Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 62

2.

Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз


ПОЛИГОН ЗАРДАПТАРЫ
Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 млн. га жер бөлініп, Семей ядролық
полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20
килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам
100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың
жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған.
Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы
жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион
адам зардап шекті.
Бұдан кейінгі 25 жыл жер асты жарылысынан адамдар түрлі ауруларға ұшырап, сол сырқаттың қасіретін әлі де
арқалаумен келеді. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтындығы ғылыми негізде дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға
дейін созылуы мүмкін.
Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан
аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа
тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ
зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті. Одан әрі жер астына жасай бастады.
Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым
академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді,
ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі
кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз
өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына
ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар
өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі
сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар,
тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соның бәрі нақ
қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Бұл аймақтағы
аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы
жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке,
ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру,
іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз
рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен
дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке
ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700
адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы,
ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы
ерлерде – 59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде – 52-55, әйелдерде 58 жас
күйінде қалып келеді.
Сынықтан адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын
азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам
организміне сіңеді.
Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен сква-жиналардың түптері мен шығар ауыз¬дары
дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да
радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп
шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы
басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл
керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған
изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың
денсаулығын ойлап көріңіз.
1989 жылы 28 ақпан күні Алматы теледидарындағы кешкі жаңалықты үзіп, оның орнына ақын, мемлекет қайраткері,
Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменов Семей ядролық сынақ полигонын жабу
мақсатында халықты қозғалысқа бірлесуге шақырды. Бұл қозғалыстың аты Халықаралық ядролық апатқа қарсы
«Невада-Семей» деп аталды. Халықаралық қоғамдық ұйымдардың ортақ мүддесі адамзатты, қоршаған ортаны
ядролық сынақтан құтқарып қалу еді. Осы жетістіктің нәтижесінде 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» №409 Жарлыққа қол қойды.
Сөйтіп, қазақ халқы өз мақсатына жетті. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның
полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов
қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше
"үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты,
Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл
суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар
алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды
металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда
1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-
транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты
тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.

3.Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты
сипатын ашыңыз
4.Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы[өңдеу]


КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай
жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП
Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі
дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП
Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда
Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді
бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген
жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев
баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне
өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте
төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту,
инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау
өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.[1].
Дағдарыстың себептері[өңдеу]
Саяси саладағы белгілері[өңдеу]
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салада дағдарыстың белгілері[өңдеу]
- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері[өңдеу]
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев
сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне
сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық
жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. КСРО да қайта
құру мен қоғамды демоккратияландыру үрдісіндегі қадам жасалды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға
міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли
болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде
В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп
шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады.
Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар
айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе
талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің
символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру
мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл
заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде
қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді
жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси
құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық
шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-
түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның
әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[2]
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер[өңдеу]
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-
әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды.
Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды.
Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл
өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп
жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса
маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана
болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді.
Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар
республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялы

5.Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз

Алаш партиясының құрылуы[өңдеу]


Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты.
Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ
саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар
бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да
болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз
алдына партия жасалмайынша болмайды».
1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру
туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп,
бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі
демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына
мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас
мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар
тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы
Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей
ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен
Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің
төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының
төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын
сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай
жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
Қоғамның саяси өміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар
Сәкен Сейфуллин
1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы
Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса
бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық
топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында
темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс
және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында
марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.
1913 жылы Омбыдағы түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Бірлік» қоғамын құрды. Қоғамның мақсаты
бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов,
Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы
Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов,
Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.) кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.)
Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады.
Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы
жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Олардың
арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы «Жігер», Петропавлдағы «Талап»,
Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген
мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір
әлеуметтік топтарды ертуді көздеді.
1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз»
аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси
мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай
бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған
алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік
Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады.
Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның
болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді.
«Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге
атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер
үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы
партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа
созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды.
Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ
оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.
«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік
мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы
жарияланып, үкіметі құрылды.[1]
6.Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы
баяндаңыз
Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық
қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев,
КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші
орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО
ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО
Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18
тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына
өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын
үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп
хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы
бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз
б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына
жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің
№1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын
болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды.
Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский
комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды.
Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов,
Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және
т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің
жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің
мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.
Әзірбайжан мен Тәжікстан республикаларының басшылары А.Муталибов пен K.Max - камовтар Тамыз бүлігіне
қолдау білдірді. АҚШ Президенті Дж.Буш Тамыз бүлігін айыптады. Еуропа экономикалық қоғамдастығы Төтенше
жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетке қарсы шығып, заңды екіметті қалпына келтіруін талап етті.
Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз
кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін
айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан
қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс
қозғалды.[1]
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі).
Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын
құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев
та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас
қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991
жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь,
Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы
келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара
жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия
Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-
қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық
республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Президентті бүкілхалықтық сайлау.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде
сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы
желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды,
Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта
бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген
республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы
Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы
күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
7.Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызын
талдаңыз
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау - рухани мұралардың сақталуына бағытталған мемлекеттік шаралар
кешені. Қазақстанның немесе өзге мемлекеттің аумағындағы қазақ халқының тарихи және мәдени мұралары мемлекет
тарапынан қорғауға алынады. Тарихи және мәдени мұраларға тарихи, шығарм., ғыл. немесе мәдени мәні бар діни не
зайырлы сипаттағы мүліктік құндылықтар жатады: өнер туындысы, кітап, қолжазба,
инкунабула, мұрағат материалдары, архитектуралық, тарихи, шығарм., монументалдық ескерткіштердің құрылымдық
бөліктері, т.б. Рухани мұралар тізімге алынып, мемлекет аумағынан сыртқа шығарылмайды. Тек белгілі бір мәдени іс-
шаралар кезінде құзіретті органның қатаң бақылауымен уақытша сыртқа шығарылуы мүмкін. Рухани мұраларды
қорғау және сақтау мәселесі халықаралық дәрежеде қолға алынған. Көптеген халықаралық актілердің
арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылғы «Мәдениет және
табиғат мұраларын қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік
құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы» Конвенцияларды атауға болады.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда
қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде
мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз
атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн
мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.
Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ
түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол
жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді
жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы
қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-
Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда
Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

8. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты
Қазақ ұлтының тағдыры тауқыметке толы болғаны тарихтан аян. Алайда, өз тағдыры қыл үстінде тұрғанда, қазақ
халқы қаны бөлек, жаны жат басқаны да құрдымға кетуге жол берген жоқ. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев еліміз
тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, біздің көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға,
дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық
тұрақтылық пен ынтымақты, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне, жіті көңіл бөліп келеді. Қазақстан
тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: «Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең
қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп көрсетілген. Сонымен қатар, өз
азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстанымына кепілдік береді. Бүгінде қазақ еліндегі
этносаралық, дінаралық татулық, әрине әлемнің көптеген елдеріне үлгі. Осы күні, Елбасымыз өзі бас болып жүргізіп
отырған көреген саясатының арқасында тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт пен ұлыстың,
мақсатмүдделері ортақ, тату-тәтті, береке бірлікте өмір сүруде. Сондықтан болар, елдегі этникалық үйлесімділікті
әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары бағалап, әрі тәжірибе алар алаңға айналдырып отыр. Қазақ халқы қашан да
болсын елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына аса мән берген. Ата-бабамыз: «Бірлік бар жерде тірлік
бар» деп ынтымаққа шақырып қана қоймай, «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дегенді де ескертеді. Сан ғасыр
бойы мәңгілік жалғастығын тауып келе жатқан қазақ халқындағы осы бір қасиетті үдеріс бүгінгі тәуелсіз
Қазақстанның да басты қағидасына айналды. Ол – Қазақ елі тәуелсіздігінің мәңгі мұқалмастығының негізі дер едік.
Кезінде Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің бірқатарында орын алған ұлтаралық қарамақайшылықтар
негізінде туындаған жанжалдардан біздің еліміз аман өтті. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміздің кейбір
аймақтарында бірқатар ұлтаралық шиеленісті жағдайлар туындағаны мәлім. Ұлтаралық сипаттағы қайшылықты сол
кездегі ішкі саяси жағдайға қауіп төндірген жеке оқиға еді десек те, дер кезінде мемлекет тарапынан тиісті іс-шаралар
жүргізілмегенде соңы неге апарып соғатыны белгісіз еді. Ендеше Қазақ елінің шаңырағын шайқалтуға бағытталған
осындай жәйсіздіктердің тамырының терең жаймауының басты себебі – қазақ ұлтының ақылға тоқтамдығы, кең
пейілділігі мен шыдамдылығында жатыр. Елімізді мекен еткен басқа да ұлт өкілдері қазақтың осы бір тамаша
қасиеттерін тереңнен түйсініп, аса жоғары бағалайды. 2 Бүгінде Қазақстан – 130-дан астам этнос өкілдерінен тұратын
17 миллион халқы бар полиэтникалық мемлекет. Жалпы, көпэтносты Қазақстан Республикасында тарихи сын
сағаттарда этносаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінен, яғни оның
даналығы, кеңдігі деуге болар. Сондықтан еліміз үшін тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың, этносаралық келісім
мен татулықты дамытудың маңызы аса зор. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Елбасының
бастамасымен елімізде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу, үйлестіру жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйым
құрудың жолдары алдын ала қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда ҚХА – Қазақстандағы тұрақтылық пен
тұтастықты берік сақтаудың маңызды тұғырларының бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақ
халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстан халқының азаматтық
және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық-азаматтық бiрегейлiкті, бәсекеге қабiлеттi ұлтты
қалыптастыру үрдісiнде этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады. Ассамблеяның тікелей араласуымен
қазіргі кезде Қазақстанда 621-ге жуық этномәдени бірлестік қызмет жасайды. Сонымен қатар республикада 11 тілде
газет-журнал шығарылып, 8 тілде радиохабарлар таратылады және 7 тілде телехабарлар көрсетіледі. Әрине, мұның
барлығы мемлекеттік саясатымыздың ұлтаралық және дінаралық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтап,
нығайтудағы бағытының дұрыстығын дәлелдейді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретінде 1995
жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Бас конференциясы Қарарымен бекітілген Төзімділік (толеранттылық) қағидаттары
Декларациясын қолдайтындықтан, діни төзімділік пен бейбітшілік қағидалары еліміздің саясатында басты орын алды.
Сондай-ақ, елдегі түрлі конфессиялардың келісімі мен ынтымағын нығайтудың оңтайлы әдісі әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлерінің съезін атап өтсек болады. Идея авторы – Н.Ә. Назарбаев. Әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы
келісімге бағытталған Қазақстанның саясаты мен тәжірибесі әлемдік қауымдастыққа түрлі конфессиялардың өзара
сенімі негізінде бірлесе ғұмыр кешуінің нақтылы мүмкіндіктері барлығын және оның қажеттілігін тағы бір рет
дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде танылды. Оған, Астанада 2003, 2006, 2009,
2012 және 2015 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері дәлел. Осы айтулы шаралардың
әрқайсысы өзіндік маңызымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Қазақстан әлемге діни бейбітшілік орнатудың
бастамашысы ретінде танылған мемлекет. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдегі дін төңірегінде туындаған
дүрдараздықтарды ауыздықтауға, 3 мәселелерді бейбіт жолмен шешуге зор үлес қосып келеді. Елбасының халыққа
арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің
келешек даму стратегиясын айқындап, дін саласына қатысты бірқатар түйткілді мәселелер көтеріп, оны шешу
жолдарын жан-жақты қарастырып өтті. Елбасы дәстүрлі дініміздің жағдайына тоқтала келе, бүгінде біздің халқымыз
үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғанын қадап айтты. «Жастарымыздың бір бөлігі
өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген
жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» екендігін алға тартты. Сондай-ақ, «Қазір кейбір сыртқы күштер
жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық
табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», - деп ескертті. Бүгiнгi қоғамдағы түбегейлi
өзгерiстер халқымыздың ауыз бiрлiгiн, белсендiлiгiн, әр азаматтың жеке басының жауапкершiлiгiн талап етедi.
Қоғамдағы келiсiм мен бейбiт өмiр, саяси тұрақтылық үшiн жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елi мен
жерiне деген сүйiспеншiлiктен ғана туады. Халық бiрлiгi, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы ұранымыз ортақ
тарихымызға деген көзқарасымыз, өзге ұлт өкілдеріне деген құрметiмiзді келешек ұрпаққа жеткiзу, насихаттау болып
табылады. 2006 жылы Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті cессиясында Елбасы Құрбан айт пен
Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп жариялауды ұсынды. Халық қызу қолдаған осы бір
тарихи оқиғаны желтоқсан айының басында Мәжілістің бір топ депутаттары қолдап, жалпы отырысқа ұсынды. Онда
«Мерекелер туралы» Заңға жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе көтеріліп, кейін Парламентте
қаралып, мерекелік демалыс күндері болып бекітілді. Бүгінде бұл діни мерекелер халқымыздың дәстүрлі мерекесіне
айналып, жылда республикалық деңгейде аталып өтуде. 2006 жылдың 28 маусымындағы № 593 Қазақстан
Республикасының Қаулысымен «Қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім үлгісін жетілдіру
бойынша» арнайы Бағдарлама қабылданған болатын. Әрине, бұл құжат елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты
нығайтуда және Қазақстан халықтары арасындағы келісім мен татулықты бекіте түсуде ұйымдастырушы, үйлестіруші
басты құжат болды десе де болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің артуына Елбасының
қосқан үлесі зор. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне Ассамблеядан 9 депутат сайланды. 2008 жылы 20 қазанда Президент
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. 4 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Ассамблеяның ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Ассамблея қызметінің басты қағидаларын айқындап
берді:  Қазақстандағы этностық, конфессиялық, мәдени және тіл ерекшеліктерін;  этностардың мәдениеті мен
тілдерін дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар туралы;  сондай-ақ, қазақ ұлтының
толеранттылығы мен жауапкершілігін;  қазақ этносының ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін;  Қазақстан
халқының бірлігі екендігін, – нақты көрсеткен болатын. Жалпы алғанда, ұлтаралық және дінаралық қарым-
қатынастарды реттеп, үйлестіру мәселесінде өзіндік жаңа үлгіге ие болған, елімізде татулық пен бірлікті,
ынтымақтастықты барынша нығайта түсуде ұйтқы болған – Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі айрықша. Бүгінде
еліміздің дін және мәдениеттер арасындағы сұхбатты қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесі әлемдік қауымдастық
үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Біздің этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі – бұл
Қазақстанның жалпыәлемдік даму үдерісіне қосқан үлесі, өзара түсіністік пен сыйластық орнатудан, және де
ғаламдық қауіпсіздікті қолдаудан көрініп отыр. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының
басты тұғыры – этносаралық бейбітшілік пен келісім болып табылады.
9. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы ойлары
Н. Назарбаев дамушы елдерге үлгі боларлық қазақстандық даму жолының моделін қалыптастырды. Астанада «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты «Бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумы барысында сөз сөйлеген ҚР
Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті. «Америкалықтарда ежелден қалыптасып,
фразеологиялық айналымда жүрген «негізін қалаушы-әкелер» атты түсінік бар. Мұндай керемет атауға АҚШ
мемлекеттік қайраткерлері Джордж Вашинтон, Томас Джефферсон, Джеймс Мэдисон, Александр Гамильтондар
жатқызылатынын бәріңіз білесіздер. Бәлкім бұл мінберден мен нені меңзегім келіп отырғанымды көпшілік түсінген
болары. Иә, шынымен де Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтар үшін тәуелсіз Қазақстанның «негізін
қалаушы-әкесі» болып табылады. Бұл еш артық айтқандық емес», - деді Мемлекеттік хатшы. Сонымен қатар, М.Құл-
Мұхаммед Елбасының Тәуелсіздік туралы декларация мен заңның негізін қалағанын, Ата заңды жаңғыртуды жүзеге
асырғанын, осының нәтижесінде елімізде түрлі бағытта реформалар тиімді атқарылғанын атап өтті. Оның айтуынша,
Тұңғыш Президенттің пәрменімен жабылған ядролық полигон Қазақстанды «бейбітшілік аймағына» айналдырып,
еліміз әлемдегі антиядролық қозғалыстың лидері атанды. «Н. Назарбаев көпұлтты Қазақстанды барша қазақстандық
қоғам үшін тұрақтылық пен келісім факторына айналдырды. Тек Нұрсұлтан Әбішұлы ғана тарихи өлшеммен алғанда
аса қысқа уақыт ішінде табысты саяси, экономикалық және әлеуметтік мемлекетке айналдырды. Президент арқасында
жүзеге асқан қазақстандық жол моделі әлемнің көптеген дамушы елдері үшін үлгіге айналып отыр», - деді
Мемлекеттік хатшы.
10. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі,
жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз
1992 жылы өндірістің құлдырауы халық шарушылығының барлық салаларын қамтыды.
Өнеркәсіпте ауыр жағдай қалыптасты.
*Өнім шығару 1991 жылмен салыстырғанда 14,8%,ұлттық табыс 14,2%-ға кеміді.
*Электр қуатын өндіру 3,9%-ға кеміді.
*Болат 4,9%-ға кеміді.
*Темір өндіру 20% кеміді.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын
дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр
индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі
қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана
алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша
жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен
салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі
өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке
кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай
қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металлдар өндірісі қысқарды. Құрылыс және ауыл
шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп
өнімі 16,1%-ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық
тұтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның
жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.
Өндірістің құлдырауының басты себебі – Одақ бойынша бұрынғы қ алыптасқан шаруашылық
қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі – оның шикізат өндіруге бейімделген
сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа
мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық тұтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен
жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты.
Жұмыссыздық-Еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түре тіркелгендер-153мың(1995)
Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар-192мың
Өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер-451мың
90жылдардың соңындағы жұмыссыздардың жалпы саны-643мың
1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996 жылмен салыстырғанда 11,8%-ға кеміді.
Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр аймақ-ауыл(жұмыссыздар-54,8%)
Жұмыссыздардың жергілікті шоғырланған аймақтар-шағын қалалар.
11. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар,
екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің
сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс
болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да 91 құжаттар
қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары
құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және
т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда
үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі
корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай,
меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы – бағаны
ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын
өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді.
Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің
экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған
іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық
субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын
қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны
өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен
сипатталады.
Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар
жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең
“Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995
жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік 92
меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі
берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету
саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру
туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге
асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші
кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы
өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық
маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ
секторында – бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада – “КЕГОК”, телекоммуникацияда – “Қазақтелеком”, темір жолда –
“Қазақстан темір жолы”.
Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі
кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл
халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің
біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын
эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі
сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне су тегін кеткен болып шықты.
12.Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстарын
талдаңыз
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж
болатын. Олар “Қазақстан –2030” ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында
Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан – 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі
дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің
қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада
еліміздің саяси, әлеуметтікэкономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары
мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді
барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1)
ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық
қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын
көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7)
демократиялық кәсіби мемлекетті құру. Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының
өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді. “Қазақстан – 2030”
бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік
стандарттарға сай түзілген заңнамалыққұқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жұмыстар жүргізілді. Атап
айтқанда, биліктің, сот және құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен
қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам институттары даму жолына
түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды.
Қалыптасқан әріптестік 94 саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен
байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, БҰҰ-да белсенді жұмыс
жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты
үлесін қосып келеді. “Қазақстан – 2030” стратегиясында көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада
тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000-2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің
жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір
көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік
инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды
да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың
көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан
ТМД-да 1- ші орынды алады. 1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 70
миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80
% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвестицисының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан
асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне
тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке айналды. Қазір оның
қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай және басқа да алыс-жақын шет ел
экономикасына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008). Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау
жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа
шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа
экономика. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004). Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік
салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола
түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып
табылады. Мысалы, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың І жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды
тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%-і, өңдеу саласында бұл үлес – 98%-ті;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті құрайды. Көптеген экономикалық процестердің нақты
қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық
қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе шағын кәсіпкерліктің
дамуы атап көрсетуге тұрарлық.

