үш лек немесе екі лек бойынша
жасалады . Ұрысқа кіру реті – маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген
бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол
бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе
қарсылас қорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру
реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз
тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез екпінінде қол жеткізуді және
бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып оның жорық реті –
лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін –
маңдай шеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі
саналады. Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге
бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына,
бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына
байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше
күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр
жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті
жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Жаяу рет қимылындағы
шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті тізбек
болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз
бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды.
Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен
тізбекке жазылады. Тізбектегі сарбаздар арасындағы аралық 6-8 м (8-12
адым), бұл бөлімше шабулының маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу
ретте взвод бөлімшелер арасында 50 –ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі
майданда шабуылға шығады. ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар
взодының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын
ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу
ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Қорғаныста
мотоатқыш бөлімшесі майдан бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ
(БТР) – атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты
бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артта орналасады.
Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік
бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен
ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Бөлімше
бекінісі арасындағы аралық 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші
бөлімшелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің
тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдай шеп пен
тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде
және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен
танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. Мотоатқыштар ротасы
тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне
және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.

63) Батальон (французша Bataіllоn — әскери бөлімше) — құрлық, әуе-десант


әскерлері мен теңіз–жаяу әскерлерінің негізгі тактикалықбөлімшесі. Ол
мотоатқыштар, танк, парашютті-десант, аэромобиль, барлау, инженерлік-
саперлік, байланыс, автомобиль, теңіз–жаяу әскерлері Батальоны, т.б. болып
жасақталады.[1] 17 ғасырдан бастап тұрақты бөлімшелер ретінде
қалыптасқан. Батальон әр түрлі құрамалар сапында да, жекелей де әрекет ете
алады. Кеңес әскеріндегі мотоатқыштар Батальоны құрамында командалық
құрам, штаб, 3 мотоатқыштар ротасы болды. Бұған қоса танкіге соққы
беретін, байланыс, артиллериялық демеу, техникалық қызмет көрсету,
жабдықтау және медициналық пункт бөлімшелері енді. Мұндай Батальон
минометтермен, автоматты атыс қаруларымен, танкіге қарсы қолданатын
басқарылатын ракета қондырғыларымен, гранатаатқыштармен, зенитті
қондырғылармен, бронетранспортерлермен, жаяу әскерлердің жауынгерлік
машиналарымен жарақтанады. Танк Батальоны құрамына — 3 танк ротасы
мен жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшесі енеді. АҚШ армиясында
моторлы жаяу әскер Батальоны штабтан, штабтық ротадан, 4 моторлы жаяу
әскер ротасы мен танкіге қарсы соққы беретін ротадан, танк Батальоны —
штаб, штабтық рота, 4 танк ротасы (әрқайсысында 17 танктен) тұрады. Әр
түрлі мемлекеттер армияларының Батальондары құрамында, әдетте, 400 —
900 адам, 30 — 70 БТР (БМП), 9 — 12 миномет, 6 — 48 ПТУР қондырғысы,
пулеметтер, гранатаатқыштар, тапанша-пулеметтер, т.б. қару-жарақтар; танк
Батальондары құрамында 400 — 500 адам, 30 — 54 танк, миномет, зенит
жарақтары, т.б. болады.

64. Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс дегеніміз не, оның сипаты және
әскерлерге қазіргі заманғы ұрыста қойылатын талаптар?

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің


ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы
және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге
маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс
күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен
бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында –
шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері
қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске


ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар
қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету,
қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер
мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің
моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін
болады.

Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары


өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және
тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр
түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің
жоғары болуы.

Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және


тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері
болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.
Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық
қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып,
қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып,
қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару
– жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып
алады.

Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың


маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия
мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын
жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір


шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші
шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі.
Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым
келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес
жүргізу.

Бетпе – бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған
мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Ол ұрыс
барысында: шабуылда - қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде,
қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы
мүмкін. Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар
барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып
алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен
қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.

65. Жауынгерлік іс-қимылдар, соққы, оқ ату, маневр және оның түрлері?

Жауынгерлік іс-қимыл- ұрыс қимылының барысы мен дайындығы кезінде


әскелердің іс-қимылдары.

