5 Is Areket Zertteu 5

You might also like

Download as doc, pdf, or txt
Download as doc, pdf, or txt
You are on page 1of 2

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы есеп жазу

1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу


Бұл бөлімде сіз:
1) Жеті модуль арасынан неліктен бұл тақырыпты таңдағаныңызды түсіндіруге тиіссіз:
Сіздің сыныбыңыз тұрғысынан неліктен бұл маңызды болып табылады?
Сіздің мектебіңіз тұрғысынан неліктен бұл маңызды болып табылады?
2) Іс-әрекеттегі зерттеу шеңберінде сіз зерттеп жатқан оқыту және оқу аспектісі туралы не
белгілі екенін түсіндіруге тиіссіз:
Бұл бөлімде сіз бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде талқыланған және Мұғалімдерге арналған
нұсқаулықта баяндалған релевантты идеяларды талқылауға тиіссіз. Осы саладағы негізгі
авторлар мен маңызды болып табылатын зерттеулерге сілтеме жасау қажет. Бұл бөлімді
толықтыру мақсатында Нұсқаулықта берілген материалға қосымша басқа ресурстарды
оқып шығу ұсынылады.
3) Өзіңіздің зерттеу сұрағыңызды жазуға тиіссіз:
Бұл сіздің не нәрсеге қол жеткізгіңіз келетінін нақты көрсетіп, осы сұраққа жауап берген
кезде талқылаған идеялармен тікелей байланысты болу керек: мысалы, «Бірлесе анықтаған
критерийлер бойынша оқушылардың өз жұмыстарын бағалауы олардың қазақ тіліндегі
жазбаша жұмыстарының сапасын жақсарта ма?»

2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері


туралы есеп. –
Бұл бөлімде сіз:
1) Сіздің іс-тәжірибеңізге қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндіруге тиіссіз:
Өзіңіздің әдеттегі оқыту іс-тәжірибеңізде нақты нені өзгерттіңіз? Бұл үдеріске қандай
балалар қатысты? Неліктен нақ осы балалар (барлық сынып қатыспаған жағдайда)?
Сіз қандай балалардың оқуына көңіл аудардыңыз? Неліктен нақ сол балаларға (бүкіл
балалар бақыланбаған жағдайда)?
Балалар қандай жаттығуларды орындады? Олардың балалар сыныпта орындайтын әдеттегі
жаттығулардан айырмашылығы қандай еді?
Қандай жаңа ресурстар пайдаланылды? Олар әдетте пайдаланылатын ресурстардан қалай
ерекшеленді? Сіз неліктен бұл өзгерістерді енгіздіңіз – олар бірінші «Бетпе-бет»
кезеңіндегі бағдарламаның идеялары мен Нұсқаулықта сипатталған идеялармен қалай
байланысады?
2) Балалардың білім алғандығын көрсету үшін қандай дәлелдемелер жинақталғанын және
олар нақты қалай жиналғанын түсіндіруге тиіссіз:
Оқыту бейнежазбаға түсірілді ме? Бейнежазба жүргізілсе, нақты қанша сабақ, сыныптың
қай бөлігі?
Сіз бақылау жүргіздіңіз бе? Сіз арнайы нысанды пайдаландыңыз ба, әлде жазбалар
жүргізіп отырдыңыз ба?
Сіз балалардың жұмыстарын жинадыңыз ба?
Сабақты бағалауды аяқтау үшін балалармен әңгімелестіңіз бе?
Балалардың білім алғандығын анықтау үшін басқа қандай әдістер қолданылды?
Қандай да бір әдісті таңдап алу себебін түсіндіре алар ма едіңіз. Мұндай әдістердің
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

3-бөлім: Қорытынды және талдау –


Бұл бөлімде сіз:
1. Өзіңіздің қорытындыңызды дәл және анық ұсынуға тиіссіз:
Сандық қорытындыларды:
 кестелер;
 сызбалар;
 алуан түрлі графиктер арқылы беруге болады.
Мұндай қорытындылар қандай да бір оқиғаның неше рет болғанын білдіріп, сондай-ақ
оқушылар мен оқиғалар немесе екі түрлі оқиғаның және т.б. арасындағы өзара
байланысты көрсетуі мүмкін.

