Ñàóàòñûçäû?òû Æîþ, ?ûçûë Îòàó Èììèãðàöèÿ Òåðìèíäåð Íå Àíû?

You might also like

Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 13

1.

Индустрияландыру - бұл қоғамның қозғалысы мен халықтың шаруашылық өндірісінен өндіріс өнімдеріне және
ілеспе қызмет көрсетуге дейінгі ресурстардағы жалпы өзгеріс.
Жаңарту, жаңғырту, қоғамды, экономиканы, әлеуметтік саланы қазіргі заман талабына сай жаңғырту деген ұғымды
білдіреді.
2. «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз.
- Сауатсыздыкты жою - сауатсыз үлкендерді, мектепке тартылмаған мектеп жасындағы жасөспірімдерді жаппай
сауаттылыққа үйрету.
- Қызыл отау - Баяғыда қызыл қанға боялған большевиктер келіп, киіз үйге қызыл туын тікті.
- Иммиграция - қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе
уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі
3. Шовинизм– ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі. Бір ұлттың мүддесін басқа ұлттардың мүддесінен жоғары қою
Толеранттық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-
ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті.
4. Полиэтникалық қоғам – бірнеше ұлттан, ұлттық топтардан тұратын қоғам. Көп этностық қоғам жалғыз этностық
қоғам ұғымына кереғар.
Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір
мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_
%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96"
6. Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-
жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
Полихромды стиль, ғұн стилі (грек. polychromos — көпбояулы) — қолданбалы өнер түрлерінде, сондай-ақ сәулет,
мүсіндеу өнерінде жиі қолданылатын безендіру тәсілі. Басты ерекшелігі – беріліп отырған негізді (яғни затты,
қабырғаны, т.с.с.) әр түсті материалдарды пайдалану арқылы сәндеу.
7. Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа
салу.
Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі
барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
8. Полиэтнос - екі және одан да көп кішігірім халықтарды, әртүрлі этникалық топтарды және т.б. қамтитын кең, үлкен
халық.
Моноэтнос-белгілі бір ұлттың (этностың) тарихи қалыптасқан этникалық аумағында құрылған және оның егемендігін
бейнелейтін мемлекет. Тарихи тұрғыдан алғанда, моно-этникалық мемлекеттер, әдетте, ұлттың (этникалық топтың)
қалыптасуының басталуы мемлекеттің қалыптасуымен сәйкес келетін жерде дамыды, осыған байланысты
мемлекеттік шекаралар көбінесе этникалық шекаралармен сәйкес келді (мысалы, Батыс Еуропа мен Латын
Америкасының бірқатар елдері). Біртекті ұлттық (этникалық) құрамы бар мемлекеттердің мысалдары Жапония,
Солтүстік және Оңтүстік Корея, Италия, Португалия, Бангладеш, Дания, Исландия, Венгрия, Армения, көптеген араб
елдері (ең алдымен араб түбегі) және т. б.
9. Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа
құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының
бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып
кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі
тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар).
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін
ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын
көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа,
халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады
(субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
10. Рабад - ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі. Археологиялық зерттеулер,
ортағасырлық қалаларды үш бөліктен ( цитадель,шахристан және рабад) тұрғындығын анықтаған.
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының
көшпелі тұрғын үйі.
11. Доктрина (латын тілінен аударғанда: doctrina, « үйрету, нұсқау » деген мағынаны білдіреді) — білімнің белгілі бір
саласындағы немесе сенім жүйесіндегі ілімдердің мәні ретіндегі нанымдардың кодификациясы немесе ілімдер немесе
нұсқаулар, үйретілетін принциптер немесе ұстанымдар.
«Зайырлылық» сөзі қазақ тіліндегі «ашық», «айқын», «сыртқы» деген мағыналарды білдіретін араб тіліндегі «захири»
сөзінен енген. «Зайырлылық» ұғымы латын тіліндегі «laicus» («лаицизм»), «saecularis» («секуляризация») сөздерімен
үндеседі. «Саясаттың діннен оқшаулануы, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы» деген мағынаны береді.
«Зайырлылық» ұғымының ауқымы кең. Зайырлылық аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-
ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық
еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көп түрлілікті мойындау болып табылады.
12. Ирредентизм - (латын. irredenta - азаттығы жоқ, terra - жер) — бір халық орналасқан, мемлекет мемлекеттік
шекарамен бөлінген аумақтардың қосылуын көздейтін бағыт, қозғалыс.
Диаспора (гр. διασπορά - шашыраңқы) - әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары
өмір сүретін халықтың бір бөлігі.
13. Шежіре (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір
тармағы.
Дәстүр- (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға
қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан
бөлігі.
14. Автохтонды мәдениет- белгілі бір аймақтың ең ежелгі халқының мәдениеті, алғашқы пайда болған жерінен қоныс
аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін
ортақ белгілері бар қауымдастық.
15. Мәдени-генетикалық код - этнос мүшелерінің арасындағы ерекше өзара байланыстар . Бұл биологиялық өзара
байланыс, тарихи өзара байланыс, әлеуметтік өзара байланыс болып табылады . Ұлттың мәдени - генетикалық коды
нышандар мен бейнелерді , салттар мен дәстүрлерді , ғұрыптарды , музыканы , дүниенің тілдік бейнесін ,
фольклорды , халықтық ырымдарды , мақал - мәтелдерді , өнегелілік құндылықтарды , эпос пен тарихи мұраларды
құрайды
Ұлт дегеніміз - рухани, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси байланыстармен біріктірілген адамдар
қауымдастығы. Латынның natio сөзі аудармада «тайпа, халық» деген мағынаны білдіреді
16. Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің
өкілдері Ақсүйек саналған.
