Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 8

Сабақтың тақырыбы: Саяси партиялар және партиялық жүйелер

Сабақ жоспары:
1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері.
2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4. Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері
5. Қазақстандағы саяси партиялар

1. Саяси партия деген ұғымды қалай түсінесіздер? (ой-пікірлерді тыңдау)


«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны
білдіреді. Тұнғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған.
Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші
жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының
енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады.
Жұмысшылар ұйымдасып, парламентке өз мүдделерін қорғайтын партиялар
құра бастайды. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің
көрнекті ғалымы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай
кезеңдерді көрсетті.
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатың қорғаса, саяси
клубтар буржуазиялық мүддесін қорғайды. Ал көпшілікпартия үнемі
көпшілікпен байланыста болады.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның
либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы
жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды.
Саяси идеологиясына қарай:

Саяси партиялардың негізгі қызметтері:

1. Саяси идеология мен саяси ілімдер жасау;


2. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
3. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
4. Жалпы қоғамды, топты саяси тәрбиелеу;
5. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының
бағдарламасын жасау;
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.
Сонымен, саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Саяси Ұйымдастырушылық
Билік үшін күрес. Мемлекеттің ішкі Бағдарламалық мақсаттар мен
және сыртқы саясатын жасауға, ешімдерді іс жүзінде асыру. Сайлау
қалыптастыруға, іске асыруға, тіелей науқанын өткізу.Сайлап қойылатын
қатынасу. Балама ұсыныстар жасау. қызметтерге кандидаттар іріктеу.
Сайлау науқанына белсенді түрде Басқару элитасына кадрлар дайындап
атсалысып, оған байланысты ұсыну. Үкімет құрамын, сол сияқты
бағдарламаны орындау. Саяси басқа да биліктіқұрылымдарды
бағытты тұжырымдау құрастыруға қатысу.

Теориялық Идеологиялық
Қоғам дамуының негізгі Еңбекші бұқара арасында өз көз-
салалары бойынша және оның даму қарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны
жолдарын талдап, теориялық іскерлікпен ұштастыру. Өз
жағынан бағалау. Әр түрлі бағдарламасы мен саясатын
әлеуметтік топтардың мүдделеріе насихаттау. Азаматтардың түбегейлі
анықтап үйлстіру. Қоғамды мүдделерін ескере отырып өз
жаңартудың стратегиясы мен бағытын қолдауға жұмылдыру және
тактикасын тұжырымдап, бұқараны партия қатарына тарту, т.с.с.
қимыл бірлігіне теориялық жағынан
әзірлеу.

Қорыта келе, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік
жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құралған адамдардың ерікті одағын айтады.

Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері


бар. Француз ғалымы М. Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына
қарай екіге бөлген:

Кадрлық Бұқаралық

Сайлаушылардың 10% ғана Сайлаушылары көп, мүшелері,


болатын, мүше саны аз, белсенділері де көп. Партиялық
ұймдастырушылық жағынан жоғары билеті жоқ, мүшелік жарна төлемейді.
деңгейде.Әр мүшесінің партиялық Мысалы, АҚШ-тың республикалық
билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. және демократиялық партиялары.
Жарғысын мүлтіксіз орындайды.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты

Сайлаушылар партиясы Парламенттік партия

Авангардтық партия Қауымдастық партиясы

Сайлаушылар партиясы- бұл партияның негізгі мақсаты - үмткердің


сайлау алдыңдағы науқаның ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с.
Мұнда тұрақты мүшелік жоқ, ұйымдық құрылым жоқ.

Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау


жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған, өзінің барлық мүшелерінен


партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді.

Қауымдастық партиясы - ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай


маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.

Саяси идеологиясына қарай

Коммунистік Социал-демократиялық

Буржуазиялық- Консервативтік
демократиялық
Фашистік
Коммунистік партиялар – К.Маркстың ілімін басшылыққа алады.
Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар – бұл партиялар үнемі еңбекші
халықтың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі
құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық – билік үшін ашық күрес жүргізеді.
Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің де тең
болғанын қалайды. 
Консервативтік партиялар – ірі буржуазияның мүддесін
қорғайды.Теңсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар – адам құқықтары мен бостандықтары шектеледі.
Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары
тұрады. Күштеу басым болады.

Саяси өмірдегі алатын орнына қарай

Билеуші Оппозициялық

Билеуші партиялар – билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты


бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа
партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар  – олар басқарушы партияның саясатын сын
көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

Жұмыс істеу жағдайына байланысты

Ресми Жартылай ресми

Құпия

Ресми партия – жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге


қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия – формалды түрде рұқсат етілген, кейбір
жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар – заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын
жүргізеді.

Санына қарай: Бірпартиялық, Екіпартиялық, Көппартиялық


Санына қарай

Бірпартиялық
Біартиялық Екіпартиялық

Көппартиялық
Бірпартиялық – өзінен басқа партияның болғанын қаламайды.
Екіпартиялық – мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында
болады.
Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бірін-бірі сынға алып
отырады.
Көппартиялық – мұнда үш немесе одан да көп партиялар болады.Саяси
мәселелер жан-жақты қаралады,Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін
партиялар коалиция құруы мүмкін.

Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін


айтады.
1. Парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек
басқара алмаған уақытқа құралған көппартиялық коалакция;
2. Екі партия бірігіп үкіметті басқара алатындай уақытта құрылатын
екіпартиялық коалакция;
3. Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса,екі блоктың
коалакция болады:
4.Егер дербес партия ұзақ билік етсе, оны басымдық коалакциясы дейді.