Маневр — ұрыс операциясын әзірлеу және жүргізу кезінде алға қойылған


мақсаттың өзгеруіне байланысты әскерлерді қайта орналастыру, қару-
жарақты қарсыластың аса маңызды нысандарына бағыттап, ұрымтал тұстан
қайта нысанаға алу. Маневрдің мақсаты белгілі бір өңірде, бағытта немесе
соғыс қимылдары жүргізілетін аймақта қарсыласқа күйрете соққы беру үшін
күштер мен қару-жарақты мейлінше тиімді етіп топтау, жинақтау. Маневр
әскер күшіне және олар орындайтын міндеттерге байланысты стратегиялық
оперативтік немесе тактикалық болып бөлінеді. Маневрді әскери жағдайға
байланысты ұрыс, ұрысқа әзірлену немесе жорық ретінде жүргізеді. Ұрыс
қимылдары барысында маневрдің қоршауға алу, шегіну сияқты тәсілдері де
қолданылады

Боевые действия — организованное применение сил и средств для


выполнения боевых задач частями, соединениями и объединениями родов
войск (сил) видов Вооруженных Сил, отдельных родов войск, специальных
войск и служб, то есть ведение войны на оперативном, оперативно-
тактическом и тактическом уровнях.

Удар (военное), непосредственное воздействие на противника средствами


поражения и войсками с целью его уничтожения и достижения
стратегического, оперативного или тактического результата.

ОГОНЬ-основное средство поражения противника в бою, операции;


достигается стрельбой из различных видов оружия. Эффективность О.
обеспечивается высокой его точностью (меткостью), внезапностью открытия,
массированием по важным объектам (целям), широким манёвром и умелым
управлением огнём.

66. Жорықтық рет, алдын ала жауынгерлік рет, жауынгерлік ретке


анықтама беріңіз?

Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде
машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің
артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар
бөлімшесінің реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек
бойынша жасалады. Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып,
оның жорық реті – лек саналады.

Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің


белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені
ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас
тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің
артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын,
оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы
екпініне қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді
қамтамасыз етуге тиіс.

Походный порядок — это построение подразделений в колонны для


передвижения. Он должен обеспечивать высокую скорость передвижения,
быстрое развертывание в предбоевой и боевой порядки, а также сохранение
сил личного состава, сбережение машин и техники.

Походный порядок мотострелкового отделения, взвода, роты — колонна.


Если мотострелковый взвод и рота передвигаются на БМП (БТР,
автомобилях), то походный порядок их представляет собой колонну, в
которой машины следуют одна за другой на установленной командиром
дистанции. При передвижении в пешем порядке походный порядок
мотострелкового отделения может быть в колонну по одному или в колонну
по два (рис. 29), взвода — в колонну по три или в колонну по два.

Предбоевой порядок — это построение подразделений, размещенных по


фронту и в глубину на установленных интервалах и дистанциях. Он
применяется при выдвижении подразделений к полю

боя, а также при передвижении их в ходе боя или в глубине обороны


противника. Предбоевой порядок должен обеспечивать меньшую уязвимость
подразделения от огня артиллерии и ударов авиации, быстрое развертывание
его в боевой порядок, достижение высоких темпов передвижения в ходе боя
и быстрое преодоление заграждений и разрушений.

Для мотострелкового отделения предбоевым порядком является его


походный порядок — колонна; мотострелкового взвода, действующего в
пешем порядке, — колонны отделений, следующие одна от другой на
удалении до 100 м по фронту и в глубину.

Боевой порядок — это построение подразделений для ведения боя. Он


строится в зависимости от выполняемой задачи, действий противника,
наличия сил и средств в подразделении и характера местности. Во всех
случаях он должен обеспечивать наиболее выгодные условия для ведения
огня, одновременное участие всех сил и средств подразделения в
уничтожении противника, совершение маневра, наименьшую уязвимость от
огня противника, а также наилучшее использование особенностей местности.

67. Жалпыәскери ұрыстың түрлері және олардың мақсаты?

Ұрыс – соғысушы тараптар жауынгерлеріінің,бөлімшелері мен бөлімдерінің


ұйымдасқан қарулы қақтығысы.Ол жеңіске жетудің бірден бір жолы және
қарсыласты жою не тұтқындау , сондай-ақ маңызды аудандарды басы палу
мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай ұрыстың мынадай түрлері


болады:шабуыл,қорғаныс, бетпе-бет ұрыс.

Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі.Ол қарсыластың толық талқандалуын


қамтамасыз ете алады.Шабуылдың мәні-қарсыласты қолда бар құралдың
көмегімен талқандауды барынша қолдану арқылыжәне алынған нәтижені
тиімді пайдалана отырып,қарсылас орналасқан жерге сұғына
ену,адамдарды,қару-жарақтарды, ұрыс техникасын қолға түсіру және
қарсылас аумағын басы палу.

Қорғаныс – қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып,оның шабуылын


тойтару,маңызды аудандарды бермей ұстап тұру,сол арқылы әскерлердің
қарсы шабуылға шығуына жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс
түрі.Қорғаныс ең алдымен,қарсыласқа атыс құралдарын барынша қолданып
соққы берумен немесе сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы
шабуылға шығу арқылы қайтару,жағдайдың бастапқы қалпын сақтап
қалумен сипатталады.

Бөлімшелердің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түйіскен жағдайда


немесеонымен түйіспей тұрған уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
Бетпе-бет ұрыс- шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып саналады.Ол екі
тараптың да алдыеа қойған міндетін шабуылмен орындауға ұмтылғанда
пайда болады.

Бетпе бет ұрыс- шеру жасайтын әскерлерге тән.Сондай-ақ ол ұрыс


барысында:шабуылда – шабуылдаушы қарсыластың қарсы
шабуылынтойтару кезінде пайда болуы мүмкін.Бетпе бет ұрыс кезіндегі
әскерелердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы бар атыс құралдарымен
ол қанат жайып үлгергенше шептік қашықтықта шабуыл жасау;оның
ұрыстық ретке жазылуы және тиімді шептерді басып алуының алдын алу;тыл
және қапталдан соққы беру;қарсыласты бөлшектеп талқандау.

68. Қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстың негізгі принциптерін атаңыз?

Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс
күштері, аэроұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен
бөлімшелері, сонымен бірге теніз жағалау бағыттары қимылдарында —
шекара қызметіндегі теңіз дашизия кемелері және әскери-теңіз күштері
қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық кару және жеңіліске


үшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар
қолданып жүргізілуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске
жету, карудың барлық тұрлерінің куатты соққылары, ұрысқа катысушы
бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары,
жауынгердің моральдык және дене күштерінің шектік төзімділігі
нәтижесінде мүмкін болады.

Шет мемлекеттердің Қарулануға ядролық қару-жарақ пен жоғары дәлдіктегі


қаруды (ЖДҚ) енгізу, құрлық әскерлерін артиллерияның, танкілердің және
басқа да сауытталған ұрыс машиналардың көп мөлшерімен, әуе шабуылына
карсы корғаныстың казіргі заманғы құрал-дарымен және әр түрлі электронды
техникамен жарактау казіргі заманғы ұрыс сипатын өзгертті.

Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалылық (маневрлілік), жоғары


өзгермелік, жағдайдың тез және шүғыл өзгеруі, майдандағы және
тереңдіктегі ұрыс дамуының бір калыпсыздығы, ұрыс жүргізу төсілдерінің әр
тұрлілігі, жеке құрамның моральдык-психологиялық және дене күш
салуының жоғары болуы.
69. Кәдімгі зақымдау құралдарына қандай қарулар жатады (кәдімгі
қарулар)?

«Обычные средства поражения: тактические и оперативно-тактические


ракеты, авиация, средства противовоздушной обороны, артиллерия,
бронетанковая техника, противотанковые средства, вооружение пехоты».

Одним из важнейших направлений нового этапа развития обычных средств


поражения является создание высокоточного управляемого оружия. Ею
отличительным признаком является высокая вероятность поражения цели с
первого выстрела в любое время суток и при любых метеорологических
условиях. Стационарное расположение объектов экономики позволяет
противнику заранее установить их координаты и наиболее уязвимые места в
технологическом комплексе.

Одна из целей создания высокоточного управляемого оружия — исключение


потерь среди мирного населения в ходе военных конфликтов. Но, как показал
опыт его применения американскими войсками в Югославии, Ираке,
Афганистане, избежать этих жертв не удается.

Кәдімгі қарулар Жанғыш,жарылғыш құралдар негізінде жасалған қауіпті


заттар Бұл: артиллериялық, ракеталық және авиациялық оқ-дәрілер, Атыс
қарулары, фугастар Мина және басқа құралдар, РУК, ОУК (жоғары дәлдік
қарулар)

70. Жоғары дәлдікті қару түрлері және олардың сипаттамасы?