Қарасүйектерді біз жай халық деп алмаймыз.Оларға батырлар,билер және малшылар,егіншілер.
17. Төңкеріс немесе Революция [1] (лат. revolutіc – бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен
танымдағы сапалы өзгерістер.
Реформа (лат. refōrmāre – қайта құру, жаңғырту) — өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір
институттарды қайта құру, өзгерту.
18. Жәдидшілдік (араб.: …‫ —طريقة جديدة‬жаңа әдіс) — 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ресей
империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық
қозғалыс.
антүркизм немесе османизм – түркі тілдес, түркі-мұсылман халқын Түркияның қол астына біріктіруден туындаған
ұлтшыл-буржуазиялық идеология.
19. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам
өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады,
оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да
Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда
орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен
басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-
жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
20. Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді бөлу,
олардың арасындағы байланыстарды бұзып, өзара ынтымақты іс-қимылын жою.
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік
саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
21. Монархия [1] (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша,
шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін
басқару тұрпаты.
22. Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы.
Отрар - ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-
батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл
атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут
“Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-
Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ.
жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-
Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан
кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген.
Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге,
Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше,
қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
23. Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау
шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді).Үкімет басшыларрының зан орындары арқылы өз халқын , оның
жекелеген өкілдерін қуғынғ а ұшыратып , жазалау шаралары
24. Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір
шешеден тараған туыстар тобы.
Қазақ жүздері — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш
жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
25. Материалдық мәдениет - біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы,
табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы ғана
бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндетті және өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің
нәтижелері.
Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың
жиынтығы.
26. Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму
тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі
қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа
құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.,
27. Репатриация[1] (лат. repatrіatіo — Отанға оралу) — түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған
адамдарды Отанына қайтару
Депортация (лат. Deportatio «шығару, шығарып жіберу») немесе шығарып жіберу дегеніміз - адамды немесе
адамдардың бүкіл санатын басқа мемлекетке немесе басқа елді мекенге мәжбүрлеп шығару.
28. Қазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымы. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық жаңа үрдістер және шаруа
мәселесі 20-жылдардың екінші жартысынан бастап кенес мемлекеті экономикалық және саяси күйреуден арыла түсті,
ЖЭС идеологиясынан бас тартып, саясатын қайтадан Қазан революциясы бағытына бұрды.
Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені
ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың
экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
29. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама– қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы (1723- 1725) салдарынан
басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейтін ұғым.
Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ
хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған
тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты
зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-
жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе "Зар Заман ақындары" деп атайды
30. Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір
аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым.
Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады.
31. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D2%A3%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%BA
%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D2%9A
%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_
%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B
32. ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. ХІХ
ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мұсылман мектептері мен медреселерде білім алды. Оларды негізінен
молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде, негізінен, ер
балалар оқыды.
33. Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан
облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына
байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы
(1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар
қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта
үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін
жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп
табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар
және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына
Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын
қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
34. Ақ Орданың пайда болуы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына алғышарттар тудырды.
Ақ Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы, оның ұлттық ой санасы қалыптасуының
ұйытқысы (концентрат) болып табылады
35. https://assembly.kz/analitika/ortaly-aza-stanny-10-kieli-orny/
36. Көшпенді өмірге ең колайлы, шапшаң тігіп, тез жыға салатын, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Іші қыста жылы,
жазда салқын болатын киіз үй кез келген жауын-шашынға, дауыл мен боранға төтеп бере алады.
37. 16 — 19 ғ-ларда ұлттық сананың өсуі шетелдік құлданушылар мен езгіге ұшыраған халықтардың арасындағы
қарама-қайшылықтардың шұғыл шиеленісуіне себеп болып, жат жерлік үстемдікке қарсы күреске шаруалар мен қала
халқының қалың топтары тартылды. Оған капит. қатынастардың дамуы нәтижесінде жалпы ұлттық рыноктың
құрылуы себеп болды. Мемлекеттілігі жоқ немесе одан айрылған халықтардың ұлт-тық мемлекеттер құруға ұмтылысы
үстем ұлттардың қарама-қарсылығына ұшырады. Мысалы, патшалы Ресей, Германия мен Австрия-Венгрия езгісіне
түскен поляк халқы, Австрия-Венгрия империясы құрамындағы чехтар, словактар, словендер, хорваттар, т.б. Осының
нәтижесінде халықтардың өзін-өзі билеуге қол жеткізуіне ұмтылған ұлттық қозғалыстар пайда болды. Бұл
қозғалыстар демокр. сипат алып, оны ұлттық буржуазия өкілдері басқарды. 16 — 18 ғ-лар Батыс Еуропа, Солт.
Америка елдері үшін ұлттық қозғалыстардың даму және ұлттық мемлекеттердің қалыптасу дәуірі болды (Нидерланд
бурж. революциясы, Солт. Америкадағы Тәуелсіздік үшін соғыс, т.б.). 19 ғ-дың 2-жартысында Германия мен
Италияның бірігуі аяқталып, болгар, румын, серб ұлттық мемлекеттері өмірге келді. Чех, поляк, фин халықтарының
тәуелсіздік үшін күресі өріс алды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) жылдары Еуропа халықтарының гитлеризмге
қарсы күресі де белгілі бір мөлшерде ұлт-азаттық сипат алды.