13.ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы


ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің еліміздің Астанасында өтуінің өзі ұлттық беделді көтерері сөзсіз және бұл
идеяның авторы елбасы Н.Назарбаев еді. 2012 жылы дауыс беру рәсімінен кейін 2017 жылғы көрмені өткізу мәртебесі
Астанаға бұйырып, одан бері көптеген жұмыстар атқарылды: «Астана ЭСКПО-2017» ұлттық компаниясы құрылды,
Тіркеу парағы бекітілді, ең үздік көрме кешені үшін халықаралық сәулет сайысында жеңімпаз анықталды, ЭКСПО-ны
өткізу және ұйымдастыру туралы заң қабылданды. Көрменің болашағы шынымен де ұлттық жобаның бейнесін алды,
оның сәтті өтуіне республиканың барлық аймақтары үлес қосуда. Көрмеге тақырып беру дәстүрі де сақталып, осы
бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биылғы көрме тақырыбы «Болашақтың қуат көзі». 
         «ЭКСПО көрмесінде әлемнің барлық елдері өздерінің технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсете
алады. Олар ғаламдық дамудың жаңа тәртібін қалыптастырады. Мұндай көрмелерді барлық континенттерден ондаған
елдерден миллиондаған адамдар тамашалайды. Өткір бәсекелес күресте Астананың жеңіске жетуі кездейсоқ емес.
Біріншіден, біздің астанамыздың әлемдік деңгейдегі шараларды өткізе алатындығын мойындау. Екіншіден, барлық
Еуразия аумағы секілді Қазақстанның да жетістіктерін жоғары бағалау мен оның даму перспективасын айқындайды»
– деп айтқан болатын Елбасы [1]. Негізгі мәселе,Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы»
болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты
тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен
таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу
болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол
чемпионатынан кейінгі орында тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр.
сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін
экономика» [8].
«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар — мұнай, газ)
ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл
экономиканың негізінде — таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл»
экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты
біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. «Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып
келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай
жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: ішкі жалпы өнімнің өсімі, елдің табыстарын ұлғайту,
елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.
Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының
тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді. «Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы
аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды: ауыл
шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, балық аулау, орман шаруашылығы өнеркәсіп,
туризм, көлік, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, су қорларын басқару. Сонымен қатар,««Жасыл»
экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары айқындалды: Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін
енгізу. Мұнда пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет
табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған.
Мұнай, газ — бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі
уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет»[9]. Бұл ретте Қазақстаннның
жақсы экожүйеге жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ,ұстанымын
айтарлықтай арттырады. Екінші бағыт — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Бұл қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан,
тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз
ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-
шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді. Үшінші бағыт — ауыл
шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық
қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық
өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы
сөз болып отыр.
Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: жердің құнарлылығын басқару,
суды тиімді пайдалану, өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару, фермаларды механикаландыру. Төртінші
бағыт — қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды.
Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. .
Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.
Бесінші бағыт — су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала
береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Алтыншы бағыт — «таза» көлікті дамыту.
14. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор.
білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл
бүгінгі күннің өзекті де негізгі мәселесі болып табылады.
Қазақстанның жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім
беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері
жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық  мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде
кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу
үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.
Заман талабы отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етеді. Мұның өзі тек
біздің қалауымыз емес, ол бүгінгі күннің шындығы.
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасының» мазмұны
білім беру жүйесінің ырғақты дамуын және әлемдегі жаһандану мен ақпараттану үрдісінің ерекшелігіне қабілетті
болуы керек деген түсінікпен келесі негізгі бағыттарды көрсетті:
- оқуды 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейімді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын
он екі жылдық жалпы орта білімге көшу;
- орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жаңа деңгейін құру;
- академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды  даярлаудың 3 сатылық жүйесін: бакалавриат-
магистратура-докторантура (PhD) құру;
- білім беру сапасына бағалаудың ұлттық жүйесін құру [1].
Әлемдік білім жүйесіне интеграциялау қажеттілігін жоғары мектептің қазіргі деңгей құрылымдары мен
біліктілікті түпкілікті қайта қарастырмайынша тиімді іске асыра алмаймыз. Осыған байланысты еліміздің жоғары
білім беру жүйесіне мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу аса маңызды да өзекті мәселе.
Білім беру жүйесіндегі жасалған реформалаудың алғашқы қадамдары жаңа өзгерістердің пайда болуына алып келді.
Білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты – біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола
алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін
зерттеу және ұлттық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі
күннің күрделі мәселесі болып отыр.
Қазақстандағы жоғары мектепті реформалардың маңызды шарттарының бірі еліміздің Болон процесіне жедел
кіруі және үш деңгейлі моделге енуі болды. Бұл деңгейлер: базалық 4 жылдық бакалавриат, 2 жылдық магистратура,
докторлық бағдарлама PhD. Доктарантура, ізденіс, докторлық диссертацияны даярлаудың әр түрлі формалары сияқты
білім беру бағдарламаларының жиынтығын біріктіреді деп қарастырылған. Білім беру реформасының идеологтары
PhD бағдарламалары диссертациялық зерттеулерге әзірлік кезеңін барынша қысқартады және ғылыми дәреже беруде
көптеген формальды сәттерді жояды деп сендіреді. Бұдан өзге, кеңестен кейінгі кеңістікте халықаралық білім беру
стандарттарының рецепциясы жолындағы кедергілердің бірі - нострификация проблемасы – жоғары білім туралы
құжатты мойындау проблемасы шешіледі [2].
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тағайындаған “Болашақ” бағдарламасын
атап кетпеуге болмайды. Оның негізінде  еліміздің талантты жастары әлемнің үздік жоғары оқу орындарында сапалы
білім алуына және алған білімі мен тәжірибесін мемлекеттің гүлденуіне жұмсауға ықпал ету  идеясы
жатыр.“Болашақ” халықаралық стипендиясы жыл сайынғы Қазақстанға аса қажетті мамандықтар тізбесі негізінде
беріледі.
Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің иновациялық-
индустриялық стратегиясын жүзеге асыруды болашақтың бағдарламасы деп атаған. Бұл бастаманы жүзеге асыру,
ғылыми және техникалық потенциалды, болашақ мамандарды терең біліммен қамтамасыз етпейінше мүмкін емес [3].
Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық
таңдауына толық жауап береді. Мәселенің маңызын еліміздің Болон процесіне қосылғандығымен ғана
байланыстыруға болмайды. Бұны сапа мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатындағы білім парадигмаларының
алмасуы деп ұққанымыз жөн.
Қазақстан жоғары білімінің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып,
оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру
жүйесі төмендегі екі түрлі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және
әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік
оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіби білімнің мынандай сатылары енгізілді: бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл,
магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінщі сатысы) – 2 жыл, докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі
кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл. Осылайша аз уақыт ішінде студенттерді оқытудың түрі ғана емес, сонымен қатар
жоғары оқу орындарынан кейінгі білім құрылымы да өзгереді[4].
Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс
жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен
іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәрістен
іс-тәжрибелер, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).
Кредиттік оқыту жүйесі желілік емес – білім беру процесінің жүйелілігін студенттердің дара жоспарлауына
беріліп отырған мүмкіндік. Қазіргі ақпараттық қоғамның қалыптасу кезеңінде мемлекеттің табысты қызмет етуіне
жоғары технологиялардың дамуы мен оларды тиімді қолдану қажет. Техникалық сала қызметкерлерінің
жеткіліксіздігі Қазақстан үшін көкейкесті мәселе болып саналады. Ал елдің экономикасы қажет мамандардың
көпшілігімен өркендемек. Әрине, қажетсіз мамандық жоқ. Ең бастысы, уақыт талап еткен мамандықтарды таңдауға
бет бұру – заңдылық. Мамандықты шатыспай таңдап, жан-жақты білімді болып, халқыңа, мемлекетіңе адал қызмет
ету басты борышымыз екенін ешқашан естен шығармайық. Еліміздегі білім жүйесінің дамуы болашағымыздың негізі,
қайнар көзі. Мемлекетіміздің болашағы жастар, сондықтанда жастарымыз білімді, сауатты және салауатты болса екен.

15)20ғ.20-30 жж. Ұлттық интиллигенцияға қарсы жаппай қуғын-сүргін.


Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия
құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер»
деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын
жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы
қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер
ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу
саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы
шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан
басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату
жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын
контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды
«басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В.
И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін
тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық
таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы
еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.
Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін
әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың
негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар
қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты. Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты,
әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына
Ф.И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.  Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер
атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза
тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне
араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М.
Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың
қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж.
Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы
дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің,И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және
олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. 30-
жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол
мынадай перспективаларды көздеді:
 саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда
«Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
 әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын
отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
 ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-
қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады(Қарлаг, Степлаг,АЛЖИР).Көптеген
аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді.Кейінірек атылған адамдарды
жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады.Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан
кездейсоқ табылды.Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар -
М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,I.Жансүгіров,Б.Майлин,көрнекті ғалымдар-А. Байтұрсынов,С.Асфендияров
т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің
мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

16)ҰОС жылдарындағы Қазақстан


1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия КСРО аумағындағы Брест қамалына шабуыл жасап, Ұлы Отан
соғысы басталды. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 600
мыңнан астамы бұл майданнан оралған жоқ. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы
және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталды. Олар майдан даласында ерлікпен шайқасты. Ұлы Отан
соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ал 110 қазақстандық Даңқ орденінің иегері
болды. Днепр үшін шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры"
атанды. Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры
атағына ие болды. 3 мәрте батыр атағын алған И.Кожедуб. Кеңес Одағы батырларының қатарында мерген Әлия
Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова, атты әскер Бақытжан Қаратаев, атқыштар Төлеген Тоқтаров,
Сұлтан Баймағамбетов, Сергей Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер Серікбай Мүткенов, Иван Новиков,
ұшқыш Нүркен Әбдіров, минометші Қарсыбай Сыпатаев, сапер Петр Гончаров, жазушы, әдебиет зерттеушісі
Мәлік Ғабдулин және тағы басқалары бар. Сондай-ақ 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры
атағы панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлына берілді. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің ішінде
қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев, капитан Борис Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько,
байланысшы К.М.Волочаев бар. Сонымен қатар, Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін
"Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері атанды. 2001 жылы оған "Халық қаһарманы" атағы берілді. Ұлы Отан
соғысы жылдары 3 500 қазақстандық партизан отрядтары қатарында болды. Олар Украина мен Беларусь елдерінің
батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында фашистік Германияға қарсы соғысты. Қасым Қайсенов,
Сәтімбек Төлешов, Ғалым Омаров, Тоқтағали Жанкелдин, Әди Шәріпов, Ғалым Ахмедияров, Нұрым Сыдықов сынды
батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова есімді қазақ қыздары да
жау әскеріне қарсы күресті. Тарихшылардың мәліметіне сәйкес, Франция, Бельгия, Италия аумағындағы партизан
құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Қазақстан аумағында шайқас болған жоқ, бірақ республика майданның берік тылына айналды. Тыл еңбеккерлері
майданға 110 000-нан аса жылқы, жаудан азат етілген аудандарға саны 500 000- нан асатын мал жіберді. Олар кеңес
әскерінің азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ, оқ-дәрімен қамтамасыз етті. Соғыс жылдары тылда еңбек еткен
Ыбырай Жақаев, Шығынақ Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімді
жұмысшылардың ерлігі аңызға айналды. Сондай-ақ сұрапыл соғыс жылдары Қазақстан 30,8 миллион пұт астық, 14,4
миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 миллион 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн, 2,5
миллион дана жылы киім және басқа да өнімдерді майдан даласына жіберді.
1941-1945 жылдары Сібір мен Қазақстан негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.
Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа уақыт ішінде
Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын орналастырылып, қазақ жеріне 532 506 адам көшірілді.
Мысалы, Украинадан Қазақстанға Харьков электротехника, Подольск механика, Запорожье ферроқорытпа,
Днепропетровск вагон жасау зауыты және тағы басқа маңызды кәсіпорындар көшірілді.
Қазақ жеріне көшірілген зауыт пен фабрикалар Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал
қалаларында орналастырылды.
1,5 жылдың ішінде елімізде 25 кен орны мен шахта, 11 кен байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4
жаңа мұнай кеніші, Атыраудағы (Гурьев) мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола Магнитогорск темір жол желілерінің құрылысы аяқталды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан жалпы одақтың мыс құймасының 30 пайызын, марганец кенінің 60 пайызын, мыс
кенінің 50 пайызын, металл висмуттың 65 пайызын, полиметалл кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85 пайызын
өндірді.
Қорғаныс өнеркәсібіне қажет мыстың үштен бірі қазақ жерінде өндірілді. Сондықтан жауға атылған 10 оқтың тоғызы
Қазақстандағы Шымкент қорғасын зауытында құйылды.
Жалпы әскери өндіріс пен еңбек майданында 670 мыңнан астам қазақстандық еңбек етті.
Ер азаматтардың басым бөлігі соғыста болғандықтан, зауыттар мен фабрикаларда, егіс даласында әйелдер, қариялар,
жасөспірімдер еңбек етті. Олар "Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!" деген ұранмен тер төкті.
Ұлы отан соғысы 1945 жылы 8 мамырда түнгі сағат 22:43-те Берлин түбіндегі Карлсхорстта Кеңес Одағы, АҚШ,
Франция, Ұлыбритания алдында фашистік Германия өзінің жеңілгені жөнінде актіге қол қойымен аяқталды. Мәскеу
уақыты бойынша бұл сәт - 9 мамыр түнгі сағат 00:43 еді. Осылайша, уақыт айырмашылығына байланысты Еуропа
Жеңіс күнін 8 мамырда, Кеңес Одағы 9 мамыр да атап өтетін болды.

17)Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының зардаптары


 Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық
өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды.
 Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
 Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион
гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды.
 Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді.
 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
 Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды.
 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан
бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер жыртылды.
 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың
игеру үшін 20 мыңға жуық адам келді.
 Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық,
азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылығы салығынан босатылды.
 1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом
жұмсалды.
 1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады.
 Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты.
 Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
 Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. Қазақстан жерінде тұрғын үйлер,
құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді.
 Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды.
 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады.
 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам
әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып
кету қаупі туды.
 Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз
болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
 Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан малдың жайылымы, жемшөп
дайындайтын жерлер азайды. Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
 Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері,
балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды.
 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни
барлық халықтың 29%-н ғана құрады.
 Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды.
 Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде
жүргізілді.
 Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады.
 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы
Целиноград деп өзгертілді.
 Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты.
 Тың игерудің қорытындысы бойынша Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

18)Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатудың ерекшеліктері


Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт
жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда –
қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына
алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі
бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік
орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта
кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі
Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт
жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12
қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я.
Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен
өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі
үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай,
Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов,
Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың
«Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне
қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18
қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918
жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный
жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер
қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта –
телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп
жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Кеңес Одағының ыдырауы.1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей
сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер
қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп
есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша,
Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар
сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады
рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең
дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп
индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта
құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт
мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік
рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық
жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда
саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986
ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы
кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады.
Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай
жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшті.

19)1921-1922 ж.ж. ашаршылық,себебі,сипаты.


1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп
тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда
жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол
елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20
млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық
мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның
себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс
нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және
олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары». [1]. Партия құжаттарында
көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе
ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше
экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай,
Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта
қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен
шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде
малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті.
Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Ашаршылық отырықшы аймақтарды
да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару
комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі,
сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар
арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді.
Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған
астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін
болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы
таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды.
Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы
алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты
рұқсатсыз өзара бөліп алды.
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен
аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі:
Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу
губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды. 1922 жылдың соңына қарай босқындар
туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді.
Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ.
Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру
жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер
көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар
жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап
оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер
мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген
шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған
шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу
мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан
бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді
ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт
өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды.

20) «Кіші Қазан» саясаты және қазақ ауылдарын күштеп кеңестендіру: Голощекин
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу
облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік
құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай,
Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР
Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа
астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік
тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і
ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа
астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.
Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық
билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин
партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын
жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған
материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын
екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.
И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын
саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.
И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды.
Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу
орын ала бастады.
1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен
танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық
міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға,
басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа»
емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты.
Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық
қолдауын алды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ
(С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ
ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ
(О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси
мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.
Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп
түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі
аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал
жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.
Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді,
болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына
дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.
«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық
«майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске
асыруды қолға алды.
21) «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу» саясаты.
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия
құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады.
Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия
ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына
О.Исаев,Н.Нұрмаков,Г.Тоғжанов,О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті
мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық
аудандарынатәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние—мүлкі тәркіленіп, өзі жер
аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда400—ден астам малы бар,жартылай көшпелі
аудандарда 300—ден астам малыбар, отырықшы аудандарда 150—ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар
мен хандардың ұрпақтарыжатқызылды [3, 35 б.].
1928 жылы тамыздың 30—да Қазақ АКСР ХКК—нің «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отрықшы
аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді.Науқанды 1928
жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге
ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сәйкес сонымен қатартәркіленгендерді жер аударуға тиісті аудандар
да анықталды.
Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды.
Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда
ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу туралы ереже
бойыншажер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды.
Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тәркілеу
барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл
белсенділері жоғарыдан келген уәкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді.
Республика көлемінде барлығы 696 «бай—феодалдар» тәркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын
осы 1928 жылғыжүргізілген тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді. Алдын—ала жасалған жоспар
бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады,
барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%—і ғана. Оның себебі алдын—ала
жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды. Барлық
тәркіленген малдың 10,2%отрықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан және 6,5% көшпелі
аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жекешаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%)
таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды [4, 7 б.]
Көптеген қазақ партия—кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамынның экономикалық
деңгейінің төмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық
мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды. Ал большевиктер болса бұл пікірлерге құлақ аспай, таптық
принциптерінен ауытқымай, сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды. Қазақ байларын
тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері
материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Керісінше, байлардың малын тәркілеу
«қайыршыланған» ауылдар халқының өсуіне әкелді. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал
шаруашылығының даму қарқынын тежеді.
1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз
құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды
жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп
есептелінген таза астықты аудандар жатты. ОларғаОрта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді.
Ол аудандардашаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді;
Екінші топқаелдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанныңастықты аудандары
жатты.Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын
ұжымдастыруды1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші
топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші
бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды.
Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғандабаяу жүргізілуі тиіс деген пікірге
Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай,ұжымдастырудың жоғары
қарқынын мақтаныш етті. ГолощекинЖер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық
ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа
жібергенжеделхатында 1929–1930 жылдары республикада ұжымдастырудыкүшейту үшінжоспардың қайта
қаралғанын,сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтыңқамтылатынынкөрсетті.
Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды.

22. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар
Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр,
атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйысуына негіз болатыны анық.
Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени
мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа
ұласып, буындар бірлігін сақтаушы болатын сабақтастықта жатыр. Сондықтан ұлттық бірегейлікті сақтау
мақсатында ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жүйелі жаңғырту жүзеге асырылуда. Ең алдымен ұлттық
мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын
ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-
рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру, ұлттық намыс пен жігерді, ұлттық рухты асқақтата түсу ұлттық
генетикалық код негізін құрайтын мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрдің, ұрпақаралық сабақтастықтың
сақталу жолдарын негіздейді.Елбасы айтқандай «Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық
мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет»
Мәдени мұра бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет,
фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет
ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау;
мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды
қор жасауды зерттеу жүйесін құрды. Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен
салт-дәстүрінен көп ілгері болып келді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай жинақтап қазіргі
жастарға жеткізу жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды.
Мәдени құндылықтар – барлық адамзат тарихының шығармашылық әрекетінің нәтижесі. Қазіргі адамзат мәдени
құндылықтарды сақтау қажеттілігін мойындап отыр.Кез келген мемлекеттің мәдени мұрасын сақтау ЮНЕСКО
конвенцияларымен, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі, өйткені әр елдің ұлттық игілігі әлемдік
мұраның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Біздің еліміздің мәдени мұрасы өте бай. Мәдениет тарихы –
тек өзгеру үрдісі ғана емес, өткенді сақтап, мәдени құндылықтарды мұра ету үрдісі. Мәдени мұра – ұлттың
рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталы. Табиғи байлықтармен қатар бұл әлемдік
қауымдастық мойындайтын ұлт қадірінің негізі болып табылады. Мәдени құндылықтардың жоғалуы қазіргі
және болашақ ұрпақ өмірлерінің барлық салаларында әсері байқалады, рухани азғырып, тарихи жадының үзіліп,
қоғамның кедейленуіне әкеледі. Бұл зардаптар қазіргі заманғы мәдениеттің дамуымен де, жаңа маңызды
туындылармен де қалпына келмейді. Мәдени құндылықтарды жинау және сақтау – өркениет дамуының негізі.
Ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа
жол алмақ.Үш ғасырлық бодандық пен жетпіс жылдан астам уақыт кеңестік саясат кезінде жоғалтқан есеміздің
орнын толтырып, рухани мерейімізді қандырып, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әдеп пен иман секілді тектілік
қасиеттерімізді жаңғырта дамыту – бүгінгі күннің басты талабы, Мәңгілік Қазақ елі болуының алғышарты.
23.Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің
географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен
қалыптасты.
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен,
сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте орналасуының өзара байланысымен белгіленеді.
Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай
жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді [1].
Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге
геоэкономика көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызуда [2].
Бір жағынан, географиялық жағдайдың өзгермейтіндігі экономикалық және саяси ахуалдың тұрақтылығын
білдірмейді. Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында діни экстремизмнің таралу үрдісінің белең алуы еліміздің
ұлттық қауіпсіздігіне қатер  төндіреді, бұл қатер тіпті Қазақстанның өзінің көршілерімен тұрақты достық қатынастары
жағдайында да сақталады.
Біріншіден, бұл - Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі Орталық Азия мемлекеттерінің
күш-жігерін үйлестіру саясаты.
Екіншіден, бұл - халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану саласында Қазақстанның ТМД-дағы белсенді
интеграциялық саясаты.
Үшіншіден, бұл - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі, кеңесті шақыру жөніндегі
Қазақстанның бастамасы, сондай-ақ біздің еліміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне қатысуы.
Төртіншіден, бұл - Қазақстанның ЕҚЫҰ жұмысына, ядролық қаруды таратпау  туралы шарттар шеңберінде
«Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына, СНВ- 1-ге, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияға
қатысуы [3].
24 Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру
Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық
күшіне енді.
Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ
құрылды (ЖДТ).
Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін
қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге
бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.
Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады),
техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.
Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс
еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.
ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия
министрі В.С.Школьник басқарады.
25Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары
«ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажет.
Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-
әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек.
Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.
Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі
негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл
адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап
беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың
кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең
жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы
келіссөздер негіз болуы керек.
26«Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет;
жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз
«Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең
қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман-тұрмысы
байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа
меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық
даналығының негізінде жатыр», - деген еді. Енді міне «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз - түркілердің Мәңгілік ел идеясын Қазақ елінің ұлттық
идеясы ретінде жариялап отыр. Біз бүгін ХХІ ғасырдың есігін айқара ашып, төріне еніп отырмыз. Бұл ғасыр Қазақстан
үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие
болды. Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстан
халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы
ерекше шабытпен қабылдады. «Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын,
Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді
орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынымызға сенімдіміз. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7
қағидасы:
Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі
Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім
Зайырлы қоғам және жоғарғы руханилық
Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.
Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа
Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жатыр.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі -
Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақстан Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы-Мәңгілік ел! Байлығымыз
да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Тағылымы мол
тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің
сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-
бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын дәлелдеген.

27Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері
Қазіргі жағдайда ұлтаралық келісім сипаты Қазақстан Республикасы Конституциясындағы: «Біз, ортақ тарихи тағдыр
біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып...»-деп басталататын жолдардан
айқын көрінеді [2,3-б]. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, көпұлтты мемлекеттің үлкен дерттерінің біріне – ұлтаралық
қақтығыстар жатады. Әйтсе де, қазақ халқының болмысындағы кеңпейілділік пен данышпандық және Президент
Н.Назарбаевтың жүзеге асырып отырған салиқалы саясаты Қазақстандағы этносаралық қайшылықтардың болмауына
алғышарт жасады. Бұл турада Елбасы: «Қазақстанның этномәдени әртектілігі дегеніміз-біздің артықшылығымыз, бұл
қатерлі тұзақ емес, өркендеуіміздің тұғыры» екендігін атап көрсетті [3,144-б]. Қазақстан халықтарының І форумында
(1992 ж.) Президент Н.Назарбаев алғаш рет Республика халықтарын біріктіретін қоғамдық ұйым құру туралы идеясын
жариялады. Бұл жиында Елбасы: «Біздің басты байлығымыз – халықтар достығын қазақстандықтардың қаншама буын
өкілдері жасады. Бәрін де ой сарабынан өткізе отырып, біздің осы байлықтан айырылуға, жақсы дәстүрлерді ұмытуға
қақымыз жоқ. Міне, сондықтан да форумды тұрақты негізде өтетін нысанға айналдырып, жаңа қоғамдық институт
құруымыз керек» - деген ойын сабақтай отырып, оның нақты жүзеге асатынына сенім білдірген болатын [4,255-б].
Осының нәтижесінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында, Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ»
Жарлығы шықты.

28Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы
Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ
аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен
хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар
даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының
шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық
аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен
қарап, оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін анықтау соңғы
жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі
халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды
іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін орталық кұру көзделді. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы ежелгі
мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып табылады. Оның үстіне түркі
тайпалық одақтарының жиі қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден калған мәдени ошақтардың негізгі
тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі
дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үлкен үш топқа бөледі. Соның ішіндегі Талас жазбалары
Қазакстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба
ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты,
өзеңді аймақтарда орналаскан. Сондықтан да казақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін,
өркениеті мен мемлекеттігін, тілі мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің кажетгі екендігін
байқауға болады.
Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де
түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және
этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы
үшін құнды қазына болып табылады. 993 жылдың сәуір айында Өзбекстан Ғылым академиясының Тарих және
археология институтының қызметкері профессор Э.В.Ртвеладзе Қашқадария өлкесіндегі ескі қорғандарда қазба
жұмыстарын жүргізіп жатқанда тапқан болатын. Көрсетілген 1-суреттегі таңбаларды көне түрй тіліңде "ач" түрінде
оқуға болады. Қашалып жазылған екі таңба да руникалық алфавитте бар. Ал 2-суреттегі бірінші таңба "а" екендігі
түсінікті болғанымен, екінші таңбаны тану біршама қиындық туғызып отыр. Қандай дыбыс екендігі беймәлім. 3-
суретегі таңбалардың біріншісі "т" дыбысы, екіншісі "і", үшіншісі «п» болуы керек. Сонда тіл "деді, - деп" мағынасын
білдіреді. Төртінші таңбаның сыры беймәлім, мүмкін талай ғасырды басынан кешіп, сырт формасын бұзып алған
болар. Соңғы бесінші таңба "п" дыбысының бейнесін беріп тұр. Жалпы, тасқа қашалып жазылған бұл таңбалар ешбір
тұрмыстық немесе т.б. заттарға жазылмағандықтан олардың бойынан белгілі бір мағынаны дәлдеп үғыну қиын.

Берілген 4-ші суреттегі жазу 1993 жылы Өзбекстанның Наманган аймағынан табылған. Жер астында сандаған жылдар
бойы жатқан бұл құмыраның бетіндегі кейбір таңбалар өшіп қалған. Ал бар таңбаларды оқып көргенде сыңар
(Қ.Садықов) немесе сокур болып шығады. Демек, аталмыш сөздің мағынасы заттың сыйымдылығын (жарты литрлік
ыдыс) немесе құмыраны жасаған адамның атын көрсетеді.

Ал 1998 жылы Кырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай, Тікбұған, Қызыл бұлақ, Алқым
өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі рунасымен тас бетіне кашалып жазылған бірнеше құпия жазулар
табылған болатын. (Қырғыз ғалымдары О.Солтобаев пен К.Табылдиев "Мээрим" журналы, 1998. №2). Бұл өңірден
табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі Талас жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады. Тас бетіндегі
құпия жазу неге екендігі белгісіз түркітанушы ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін жүйелі түрде оқылған емес. Енді
осы таңбалар жүйесіне көз тігіңіз:

Жазудың ішінде не сыр бүктеп жатқандығы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Сондықган бұл таңбалардың да оқылу
қүпиясын ашып көрелік. Мұнда ертедегі Талас жазба ескерткіштеріне тән таңбалардың бар екендігін байқасақ, біздің
ойымызша бұл жазуды шамамен V-VІ ғасырларға жатқызуға болады.. Берілген бедерлі таста 13 руникалық таңба бар.
Жазу оңнан солға қарай оқылады. Сырға толы құпия таңбалардың жеке-жеке мән-мағынасын талдай келе мынадай
болжамға тоқталдық:

er аtym sаgundа ayrsym — ер атым Сағуннан айрылдым немесс ер атам Сағыннан айрылдым.

Оқылған сөйлемнің алғашқы мазмұны қандай да бір азамат өзіне берілген атағынан немесе шенінен айрылғандығын
білдіреді, ал екінші варианттағы сөйлемнің мәні бойынша атасы Сағыннан айрылған, қол үзіп қалған деп тұжырым
жасауға болады.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңбаларынан өзіңдік
ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған жазулардағы барлық
таңбалардан бөлек, өзгеше жасалған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптасқан,
жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тамыры өте тереңде екендігін аңғартады. Дәл осындай көненің көзі болып
табылатын асыл казыналар Қазақстанның жерінде де қаншама десеңізші. Өйткені, шығысымызда Алтай мен
Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары, солтүстігіміз бен орталығымызда Ұлытау, Болаттау аймақтары,
оңтүстігімізде Алатау мен Қаратау қатпарларыда және басқа да өзенді-көлді кең алқапты мекен еткен ата-
бабаларымыз сол өңірлерге де өздерінің қол-таңбасын қалдырьш кетпеді дегенге кім сенер.

29. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнына сипаттама беріңіз


Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы
саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық,
субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды
қарастыру және оны тиянақтау.
Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге
кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу
Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек
дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту,
сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау,
дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар
іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға
болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп
бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты
жағдай.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста
Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25
мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі
халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті
Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен
Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан
демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен
мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол
қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі
мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану
мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің
кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж.
желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында
қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық
және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД,
ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің,
интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату
көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың
темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа
жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала
бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы
сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары
ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы
келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз
тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық
байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.
1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа
маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы
шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан
Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші
дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж.
Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында
Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы
келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына
алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы
салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара
түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы
бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері
қаланды.
Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы
Ташкентте Қазақстанның, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның
басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен
Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте
Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.
1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ
қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997
жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол
қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл
келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан
қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.
1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор
маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды.
Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта
құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам
халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық
байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж.
халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті.
Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия,
Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан
АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай
көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық
әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс
істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.
Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және
экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің
арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз
орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе,
бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық
құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене
күресетін мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе
жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде
танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

30. Әлейхан Бөкейхан – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 150 жылдық
мерейтойының атап өтілуі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937,
Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы
аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда
автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала
молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық
бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп
шықты.
1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде
оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай
жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Қоғамдық-саяси әрекеттері
1. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің
арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін
белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі
ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
2. 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін
құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
3. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды.
Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала
өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
4. Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері
наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да
солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып,
5. СанктПетербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
6. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-
Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет
атқарды.
7. 1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
8. 1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
9. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол
мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты,
Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның
мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Алашорда
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.
Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол
алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін
ғылыми зерттеушілікке арнады.
Ол жөніндегі фильмдер
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы киностудия.
150 жылдық мерейтойы
ЮНЕСКО-ның Парижде Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясы «Мемлекет және қоғам
қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы»
Атқарушы кеңестің ұсынысын бекітті. Ол жөнінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уәкілі Сатыбалды Бұршақов
хабарлады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған мақаласында Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы
баяндады.
Түркия астанасы Анкара қаласында алғашқы ғылыми конференция өтті. Оған түріктің зиялы қауым өкілдері мен бір
топ ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, елімізден белгілі тарихшылар барып, Әлиханның еңбектерін кеңінен
таныстырды. Жиырмасыншы ғасырда қазақтың азаттығы жолында тер төгіп, елдің егемендік алуына ерен еңбек
сіңірген қайраткердің ғылыми жұмыстары түрік тіліне аударылды. Сондай-ақ, алқалы жиында қазақ, орыс және
ағылшын тілінде жазылған Әлихан Бөкейхан туралы жаңа кітап таныстырылды.
13 желтоқсан күні, Алматыдағы Ұлттық кітапханада алаштанушы, әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист,
Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлының Әлиханның өмірі мен сан қырлы қызметі туралы монографиясының тұсау кесері
өтті. Қазақ және орыс тілдеріндегі 2 томнан тұратын ең алғашқы 2 кітап – қазақша «Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің
жоқшысы», «Әлихан Бөкейхан. Аманат», орысша «Алихан Букейхан. Творец истории» және «Алихан Букейхан.
Завещание» деп аталады.
15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты
ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қазақтың және бүкіл түркі халықтарының көрнекті қоғам және саясат
қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына
150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова,
Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы
Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және ғылым, білім, мәдениет
қайраткерлері қатысты.

31. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесі


Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8
желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог,
аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі,
мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың
реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан
бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-
ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің
қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту
комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.
Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-
ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.
Қазақ тілінің негізін қалаушылардың бірі.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен
Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің
құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде
болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп
Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды.
Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы
жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының
орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды.
Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық»
деген пікірде болды 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға
алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді
түрде араласты.
Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей
отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал
жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның
азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді
(1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек
етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.
Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін
төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов,
Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі
жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ
жастарының рухани көсемі болды.
32. Қазақ саяси элитасының (Ә. Бөкейхан, М. Дулат, А. Бакйтұрсын, Ш.Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ
халқының тарихы мен мәдениетін зертеудегі ролі (Байтұрсынов пен Бөкейханов туралы жоғарыда мәлімет бар)
Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени
басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы
болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы,
М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев,
Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х.
Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың,
тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды.

Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы,
жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген
атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы
"Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы
кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың
нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап
тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы
оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ
әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын
"Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы
шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы
шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері: Қ.Умаров
Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде 1858-2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен
замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның
қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді
зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей
университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім”
және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық
экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес
томдық еңбек дайын тұр.
Шығармалары
Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-
Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа,
философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж.
Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс»,
«Еңлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы
Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды.
Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.
Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтың
қазынасы. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір»,
«Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді
шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер
белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының
өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі.
33. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясының орны мен ролін анықтаңыз. Қайта құру реформасы
мен оның үш кезеңіне талдау жасаңыз
«Бастапқы конституция» немесе «кіші конституция» ретінде 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» тарихи Конституциялық заңды қабылдады. Өзінің мазмұны
жағынан (ол дәстүрлі конституциялық қатынастарды бекітті) және заңдық күші бойынша (өзге заңдардың бәрі, 1978
жылғы Конституцияны өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса отырып, қолданыста болды, өйткені
Конституциялық заңға қайшы келмейтін) ол заң жүзінде Қазақ КСР-інің ескіре бастаған 1978 жылғы Конституциясын
ауыстырды.
1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы тікелей президенттік сайлау өтті. Халық қалауымен Н.Ә. Назарбаев саясатты
айқындауға және оны бүкіл қазақстандықтардың атынан жүргізуге құқық алды. Тиісінше, бүкіл халық ел Президенті
етіп сайлаған Н.Ә. Назарбаев Жоғарғы Кеңестің 1991 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен Конституциялық
комиссияның төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Негізгі Заңды дайындау мақсатында жұмыс тобы құрылып, оған
қазақстандық белгілі заңгерлер енгізілді. Сол кезде Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған
З.Л. Федотова жұмыс тобына жалпы басшылық жасады. Ғылыми жағы Қазақстан Ғылым академиясының мүше-
корреспонденті, белгілі мемлекеттанушы Ғ.С. Сапарғалиевке жүктелді . Жұмыс тобының алдына нақты мақсат
қойылды: Негізгі Заңның жобасын дайындап, соңыра оны Конституциялық комиссияның қарауына алып шығу.
Кейінірек тағы бір топ – Қазақстан Ғылым академиясының академигі, майталман-заңгер С.З. Зиманов басшылық
еткен, ҚР Конституциясының жобасына құқықтық сараптама жасау жөніндегі топ құрылды.
Жұмыс тобы жариялаған конкурсқа ұжымдық негізде және жеке-дара орындалған жиырмаға тарта жоба ұсынылды.
Өзінің сөйлеген сөздерінде Н.Ә. Назарбаев, біз жасап жатқан Конституцияның төрінде өзінің ұлтына қарамай адам
болуы тиіс; ол халықты бөлмей, керісінше біріктіруге тиіс. Бұл орайда, соңғы сөзді саясаткерлер емес, көпұлтты
Қазақстанды мекендейтін нақты адам айтуға тиіс. Солай жасағанда ғана ол шын мәнінде халықтың Конституциясы
болады, деп бірнеше рет атап өткен болатын.
Нұсқаларының бәрін талқылап болған соң, Конституциялық комиссия көкейге қонымды деген құжатты бекітті.
«Көп ұзамай Конституцияның бірінші нұсқасы дайын болды және ол біршама өткір шиеленіспен өтіп жүрген
Конституциялық комиссияның мәжілістерінде талқылана бастады. Олар [комиссия мүшелері – депутаттар – В.М.]
ашық әңгімеге және баламалы ұсыныстарға дайын емес еді. Алға қарай одан әрі жылжудың қиындай беретіндігі
түсінікті болды» .
1992 жылғы 6 қаңтарда, 3 наурызда және 14 сәуірде Конституциялық комиссияның отырыстары өтті. Ол жерде
тұжырымдамалық мәселелер, құқықтық ережелер егжей-тегжейлі әрі өте бір тартыспен талқыланып жатты.
1993 жылғы 7 қаңтарда Конституциялық комиссияның төрағасы оның соңғы отырысын өткізді. Келісу комиссиясы
мен жұмыс тобы ұсынған түзетулер ескеріліп, Жоғарғы Кеңестің қабылдауына шығарылатын Негізгі Заңның жобасы
комисия мүшелерінің назарына ұсынылды.
18 қаңтар күні Жоғарғы Кеңестің IX сессиясында Н.Ә. Назарбаев егер төменнен бастап жоғарыға дейін
Конституцияға деген құрмет, Негізгі Заңды қалтқысыз сақтау қамтамасыз етілмесе, реформа өмір сүре алмайды деп
ескертті. «Тек конституциялық тәртіп қана реформалардың басты жауы – саяси және құқықтық бей-берекетсіздікке,
жершілдікке қарсы тұра алады» .
25–28 қаңтарда Н.Ә. Назарбаев Конституцияны соңғы рет талқылау және қабылдау кезіндегі сессияға қатысты.
1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес жариялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен (312
депутаттың Конституцияны жақтап дауыс бергені – 309, қалыс қалғаны – 1, қарсы – 2) егемен Қазақстанның тұңғыш
Конституциясын қабылдады.
«Жоғарғы Кеңестің мәжіліс залының электронды таблосында дауыс берудің нәтижесі көрінгенде, зал ду қол
шапалақтап дүр сілкінді, - деп жазады Елбасы. – Залда «Қазақстан жасасын!», «Конституция жасасын!» деген
дауыстар жан-жақтан естіле бастады. Кейбір депутаттардың көзінен қуаныш жасын байқап қалдым».
Бұл шын мәнінде дербес дамудың жолына түскен Қазақстан халқының өміріндегі тарихи оқиға еді. 1993 жылдың
жағдайында қабылданған Конституция, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге қарсы
болған бөлігі мен Қазақ КСР-інің демократиялық өркениетті мемлекетке айналуы қажеттігін және оның болмай
қоймайтындығын түсінген екінші бір бөлігінің арасындағы ымыраның көрінісі болды. Конституция реформаны іске
асыру жолындағы алғашқы қадамдарды жасауға мүмкіндік берді, - деп жазды Елбасы .
Конституция 131 негізгі және 13 өтпелі баптан тұрады. Оның құрылымында кіріспе, «Конституциялық құрылыстың
негіздері», мынадай төрт бөлім: I. «Азамат, оның құқықтары мен міндеттері», II. «Қоғам мен оның құрылысының
негіздері», III. «Мемлекет, оның органдары мен институттары», IV. «Конституцияны сақтау кепілдіктері», сондай-ақ
«Өтпелі ережелер» бар.
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген
әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі
өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды.
Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта
құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған.
Тарихы
«Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық
партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің
«арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.
Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)[өңдеу]
Қайта құрудың бастапқы кезені:
-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.
-Алкогольге қарсы компания
-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты
-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу
т.б. қадамдарымен белгіленді.
1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде
мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын
алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.
Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)[өңдеу]
1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі
мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.
1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной
трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан
кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.
Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.
Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.
Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп,
ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен
әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы
тұрақсыздық өсе бастады.
Үшінші кезең (маусым 1989-1991).[өңдеу]
Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам
держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың
бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де
болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды.
Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат
бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.
Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.
34. Тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік институттардың қалыптасуы. 2007 жылы конституцияға енгізілген жаңа
өзгерістер мен толықтырулар
Мемлекеттік биліктің институттары туралы ұғым Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі
міндет жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси , әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси
және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады . Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық
негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс - қимылының сипаттамасын анықтайды . Ғылыми талдауда объективті
қажеттілік берілген мәселемен , сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлпсінің саяси және
құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді . Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы және
демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тәжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық . Бір жағынан , Қазақстан
мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы
кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін , мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдістерінің өзгеруі
болды . Таңдау мәселесін ғылыми - теориялық дәлелдеу , Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен
дамуы және мемлекеттік құрылыстың қиын процесінің стратегиялық концепциясын басқарудың берілген үлгісін
таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын , саяси және конституциялық табиғатының ерекшеліктерін , барлық
заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар әлі аягына дейін әзірлеген жоқ Қазақстан
Республикасының президенті - мемлекет басшысы , мемлекеттік биліктің және халық бірлігінің кепілі және рәмізі ,
тұрақты Конституция , азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы . Негізгі өзгерудің шешуші факторы
президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс - әрекет болып
табылады . Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы , шетел мемлекетінің
Конституциясының тәжірибесі есебімен қалыптасқан процесс , біздің елдің ұлттық дәстүрі актуалды болып отыр .
Осыған байланысты кәсіби Парламенттің өкілеттігінің кеңеюін . Үкіметтің көтерілу деңгейін , жергілікті биліктің
жауапкершілігі мен әсерлiп , қоғамдық институттар соттың шын тәуелсіздігін қамтамасыз ету , баспасөзді
ынталандырған , азаматтардың бостандығы мен құқықтық кепілдігі ретінде Президенттің ерекше рөлін белгілеу қажет
.
2. Қазақстандағы дамуының мемлекеттік институттары , олардың мінедеттері және миссиялары , 1. Қазақстан даму
институты - Қазақстанның тұңғыш тәуелсіз ғылыми - талдау мекемесі 1994 ж . тамызда құрылған . Институт ғылыми
зерттеулер жүргізу саласында ҚР - ның шкі және сыртқы саясатының экономикалық және әлеуметтік - мәдени
дамуының маңызды мәселелері бойынша мониторинг , жедел талдау және сараптамалық бағалау . ҚР - ның ұлттық
қауіпсіздігіне және Орталық Азияның Аймақтық мәселелеріне баға беру , қоғамдық даму мәселелері бойынша іргелі ,
қолданбалы жобаларды жүргізу , аймақтық зерттеулер жасау , консалтингтік қызмет саласында , мақсатты саяси және
әлеуметтік - экономикалық бағдарламаларға түжырымдамалық - идеологиялық бағыт беру , имидж жобалар әзірлеп ,
жүргізу , халықаралық даму қорларының жобаларына қатысу , баспа қызметі саласында энциклопедиялық сипаттағы
басылымдар дайындап , жариялау , оқу - әдістемелік әдебиет Шығару , білім беру бағытында қоғамдық ғылымдар
аясында , соның ішінде экономика саласы бойынша аспирантура мен докторантура негізінде ғылыми - талдау
зерттеулерін жүргізетін кадрлар даярлау бағытында жұмыстар жүргізеді . Қазақстан даму институтында 1995 жылдан
" Саясат - Policy ақпараттық - талдау журналы , " Евразийское сообщество : общество , политика , культура " ғылыми
теориялық журналы шығарылады . Қазақстан Даму институты - 1994 жылы құрылған , мемлекеттік емес , тәуелсіз
ғылыми - сараптамалық мекеме . Институт құрылымына үш ғылыми - зерттеу орталығы , оның ішінде Экономика
зерттеулер орталығына кірді . Институт құрамында 1 экономика ғылым докторы , 3 экономика ғылым кандидаты ,
барлығы 33 адам жұмыс істеді . Негізгі гылыми - зерттеу жұмыстарының бағыттары Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуы бойынша жүргізілді . Олар республика экономикасына тартылған сыртқы қаржы түрлері мен
көлеміне нарықтық инфрақұрылымның перспективалы түрлерінің дамуына республиканың сыртқы экон дамуының
жағдайы мен перспективаларына , республиканың экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігі мәселелеріне аймақтағы
шиеленісті . жағдайларга экономика саласындағы интеграциялық мүмкндіктерге сараптама жасауға , т.б. багытталған
Институт зерттеулерінің қорытындылары сараптамалық баяндамалар мен есептер , монографиялар мен брошюралар
түрінде институттың редакциялық - баспа орталығында жарияланды . Сонымен қатар институттан орыс тілінде
Еуразиялық қауымдастық қогам , саясат , мәдениет және Саясат деп аталатын ғылыми - сараптамалық екі мерзімді
басылым шығады . Жарық көрген басылымдар , монографиялар мен брошюралардың жалпы саны жүзден асады .
Оның ішінде қазақ тілі ( 1999 ) , Қазақ әдебиеті ( 2000 ) және Қазақ өнері ( 2002 ) энциклопедиялары жарық көрген
Мемлекет және құқық ин - ты 1991 жылы құрылган . 2000 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қазақ мемлекеттік
заң академиясының ғылыми - құрылымдық бөлімі болып қайта құрылды . Құрамында мемлекет және құқық тарихы
мен теориясы мәселелері , конституциялық және әкімшілік құқық азаматтық - құқықтық тылым , халықаралық құқық
мәселелерін зерттеуге арналган 4 балім бар Институт Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғам
қалыптастырудың теориялық , методологиялық және қолданбалы аспектілерін зерттеу бағдарламасы бойынша іргелі
зерттеулер жүргізетін жетекші мекеме ретінде танылған . Институт ғалымдарының ғылыми талдамалары мемлекеттік
аппарат жұмыстарын жақсарту , Қазақстанның жаңа заң кодекстерімен қатар өзге де маңызды заң актілерін жасауда
көп ретте базалық негіз қызметін атқарады.
2007 жылы конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21
мамырдағы N 254-ІII Қазақстан Республикасының Заңы арқылы еліміздің Негізгі Заңына елеулі тузетулер енгізілді.
Конституциялық новеллаларда қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне және қоғамдық
бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастау (Конституцияның 5-бабы ), өлім
жазасын қолдану ауқымын шектеу (Конституцияның 15-бабы ), тек қана соттың санкциясымен тұтқындау және
қамауда ұстау (Конституцияның 16-бабы ) көзделген. Конституцияға Республика Президенті сайланатын мерзімді
( 41-бап ), Парламенттің өкілеттігін, депутаттарының санын, оларды сайлау тәртібін және өкілеттігін тоқтату
негіздерін ( 50-58 , 61-63-баптар) , Үкіметті ( 44, 56-баптар) , Конституциялық Кеңесті ( 57, 71-баптар) және басқа да
кейбір мемлекеттік органдарды ( 57, 58-баптар) құру рәсімдерін өзгертетін түзетулер енгізілді. Негізгі Заңның сот
және құқық қорғау жүйелерінің ( 75, 82, 84-баптар) , жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ( 86, 87, 89-
баптар) қызметін регламенттейтін және басқа да кейбір нормалары өзгертілді.
Конституциялық реформа негізгі қоғамдық-саяси институттар мен олардың даму келешегін түсінудегі жаңа
тұжырымдамалық көзқарастарды айқындап берді. Конституцияға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар (5,
43, 44, 51, 84, 89-баптар) , өзара байланыса келе, мемлекеттік биліктің мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын
жаңаша түсіндіруге, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы
принциптерін айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге кеңінен
қатыстыруға, өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгілеуге мүмкіндік береді.
35. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын
көрсетіңіз (Алаш қозғалысының өмірбаяны мен шығармалары 30 31 32 сурактарда каралып кетті)
Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған
ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден
көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ
халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс
жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ
халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы
болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес
жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар
шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа»,
«Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару
және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы
дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы
қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси
құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге
ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес
сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров,
С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш
қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық
қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.

36.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы қабылданған заңның тарихи маңызы (1991
ж. 16 желтоқсан)
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан
Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар,
тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері
негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның
біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы 86 егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі
болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке
жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан
бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен
территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, республика
азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16
желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен
мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың
және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына
Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін
шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы
әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен
жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау
Кеңестердің қарауына берілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды.
Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі
мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал
Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады.
Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-
шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
37.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту, әнұран елтаңба
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда
қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде
мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз
атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн
мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.
Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ
түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол
жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді
жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы
қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-
Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда
Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
 
38.Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы деклорацияның тарихи маңызына түсінік беріңіз
Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша
қабылданған тарихи құжат.
Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің
бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының
және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-
қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы
жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын
жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-
мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес
шешілетіні жарияланды.
Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның
қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және
тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып,
оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.
Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта
қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай
қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және
олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын,
солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ
КСР-нің құқы бар" делінді.
Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
39.1991 жылғы тамыз бүлігі және оның себептеріне түсінік беріңіз
Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық
қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев,
КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші
орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО
ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО
Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18
тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына
өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын
үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп
хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы
бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз
б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына
жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің
№1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын
болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды.
Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары «Комсомольская правда», «Московский
комсомолец», «Московские новости» секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды.
Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов,
Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және
т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің
жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін «басқа, шет мемлекеттің
мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.

Әзірбайжан мен Тәжікстан республикаларының басшылары А.Муталибов пен K.Max - камовтар Тамыз бүлігіне