Жоғары дәлтигіш қару. Бұл жаңа жою құралы “Ату - жою” концепциясына
негізделген, ұрыс оқтама күштілігі мен оның алыс қашықтыққа жеткізу
дәлдігі үйлесімділігіне жету, белгіленген нысананы бір атқаннан 0,6-0,9
ықтималдығысен жоюды қамтамасыз етеді, осы талаптарға жауап беретін
АҚШ және НАТО-да тактикалық және оперативті-тактикалық басқару
ядролық емес қару жоғары дәлтигіш қару болып есептеледі.

Жоғары дәлтигіш қару радиоэлектроникалық, микрокомпьютерлердің,


микросхемалардың және басқа техникалардың қазіргі заманғы жетістіктеріне
негізделген. Ол әскерлерге және тылдағыларға қауіп төндіреді (соның ішінде
медициналық қызметіне).
Шетел мамандарының көзқарасында, жай қарудың оның айырмашылығында,
ол бір атқанда тұрған не қозғалған нысананы дәл тауып, оған дәл тиіп
бойлата соққы береді.

Жоғары дәлтигіш қаруға негізгі түрлеріне жататындар: әртүрлі кластағы


басқару ракеталары, өзі көздейтін артиллериялық снарядтар мен миналық,
қалқитын әуе бомбалары және т.б. Дұрысын айтқанда, ол қарулардың
барлығы автоматты басқару жүйесінің арнайы құралдарымен жабдықталған,
олар “ату және оны ұмыту” принципін іс жүзіне асырады. Оператор-атқыш
табылған нысананы бастапқы ұстауды (көздеу) іске асырады, осыдан кейін
олракетаны, снарядты, бомбаны, минаны және т.б. дәлдеуге қатыспайды.
Әртүрлі дәлтигіш жай қару жүйелері бар, ықтималды қарсылас (НАТО,
АҚШ) күтпеген жерден әскери қимылдарды бастауы мүмкін, осының
салдарынан адамдардың, техникалық құрал-жабдықтар қорларының ұрыс
даласында және оперативті тереңдікте жаппай шығыны болады. Сондықтан
медицина қызметінің бөлімшелері өз кезегінде ұтқыр, шапшаң, жол үстінде
жайылу, жасырыну және қорғану , аз мерзімде шығындардың орнын
толтыру, дер кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсету және
жаралыларды тасымалдау керек.

69. Кәдімгі зақымдау құралдарына қандай қарулар жатады (кәдімгі


қарулар)?

Жауап: Кәдімгі қару артиллериялық, зениттік, авиациялық, атыс және


инженерлік оқ-дәрілерді және кәдімгі жарақтағы зымыранды қолданатын
барлық оқ ату және соққы беру құралдарын, өртегіш оқ-дәрілер мен от
қосапаларын қамтиды.

70. Жоғары дәлдікті қару түрлері және олрадың сипаттамасы?

Жауап: Кәдімгі қарудың анағурлым тиімді түрі барлау-соққы беру


кешендері, сондай-ақ әдетте бірінші атқаннан нысананы зақымдауға қабілетті
басқарылатын зымырандар, оқ-дәрілер қолданылатын бақа да қару-жарақ
кешендері жататын жоғары дәлдікті қару болып табылады. Жоғары дәлдікті
қарулар бірінші атылған оқпен нысананы зақымдау қабілеттілігі 60% жоғару
көрсеткішімен сипатталады.

Жаппай жою қаруынан қорғану

Дәріс жоспары

1. Жою қаруын қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар;

2. Химиялық қаруды қолданудағы төтенше жағдайлар;

3. Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар;

72. Ядролық оқ-дәрілердің түрлері және оларды жеткізу құралдары?

1. Ядролық қару дегеніміз ішкі энергияны пайдалынылатын оқ-дәрілердің


жиынтығы, ол ядерлі жарылыс кезінде булардың реакцияға түсуі. Оның
зақым келтіретін факторлері: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, кірме
радиация, радиоактивті зақымдану мен электромагнитті импульс. Ядролық
қару жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын
ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол
барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық
жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы
мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу,
өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік
импульс жатады.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік


алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше
мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына
тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте
сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды,
конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық
қондырғыларды істен шығарады.