38. 19 — 20 ғасырларда Ұлт-Азаттық Қозғалыснегізінен Азияда, Африка мен Латын Америкасында күшейді. 19 ғ-дың
соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі державалардың экспансиясы бұрын-соңды болмаған құлаш жайып, отарлық жүйе
пайда болды. Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері монополистік капитал тарапынан ұлттық езгі мен қанаудың
нысандарына айналды
39. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі
құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан
бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды
қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі
жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір
ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда
шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы
жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек.
Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын
тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып,
енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы
құжаттарда сақталып қалған.
40. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі
түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қазақстанның барлық облыстарына қоныстандыру XIX ғ. 70-
жылдары қарқын алып, ғасыр соңына қарай ол жаппай сипатқа ие болды. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда
құрылған облыстардағы халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып қалыптаса бастады. Мысалы, Қазақ жерінің
батысындағы Орынбор қазақтары облысында, Бөкей Ордасында, Орал казак әскерінде қазақтардан басқа орыстар,
татарлар, қалмақтар, армяндар, башқұрттар, түркімендер, өзбектер, еврейлер өмір сүрді. Ал Сібір қазақтары
облысында (Қазақ жерінің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық аумақтары) орыстар, поляктар, татарлар, башқұрттар,
өзбектер, қырғыздар және т.б. қоныстанды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан аумағына орыстар арасындағы ескі
әдет-ғұрыпты ұстанушылар (старообрядцы) патша үкіметі мен шіркеу тарапынан жасалған әкімшілік және діни
тұрғыда жасалған қысымнан бас сауғалап, сонау XVIII ғасырдың 60-жылдарында-ақ қоныстанған болатын. 1886
жылы Түркістан өлкесінде қоныс аударушыларды орналастыру тәртібі туралы ереже қабылданды. Қоныс аудару
саясатына ұйымдасқан сипат беру үшін және Қазақ жеріне шаруалардың ерікті әрі бей-берекет қоныс аударуын
шектеу мақсатында 1889 жылы 13-шілдеде патша үкіметі «Қазына жеріне село тұрғындары мен мещандардың ерікті
қоныс аударуы туралы және бұрын қоныс аударған аталған топтарды есепке алу тәртібі туралы» арнайы ереже
қабылдады. Бұл ереже бойынша қоныс аудару тиісті органдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылатын болды.
Сондай-ақ, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында қоныс аудару аудандары нақты белгіленді. 1891 және 1892
жылдары аталмыш ереже Торғай мен Орал облыстарына да енгізілді.
41. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BD
%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB
%D1%83%D1%8B
42. https://e-history.kz/media/scorm/263/312/text/text.htm
43. Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26
қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі
бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік
Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-
меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.[1].Дәл осының өзі большевиктердің
көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа
Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады
деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым
көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің
II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
44. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D2%9B
%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB
%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96
45. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түркі тайпасының әулеттік Ашина руынан шыққан
Түркі қағанатының билігіне түсті. Түркі этносының өзі қағанаттың құрылар алдындағы кезеңде Гәңсу, Шығыс
Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасқан.
46. https://e-history.kz/kz/projects/show/23008/
47. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын
мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына
айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең
үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс
Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті.   Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: біріншіден, Алаш
зиялылары «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ» деді. Екіншіден, елдегі
барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, Қазақстан Ресей империясының құрамына енуінен бастап
қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас тартып, «қазақ елі толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол
жеткізуге ұмтылуы тиістігі» айтылды. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі
болуы керек. Бесіншіден, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық
мемлекет құру еді. 
Алтыншыдан, қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға
барлық кепілдіктер мен құқықтары сақталынады. Мемлекет ғылымға негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі
тұтуы қажет. Дін істері мемлекеттен бөлінген, зайырлы біртұтас демократиялық мемлекет құру қажеттігі айтылды. 
Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекет құру еді. Алаш идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын
Қарқаралы петициясынан, «Алаш» партиясы бағдарламасынан және ұлттық-демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің
еңбектерінен көре аламыз. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси тұрғыдағы ой-пікірінің маңызы зор.
48. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_
%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96_
%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B5_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%BE
%D1%80%D1%82%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BB
%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA
%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80
49. Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі. Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан
бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар
да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық
материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.
50. https://ulagat.com/2022/01/25/xviii-%D1%85%D1%85-%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B
%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD
%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B
%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0/
51. https://melimde.com/aza-handifi-memleketti-sayasi-instituttari.html
52. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған
байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің
концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономаканың озық тәжірибелерін ескере отырып
шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу — экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін
катардағы көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды.
1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды.
1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау,
бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты,
т.б. мәселелер қаралды.
1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ
тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”,
т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров,
Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекеттікекет тарапынан орасан мол қаржы
жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны
333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті
(оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте
оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді.
1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы
қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп
(Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-
ларға кетіп жатты.
1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-
ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.
1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.
1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-
тен 237-ге жетті.
1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ
балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты,
мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мысалы, 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет
етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді.
1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп
жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды.
1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж.
республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау
мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов,
Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты.
Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орталық Қазақстанға Ресей, Украина,
Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына
байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды.
Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы
құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам
аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап
оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді.
1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 –
63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап
төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді.
Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде
жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті.
1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап
оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала
даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Мектептегі оқу ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды,
көп қаржы жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы
білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім
беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар балаларға арналған
лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу ісі де
жүргізілді.
Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883 ж. Ы.Алтынсариннің басшылығымен Орск қаласында ашылды.
Ыбырай енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына арналған тұңғыш кәсіптік мамандық беретін
училищилердің ашылуы болды.
1886 ж. Торғайда қолөнер училищесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда
ауыл шаруашығы училищесі ашылды.
Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж. Ақтөбеде қыздар училищесі іске қосылды. Бұл оқу
орындарында қолөнері мен ауыл шаруашығы шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің кәсіптік білім беру
жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып,
1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орталық Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды,
Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым
қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш
генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты
Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Социалистік Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б.
оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қалаларында ашылды. 1883 –
1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты.
53. 1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды.
1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау,
бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты,
т.б. мәселелер қаралды.
1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ
тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”,
т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров,
Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекеттікекет тарапынан орасан мол қаржы
жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны
333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті
(оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте
оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді.
1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы
қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп
(Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-
ларға кетіп жатты.
1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-
ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.
1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.
1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-
тен 237-ге жетті.
1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ
балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты,
мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мысалы, 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет
етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді.
1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп
жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды.
1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж.
республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау
мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов,
Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты.
Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орталық Қазақстанға Ресей, Украина,
Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына
байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды.
Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы
құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды.
Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-
сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді.
1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 –
63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап
төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және
жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны
кеми түсті.
1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап
оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала
даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Мектептегі оқу ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды,
көп қаржы жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы
білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды.
Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар
балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы
мектептер ашу ісі де жүргізілді. Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883 ж. Ы.Алтынсариннің
басшылығымен Орск қаласында ашылды. Ыбырай енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына
арналған тұңғыш кәсіптік мамандық беретін училищилердің ашылуы болды.
1886 ж. Торғайда қолөнер училищесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда
ауыл шаруашығы училищесі ашылды.
Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж. Ақтөбеде қыздар училищесі іске қосылды. Бұл оқу
орындарында қолөнері мен ауыл шаруашығы шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің кәсіптік білім беру
жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып,
1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орталық Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды,
Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым
қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш
генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты
Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Социалистік Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б.
оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қалаларында ашылды. 1883 –
1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты.
54. Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды калыптастырып, ұрпақтардың тарихи
жадындай эпостык шығармалар аркылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі кат-қабат окиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке
тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халкының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік
тəжірибесі жинакталған ауыз өдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз əпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол
арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты.
Трансқұрлыктық байланыстар желісі, сондай-ақ әрісі Африка, берісі Еуропа құрлықтарының саяси-этникалық
картасына дүркін- дүркін өзгерістер енгізген жеңімпаз жорықтары арқылы көшпелілер өзара өрекеттескен өзге
халықтарды рухани байытып, жалпақ әлем, жарык дүниенің кендігі мен сан алуандылығын көрсетті; экономикалық
дамудың, әлеуметтік, ұйымдасудың әр қилы сатысында тұрған, рухани, ділдік, нәсілдік, этномәдени, т.б. сипаттары
сөйкес келе бермейтін, бір-бірінен оқшау орналасқан аймақтардағы адамзат қоғамдастығының арасына донекер
болды. Ислам ренессансын бастан өткеріп, олемдік ғылымдар мен ғылыми-танымдык ізденістердің бастауына (әл-
Хорезмидің "әл-Жебрасы", Ұлыкбектің астрономия зерттеулері, Омар Хайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли
Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі өлемінің ішкі тұтасуының саяси-экономикалық, мəдени жене
этногенетикикалық үрдістері Шыңғысхан империясының шапкыншылығы кезінде күрт тоқырауға үшырады.
Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір
бөлігі Шыңғысхан империясының саяси құрылымын, әлеуметтік- құкықтық негіздерін жетілдіруге атсалысып, ұлан-
ғайыр кеңістікке канат жаюына тікелей жәрдемдесті. Шыңғысхан Түркі қағанаты кезінде қалыптасқан әскери-
әкімшілік жүйені бұлжытпай басшылықка алды. 15 ғ-дың 60-жылдары құрылған Қазақ хандығының тағдыры ұлы Түркі
қағанаты жөне Шыңғысхан империяларының тарихымен тамырласып, шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан
территориясындағы сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, этносаяси үрдістердің занды жалғасы ретінде өрбіді.
Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы катар дамыған, дөстүрлі кала мәдениеті
бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде 14—15 ғ-лардг. біртұтасс экономикалық аймақ құру үрдісі бүкіл казак жерін
бірегей саяси кұрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орталық Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ
хандығы мемлекетттік нышандарын жетілдіріп қана қойған жоқ, қазақ ұлтын тұтастырып, оның этникалық жер
аумағын нығайтып, рухани жөне материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік шаруашылық жүргізу тенденцияларының
өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси ахуалға қаяу түсірді. Елдің солтүстігінде өз тауарларын өткізу рыногын əрі арзан
шикізат көзін иемдену, әділетсіз экономикалық айырбаска жол ашу мүддесі көкейін тескен Ресей империясы ентелеп
түрды.
55. Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан
кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына
көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы
көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге
көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды.
Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді.
Сондай-ақ жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала
туу көрсеткіші төмендеді.
56. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және
шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті.
2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалалардың бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры
ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық елшілікті қабылдаған. Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар
үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған.
57. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8595/
58. Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 1950 жылғы деңгейден 2,8 есе, оның iшiнде егiншiлiкте 3,3 есе,
мал шаруашалығында 1,9 есе артты. Дәндi дақылдардың егiс көлемі 1950 жылы 6,0 млн. га-дан 1960 ж. 21,9 млн. га-
ға жеттi. Мемлекетке астық сату 1960 жылы 10,5 млн. т-дан асты (1950 ж. 2,1 млн. т). Алайда тың игерудiң пайдалы
жақтарымен қатар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарлары да болды. Тың көтеру әлеуметтік
тұрғыдан бiрқатар керi әсерлерге ұшыратты. Тың және тыңайған жерлердi игеру одақтың басқа аймақтарындағы
еңбек қорларын тарту арқылы атқарылғандықтан iс жүзiнде бақылаусыз көшi-қон қозғалысы туды. Тың игерген
аймақтың жергiлiктi тұрғындарына балалары оқитын мектептердiң, өздерi iстейтiн ұжымшарлардың жабылып
қалуына байланысты туған жерлерiн тастап кетуге мәжбүр болды.
Соның салдарынан республиканың жергiлiктi тұрғындарының үлес салмағы 30%-ға дейiн азайды. Қазақ тiлiнiң дамуы
мен қазақ этносының әлеуметтік-мәдени институттарына қатер туды.
5-бесжылдықта республикада 200-ге жуық iрi кәсiпорын қатарға қосылды. Қарағанды металлургия зауыты, Соколов-
Сарыбай кен байыту комбинаты салына бастады. Жаңа көмiрлi аудандар (Саран, Шерубай — Нұра, Шахан) игерiлдi.
Екiбастұз кенiнде алғашқы iрi көмiр қимасы пайдалануға берiлдi. Өскемен су электр станциясы iске қосылды,
Бұқтырма СЭС-нiң құрылысы басталды. Мұнай және газ өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Химия өнеркәсiбi
Қазақстанның ауыл шаруашылығын және Орта Азия республикаларын фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге
негiзделдi. Қарағанды синтетикалық каучук зауыты ауыр өнеркәсiптi органикалық синтез өнiмдерiмен, құрылыс
индустриясын кальций карбидiмен қамтамасыз еттi. Республикада құрылыс жұмыстары кең өрiс алды. 1960 жылдың
қаңтарына қарай Қазақстанда 398 кiрпiш, 119 әк зауыттары, 221 қабырға блоктарын өндiретiн кәсiпорындар, 895
бейруда құрылыс материалдарын өндiретiн өңдеушi кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1958 ж. Алматы, Өскемен, Қарағанды
қалаларында алғашқы телеқондырғылардан бейнехабар берiле бастады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығында қайта өңдеу, сақтау, iске асыру ең артта қалған салалар болды. Бұл кезеңдегi
экономикалық дағдарыс әлеуметтік саланы да қамтыды. 1970 — 1985 жылдары республика тұрғындарының
көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi, жалпы алғанда, көтерiлгендiгi байқалады. Отбасының көбiнде теледидар, тоңазытқыш,
кiр жуу машиналары пайда болды, азаматтардың жеке меншiк автокөлiктерi мен ұзақ мерзiмдi сұраныс тауарларының
саны көбейдi. Алайда әлеуметтік салада, жалпы алғанда, жағымсыз процестер тез шешiлудiң орнына үдей түстi.
Қаржыландырудағы қалдықтық қағиданың салдарынан медициналық қызмет көрсету, бiлiм беру, мектепке дейiнгi
тәрбие беру iстерi артта қалды. Ауылдар мен селолардың жартысынан көбiнде денсаулық сақтау мекемелерi
болмады. Үй, мәдени-тұрмыс нысандарының құрылысы, қызмет ету түрлерiнiң дамуы тұрғындардың қажеттiлiгiнен
көп төмендедi. Бұл жылдары iрi өнеркәсiптiк және энергетикалық кешендердi салатын мекемелердiң үлкен ауқымды
индустриялы экспансиясы өрiстедi. Мұның бәрi қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтiредi.
59. «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқан жылы 100 аспирант өз білімдерін шетелдегі жоғары оқу орындарында
толықтыруға мүмкіндік алған. Қазір тек аспирантура (докторантура) ғана емес, магистратураны да көздеген оқы
орныңыздан аяқтауға мүмкіндік бар. Бастапқы болашақерлердің көпшілігі гуманитарлық және әлеуметтік
ғылымдардың түлектері болған. Бағдарлама 12 жылдың ішінде үш мыңға жуық студентке сырт мемлекеттерден білім
алуға мүмкіндік турдырды. Сол жылы кеңейтілген стипендиялық бағдарламаны басқару үшін Халықаралық
бағдарламалар орталығы (CIP) құрылды. «Болашақ» бағдарламасына 2008 жылы өзгерістер енгізілді, оған сәйкес
ауылдық жерлерден келген студенттерге және мемлекеттік қызметкерлер мен академиктерге арнайы квоталар
берілді.
60. Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру
мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға
мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім
алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу
институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға
мүмкіндік берілді.
61. типа ты там просто купил курс как делать бизнес с молюссками, и ты типа стал бомжом, но у тебя много
моллюсков, еще ничего не потеряно вставай и продовай моллюсков
62. Егер ұлтымыз шикізат ресурстарынан түсетін кірістерді 35 жылдан кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен
бастап дайындалу керек. Бізге арнайы стратегия әзірлеу – барлық ірі корпорациялар мен концерндер тәжірибесіндей
алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспарлау үшін басымдықтарды, серіктестерді айқындап алу
қажет.