қолдау білдірді. АҚШ Президенті Дж.Буш Тамыз бүлігін айыптады. Еуропа экономикалық қоғамдастығы Төтенше
жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитетке қарсы шығып, заңды екіметті қалпына келтіруін талап етті.
Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз
кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін
айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан
қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс
қозғалды.[1]
40.Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасы кезеңінде (1921-1939 жж.)
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді.
Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5
есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің
үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал
губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың
негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді,
оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі
құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт
деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт
көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын
жағдайға душар етті. 1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75%
кеміді. Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне
қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920
жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен
Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн.
пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік
Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн.
пұт астық алынды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп
отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар
малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды. Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы
сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың, Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың,
Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін
қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы
соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300
мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Мұсылман зиялы
қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін,
құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т.
Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер
шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей
басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл
ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар
басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне ұшырайды. Рысқұлов жалпы Орталық
комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес” дейді. Үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті
толып жатқан “экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді. 31 Өткір
пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл
Орталық комиссия қорына құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен
уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты
мамандар отырғызылады. Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов
Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы
патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты
басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді. Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған
аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек
көрсету үшін комиссия құрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды.
Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның
шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. Қазақ қоғамын
жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс
жұртшылығы негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты “кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған
зобалаң ” ретінде бағалады. Өлке халқының мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан кешпегендігі Орталық үкіметті
ойландырмады да. Мұндай жағдай Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмән келтірмей, оны толық
дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді. Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу
саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы
көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем–жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары “Азық-түлік салғырты
жойылсын!”, “Большевиктерсіз Кеңестер үшін!”, “Ерікті саудаға жол берілсін”,–деген ұрандармен басталып, қарулы
көтерілістерге ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропвл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент
уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды. 1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі
болған Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар негізінен Ресей селоларынан келген, флотта
әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді. Олар Азамат соғысының аяқталуына байланысты армияны таратуды,
шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді
және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті. Бұл және Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйымдасуы
және қаружарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды.
Қазақстандағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған
адамдар тұтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін
“контрреволюциялық баскөтерулер” деп бағалады. Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің
күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның
Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен, экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Съезд
шаруашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни «соғыс коммунизм»
саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Партияның Х съезінде қабылданған жаңа
экономикалық саясаттың мәні неде? Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып,
жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі
мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни
мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат 32 беріледі. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі
байланыс көзіне айналуға тиіс болды. Сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды.
Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті
пайдалануға рұқсат беріледі. Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылады. Өндіріс орындарын
жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болады. Елдегі ақша жүйесін
нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. Жаңа экономикалық саясаттың
аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру
туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге
қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген
мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие
болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар
өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін
өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп
өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. Енді осы жаңа экономикалық саясаттың қазақ өлкесінде
ендірілу әдістері мен жолдарын қарастырып көрейік. РКФСР ХКК-нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азықтүлік
салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа
экономикалық саясаттың алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның себебі ЖЭС
ендірілген жылы да партия, кеңес және азықтүлік органдары азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол
бойынша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын
орындаумен айнылысты. Мысалы, көшпелі мал шаруашылығы аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы
131,9% көлемінде орындалды. Бұл әрине соғыс коммунизм саясатының әрі қарай жалғасуы болды. Сөз жүзінде ЖЭС
ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады.
Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921
жылы 7-ші сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика – зауыттық өнімдерді ауыл
шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру өте қиын
болды. Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе
алмады. Оның үстіне мемлекеттік тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, яғни сауда бостандығына
кедергі келтірді. Мұндай жағдай халықтың жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды.
Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік салығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады.
1924-1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан КазАКСР-ң бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 1925-26
жылдары – 33,8% босатылған еді. Әсіресе, 1924-1925 жылдары мал өсіруші шаруашылықтың 72%-ке жуығы алым-
салықтан босатылды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерізімдерге жеңілдіктерге негізделген
несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға
негізделген несиелер де белгіленді. Осының бәрі ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның
өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. ЖЭС-тің аясында нарықтық қатнастардың күшеюі
сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің
алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның ХІІ съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге
мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді. 33 Осы жылы
ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы
жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс
істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін
жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20–23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы
өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. Қазақстанда 1921-22
жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920
жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты
нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ
автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы
аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті
қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай
тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін
алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір
және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай
қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс
болды. 1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті “Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану
туралы” заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді
пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады.
Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды. Алайда осы негізгі
заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей территориясын түгел қамтыған “Жер кодексін” қабылдады. Осы
кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие
болы. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға
қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отрықшы-егіншілікпен айналысатын
аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы мүлде жермен
қамтамасыз етілмеді. Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенмен, іс
жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс
аударушылардың құқығы теңестірілді. Оның үстіне патша үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа ұлт өкілдері ол
жерден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті. Сонымен қатар олар өз иеліктеріндегі жердің межеленбеуін,
яғни шекараларының айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды. Осы жағдайлар жер және жерге
орналастыру мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-түлік салғыртының
азық-түлік салығымен алмастырылуы 3-4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925
ж. егістік жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн. га)
деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн. пұтты
құрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925-1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып
отырды. Қазақстанның өнеркәсібі саласында да едәуір өзгерістер болды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық
кеңесі (ВСНХ) сегіз (Балық, Тері, Илецктұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді және
сантонин зауыты мен Қарғалы шұға комбинатын біріктірді. Губерниялық кеңестің құзырына жергілікті деңгейдегі
өндірістер бағынды. Олардың көбі арендаға берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орындарын
одақтың қорғанысына қажетті, оның мүддесін дүниежүзілік рынокта 34 қорғайды деген желеумен бүкілодақтық
деңгейдегі трестерге біріктірді. КазАКСР-де одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайполиметал, Атбасцветмет сияқты
трестер құрылды. Олар республика бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы бөліп тұрды. Ал қалған табыстардың бәрі
орталықтың иелігінде болды. Мұндай жоғарғы дәрежеде өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем болды.
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика
экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге
біріктіру сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан
экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады. ЖЭС аясында Республиканың халық
шаруашылығында болған өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек
жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің
экономикасы көпукладты сипатқа ие бола бастады, яғни әртүрлі меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда
болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір
толықтыруы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады. Большевиктер таптық мүддені қорғау
принциптерінен ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді.
Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп отырды.
Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді. Алайда ірі өнеркәсіп саласын
мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке
тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның
ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның
нәтижесінде мемлекет ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды. Ұзақ
әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі товарлы шаруашылық мемлекет тарапынан ендірілген мұндай
реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық
өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты.
Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол
қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы
бақылауды күшейтті. Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге,
яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді. Мұндай жағдай “соғыс коммунизм” саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін
жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне
айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды.
Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден
деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда
экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен
сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту
идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі
және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік
жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті.
Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.
41.Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарында (1939-1945 жж.)
30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық
қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай
күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан
қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия
мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия
Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды.
Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік
жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны
басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті.
Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін
Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік
Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға
бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді.
Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия
КСРне берілді. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді ісқимыл
танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды,
Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды.
Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келсімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып,
Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери
ресурстарын өз мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына қарсы соғысты аз
уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп,
Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі.
“Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм
мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына
(басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок
басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік
тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында
Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық
кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою
көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды
облыстарын құру жоспарланды. 50 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына
тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел
басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан
соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5%
халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан
тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер
күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе,
артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары
алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын
алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров,
Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке
полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери
құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста
қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын
қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі
жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер
дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28
панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші
гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші
дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры
атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман
командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва
түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник
лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы
А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де,
Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында
жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған
жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде
немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б.
қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да
қатысты. “Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу
мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып
алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген
ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер
территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп –
фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары – Англия, АҚШ-пен байланысын
үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық
болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді. 51 Жау 1942
жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш
тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы
бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва
бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей
қазақстандық әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық
атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар
кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті
жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер
дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы батальоны қатысты.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш
Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза
тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан
соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне
“Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың
жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі
бетбұрысқа шешуші үлес қосты. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция
жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін
сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде
болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға
тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік
дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Германия”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” және т.б., барлық танктердің 70%, барлық
ұшақтардың 65% тартылды. 5-ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен
аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск
иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. 1944 жылы
Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы
жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы
територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. “Достық көмек” идеологиясын жамылған
Кеңестер Одағы болашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында
ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы – Германияны жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып,
социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады. Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен
ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес
Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев,
И.В.Кутурга және т.б. Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-
ші атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-
ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы
атқыштар полкі 3- ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар
дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын
жаудан азат етуде 52 алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат
етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге
түсті. Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл
операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-
ші дәрежелі Суворов ордендерімен үш мәрте марапатталды. 992-ші полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба
тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында
52-ші армия құрамындағы алматылық 556-ші эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050
шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан
марапатталады. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының
бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес
Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте
Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында,
соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А.
Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры
атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209- ші
атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал
көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден
Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде
қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап
соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери
комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың
алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті.
Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары
түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ
жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы –
Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы
болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық
Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы
болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34- жеке әйелдер
ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-
нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған территорияларда жау армияларының
бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия
әскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың
жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943
жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын
қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды. 53 Енді
партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина
территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың
партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70
қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия
территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста
үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады.
Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов
коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі
сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина
территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан –
Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан
құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы
берілді. Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы
Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия
территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов,
Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков,
Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды.
Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан
бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында қазақстандық партизандар
А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті. Жаумен
шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров
пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан
штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан
отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров
Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты.
Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа
мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия,
Италия территорияларындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған. Соғыстың алдында
Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан территорияларын біріктіріп ислам пан-
түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін құру көзделеді. Бірақта “Гросс Туркестан” идеясы
жүзеге аспады. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота және жүк тасушылар колоннасынан түратын Түркістан
легионын құруды жоспарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион,
тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 - 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан
легионын қолдаушы қазақ зиялысы – М.Шоқай Түркістан легионы құрамындағы әскери құрылымдарды қажет деп
таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке
жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-
кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идеясы
жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы құрамындағы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы
маңында қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай Қызыл Армия 54 жағына шығып кетеді,
ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер тұтқындайды. Өйткені легион құрамына әскери тұтқындардың
басым бөлігі фашистік концлагерлерден шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті партизандармен
байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы құрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия
жағына өткен. Өкінішке орай, бұл жағдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б,
58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрім-бұтақтарына дейін қудаланды.
Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тартылып, үлкен ерліктер
танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жұлдыз
арасында қалғандар деген сипат береді. Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына
тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9
млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс
батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге
түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.
Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші
қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті
Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24%
мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп
жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені
Қазақстанда шаруалар басым болды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына
байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601
000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың
саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ,
қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын
жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін
жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың
Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
42.1931-1932 жылдардағы аштық тарихқа “Ұлы жұт”, қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру
барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-
мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге
көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске
ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан
қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн
республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта
есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде
таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала
ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық
құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп
жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық
айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай
қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы
жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды.
Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық
пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк
қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына
жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды
кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі
жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай
ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты.
Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы
еді.[1

2. БАТЫСТЫҚ САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?


1920-1930 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылық туралы алғашқы еңбектер шетелдiк басылымдарда жарық
көргенi белгiлi. Солардың ішінде британдық тарихшы Роберт Конквестiң 1986 жылы шыққан «Жатва скорби:
советская коллективизация и террор голодом» (ағылш. Robert Conquest. The Harvest of Sorrow: Soviet Collectivisation
and the Terror-Famine) еңбегi ерекше. Р.Конквест «Қазақстандағы ашаршылық қолдан жасалды, басқаша айтқанда
1921 жылғы тәсілмен қайталанғанын, таза идеологиялық қысыммен, ойластырылмай жүргізілген ұжымдастыру
саясатының нәтижесінде туындаған. Бірақ, Қазақстандағы ашаршылық Украинамен салыстырғанда әдейі ұйым-
дастырылды деуге болмайды. Өйткені, Кеңес өкіметінің қоғамның барлық саласындағы әрекеті, өзара байланысты:
кулактарды тәркілеу, ұжымдастыру және ауылдағы жасанды ашаршылық» деген тұжырым жасайды.
Дегенмен, Батыстық тарихнамада кеңестік ұжымдастыру мәселесіне ертерек қалам тартқан авторлар: 1934 жылы
У.Х.Чамберлен (Chamberlin, William Henry), 1936 жылы Аманда Эвальд (Ammende, Ewald), 1964 жылы Далримпл
Дана (Dalrymple, Dana) болды. Ал, Роберт Конквест (Robert Conquest) бұл тақырыпқа 1968 жылдан бастап кіріскен.
Жалпы, осы мәселеге батыстық ғалымдардың қызығушылығы ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап артты. Сол
кездегі көптеген деректерде КСРО-дағы саяси «қуғын-сүргін» мен «жасанды ашаршылық», «геноцид» ретінде
көрсетіледі. Бірқатар батыстық зерттеушілердің пікірі «Сталиндік саясат қазақ, украин және өзге ұлттарды этнос, тап
ретінде жою үшін әдейі жасалған» дегенге саяды.
«Министерство иностранных дел и Голод» атты кітаптың авторлары Марко Кариннык, Ю. Любомир мен Лючик және
Богдан С. Кордан (Marco Carynnyk, Lubomyr Y. Luciuk; Bohdan S. Kordan) Ресей, Батыс Сібір, Қазақстан және Еділ
жағалауы бойында белең алған ашаршылық туралы Ұлыбритания Сыртқы Істер министрлігі (СІМ) мұрағатынан
алынған құжаттардың ауқымды топтамасын жасады.
Империя жөніндегі Маркетингілік Кеңестің өкілі, ауыл шаруашылығы бойынша канадалық сарапшы, әрі бақылаушы
Эндрю Кэрнстің (E.Carns) есебінің құндылығы жоғары. Ол 1932 жылдың көктемі мен жазында КСРО-ның Батыс
Сібір, Қазақстан, Еділ жағалауы, Украина, Қырым және Солтүстік Кавказ сияқты астықты аймақтарын аралаған. Бұл
деректер ауа райының кейбір қолайсыздығына қарамастан, «кеңестік аграрлық саясаттың салдарынан аштықтың
толық қолдан жасалғанын» айғақтайды.
Американдық сарапшы Марта Брилл Олкотт (Martha Brill Olcott) «Коллективизация в Казахстане» атты еңбегінде:
«кеңестанушы үшін ең үлкен проблема, 1930-жылдардағы оқиғаларды түсіну және дұрыс түсіндіру» екендігіне назар
аударады. Қазақтар да украиндықтар сияқты, Сталиннің аграрлық саясатын геноцид ретінде қарастыруына болады,
өйткені ұжымдастырудың мақсаты украиндықтар мен қазақтарды ата-қонысынан аластату арқылы орыстарды қоныс-
тандыру, сөйтіп егіншіліктің жаңа, ұжымдық түрін ұйымдастыру болды. Дегенмен, автор зерттеу барысында Қазақ-
стандағы ұжымдастыру саясатының, этникалық топтарды жою мақсатын көздеген КСРО-дағы кез келген басқа
облыстармен тең келетін құжаттарды ешқашан кездестірмегенін» атап өтеді.
1997 жылы «Черная книга коммунизма: преступления, террор, репрессии» атты алғашқы іргелі анықтамалық басылым
жарық көрді. С.Куртуа, Н. Верт, Ж-Л Панне, А. Пачковский, К.Бартошек, Ж-Л Марголен сияқты халықаралық
тарихшы ғалымдардың ұжымы, 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты терең түсіну үшін, мемлекет пен шаруалар
арасындағы «экономикалық қатынастарды» талдаған. Республика көлемінде екі жылда мал басының 80 пайызы
жойылғаны, мал-мүлкінен айрылған 2 млн. аса қазақтар ашаршылыққа ұшырап, елден тысқары жерлерге босып
кеткені, миллионға жуығы Орталық Азияға, мыңдаған адамдар Қытайға қашып кеткені туралы баяндалады.
Әлеуметтік тарихшы, кеңестанушы, Чикаго университетінің профессоры Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick)
«Повседневный сталинизм. Социальная история Советской России в 30-е годы: город» атты еңбегінде: «Ашаршылық
уақытша құбылыс болатын, ал азық-түлік пен тұтыну тауарларының тапшылығы олай емес-тін. Марксшілдер
социализмнің байлыққа кенелтетініне сенім артты, бірақ кеңестік билік жағдайында социализм мен тапшылық бір-
бірінен ажырағысыз болғанын» алға тартады.
Николас Верт (Nicolas Werth) «Раскулачивание как массовое насилие» атты мақаласында «КСРО-ның басым бөлігін
құрайтын шаруалардың экономикалық артта қалуы мен олардың саясаттан аластатылуы – кеңестік биліктің осал тұсы
болғанын» көрсетеді.
«Годы голода: Советское сельское хозяйство 1931-1933гг.» атты кітаптың авторлары Р.У.Дэвис и С.Г.Уиткрофт
(R.W.Davies and Stephen G.Wheatcroft) 1930 жылдардағы саяси оқиғаларды құжаттық деректер мен естеліктер
негізінде КСРО-ның аграрлық саясатының топтамасын – егін егуден бастап 1931 жылғы жоспарлау кезеңіне дейін
көрсетуге тырысады.
Батыстық зерттеушілердің көбі И.В. Сталиннің «ұжымдастыру саясаты украиндықтар мен өзге ұлттық топтарға қарсы
әдейі жүргізілген» деген тұжырым жасайды. Бұл мәселеге АҚШ Конгресінің шешімімен Украинадағы ашаршылық
фактілерін зерттеу ісі жөніндегі арнайы комиссия құрылғаннан кейін жаңаша көзқарас қалыптасты. Осы комиссияның
атқарушы директоры Джеймс Мейс бастаған топтың қорытындысы: бұл қасірет «ақырына дейін жасанды ашаршылық
болып қалады» және «1932-1933 жылдары Сталин мен оның төңірегіндегілер украиндықтарға қарсы геноцид
ұйымдастырды» дегенге келеді.
Австралиядағы Мельбурн университетінің тарих профессоры С.Уиткрофттың (Stephen G.Wheatcroft) «Советский
голод 1931-33: политически намеренная или экономическая катастрофа?» атты еңбегінде Еуропалық және Еуразиялық
зерттеулер орталығының қолдауымен ашаршылыққа қатысты кеңестік деревнялардағы қасірет туралы жаңа
мәліметтер беріледі. Ашаршылық апатының экологиялық себептері болғанмен, әлемдік тәжірибедегі қазіргі ашаршы-
лықтың себептерін салыстырмалы зерттеулерде, – дейді автор, – ашаршылықтың көбі азық-түлік тапшылығынан емес,
нарықтағы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындайтын проблемалармен байланысты. Оның көзқарасынша, кеңестік ашар-
шылық мұның ешқайсысына қосылмайды.
С.Уиткрофттің «Советская статистика о продовольствии и смертности в период голода 1917-1922 и 1931-1933гг.»
атты еңбегінде кеңес мемлекетін статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық
жоспарды іске асыру мақсатында құрылған, мемлекеттік статистикалық жүйенің ерекшелігі қарастырылады. Алайда,
жоспарлау процесі саясаткерлердің шамадан тыс іс-әрекеттерінен қирады, бірақ бұл жоспарлаушылар мен
санақшылардың біліксіздігі немесе жасампаздығының көрінісі болған жоқ. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес, санақ-
шылар кеңес мемлекетінің саяси жетекшілерін бірнеше рет шындыққа шақыруға тырысқан дей келіп, автор «1922
жылға қарағанда, ауылдық жерлердегі кейбір тамақтану көрсеткіштері, 1933 жылы төмен болған» деген қорытынды
жасайды.
Ұжымдастыру науқаны мен ашаршылық нәубетіне қатысты Николо Пианчиоло (Nicollo Pianciola) «Голод в степи.
(Коллективизация сельского хозяйства и казахские крестьяне)», француз тарихшысы Изабель Огайонның
«Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения (1928-1945 г.г.)», Н.М.Ней-
марктың (Norman M. Naimark) «Геноциды Сталина», Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) – «Сталинские крестьяне:
социальная история Советской России в 30-е годы: деревня», Дана Далримплдің (Dana G.Dalrymple) «Советский голод
1932-1934 годов» зерттеу еңбектері мен мақалалары шықты. Д.Далримпл Кеңес Одағының өзге аймақтарына
қарағанда, қазақ халқы адам шығынының орны толмас зардабын тартқанын алға тартады. 1932-34 жылдардағы
ашаршылық өзінің ауқымы, мерзімдік ұзақтығы, қарқындылығы мен себеп-салдары жағынан, барлық әлемдік
ашаршылықтың ішіндегі ең ауыры болды санайды. Ашаршылық салдарынан миллиондаған адамдар көз жұмды. 20-ға
жуық әртүрлі деректік мәліметтерде, адам шығынының орташа есебі 5,5 млн.-ды құраған.
И.В.Сталин билігі тұсындағы (1924-1953 ж.ж.) Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашаршылық тарихына қатысты
батыстық тарихнамалық зерттеулерге талдау жасай отырып, мынадай ой-қорытындыларға келдік:
1. Қолданыстағы тарихнамалық зерттеулер негізінде алғашқы шетелдік іргелі зерттеулер 1980 жылдардың ортасында
жарық көрген;
2. Шетелдік әдебиеттерде КСРО тарихының өзекті мәселелері, атап айтқанда күштеп ұжымдастыру кезіндегі (1928-
1932 ж.ж.) шаруалардың жаппай қысымға ұшырауы, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан мен
Украинадағы ашаршылық тарихының нәтижелері объективті қарастырылған;
3. 1920-1930 ж.ж. ашаршылық нәубеті мен саяси қуғын-сүргінге Кеңестік биліктің қатынасын кешенді талдау үшін
шетелдік дерекнамалық-тарихнамалық зерттеулердің ауқымын кеңейту қажет.
43.Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының шақырылуының тарихи маңызы
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.


Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан
аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының
саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет
елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі
саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам
журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына
қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне
Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта
ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз
бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл
дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде
баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып
Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени,
рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың
артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.

1-нші құрылтай
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның
ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл
қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы
органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші
хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
 Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
 Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
 Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
 Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
2-нші құрылтай
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи
отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген
тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының
1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл
құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары
қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді,
жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш
форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм
мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш
рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993
жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың
өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
3-нші құрылтай
2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның
ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса
өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай
жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал
ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер
қаралды.

44. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының қасіреті.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл
шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.

Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл


Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық
даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин
тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі
шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А.
Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан
тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық
мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету
үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде
ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский
және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Әлімхан
Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың
эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.
Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан
мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші
жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен
1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл
шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен
колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл
шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына
қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін
алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті)
ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген
облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.
Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына
Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның
негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына
көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде
немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың
желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да
жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары
Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта
бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы
Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі
және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ
шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай
отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар
жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны
бұрынғыдан екі есе асып кетті. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан
көшпелі мал ш-на, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап
ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті (Кулак кәмпеске). Осындай қатал шаралар және ет, астық
дайындау науқандарындағы асыра сілтеушілік, қазақтарды дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың
жаппай қарулы наразылықтарын туғызды. Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет
шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты
(Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы).
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта
(1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана
отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1
шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай
отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының
саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына
ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).

45. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты және оның қайшылықтары

Қазақстан индустрияландыру кезеңінде


Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес
Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар
негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты
болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру
ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен
табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған
отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс
әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913
жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және
полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты
немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт,
әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы
күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті,
жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан
кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда
шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921
жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор
қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922
жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923
жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары
қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында,
Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай
жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ
өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі
қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б.
кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу,
тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты
құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен
жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып
түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар
қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық
әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп
келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды
қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен
бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру
жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны
және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың
аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын
қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық
шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі
(ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-
федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде
шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі,
«Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең
орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР
Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының
орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-
Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді.
Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан
дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және
т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын
айқындала түсті.
Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың
негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық
байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы
— Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық
комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары,
көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына,
одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің
Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды.
Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков
кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.
Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-
жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті
қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927
жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926
жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына
жете алды.
Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде
аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами
бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы
бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ
кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік
секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай
экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.
Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына
индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс
істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен
шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол
қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-
жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының
кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен
теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға
жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының
жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз
зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы
қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер
аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен
орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп
болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның
мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс
Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы
құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер
толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында
көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді
зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады,
бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы
бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс», [2].
- деп ерекше атап өтілді.
Геологиялық зерттеу
Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан жедел зерттеуге зор күш жұмсалды. 1928-1929 жылдары
Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам барлау партиясы Қазақстанның жер қойнауларын зерттеумен
айналысты. «Қару голь» «Алтайполиметалл», «Балхашстрой», «Казполиметалл» сияқты аса ірі жаңа құрылыстардың
жанынан геологиялық-барлау бөлімдері құрылды, арнаулы Қазақстан геологиялық-барлау тресі ұйымдастырылды,
«Эмбанефть» құрамында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Актюбникель» жанында геологиялық барлау қызметі
жэәне т.б. ашылды.
Геологиялық зерттеулер үшін Орталықтан да, Қазақстанның жергілікті орындарынан да мол қаржы мен күш-қуат
бөлініп отырды, бұл ірі-ірі, көбінесе теңдесі жоқ жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік берді. Бұл ең алдымен түсті
және қара металдардың, көмір мен мұнайдың барланған қорларына қатысты еді. 1928 жылы Қоңырат, (М.Т.
Русаков), 1930 жылы Бозшакөл (Р.А. Борукаев), Жезқазған (К.И. Сэтбаев) мыс кендерінің; Кенді Алтайда, Қаратау
және Жоңғар Алатауы тауларында қорғасынның: Атасу темір кенінің (1931 жыл), одан соң Ақтөбе облысында хромит
және никель кендерінің, фосфориттің; Индерде бораттын қоры мол көздері ашылды. Сондай-ақ Орал-Ембі аумағында
жаңа мұнай көздері табылды, оның үстіне Қарағандының жеке жатқан ірі кен орны емес, тұтас бір көмірлі аймақ
екендігі анықталды.[3].
Осындай жедел жұмыстар нәтижесінде Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми
геологиялық картасы жасалды және елдің барлық аумағы (Бетпақдаланың, Үстірттің т.б. кейбір жерлерін қоспағанда)
Ұлы Отан соғысы қарсаңында геологиялық тұрғыда барланды. Кейіннен Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш
президенті К-И. Сәтбаев: «Қазақстан геологиялық зерттеулердің аса жоғары тиімділігінің арқасында КСРО-да және
дүние жүзінде шикізаттың маңызды түрлерінің сан алуандығы бойынша жетекші орынға ие. Олардың ішінде қара
металдардың (темір, марганец, хром, ванадий) түсті металдардың (мыс, қорғасын, мырыш, кадмий, алюминий,
никель), сирек металдардың (вольфрам, молибден т.б.), бағалы металдардың (алтын, күміс) кендері, жаңғыш қазбалар
(тас және қоныр көмірлер, мұнай, жаңғыш сланецтер), минералды тұздар (фосфориттік, калий т.б. тұздар) негізгілері
болып табылады»,[4]. — деп атап откен болатын. Мүнын бәрі Қазақстанды КСРО-ның дамыған аймақтарының
өнеркәсібін қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін орталыққа айналдырды. Қазақстанды геологиялық зерттеудегі
олқылықтар КСРО-ны индустрияландыру жағдайында осылай толықтырылды.
Жергілікті, сондай-ақ орталық жоспарлау органдарының кемшін тұстары бірінші бесжылдық жоспарды орындау
барысында біртіндеп қалыпқа келтірілді. Қазақстанды шаруашылық және әлеуметтік-мәдени жағынан дамытудың
бесжылдық жоспарының VI Бүкілқазақстандық партия конференциясының және БК(б)П XV съезінің (екеуі де 1927
жыл, қараша) нұсқаулары бойынша жасалғаны жұртшылыққа белгілі. Геологиялық зерттеулердің жетістіктері,
олардың негізінде түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. пайдалы қазба байлықтарының жаңа кен орындарын игеру
туралы түскен нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін жаңа кәсіпорын
құрылыстарының салынуы, сонымен бірге жоспарлау органдары жинақтаған тәжірибе республика басшылығына
жалпы бірінші бесжылдықтың, әсіресе оның қалған үш жылының жоспарлы тапсырмаларын қайта қарау жөнінде
Орталыққа өтініш жасауға мүмкіндік берді. Қазақстан халық шаруашылығының бірінші бесжылдықта дамуы
көрсеткіштерін нақтылау және толықтыру жөніндегі ұсыныстар республиканың жаңа астанасы Алматыда өткен VII
Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1930 жылғы 30 мамыр - 6 маусым) талқыланып, қорытындыланды. [5].
Осының бәрін негізге ала отырып, БК(б)П ОК-нің Саяси бюросы 1930 жылғы 15 акқпанда Қазақстанның шаруашылық
және элеуметтік-мәдени дамуының 1928-1933 жылдарға арналған бесжылдык жоспарын арнайы қарап, елдің тиісті
халық комиссариаттарына және Мемлекеттік жоспарлау комитетіне екі айлық мерзімде бесжылдықтың қалған үш
жылына арналған жоспарлы тапсырмаларды белгілеп шығу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ АКСР-нің бірінші
бесжылдықта шаруашылық және әлеуметтік-мәдени дамуының қайта жасалған жоспары КСРО Мемлекеттік
жоспарлау комитетінде қаралып (1930 жылғы 24 тамыз), Еңбек және Қорғаныс Кеңесі оны мақұлдады (1930 жылғы 1
қыркүйек), ал 1930 жылғы 1 қыркүйекте оны КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі түпкілікті бекітті. [6].
Қазақстанның индустриялық дамуындағы қиындықтардың шиеленісуіне тағы бір себеп болған жағдай - жаңа
өнеркәсіптік және транспорттық құрылыс көп жағдайларда тиісті техникалық құжатнамасыз басталды, жаңа
құрылыстарды құрылыс материалдарымен, ақшалай қаржымен, техникамен, механизмдермен, көлікпен, жұмыс
күшімен, ал құрылысшыларды тұрғын үймен, азық-түлікпен, ауыз сумен, санитарлық-емдеу қызметтерімен т.с.с.
қамтамасыз ету мүмкіндіктері жете қарастырылмады.
Днепро СЭС-пен қатар Кеңес Одағындағы аса ірі құрылыс ретінде саналған, аты аңызға айналған Түрксіб магистралі
революцияға дейінгі жоба-сызбасы бойынша салынды, құрылыс барысында осы күре жолдың оңтүстік
бөлігінде Қордай және Шоқпар нұсқаларынын, ал солтүстік бөлігінде Балқаш және Лeпci жобаларын қорғаушылар
арасында қызу айтыс-талас өршіді. Осы екі тұста да оңтайлы нұсқаны таңдап алғанша біршама уақыт және қосымша
қаржы шығын болды.[7]. 1927 жылы Семей қаласында құрылысы жүргізілген тері зауыты мен шұға фабрикасында
жобалық-сметалық құжаттар «қайта-қайта жасалып, құрылысты бастау қарсаңында дайын болмады. Құрылыс
материалдары болмай, оларды сол жерде шаруашылық әдіспен шұғыл түрде дайындауға тура келді. Кәсіби білікті
құрылыс жұмысшылары мен мамандар жетіспеді. Олар көрші аудандардан әкелінді».[8]. Осындай жагдайлар 20-30-
жылдары көптеген ірі кәсіпорындардың құрылыстарында да байқалды.
Қазақстанды индустрияландырудың сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері болды, олар жоғарыда аталған және басқа да
қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен, сондай-ақ табиғи, еңбек және экономикалық-техникалық қорлар
деңгейімен де сипатталады. Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ізін
қалдырды, өнеркәсіпті, құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-
жылдардағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де
бағыттарын айқындауға ықпал етті. Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір
ерекшеліктерін қарастырайық.
1. Ол, ен алдымен, Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларды
жеке-жеке алғандағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны. Егер Кеңес Одағы
бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса, Қазақстан
бойынша 7,8 есеге жетті, оның үстіне Қазақстан бұл жатынан Молдавия (5,8), Әзірбайжан (5,9), Өзбекстан
(4,7), Түркіменстан (6,7), Украина (7,3) сияқты бірқатар одақтас республикалардың алдына шықты. Сөйтіп Қазақстан
өнеркәсіптік өнім көлемінің өcyi бойынша 1940 жылы Одақ ішіндегі 15 республика
арасында Ресейден (8,7), Қырғызстаннан (9,9), Грузиядан (10), Тәжікстаннан (8,8) және Армениядан (8,7) кейін
алтыншы орынды иеленді.[9].
2. Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негізінен жаңа құрылыстардың, басқаша айтсақ,
қайта құрылған Риддер мен Қарсқбайды қоспағанда, тақыр жерде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.
Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі,
Мәскеудегі, Ленинградтағы, Донбастағы, Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді
индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. Сондықтан
республикада, жергілікті жерлерде өнеркәсіп орындары, сондай-ақ теміржол құрылыстары елсіз және жартылай елді
аймақтарда жүргізілді, қазіргі заманғы байланыс тораптарының, құрылыс материалдарының, кәсіби жұмыс күшінің,
қаржының, сол сияқты тұрғын жайлардың, ауыз судың т.с.с. болмауы себебінен аса күрделі қиындықтарды жеңуге
көп күш жұмсалды. Қарағанды көмір алабы, Балқаш мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын
зауыттары, Жезқазған, Қоңырат кен орындары т.б. кеніштер, Ембі т.б. мұнай кәсіпшіліктері, Түрксіб, Гурьев —
Қандыағаш — Орск, Ақмола-Қарғалы, Илецк-Орал теміржолдары осылай салынды.
3. Аса ірі кәсіпорындар - өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған, шикізат пен электр қуатын
тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара
байланысты комбинаттар жана өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты. Өнім көлемі мен жұмыс күшінің
құрамы бойынша, сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да
ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп, сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының
орталықтарына айналды. Құрамында 17 шахтасы (1931 жыл), ГРЭС (1933 жыл), Нұра су құбыры (1933 жыл), байыту
фабрикасы (1933 жыл) бар «Қарағанда уголь» тресі, «Казполиметалл», «Алтайполиметалл», Ақтөбе химия. Семей
етконсерві, Гурьев балық консервілеу, Алматы жеміс-көкөніс, Семей шұға комбинаттары т.б. - осындай кәсіпорындар
санатына жатты.[10].
4. Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар
өндіретін салалары басым дамыды. Бұл салалар одақтық келемде басты мамандандыру арқауына айналып, бұдан
кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды.
5. Ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар салаларының тұрғызылған кәсіпорындары одақтық
маңызға ие болды, өйткені жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен қатар олар одақтық индустрияны қажетті
шикізатпен қамтамасыз етіп отырды, осыған байланысты республика арнайы кәсіби мамандандыру ісін жүргізді.
6. Соғысқа дейін бесжылдықтар кезінде кеңінен дамығанына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінің кемшін, олқы тұстары
да байқалып жатты: қалай болса да, машина жасау саласы жоқтың қасында болды; металл өңдеу жекелеген
зауыттардың жөндеу шеберханаларымен және механикалық цехтарымен шектелді; қара металлургия, бірқатар
құрылыс материалдарының (цемент, әйнек), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлерінің өндірісі болмады. Осы
кемшін жақтарының ішінде бәрінен бұрын машина жасау ісінін - қалай болғанда, индустрияландырудың негізгі
өзегінің болмауы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын тежеп отырды. Қазақстанға станоктар мен жабдықтар
Орталықтан, Ленинградтан, Оралдан, Украинадан және басқа да аймақтардан әкелінетін. [11].
7. Осы кезеңде ауыр индустрияның түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. шығару сияқты өндіру салаларымен қатар
алдынғы қатарға транспорт, әсіресе теміржол құрылысы шығарылды. Көмірдің, мұнайдың және түсті металдардың
асабай кен орындарын Қазақстанның кең-байтақ аумағында қазіргі замандық қатынас жолдарынсыз игеру
қиындықтары осы өткір мәселені шұғыл түрде шешуді талап етті. Жоспарланған жол желілері түгелдей
салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп, ұзындығы 6581 км-ге жетті.
Бұл жылдары Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанның Оңтүстігімен жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолы,
Трансқазақстан магистралінің негізгі бөліктері (Петропавл-Көкшетау-Ақмола, Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Бертіс,
Жарық—Жезқазған) салынды, бұл тораптар Орталық Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде зор рөл атқарды;
Рубцовск-Риддер желісі Шығыс Қазақстанның түсті металлургиялық кәсіпорындарына қызмет көрсетті, ал Орал—
Илецк теміржолы республиканың батыс аудандарын Орынбор өлкесімен және Ресейдің басқа да өнеркәсібі
өркендеген облыстарымен байланыстырды.[12].
Жоғарыда аталған қиындықтар мен ерекшеліктер, сондай-ақ күрделі қоғамдық-саяси жағдай және Қазақстанның артта
қалған экономикасының ауыр жағдайы 20-жылдарда және 30-жылдардың басында республиканы индустрияландыру
және ұлттық жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі манайында қым-қигаш күрес туғызды. Бірнеше көзқарас пайда
болды. Біреулер «көшпенділіктен социализмге» өтудің мүмкін еместігін және көшпенділік өмір салтының қазақ
халқының ерекшелігі екендігін, сондықтан да индустрияландырудың «ұлттық табиғи ерекшелікті» бұзатындығын
көлденең тартты.[13]. Енді біреулер — өнеркәсіпті тықпалау, жұмысшы тапты қалыптастыру «табиғаттан тыс»,
«Қазақстан үшін мүмкін емес іс», «артта қалған көшпенді халық», «шектен тыс индустрияландырудың қарқынын
көтере алмайды», «қазақтандыру өндірісті қымбаттатады», «ал қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол даланы аңсайды»
сияқты пікірлерді дәлелдеуге тырысты.[14]. Үшінші жақ республиканың Одақ құрамында дәйекті дамуының қажеттігі,
бірақ Қазақстанның ерекше мүдделерімен санаспау идеясын жақтады. Олар «шикізат базасы ретіндегі ауыл
шаруашылығымен байланысты ұсақ өнеркәсіпті ұлғайту мен оның жұмысын жақсарту жөніндегі партия ұстанған
бағыт шүбәсіз дұрыс» [15]. деп дәлелдеді. Төртіншілер шет аймақтар шикізат базасы ғана болып қалмауы керек және
индустрияландыруды жүргізгенде республиканың ерекшеліктерін ескеру қажет деген пікірді ортаға салды. [16].
Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным
жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан
ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді. [17]. Айта кету керек,
К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ
ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын
емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту»,[18]. - деп мәлімдеді.
Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан
келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын
қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан
Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді. Мәселен, БК(б)П
Өлкомының хатшысы Ф.И. Голощекин «Большевик Казахстана» журналында (1927, №2) жарияланған мақаласында:
Қазақстан үшін «өнеркәсіп саласында негізгісі ірі емес, ұсақ және орта буында (жарма жасаушы, жүн жуатын, май
шайқайтын кәсіпорындар, жөндеу шеберханалары т.с.с.), басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығымен айналысатын
және оны рентабелді ететін істер» [19]. деп жазды. VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1927 жылғы 15—
23 қараша) ол: «Мен екі жыл бойы біздің өнеркәсібіміздің басты буыны алып құрылыстар салу емес, жергілікті ұсақ
және орта өнеркәсіпті дамыту екендігін насихаттап келемін... Ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту мәселесінің
Қазақстан экономикасын одан әрі жетілдірудегі маңызының күн өткен сайын артып келе жатқандығын біз қазір
ескеруіміз керек»,[20].— деп ерекше атап өтті.
Көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар екендігіне, сондай-ақ
жергілікті мекендерде республиканың аграрлық жағдайына сәйкес жұмыс күштерінің жетіп-артылатынына
қарамастан, Ф.И. Голощекин: «Біздің даму сипатымыз бойынша және КСРО-ның жалпы міндеттеріне сәйкес,
жергілікті ерекшеліктеріміз бен міндеттерімізге орай Қазақ АКСР-і ортақ бесжылдыққа одақтық онеркәсіптің мал
және егін шаруашылығы өнімдерін дайындайтын шикізат базасыретінде кіруі керек»,[21]. — деп сендірді. Сонымен
біргеФ.И. Голощекин Қазақстан маңызын одақтық өнеркәсіпке ықпал ететін шикізат аймағы ретінде көтермеледі. Ол:
«Одақтық өнеркәсіп, бәлкім, бізге жүн, ет, мал терісі т.б. жөнінен тәуелді шығар, бұл біздің бұдан әрі дамуымызда
орасан мән-маңызы болатын техникалық дақылдарды айтпаған күннің өзінде» [22]. — деп атап өтті.
Осы ұстанымға сүйене отырып, Ф.И. Голощекин: «КазАКСР-і көлеміндеті индустрияландыру дегеніміз — ауыл
шаруашылығының бұдан мәдениеттірек түрлеріне, оның тауарлылығын арттыруға, ел ішінде тұтынуға және одақтық
өнеркәсіпті қамтамасыз етуге арналған өнім көлемін ұлғайтуға қаржы құю. «Осы кәсіпорындар үшін біз қаржы және
күш-қуат» таба аламыз»,[22]. — деген тұжырым жасады. Ф.И. Голощекин Қазақстанның болашақтағы индустриялық
дамуын ірі зауыттармен және фабрикалармен емес, жарма ұсақтайтын, жүн жуатын, май шайқайтын, жөндеу
жұмыстарымен айналысатын, жергілікті өнеркәсіптін басқа да ұсақ және орта кәсіпорындарымен байланыстыру
тұрғысынан ғана көреді, деп қарсыластары оны әділ сынады.
Ф.И. Голощекиннің және БК(б)П Өлкелік комитетінің, Қазақ АКСР-і үкіметінің басқа да басшыларының осы
ұстанымын БК(б)П ОК-нің Ортаазиялық бюросының төрағасы И.А. Зеленский қуаттады. Ол өзінің «Басты бағыт»
атты мақаласында («Правда Востока», 1927,7 қазан): «Орта Азия республикаларының міндеті — ең алдымен біздің
капиталистік әлемге тәуелділігімізді азайтатын және әлсірететін шикізат шаруашылығының салаларын дамыту», - деп
жазды.
Ірі саяси қайраткер, Қазақстан өнеркәсібін экономикалық мақсатты сара бағытпен дамыту пікірін қолдайтын басты
тұлғаның бірі - С. Сәдуақасов VI партконференцияда республика индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары туралы
пікірдегі Ф.И. Голощекинге қарсы шықты. Ол: «Өнеркәсіп мәселесі — қазақ кедейінің тағдыры, қазақстандық кедей
тағдыры ауылмен ғана емес, қаламен де байланысты, өйткені XII съездің өзінде-ақ ұлттық шеткі аймақтарды тек
шикізат аудандарына айналдыруды көздеген патшалық үкіметтің қарғыс атқан мұрасынан құтылуымыздың қажеттігі
жайлы айтылды»,[23]. — деп дәлелді пікірлер айтты. С. Сәдуақасов: «Қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары,
қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын», [24]. — деп республика өнеркәсібін
экономикалық сара жолмен дамытута шақырды.
Ф.И. Голощекиннің Қазақстан тиімді ауыл шаруашылығын дамыта отырып, одақтық өнеркәсіптің шикізаттық
базасына айналуға тиіс деген пікірін теріске шығара келіп, С. Сәдуақасов былай деді: «Өнеркәсіп дамымаса
(Қазақстанда), біз ауыл шаруашылығын қалай дамытпақпыз? Ауыл шаруашылығы бізде теміржол т.б. арқылы
дамитын болады, ал оның өзі өз кезегінде өнеркәсіп болып табылады. Бұл мағынада мен индустрияландыру туралы
айтып тұрмын, менің индустрияландыру туралы пікірімді осы мағынада түсіну керек».[25].
С. Сәдуақасовтың Кеңес Одағын индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортын
дамытудың жолдары мен әдістері туралы көзқарастары оның БК(б)П XV съезі (1927 жыл, 9—12 желтоқсан)
қарсаңында пікірталас материалы ретінде «Правда» газетіне жолдаған «Ұлттар және ұлт өкілдері» атты байыпты
мақаласында [26]. толық көрініс тапты. Бұл мақалада Сәдуақасов: «Егер империалистік орыс буржуазиялық үкіметі шет
аймақтардан тек шикізат тасып, фабрикалар мен зауытгарды өз қол астында шоғырландырса, социалистік өнеркәсіп
шаруашылық мүддесі жолындағы жөн-жосықпен дамуға тиіс»,[27]. «өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату қажет»,
[28]
. - деп ерекше атап көрсетті. Оның пікірінше, «егер қалпына келтіру кезеңі еріксіз «қарғыс атқан» мұраның кейбір
ұлттарды шын мәніндегі теңсіздік жағдайда шеттету түріндегі белгісімен өтсе, онда қайта құру маусымы «алдымызда
тұрған қиындықтарды міндетті түрде жене отырып, ондай мұраны жоюға тиіс». Ол «артта қалған аймақтарды
социалистік құрылысқа тартудың барлық мәні
Өз пікірін дәлелдеу үстінде С. Сәдуақасов Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту үшін бірқатар елеулі қиындықтарға
қарамастан, барлық жағдайлар бар екендігін көрсетті, оның пікірінше, «шикізат қана емес, жұмыс қолдары мен отын
да бар», «Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның миллиондаған кедейлері болса», сондай-ақ «Қазақстанның
көпмиллиардты тас көмір және мұнай қоры бар», ал байланыс жолдарына келер болсақ, деп атап өтті ол, жаңа
«теміржол құрылысы да — индустрияландыру мәселесінің бір бөлігі».
Осындай көзқарастары үшін С. Сәдуақасов Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің тарапынан ғана емес,
бүкілодақтық деңгейде де сыңаржақ, әділетсіз сынға ұшырады. Оның көзқарастары бұрмаланып, Қазақстанда тұйық
шаруашылық құруға, республиканы КСРО-дан бөліп әкетуге ұмтылушылық ретінде бағаланды, ал өзі «ұлтшыл-
уклонист» деп жарияланды.
Өлкелік Комитеттің VI Бүкілқазақстандық партконференциясына берген есебінде Ф.И. Голощекин «Сәдуақасовтың
индустрияландыруы» [29]. деп айдар тағып, бұл мәселеге арнайы тоқталды. Онда ол Қазақстан өзінің артта
қалғандығына қарамастан, «Одақта және пролетариатын басшылығымен, оның көмегімен» «жедел қарқынмен алға
басып қана қоймай, сонымен бірге социализмге қарай бет алатындығы» туралы ой әлі де кейбіреулерге оншалықты
түсінікті емес, бұған әлі де сенімсіздікпен қарайтындар, күдікшілдер, сары уайымға салынушылар, түсінігі таяз
жолдастар, буржуазиялық бұра тартушылар бар» [29]. екендігі туралы атап өтті. Сәдуақасовтың жеке өз басы жайында
сөзге көшкен ол оның «біріншіден, Кеңестік Социалисты Республикалар Одағының мәнін және пролетариат
диктатурасының артта қалған ұлттық республикалардың дамуына тигізетін ықпалын түсінбейтіндігін немесе түсінгісі
келмейтіндігін, екіншіден, оның ойы Қазақстанның дамуы дербес, КСРО-дан тәуелсіз мемлекеттің дамуы, мәселен,
КСРО-ның империализмге қатынасы іспетті деп ойлайтын буржуазиялық ұлтшылдар пікірімен сәйкес», [29]. – деп
дәлелдеп бақты.
Голощекиннің Зеленскиді қоштауы
Ф.И. Голощекинді И.А. Зеленский қоштап: «Республикалардағы шаруашылықты тұйық шаруашылық жүйе сияқты
құру бағыты тұтас алғандағы социалистік шаруашылықты өркендету көзқарасымен қарағанда зиянды және қауіпті, -
деп дәлелдеді ол, - ...Тұйық шаруашылық идеясын жақтаушылар бізге таптық жағынан жау пиғылдағы элементтер
болып табылады. Орта Азиядағы шаруашылықты дербес дамытудың идеологы — белгілі панисламдық қайраткер
Мұстафа Шоқаев».[30].
С. Сәдуақасов өз кезегінде Ф. И. Голощекин мен И. А. Зеленскийдің дөрекі сипатта саясиландырылған ой-пікірлері
мен айыптауларына қолда бар шикізат базаларында жаңа кәсіпорындарды тұрғызудың шаруашылық мүддесі жағынан
дұрыстығы, теміржолдардағы қосалқы тасымалдарды жою қажеттігі туралы дәлелдерін қарсы қойды. Сәдуақасов
«Өлке комитеті хатшысымен «теориялық айтыстың ұлт өкілі үшін үмітсіз іс екенін» мойындай отырып, Голощекин
көзқарастарындағы «айқын келеңсіздіктерді» көрсетуден тайынбады. «Шаруашылықтың мүддесі жолындағы жөн-
жоба өзі ұсынған топшылауын қолдайтынын» (кәсіпорындарды шикізат көздеріне жақынырақ орналастыру қажеттігі
туралы) көрсете отырып, Сәдуақасов: «Голощекин өнеркәсіпті ауыл шаруашылығының артына апарып тіркемекші,
сөйтіп, Қазақстанның мәңгі шаруа қамытын киген ел болуын қалайды» деп жазды. Экономикалық тиімді жайттарға
сүйене отырып, ол мынадай сауал тастайды: «Голощекин жолдас жүн жуатын жерден неліктен әрі бара алмайды,
дұрысы барғысы келмейді? Сол жерде шұға фабрикаларын ұйымдастыру ісі өзінен-өзі сұранып тұр. Жуылған жүнді
апарып, одан соң сол жүннен жасалған «мәскеулік» шұғаны қайта әкеліп жүргенше, Қазақстаннан дайын шұғаны
бірден алып кету теміржолдардың өзіне жақсы ғой».[28].
И. А. Зеленскийдің әр республикада тұйық шаруашылық құру («айтуға да күлкілі») жөніндегі сыңаржақ бағыт бар
(ұлтшылдарда деп оқыңыз) деген пікірін теріске шығара келе, С. Сәдуақасов өз қарсыластарына мынадай сұрақ
қояды: «Орта Азиядан мақта тасымалдау - ол жақсы, ал ол жердей дайын тоқыма матаны әкетуді тұйық шаруашылық
деп атау қандай қағидадан шыққан?» Өз пікірін ол былай деп тұжырымдайды: «Олай болмайды, Зеленский жолдас!
Дәл сол шаруашылық мақсат көзқарасы бойынша өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату қажет». [31].
Ұлттық республикалардың өндіріс орындарын қолда бар шикізат базаларынан құруға ұмтылысы Орталық тарапынан
да сыңға ұшырады. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы A.M. Рыков Кеңестердің Бүкілодақтық IV
съезінде былай деді: «Егер индустрияландыру дегеніміз әрбір әкімшілік бірлігінде индустрияны қайткен күнде де
дамыту деген козқараста болсақ... біздің Одағымыздың кейбір бөліктерінде тұйық шаруашылық құруға ұмтылыс
болса, біз өте көп және өте үлкен қателіктерге ұрынуымыз мүмкін».[32]. С. Сәдуақасов А.И. Рыковтың бұл сөздерін
басқа губерниялармен, облыстармен және республикалармен салыстырғанда «өнеркәсібі жағынан немесе еш нәрсесі
жоқ, әйтпесе қолда бары мүлде аз» ұлттық шет аймақтар үшін тән сипат деп баталады. Сондықтан да С. Сәдуақасов
мынадай пікірде болды: «Рыков жолдастың ұлттық республикалардың өздерінде бар базаның негізінде әр түрлі
кәсіпорындар құруға көмектесу жөніндегі өтініштерін тұйық шаруашылыққа ұмтылыс деп атауы - қате. Біздің
ойымызша, индустриясы дамыған шаруашылықтың алғашқы қауымдық құрылыстан бірден-бір айырмашылығы — ол
ешқашан тұйық болып қалмайды», ал «ұлттық шет аймақтар шикізат базасы болудан неғұрлым тезірек құтылса,
соғұрлым Одақ бірлігі мен оның жеке бөліктері арасындағы өзара тәуелділік ұлғая түседі». [22].
Тұтас алғанда, С. Сәдуақасов сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жағдайын
бағамдай отырып, мынадай қорытындыға келеді: «XII парт съездің шет аймақтарды тек шикізат аудандарына
айналдыруға ұмтылған патшалықтың және орыс буржуазиясының саясатын жою» [29]. туралы нұсқауы шет
аймақтарда, атап айтқанда, Орта Азияда және Қазақстанда жеткіліксіз, немесе дұрысырақ айтсақ, мүлде жеткіліксіз
денгейде жүзеге асырылуда».[33]. С. Сәдуақасов бұл жағдайдың басты себебі мынада деп білді: «Орталық органдар өз
жұмысында ұлттық мәселе мәнін толық ескермеді. Өнеркәсіпті алдағы уақытта дамыту бесжылдығы шет аймақтар
мұқтаждықтары ескерілмей жасалды». [34]. Сәдуақасовтың бұл тұжырымы әділ болатын әрі шындыққа сәйкес келді.
Алғашқы бесжылдық (1928—1932 жылдар) жоспарын жасаудағы осы елеулі кемшілікті КСРО Халық
шаруашылығының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы В.В. Құйбышев та мойындады. Ол жекелеген аудандарды дамыту
жөнінде бесжылдықта нақтылық пен айқындылықтың болмағаның атап өткен болатын. «Әрбір жеке ауданның
болмыс-келбеті қандай болады — бұл сауалға бесжылдық нақты жауап бермеді». [35]. С. Сәдуақасовтың бесжылдық
жоспардың «шет аймақтар мұқтаждығы ескерілмей жасалғаны» туралы тұжырымының әділ екендігін бұл жоспардың
Орталықта ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда да қалай жасалып, қалай бекітілгені жайлы мәліметтер айқындайды.
Бұл туралы республиканың 20—30-жылдардағы индустриялық дамуындағы қиындықтарға байланысты жоғарыда
айтылды.
Сонымен, 20-жылдардың екінші жартысында және 30-жылдардың басында Қазақстанды индустрияландыру жолдары
туралы болған қызу пікірталаста Ф. И. Голощекин бастаған партиялық-кеңестік ұстаным жеңіске жетті және
бұл Қазақстан өнер кәсібінің бүкіл кеңестік кезеңде шикізаттық бағыт-бағдарда болатындығын шешіп берді.

46. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы


Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.  Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана
жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір
тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды
ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой,
С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар),
"Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық
өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес
патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев,
Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының
жігерлендірушілік мәні болды.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда
қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері
А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский,
Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-
касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп
кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс
материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты
ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-
ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы
жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34
танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының
сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы,
халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен
майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат
хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін
жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі
Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан
тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-
шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық
махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-
гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар
жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып
берді. "Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, -
олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-
жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп
болған соңжауынгерлерге, командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды.
Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз
үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан
делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24
вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы
Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық
жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар
ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан
майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары
ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков,
М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова,
Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
             Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық
комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан
киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің
дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен
ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК
оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді,
кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы
бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі
Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер
шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша
артистер тәрбиелеп шығарды.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер
істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан
арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943
жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда
жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының
т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары
мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып
берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен
ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант
Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және
облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған
хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі,
демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан
нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке
жігерлендірді.

47.Авторитарлық жүйенің құрбандары. “Бекмахановтың ісі” және басқалар.

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов


Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15.02.1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы —
06.05.1966, Алматы) — тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым
академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл).

Балалық шағы[өңдеу]
Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің
жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шормановтың немере інісі Зында
Шормановтың малын баққан. Бекмаханың Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы
болады. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады.
Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады. 1925-
1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі
жеткіліксіз еді. Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады.
Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасысының жағдайы ағасы Діншенің аудандық
деңгейлегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның
оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс
факультетіне түседі. Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып,
Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханның қатты қажытады. Бұған қоса,
анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді. [1]
Оқу жылдары[өңдеу]
Семейде оқып жүрген кезде елдегі орын алған ашаршылық Баянауылды да айналып өтпегенін естіген Ермұхан және
оның ауылдастары жақындарына көмектесудің амалын іздейді. Сөйтіп бала кезінен досы, өзінен сәл үлкендеу, сол
кезде Семейдің медициналық училищесінде оқып жүрген Сәлкен Сұбханбердинге өз ойын айтады. Сәлкен болса
Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі Асылбек Сейітовтен кеңесіне жүгінуге ұсыныс айтады. Асылбек Сейітов
ол кезде өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бастығы болатын. Жас жігіттердің елге көмектескісі келетіндігі
туралы ойын естіп, оларға елден бұрын әркім өзіңнің бас амандығын ойлау керектігін айтып, елге бармауға үгіттейді.
Өмір көрген Асылбек Сейітов жас жігіттердің елге көмектесуге қауқарсыз екенін, егер елге баратын болса, аман
қайтуы екіталай екендігін білгендіктен солай кеңес берген еді. Ермұхан және оның бір топ жерлестері туған-
туыстарына қаншама көмектескісі келсе де, Асылбек ағаның айтқан сөздері шындық екенін түсініп, елге қайту
идеясынан бас тартады. Кейінрек Асылбек Сейітов Ермұханды өз қамқорлығына алып, бар көмегін аямайды. [1]
1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу
мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев
Ермұханға Алматыға оқуға түсетін болсаң, осындағы шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді
жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп ескертеді. Диқан Әбілев Ермұханға Орталық Ресейдегі оқу орындарының
біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесін алған Ермұхан Халықтық ағарту комиссариатына барады.
Комиссариаттағы құжат қабылдаушы адам Ермұханның кешікенін алға тартып, Мәскеу және Ленинградтың оқу
орындарына түсе алмайтынын айтады. Алайда Тамбов қаласындағы ашылған педагогикалық институтқа түсуге
мүмкіндігі бар екенін айтып, шешімді бүгін шығару керексің, болмаса ол оқу орнына да түсе алмайсың деп ескертеді.
Ермұхан сол жерде Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын
тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша
тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды. Тамбов қаласындағы оқу
Ермұханның көңілінен шыға қоймайды. Сөйтіп, 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов
педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық
институтына ауыстырылады. 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Ал ол кезде сол Воронеж қаласында
айдауда Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлы айдауда жүрген
еді. Ермұхан жоғары білімді, озық ойлы Алаш зиялыларына кездесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде тарихқа деген
қызығушылығы арта түседі. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып,
үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді.[1]
Еңбек жолы[өңдеу]
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту
комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың
халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында
ұстаздық қызмет атқарған.
1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография
институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни
1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы
кафедрасын басқарды.
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен
және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық
көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946
жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.
Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері
оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны
буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты
пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады.
Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл
империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген
моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы
Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда"
газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан
шығарылды.[2]
Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл
облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5
қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс
бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың
естелігінен:
«1952 жылдың 30 тамызында Ермұқанды Новотроицкіге шығарып салдым. Кеткісі келмей, бірдеңе сезгендей,
мазасыз күй кешіп еді. Айтқандай-ақ, 5 қыркүйекте оны тұтқындап, Алматыға әкеліпті. Сол күні біздің үйде де
тінту жүргізілді. Кешкі сағат 10-да жұмыстан келсем, үйдің есігі ашық тұр. Бір бейтаныс қазақ тінтуге құжат
көрсетті. Ермұқанға бірдеңе болғанын сездім. Ас-су беруге рұқсатты табаннан тозып жүріп бір ай дегенде әрең
алдым.
Тергеу үш айға созылды. «Тергеу әдістері жайында жиркенішсіз еске түсіре алмаймын, – деп жазды Ермұқан өзі
Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке. – Тергеудің өн бойында қорқыту мен
қоқан-лоққы қатар жүрді. Сол үшін барлық тәсілдерді пайдаланып тырысса да мен жекелеген адал адамдарды қаралай
алмадым». Ерекең бұл арада Сәтбаев пен Әуезов жөнінде айтып тұр.
Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұрышында
болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді
айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде
менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап
жіберді. Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың! Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы
саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи
фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған,
феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді
сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық
көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары –
алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да
жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына
қойылғанын айтады»
Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі
коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы
лагерінің біріне айдалды.
Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна
Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е.
Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.
ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың
игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның
Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің
арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі
ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті
болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта
мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері
бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының
ғылыми өмірін жалғастыруда.
Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы
Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан
жарық көрді.
Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса
көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі
рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы
Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек
болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама
жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға
ғалымдар таң-тамаша болады".[3]
Қайтыс болуы[өңдеу]
Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп
алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен
Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді. Сонымен қоса, астма
ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын
сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқа былай деген: "Менің жағдайым мүшкіл,
алайда абыроймен өлу керек". Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері
ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима
Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге
рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес
қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінірек Бауыржан
Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы
кешірім сұрады" деп жазады. Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен
қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға
арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының
ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық
сапарға шығарып салады.
Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық
зиратына жерленеді.
Еңбектері[өңдеу]
 Казахстан в 20–40-е годы ХІХ веке, М., 1997;
 Присоединение Казахстана к России, М., 1957;
 Очерки истории Казахстана ХІХ в., А.-А., 1966.