2. Химиялық қару -бұл улағыш улағыш заттар мен оларды қолдану


құралдары. Улағыш заттар деп ұрыстық қолдануда адам күшін жаппай
шығынға ұшыратуға арналған токсинді химиялық қосындыларды айтады.
Улағыш заттар химиялық қарудың негізін құрайды да, шетелдік мемлекеттер
армияларының қару-жарағына кіреді.
Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:

1) Жүйке жансыздандыратын;

2) Теріні іріңдеткіш;

3) Жалпы улы әсерлі;

4) Психохимиялық;

5) Тітіркендіргіш.

Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ


өлтіретін,саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып
бөлінеді.

Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман,


сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс
органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған
өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан – ішек жолы арқылы зақымдайды.

Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ


әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен
шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды
талдап – жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция
жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу

мүмкіндігі де жойылған жоқ.

75. Биологиялық қарудың негізгі қасиеттері және оны қолдану


тәсілдері?

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные)


микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін
құралдарының жиынтығын айтады.

Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан іздеп табудың


қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден,
судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап
қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда
әрбір минут, секунд қымбат.

Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп


салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады:
ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады.
Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді,


неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық
траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты
ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай
дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе;
арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана,
шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.

Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары


көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп
ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:

§ қауіпті зона;

§ күшті ластанған зонасы;

§ аздау ластанған зонасы.

Ластау мөлшеріне байланысты:

§ жарылыс түрінен (бомбаның);

§ оның күшінен (неше мегатонна);

§ жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

§ эпицентрден қашықтығынан;

§ жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға


қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.

Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және
химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы.
Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс
жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы
панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және
биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл
жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка).
Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана
алады.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне
және сиымдылығына байланысты топталады

Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып


бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау
үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі
қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің
қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады.
Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

78. Қандай әскери басқару органдарын Сіз білесіз және әскери бөлім деген
ұғымға анықтама беріңіз?

Жауап: Әскери басқару органдары – стратегиялық, жедел- стратегиялық,


жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери
басқару органдары.

Әскери бөлім – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да


əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып
табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық
мемлекеттік мекеме.

79. «Әскери мүлік» және «әскери техника» ұғымдарына анықтам беріңіз.

Жауап:

Әскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да


əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел
басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери
техниканың барлық түрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;

Әскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да


əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік
машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе
кемелері мен басқа да ұшу аппараттары.

80. «Басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға» қайсы органдар мен


қызметтер кіреді?

Жауап: Басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, əскери қарсы барлау жəне
əскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының
Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-
тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның басқару
органдары мен азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдері, əскери прокуратура
органдары.

81. Жауынгерлік əзірлік, жауынгерлік қабілеттілік, жауынгерлік міндет


дегеніміз не?

Жауап: -жауынгерлік əзірлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,


басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген
міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін
айқындайтын жағдай;

-жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы


Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің)
мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне
өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін
жай-күйі;

-жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа


белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық)
қойған міндет.

83. «Соғыс қатері» және «соғыс қаупі» дегеніміз не? Сіз соғыс қимылдары
және соғыс уақыты дегенді қалай түсінесіз?

Жауап:

- соғыс қатері – орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен


шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты)
бастауға нақты қалыптасқан ниет;

- соғыс қаупі – саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан
Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін
көздейтін тұрақсыздық факторы;

- соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған


жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі
қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-
қимылдар кешені;

- соғыс уақыты – соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс


жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы
жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы
кезең.

84. Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету


саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерiн атағыз?

Жауап: Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету


саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерi:

1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының


мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі
iстерiне араласпау;

2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту;

3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;

4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық


мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге
жәрдемдесу;

5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық


елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;

6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына


келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға
қатысу болып табылады.

85. Азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері?

Жауап: Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы


құқықтары мен міндеттері

1) келiсiм-шарт негізiнде epікті түрде әскери қызметке баруға;

2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға


құқылы.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) әскери мiндеттілiкті орындауға;

2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі iс-шараларға қатысуға;

3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі


мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен
беруге міндетті.

86. Барылқ ұйымдардың қорғаныс саласындағы міндеттері

Жауап: Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан


Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындауға


қатысады;

2) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі


мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi
белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;

3) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар


жасайды.

You might also like