Бұл – біздің төл тарихымыздың басты сабағы: Қашаған бойынша келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл
бұрын дерлік бастадық, ал нәтижесін тек қазір ғана алуға кірістік.
Стратегияны әзірлеудің негізгі бағыттары:
Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға мораторийді жою қажет.
Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы
ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай
жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз.
Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартуға
тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен
пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз.
Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар
трансферті үшін Еуразиядағы ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы бар. Біз инвесторларға қолда бар
артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз.
Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс.
63. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған
Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ
жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.
Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды
дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.
Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында
Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.
Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы
әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті
Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
64. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи
отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген
тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының
1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл
құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары
қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді,
жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш
форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм
мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш
рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993
жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың
өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
65. Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық,
мәдени байланыстарын ұлғайту қайта 0олға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV
сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет,
Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта,
жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске
асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне
дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.
66. VI-XIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрген түркі тайпалары (түркеш, оғыз, қимақ, қарлұқ теле және т.б.) аутақтық
орналасу тарихын зерттей отырып, біз сол тайпалардың саяси, мәдени тарихын, олардың байланыстарының
дамуына, сол кездегі тарих үрдісінің қалай жүргеніне еркін көз сала аламыз.
67. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сай,
Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға
бейімдеу болып табылады. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін
адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге, дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар
болашақтың табысты экономикасы болады. Білімді жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге шығын деп емес,
экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет.
Жоғары оқу орны білімінен кейінгі Бағдарлама бойынша негізгі міндеттердің бірі елдің индустриалды-инновациялық
дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғарыдан оқу орны білімінен кейінгі кадрлармен
қамтамасыз ету болып табылады.
68. 9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары
қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың
тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық
саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз
жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi
Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың
экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына
күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң
табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi
жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды.
Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан
көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды
мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер
иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап
көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және
шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi.
Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр
мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай
себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға
анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан
жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты
шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу
мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды
алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында
6160 шөп шабатын машина болды.
69. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен
соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану,
интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде.
Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен
этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі
оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм
жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын
адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді"
70. Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа
Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңына
топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі
табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың
тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың
амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім
ұғымдары орныққан.
71. Қазақстан өз тарапынан бай табиғи ресурстарға ие ел бола отырып,тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап
ресурстық саясат туралы мәселені ойластырып келеді. Қазақстандағы көмірсутектерді өндіру 1899 жылы  4
басталғанына қарамастан, Кеңес Одағы кезінде саяси уәждермен мұнай әлеуеті толығымен пайдаланылмады.
Сонымен қатар, 90-жылдардың басындағы алғашқы шетелдік инвестицияларды тартқан сектор мұнай-газ секторы
болды. Елдің экономикалық және сыртқы саясатын қалыптастыруда маңызды мәселелердің бірі айқын себептер
бойынша жер қойнауын пайдалануды басқару және реттеу болып табылады.
72. Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы.
Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс
аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа
себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған
түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің
ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты
себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек
бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен,
халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың
басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында,
аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп
кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына,
этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.
73. https://e-history.kz/kz/news/show/278/
74. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас
кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл
күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады.
1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан
Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і),
Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы
одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен
өзгерістер болды.
1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық
тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады.
75. XX ғ. басында Ресей империясында екінші жалпы халық санағын өткізу туралы мәселе көтеріле бастады. Алайда,
І дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы қос төңкеріс бұл санақты толық жүзеге асыруға бөгет болды. Дегенмен, 1916
жылы мамыр–тамыз аралығында ішнара санақ жүргізілген еді. Ол негізінен ауылдық жердегі тұрғындарды қамтыды.
Бұл санақ бойынша жинақталған материалдардың ІІІ томына Қазақстанның 6 облысы бойынша мәліметтер енгізілген.
Бұл деректерге қарағанда қазақтардың саны 3 млн. 994 мың адам немесе барлық халыққа шаққандағы үлес салмағы
50,7%-ды құраған.
76. мәдени дамудағы өзіндік ерекшелігіне толы кезең. Өйткені, бір жағынан бұл кезде Ресей отаршылдарының қазақ
даласына толығымен өздерінің отаршылдық саясатын орнатып, оны одан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өмірінде тереңдету үшін әр түрлі шаралар жүргізумен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ халқының рухани
ояну, өз азаттығы, тәуелсіздігі үшін күрестің жаңа кезеңінің басталғанымен ерекшелінеді.
77. Бүгінгі таңда елімізге әдеби тілі бай, білімді және өнерлі жан – жақты дамыған жастар керегі сөзсіз. «Өнер алды –
қызыл тіл» — деп ата – бабаларымыз сапалы сөзді сары алтынмен тең бағалап, сөздің моральдік – эстетикалық
қасиеттерін айқындай түсіп, ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі болуынмақсат екен. Тілді халықтың
өмірінің айнасы, мәдениеті мен ақыл-ойының алтын қоймасы деп қараған. Өнерді өрістету, сөздің құдіретті күшін
қадірлеу, әнші, күйші, суретші ақын тағы басқа да өнер иесі адамдарының жақсы қасиеттерін құрметтеуде
оқушыларыммен өткізген өнегелі, өнерлі отбасымен танысу керек.
78. Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі
мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді.
Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық
бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.