Сапалық қорытындыларға:
 Сыныптағы әңгіменің транскриптілерінен үзінділер;
 Фотосуреттер (түсініктемелермен болуы мүмкін);
 Бейнежазбадан алынған стоп-кадрлар (түсініктемелермен болуы мүмкін);
 Оқушылар жұмыстарының көшірмелері (түсініктемелермен болуы мүмкін);
 Әңгімелесу транскриптілерінің үзінділері;
 Оқушылардың бағалауы және олардың түсініктемелері енуі мүмкін.
Сапалық қорытындылар (деректер) көбіне сандық қорытындыларды (деректер) көрсету
мақсатында қолданылады. Мысалы, мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған 1-
тапсырма кезінде сіз сұрақтарға жауап беру кезінде ойлау түрлерінің іске қосылу жағдайларын
есепке алуды жүргіздіңіз. Жағдайлар саны сандық деректер ретінде графикалық түрде берілуі
мүмкін. Айтылған дәлелдеме ойлаудың қандай да бір деңгейін іске қосатын сұрақтарды
көрсетумен қуатталуы мүмкін. Сонымен қатар ол әр түрлі ойлау типтерін анықтауға арналған
сұрақтарға оқушылардың берген жауаптарымен қуатталуы мүмкін.
Сіздің сандық және сапалық деректеріңіз дәл және анық беріліп, сіздің талдауыңызға
арналған дәлелемелердің таныстырылымына енуі тиіс. Алайда ол талдау болып табылмайды.

1) Сіздің пікіріңізше не болғаны туралы негізделген тұжырым шығару үшін өз


қорытындыларыңызды талдаңыз. Бұл талдау сіздің зерттеу сұрағыңызға жауап беруге
көмектеседі.
Талдауда сіз өз қорытындыларыңызға сүйенуге тиіссіз:
Мысалы, «Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ
деңгейде ойлануға көмектесе ме?» деген зерттеу сұрағы үшін:

График өткен сабақта мен ашық сұрақтарды аз қолданған кезінде менің сұрақтарымның көбі
ойлаудың төменгі деңгейін іске қосқандығын көрсетеді. Бұдан кейін мен ашық сұрақтарды
көбірек пайдалана бастадым, ал бұл болса балалардың, Блум таксономиясы бойынша, қолдану
мен талдау деңгейіндегі ойлауын іске қосты. Осындай араласу балалардың ең жоғарғы ойлау
деңгейін – жинақтау (синтез) және бағалауды - дамытуға әкелген жоқ, дегенмен төмен
деңгейде ойлау көрсеткіші төмендегенін көрсететін дәлелдемелер бар.

4-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-
тәжірибеге жасайтын ықпалы
Бұл бөлімде сіз:
1) Іс-тәжірибеге өзгерістер енгізе отырып және балаларды оқыту жөнінде дәлелдемелерді
жинай отырып, өзіңіз тап болған қиындықтарды талқылауға тиіссіз:
Сіз жоспарлаған өзгерістерді енгізе алдыңыз ба?
«Белгіленген» барлық балалардың білім алғандығы туралы дәлелдемелерді жинақтай
алдыңыз ба?
Сіздің деректерді жинау әдісіңіз жоспарлағандай нәтиже берді ма?
2) Келесі жолы нені жақсартатыныңызды түсіндіруге тиіссіз:
Өзіңіз тәжірибеге енгізген өзгерістерді түзетесіз бе?
Сізге көбірек пайдалы ақпарат беретін дәлелдемелерді жинаудың басқа тәсілдері бар ма?
3) Іс-әрекеттегі зерттеу жобасынан алған тәжірибеңіз сіздің болашақтағы іс-әрекетіңізге
қалай әсер ететінін түсіндіруге тиіссіз:
Осы өзгерістерді енгізуді жалғастырасыз ба?
Бұл өзгерістерді сіз басқа жағдайларда қолданасыз ба?
Сіз өз тәжірибеңіздің басқа салаларын өзгертесіз бе?
Басқа адамдардың тәжірибесіне осы тәсілдермен өзгеріс енгізуге көмек беру үшін басқа
адамдармен жұмыс істейсіз бе?

You might also like