48. КОКП-ның ХХ съезі және Сталиннің жеке басқа табынуын жеңу мәселесі.
Сталиннің жеке басына табынушылық. Саяси репрессия.
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам
еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан
жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның
басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың,
комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың
құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық
ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В.
Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік
басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының
бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы
ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді.
Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың
соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті.
Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі
халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау
орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне
бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді
бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс
соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал
көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм
идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII
съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді
деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы
КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде
жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың
жалғасы еді.
49. Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік-экономикалық салдары, Қазақстан тұрғындарының
этнодемографиялық құрылымына әсері
Тың игеру
Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген
науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру
нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі
тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың
орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені
белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте
қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте
КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы
Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп
ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны
болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының
тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты
шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне,
жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы
жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және
малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге
бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама
жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды.
Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде
шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін
мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин»
атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа
талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші
жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді.
Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар
«Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл
шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда
жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы
болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды.
Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа
көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық
қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес
үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік
Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік
облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда
6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс
алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955
жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек:
«Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған
совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар
салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК
мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы»
жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды.
Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген
ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір
жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда
2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір
жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар
ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді.
Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га
жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға
1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде
азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны
2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды.
Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде
жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден,
Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен
Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай
орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда
жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ
ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа
шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы
қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті.
Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес
үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты.
Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани
зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
Түсіндірме сөздік
Тың игеру – бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту.
Топырақ эрозиясы– жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін сумен шайылуы немесе желмен
ұшырылу құбылысы.
Әлеуметтік құрылым – адамдардың еңбек ету әрекетіне қарай топтарға бөлінуі және олардың материалдық хал
ахуалы.
Тарихи тұлғалар
Хрущев Никита Сергеевич (1894, Ресей, Курск губ. - 1971, Мәскеу) - мемлекет және қоғам қайраткері. Еңбек жолын
1908 жылдан Донбасстың шахталары мен зауыттарында жұмысшы болып бастаған. 1918-20ж. Азамат соғысына
қатысып, онан кейін Донбасс пен Киевте шаруашылық және партиялық қызметте болған. 1929ж. Мәскеу Өнеркәсіп
академиясын бітірген. 1931 жылдан Мәскеуде партия қызметінде, 1935-38ж. БК(б)П Мәскеу облыстық және қалалық
комитеттерінің І-хатшысы, 1938-47ж. Украина Коммунистік Партиясы ОК-нің І-хатшысы қызметін атқарған. 1941-
45ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірқатар майдандардың Әскери Кеңестерінің мүшесі болған. Генерал-лейтенант
дәрежесі берілген (1943). 1947ж. БК(б)П Мәскеу партия комитетінің І-хатшысы қызметінде болады. 1953 жылдың
наурызынан СОКП ОК хатшысы, қыркүйектен бастап І-хатшысы, яғни, Кеңес Одағының жетекшісі болды. Сонымен
бірге 1958-64ж. КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарған.
Н.Хрущев Кеңес Одағын басқарған кезде бірқатар демократиялық реформаларды жүзеге асыруға талпыныс жасалды.
1956ж. СОКП XX съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы мәселені көтеріп, сталиндік
саясатты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалады. Сталиндік қуғын сүргіннің құрбандарын ақтау
шараларын жүргізуге жол ашып берді. Ол Кеңес Одағында тың игеру саясатын жүзеге асырды. Алайда, Н.Хрущевтің
демократиялық реформалары жартылай ғана орындалуымен ерекшеленді. Өйткені, ол өз қызметінде субъективизм
мен волюнтаризмге жол берді. Сол себепті де, 1964ж. қазанда СОКП ОК-нің Пленумы Н.Хрущевті мемлекет пен
Коммунистік партия жетекшілігінен кетуге мәжбүр етті.

50. Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері және оның сипаттамасы.


Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы[өңдеу]
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай
жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП
Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі
дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП
Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда
Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді
бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген
жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев
баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне
өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте
төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту,
инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау
өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.[1].
Дағдарыстың себептері[өңдеу]
Саяси саладағы белгілері[өңдеу]
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салада дағдарыстың белгілері[өңдеу]
- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері[өңдеу]
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты[өңдеу]

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев
сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне
сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық
жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия
елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді.
Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.
Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты
басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан
құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987
жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы»
мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай
өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін
түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң»
қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар
өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз
жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске
асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже
бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті
тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX
Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер
қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін
мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[2]
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер[өңдеу]
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-
әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды.
Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды.
Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл
өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп
жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса
маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана
болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді.
Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар
республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)[өңдеу]

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы
қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.
Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды.
Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып,
мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы
болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды.
Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Оқиға барысы[өңдеу]
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына
тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды.
Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика
басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында
республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын
қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.
Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен
демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына
жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал,
заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу
орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол
Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз
уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам
комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды,
ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды.
Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық
каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ
ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия
желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам
қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз
сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
Кеңес саяси жүйесіндегі реформалар[өңдеу]
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі
съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни
және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд
барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды.
Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының
С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де
үздексіз сыналды. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді.
Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары,
Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.
КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы
келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Ресей «КСРО-ң бел
омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның
болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар[өңдеу]
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар
құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы
құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей
және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О.
Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет
құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру,
теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі
мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда
«Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері
кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына
қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы
«Алаш» партиясын құрды. 1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда
100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде
Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ
тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар
ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан
коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген
халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия
мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-
жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды.
1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге
шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат»,
«Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған
бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген
қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да
көз жеткізді.
1991 жылғы тамыз бүлігі[өңдеу]
5 тамыз күні М. С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М. С.
Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда
Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері — Бакланов, Шенин, Болдин, Варенников жөне
Плеханов барып, М. С. Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М. С.
Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты. ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т.
Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков жөне Бакланов болды. 19—21 тамыз күндері ГКЧП
басшылары Мәскеу төңірегіне әскерлерді әкелді. Бірақ, нақты іс-өрекеттерге бармады. Мәскеу қаласында
демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н.
Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-ның іс-өрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП
мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Форосқа барып, М. С. Горбачевті Мөскеу
қаласына өкелді. 22 тамызда ГКЧП басшылары тұтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті. 23 тамызда
РКФСР Жоғарғы кеңесінде М. С. Горбачевтің КОКП-ты таратуға келісім беруі үзілді-кесілді талап етілді. М. С.
Горбачев КОКП-ты тарату туралы келісімге қол қойды. Б. Н. Ельцин РКФСР компартиясын таратты. 1991 жылы 8
желтоқсанда Белорусияның Беловеж Пущесында үш славян мемлекетінің басшылары — Б. Ельцин (РКФСР), Л.
Кравчук (Украина) жөне С. Шушкевич (Белоруссия) кездесіп, “Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
халықаралық құқық негізінде өзінің өмір сүруін тоқтатты” деген мәлімдеме жариялады. 10 желтоқсанда Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы (ратификацияланды) бекітілді. 1991 жылы 16 желоқсанда
Қазақстан Республикасы өз төуелсіздігін жариялады. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы 11 ел басшылары
бас қосып, ТМД елдерінің ынтымағы ретінде Алматы декларациясына қол қойды. КСРО ыдырап, оның орнына жаңа
одақ — ТМД құрылды. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. С. Горбачев теледидардан сөз сөйледі. Ол “ТМД елдері
одағының құрылуы, КСРО деген елдің жойылуы менің КСРО Президенті қызметінен бас тартуыма әкелді” деді.
Кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, оның орнына қызыл,
ақ және көк бояулы Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX ғасыр тарихындағы ең ірі держава — КСРО деген ел тарих
қойнауына кірді.
КСРО-ның сыртқы саясаты[өңдеу]
70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан
басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып,
“жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы
саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат
саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985
жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын
белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева
қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы
келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев
пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С.
Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт
қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8
желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа
қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа
елдеріндегі демократиялық революция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989
жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында
кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989
жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы
3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс
мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989
жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын
алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның
халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы
АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат
ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы
ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында
Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның
құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей
Федерациясының жаңа тарихы басталды.

51. Реформаларға көнбейтін әміршіл-әкімшіл жүйе: реформалардың сәтсіздікке ұшырауы және жүйелі
дағдарыстың өршуі.
Қоғамдық-саяси жүйеде 20 жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары
шарықтай түсті.
Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары
шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу,
ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.
Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.
Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен 
заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды
қудалауға  жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград”
журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын
аталмыш қаулының аясында жүргізді.
Москва мен  Ленинградта  “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы
“Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков,
Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943
жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе,
кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген
“Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда”
газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов
еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала
бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге
асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып,
барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары  А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев,
Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан,
Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп
айыпталды.
1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл  бөлушілермен күрес науқаны
басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген
Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері –
Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының
президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген “Абай
өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр
Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,
Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд
та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар
1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби еңбегіне де  космополиттік деген кәні тағылып,
басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов
пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып
алынды.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-
әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз
баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография
институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты
тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың
тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке  басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде
ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату
жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ  МҚК-не берілді. Л.П.Берияның
қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.
Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.
Сотталған  адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты
қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың
және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру
науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы  Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі
П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары
Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың
орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957-1960),  Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды.
Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін.
Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді.
1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін
әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы  мәселе 25 ақпанда
съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа
табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке
басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық
көрді.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп,
әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті.
Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде
мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-
1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456
адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист
ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов,
С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік
тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі
де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында,
Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт
шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты
көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің
қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика
салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер  орталықтағы
шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-
әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған  башқұрттар, қалмақтар, шешендер,
ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер,
месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп
зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың
“Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара
арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде”
арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша
ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі
тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін
қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және
өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам
өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы
Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау
туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап
ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт
мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде
көтеру мәселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.
Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті
біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды.
Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар
туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде
тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,
С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық
санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда,
Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа
сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында
салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық  шығын әкелді. 1963
жылға  дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343
сынақ жасалды.
Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды  ұсынғаннан
кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы  КСРО
Конституциясын жасауда пайдаланды.
Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады.  ҚазКСР
Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама
болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды.
Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-
жарлықтарын  орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-
әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы
кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1
таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде
жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз
міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық
Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып
А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан  КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.
Соғыстың зардабы мәдениет саласының  дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция
өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының
азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік
көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ
солдаты”, Ә.Нұрпейісовтың “Курляндия”, С.Мұқановтың “Сырдария”, Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” еңбектерін
жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазушылар Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың,
Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа
шығармаларымен байыды. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы дүние жүзіне танылды. М.Төлебаевтың “Біржан мен
Сара”, Брусиловскийдің “Дударай”, Қ.Қожамияровтың “Назугул” опералары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің
алтын қорына кірді.
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ғылым
Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов,
Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович
және т.б. сайланды. 50-шы жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу
институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық картасын
жасағаны және оның методикасын зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин,
Қ.И.Сәтпаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды.
Ал жоғарғы оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ,  50-ші жылдары 13 институт: Семейде – малдәрігерлік-
зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда – медициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда,
Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол
және пионер ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады.  Оқу-тәрбие
процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың
оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің  саны
3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі
тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95
% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл
қылмысының нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің  аясы жылдан жылға тарылып, тіпті ұлттық
территорияға қауіп төнген жағдайлар орын алды.
Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық
мәселелердің барлығы тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде
ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек 
дәріптелді. 

52. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсандағы демонстрация – Кеңес мемлекетінің этноцентристік саясатының
дағдарысы.
Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа,
тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Себептері
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов
облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан.
1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел
намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен
“Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс”
кинофильмдері түсірілді. [2]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987
ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды.
Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің
құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Көтеріліс хронологиясы
Солдан оңға қарай: Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев өздеріне
шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси
тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға
жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында
алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы
негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің
қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне
аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты.
Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне
сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған).
Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков,
М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер
Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б.
қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Куәгерлердің естеліктері
Тарихи маңызы
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске
қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының
азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
Желтоқсан көтерілісі туралы
Кино:
 "Аллажар", Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады. [3]
Қаллдыбай Әбенов
1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа
шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың
денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен
фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері,
бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыздарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым.
Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым. 

53-54.Қазақстанда 1921-1922 жылдардағы аштықтың себебі не және оның зардаптары қандай болды

1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп
тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда
жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол
елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20
млн астам адам аштыққа ұшырады. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді.
Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып
кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің
санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды.
Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе
губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны
болды. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы
кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д.Чурин өз естелігінде: «1921-1922 жылдардың қысында уезд
орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз» деп
жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар
үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны
Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға
қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті.
Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не
дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.

55. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.

«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында
өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған
бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс
тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты
және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ
қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде
халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік
деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-
бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары –
Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы
басқалар одан әрі дамытты.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:


1. Мемлекет қалпы
Ресей демократиялық, федеративтік республика болу (Демократия мағынасы- мемлекетті жұрт билеу. Федерация
мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір
болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша
кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер
Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады.
Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен
қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.
2. Жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының Федерациялық бір
ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз
алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс,
аулнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар
болуына жаһид қылады (тырысады). Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық
адамдардың атын халық қалауына салады. "Алаш" партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау
болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды (дамыта бастайды).
3. Негізгі құқық
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға,
жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім
табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай
тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа
тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу.
4. Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін сжаюға ерік. Кіру – шығу жағынан бостандық.
Муфтилік қазақта өз алдында болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта
қаралу.
5. Сот және билігі
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде
соттың тергеу- тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз
түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би өәм судья болып, кім де болса, олардың
үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп
жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт
ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
6. Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету:
әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
7. Салық
Салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
8. Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод- фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз.
"Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)
9. Ғылым – білім үйрету
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде
ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу
ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
10. Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер
сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу: бұрын алынған жерлердің мұжық
отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитетер кесу; сыбаға өлшеу- норма жердің
топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған
жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй
басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; һзара әділдің жолмен пайдалану.
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну.
Жердің кені, астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі
болып, аз ағаш һәм көп байлықтары земство мүлкіне саналу.
56.Қазақ АКСР-ның құрылуы және оның тарихи маңызы

1 - ҚазАКСР құрылуы
1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде
Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік
республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін
Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ
уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз
(Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы -
Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы
орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам

2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын
белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал
облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул
уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін
Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей
облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің
тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан
ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық
өңір қазақ халқына қайтарылды

57.1991 тамыз төңкерісі және оның сәтсіздігі

Тамыз төңкерісі - Михаил Горбачевті КСРО-ның президенті лауазымынан алып тастауға және 1991 жылғы 19


тамызда Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет өзі жасаған бағытын өзгертуге әрекет жасау.

1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденциясы) М.С. Горбачев тоғыз одақтас
республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді.
Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Дербес Мемлекеттердің
Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау,
сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. Жаңа одақтық шарттың
жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта
қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді.
Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.
Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде
экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық
күш реформалық саясатқа қарсы шығып, КСРО ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.
1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевтің
денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Янаевтың тағайындалғаны
туралы мәлімдаме жасады.
Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК)
құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примьер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс
министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К.
Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды
пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК
қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.
КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын
және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның
бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-
мемлекеттік төңкеріс. Қырымда демалып жатқан КСРО Президенті Михаил Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.
ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртүрлі болды.
Қырғызстан, Украина өз аймақтарында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі
халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы
РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономикалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің
қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.
Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Мәскеудегі тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының
көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны
(Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.
1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде
ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.
1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен
қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық
келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті.
Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», «Семей
ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету
туралы» т.б. жарлықтар шығарды.
Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23
тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы
шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік
партиясы құрылды.
Елдегі болып жатқан саяси үрдістер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады.
1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді
оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика
Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

58.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың


“Қазақстан-2030” стратегиясы.

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық


бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған
арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл
жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
 Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы.
Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық
қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде
демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен
форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық
тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын
қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің
жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
 Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының
кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына
кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық
пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
 Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық
экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның
экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету,
экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер
жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи
қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
 Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру,
экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды
салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен
наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау,
қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
 Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың
көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық
технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін
басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар
желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға
және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау,
өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
 Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді
күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және
Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
 Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық
мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді
мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға
қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

59.Нұрсұлтан - тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы.


Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың
халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік
қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың
Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта
аталды.
Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады. Қала төрт ауданнан
– «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан
солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа
терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт
континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында
қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен
Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.
2017 жылы елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті, оған Есіл өзенінің сол жағалауында  көрме кешені -
ЭКСПО-қалашығы бой көтерді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің
орталық нысаны «Нұр әлем» деп аталады. Алып шар тәрізді ғимарат – әлемдегі ең үлкен сфера. Оның диаметрі 80
метр болса, биіктігі – 100 метр. Сегіз қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су және
кинетикалық энергияға арналған. Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясына арнайы
бөлінген.
Аталмыш сфераның төменгі табанындағы 5 мың шаршы метр аумақта Ұлттық павильон болады. Павильон
«Қазақстанмен танысу» және «Жасампаздық энергиясы» атты екі басты тақырыпты қамтиды. Павильонның бірінші
бөліміне ландшафт, мәдениет, тарих, Қазақстанның өткені мен болашағы туралы мәліметтер беріледі. Ғарыш, күн,
биомасса, жел, су және кинетика – қуат көздерінің негізгі түрлері сандық, мультимедиялық және интерактивті
технологиялар арқасында келушілердің назарын аудармақ.

60.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2050” стратегиясы.

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі
заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті
орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу
негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» [1].
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі
межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан
жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды [2].
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген
реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған
Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті
стратегиялық басымдылықты анықтады.
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының
нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту
қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар
арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті [4].
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың
жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде
барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең
мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның
тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият,
индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет
және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық
қауіпсіздігі болып табылады. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы
жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа
жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

You might also like