79. Империяның отаршылдық саясатына, И.Д. Бухгольцтің, И.М. Лихаревтің, П.Ступиннің және басқаларының әскери-
барлау экспедицияларына «бейбіт» сипат беру үшін ұзақ уақыт бойы олар «ғылыми», танымдық мақсаттарда ғана
жүргізілген деп пайымдалып келді. И. Д. Бухгольцтің және басқа да экспедиция басшыларының бекіністер салуы
жөнінде басылымдарда оны орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді деген аңыз таратылған. Ал шынына келгенде,
Ресейдің әскери экспедициялары ежелден бері қазақтардың иелігіндегі, сол кезеңде жоңғар басқыншыларының
бақылауында болған жаңа аумақтарға бекіністер салып, Ресейдің иеліктері етіп бекітті. Ресейге қосылу немесе
империя билігін амалсыздан мойындау проблемалары. Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның
Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды.
Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана
сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылардың мүдделерін жақтап,
патша өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты «құқықтары» мен «міндеттерін» іздеп
табуға тырысты. Олар империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, байырғы халықты тек ғана жабайылар деп
білді, сөйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді.
80. 1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрының, халық музыкасының тарихы зерделенген алғашқы
кітаптар мен кітапшалар пайда болды. Бұл жарияланымдардың авторлары іс жүзінде бұрынғыша партия-мемлекет
органдарының қызметкерлері мен мәдениет қайраткерлерінің арасынан шықты. Олар халықты жаппай сауаттандыру
бағдарламаларын жүзеге асыруға, білім беру саласының кадрларын даярлау ісіне белсене атсалысты. Қазақстанның
театр өнері мен оның қалыптасуының алғашқы қадамдары I. Жансүгіров пен Ғ. Тоғжановтың 1933 жылы жарық
көрген «Қазақ ұлттық театры» кітабына арқау болды. 1930 жылдардың ортасында және екінші жартысында
Қазақстанның мәдени өмірін зерттеу мен насихаттау мәдени-ағарту және идеологиялық қызмет органдары арқылы
жүзеге асырылды,. ал олардың басшыларының көпшілігі көп ұзамай 1937 -1938 жылдардағы қуғын сүргіннің
құрбанына айналды. 1933-1937 жылдары Қазақстанның Ағарту халық комиссариатын басқарған Т. Жүргеновтің
мақалалары мен сөздері, оның ішінде мәдени құрылысқа қатысушылардың I съезінде жасаған баяндамасының
негізінде жазылған «Қазақстандағы мәдени төңкеріс» (1935) кітабы сол жылдардағы мәдениет пен білім беру
тарихының маңызды құжаттық дерек көзі болып табылады.
81. Социалистік реализм — реализм классикалық әдебиет пен көркемөнердің барлық түрлерінің ең жоғарғы, әрі
ерекше түрі.
Кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі шығармашылық көркем әдісі. Реализмнің дамуынағы жаңа, ең жоғарғы этапы.
Социалистік реализм XX ғасырдың басында құралып, қалыптасты, кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі әдісіне айналды.
Социалистік реализм- елімізде коммунистік қоғам орнату, кеңес адамдарын, жаңа жасөспірімді коммунистік рухта
тәрбиелеу, олардың коммунистік саналылығын арттыру, халқымызды социалистк интернационализм және
патриотизм рухында тәрбиелеуді талап етеді. Социалистік реализм рухында жазылған көркем әдебиет пен көркем
өнердің міндеті бейбітшілік қорғау мен прогресшіл адамзатты бақытты өмірге баулу болып табылады. Ол кеңес
суретшілерін күнделікті өмір шындығын ақиқатты жырлауға шақырады.
Заманауи қазақ әдебиетіне социатшстік реализмнің бүлжымас ереже- лерінен толықтай бас тарту,
идеологиясыздандыру, өмір қүбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға үлт мүдделерін шығару тән.
Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде.
82. Әскери демократия— көнегрек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық
пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргезген жүйесін атау үшін, тұңғыш рет америкалық тарихшы
Л.Г.Морган (1818—1881) қолданған ғылыми термин.Әскери демократияны гректер сияқты кельттер мен германдар,
нормандар, сақтар тағы басқа басынан өткізген. Біздің заманымыздан бұрын 1- мыңжылдықтың басында сақ
қоғамында алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы жеделдеді. Бұған
экономикалық қатынастағы прогрестік өзгерістер себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығымен мен металлургия өндірісінің өркендеуі қосымша өнімді арттырып, айырбасты дамытты, жеке
меншікті қорландырды. Алғашқы қауымдағыдай емес, өндірістің негізгі құрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін
бөлуде теңсіздік пайда болды. Жаңа өндірістік қатынастың нәтижесінде қандастық-туыстық белгілермен біріккен
рулық қауым әлсіреп, оны бірте-бірте аймақтық-өндірістік принцип бойынша қалыптасқан қауым алмастырды. Рулық
қауым мен көршілік қауымның қайшылығы күшейді.
Бұл суармалы егіншілікпен айналысатын аймақтарда алдымен байқалды. Міне, осы рулық қатынастардың ыдырай
бастаған тұсын әскери демократия немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Сақ заманында қоғамдық
құрылым — әулет-ру-тайпа — тайпалар одағынан (мемлекет) тұрды. Тайпаны көсем не әскери басшы басқарды.
Тайпалық одақтар — алғашқы қоғам ыдырағаннан кейінгі әлеуметтік одақтастықтың жаңа және жоғары үлгісі,
мемлекеттің алғашқы сатысы. Олардың сайланып қойылатын көсемдерінің қолына азаматтық және әскери билік
шоғырланды. Темір дәуірінде Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аудандарында сақ, батысы мен ішінара
солтүстігінде сармат тайпалар бірлестігі (мемллекеті) болды.
83. https://www.inform.kz/kz/alihan-bokeyhanov-yunesko-ayasynda-bukilalemdik-dara-tulga-dep-tanyldy_a2842432
84. Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі
артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-
тәубаға шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғүрып, салт-санасымен қатты
санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы
жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды. Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы
өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік
қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам.
85. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8709/
86. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың,
соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің
қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі,
кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс
оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны
арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне
тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр.
87. Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми
түрде қазақ автономиясын дереу, съезд үстінде жариялау керек деп дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ
автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп дауыс берген.
Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі құрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып
қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды.
Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс
беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан
Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.
88. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың,
соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің
қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі,
кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс
оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны
арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне
тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға әсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше
жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына
(А.Тойнби) жеткізіп қойды.
89. Біздің ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалуына сіз бен біз үлес қосып, бірлігімізді
танытуымыз қажет.
Қазақ халқы –салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін
айғақтайды. Салт-дәстүр-ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын
қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс
жолға түсірмей тәрбиелей білген.
Дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы. Академик А.К.Конның
этикалық сөздігінде «әдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға
байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі» деп көрсеткен. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер
арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп, стандарттап отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс
табады. Дәстүріміз бұзылса, онда қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады. Әрине, дәстүр қатып
қалған өзгеріске түспейтін құбылыс емес. Ол заманның ағымына қарай негізін сақтай отырып, толығып, өзгеріске
ұшырап отырады. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы
етіп тұрақтандырумыз керек. Қазақ тұрмысында ұрпақты қоғамға, отбасына бейімдеп, адамгершілікке,
отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандылыққа тәрбиелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз жеткілікті.
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып,
салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі
қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-
дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени
азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп,
ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы
тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады.
Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын
түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және
өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
90. Көшпенділер мен отырықшылардың арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер тудырады.
Кейбір зерттеушілер көшпенділер мен отырықшылардың қарым-қатынасын қырғи қабақ соғыстың, соғыстардың,
олардың арасындағы жаулап алулардың әрекеттерімен байланыстырады. Бұған көшпелілер белсенді рөл атқарды деп
санайды. Қазір зерттеушілер тобы көшпелілердің осы қатынастардағы орнын көрсету үшін тарылды. "Көшпенділер не
қиратушы, не отырықшылардың жетістіктерін қабылдаушы болды"деген пікірлер жиі кездеседі.
Көшпелі және отырықшы халықтың қарым-қатынасы әр уақытта, әр түрлі аймақтарда әр түрлі болды. Олардың
қарым-қатынасында соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, экономикалық, сауда, мәдени өзара іс-қимыл болды. Мал
шаруашылығына маманданған көшпелі экономика отырықшы ауыл шаруашылығы өнімдерінен, қолөнер өнімдерінен,
ал отырықшы адамдар көшпелілерден мал шаруашылығы өнімдерін, кейбір қолөнер бұйымдарын, қолөнерге қажетті
шикізатты алды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер шекаралас,
көрші өңірлерде белсенді түрде жүзеге асырылды.
Көшпелі мал шаруашылығы тайпаларынан отырықшы елдерге жылқы малы келіп, оны атқа мінуге, тамақтануға
үйретті. Жылқы дәстүрлері, садақ, қылыш түрлері, ат әбзелдері де көшпелілерден шыққан. Мысалы, VI ғасырда түркі
тайпалары қолданған темір үзеңгілер кейінгі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің
қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мәселен, VII-VIII ғасырлардағы түркілердің белдеулері Қытайдан Иракқа дейін
қолданылған. Қытайда Тан әулеті кезінде көшпенділердің киімдері кеңінен таралған, Еуропада орыс, поляк, венгр
ақсүйектері киім киген, шаш үлгісі көшпелі үлгілерге еліктеген. Біздің дәуірімізге дейінгі 1-мыңжылдықта
көшпенділерде пайда болған өнердегі" аң стилі " Қытайдан Дунайға дейінгі отырықшы елдерде де кең таралды.
Көшпенділердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел билеушілерін ерекше қасиетті адам, жердегі Тәңірдің өкілі
ретінде түсінді, бірегей басқару жүйесіне, империялық қызмет дәрежесіне, символизмге, елді басқарудағы
мұрагерліктің ерекше дәстүріне ие болды. Мемлекеттік басқарудың бұл тәртібін кейбір жаулап алынған отырықшы
елдердің саяси жүйесінде көшпенділер бекітті.
Көшпенділер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдени алмасуына, мәдени процестердің бірінен екіншісіне
ауысуына ықпал етті. Көшпелілердің көші-қоны, оларды бір отырықшы халықтың жаулап алуы арқылы мәдени
диффузия жүргізілді.
Ерте орта ғасырларда көшпенділер отырықшы өмірмен соғысып қана қоймай, бір-бірімен тығыз бейбіт қарым-
қатынаста болды. Көшпенділер отырықшы елдердің шеберлерін қажетті шикізатпен қамтамасыз етті, сондай-ақ
оларға қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарға тапсырыс берді. Сонымен қатар Көшпенділер отырықшы
тұрмыстардан қолөнердің әртүрлі түрлерін үйренді.

You might also like