Барлық саяси партиялардың жұмысы Конституцияға қайшы болмауы


керек.

Қазақстандағы көппартиялық

Қазақстанда ең алғаш Ә. Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылы


желтоқсанда Орал қаласында делегаттар съезі шақырылып, кадет
партиясының бөлімі құрылды.
1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясының
бағдарламасын басып шығарды. Онда: Ресей демократиялық федеративтік
республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; мұндағы
мемлекеттер дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай, бәрі де тең, ақысыз
білім, басқарушылар жергілікті халықтың тілін білуі керек ,т.с.с жазылған.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі
шақырылып, Алашорда үкіметінің құрылғандығын хабарлады. Басшысы
Ә.Бөкейханов болып сайланды.
1918 жылы Қарашада Алашорда үкіметі кеңес әскерлерінің күшімен
талқандалды. Алаш партиясының басшылары репрессияға ұшырады.
1917 жылы күзде Үш жүз деген партия құрылды. Оның басшысы
Қ.Тоғысов болды.
1986 жылы желтоқсан көтерілісінен кейін, Желтоқсан партиясы
дүниеге келді.

Жалпы Қазақстанда қазір қанша партия бар? Қазақстандағы партиялық


жүйе мен парламенттегі көп партиялылық жүйенің дамуы қай деңгейде?
Бүгін осы тақырыпта аз кем сөз шығарайық...
Жалпы көп партиялылық – мемлекеттің демократиялылығын дәлелдейтін
негізгі элементтің бірі. Қазақстанда 2012 жылы сайлауы өтті. Міне, сол жылы
Қазақстан Парламенті көп партиялы Парламентке айналды. Көп партиялық
жүйе туралы бұған дейін де талқы болған.
Қазақстандағы ресми тіркелген саяси партиялар
Қазіргі таңда Қазақстанда ресми тіркелген, сіз бен біз білетін 6 саяси
партия бар. Олар: «Нұр Отан» партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ақ
жол» партиясы, «Ауыл» партиясы, Коммунистер партиясы және «ЖСДП-
Ақиқат» партиясы.
«Нұр Отан» партиясының негізі 1999 жылы қаланған. Әуелде «Отан»
партиясы болып құрылған еді. 2006 жылы сьез өтіп, партияның атауы «Нұр
Отан» болып өзгерді.  Партияның төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. 900 мың
мүшесі бар екен. Мәжілістегі 107 орынның 84-і осы партияға тиесілі.
Ресейдегі «Единая Россия», Тәжікстандағы «ТХДП», Әзірбайжандағы «Жаңа
Әзірбайжан», Украинадағы «Партия Регионов» Қытайдағы Коммунистік,
Армениядағы Республикашылдар партияларымен саяси байланысы бар
партия.
«Ақ жол» партиясы 2002 жылы құрылған. 260 мыңға жуық, ОСК
мәліметінше 180 мыңға жуық мүшесі бар. Мәжілістегі 107 орынның 7-еуі
осы партияның өкілдеріне тиесілі. Естеріңізде болса, Мәжілістің үшінші
шақырылымына 2 депутат кіргізген. Ал 2005 жылғы президент сайлауында
партия атынан Әлихан Байменов сайлауға түсті. 1,61 пайыз дауыс жинап, 3-
орын алған. Ақ жол – либералдар партиясы саналады.
Коммунистер партиясы 2004 жылы құрылған партия. Дәлірек айтсақ,
сол кезде ресми тіркеуден өтіп, саяси процесстерге араласа бастады. Кей
мәліметсе сүйенсек, 100 мыңнан астам мүшесі бар. Мәжілістегі 107 орынның
7-еуі коммунистерге тиесілі.
2004 жылғы Мәжіліс сайлауында 1,98 пайыз жинаған. Ал 2007 жылы
партия Мәжіліске өткен жоқ. Сайлауда жеңіліп қалды. 2012 жылғы сайлауда
7,19 пайыз дауыс жинап, Мәжіліске барған. 2011 жылғы президент
сайлауында коммунистер Жамбыл Ахметбековтің кандидатурасын қолдады.
Сөйтіп, Ахметбеков сайлауға түскен. Жалпы бұл партия – марксизм-
ленинизм, коммунизм идеологиясын ұстанатын партия.
Мәжілістегі үш партия осы, міне. Бұлардан өзге ресми тіркеуден өткен
тағы үш саяси партия бар. Енді солар туралы аз кем айта кетейік...
«Ауыл» партиясы 2002 жылы тіркеуден өткен. Ал 2003 жылы қайта
тіркеуге тұрды. Оның төрағасы Әли Бектаев қазір Сенат депутаты. 2007
жылы Мәжіліс сайлауына қатысқан. 1,51 пайыз дауыс алып, Парламентке
өтпей қалды. Ал 2011 жылғы президенттік сайлауға бұл партия үміткер
шығарған жоқ. 2012 жылы да Мәжіліс сайлауына түскен. Ол жолы 1,19 пайыз
дауыс жинады.
2015 жылы «Ауыл» партиясы мен Қазақстанның патриоттар партиясы
бірікті. Бұл социал-демократтық бағытты ұстынатын партия.
«ЖСДП» (Жалпыұлттық социал-демократтар) партиясы 2006 жылы
құрылып, 2007 жылы тіркеуге тұрған. Қазір 140 мыңнан астам мүшесі бар.
2007 жылы «Нағыз Ақ жол» ҚДП мен ЖСДП күш біріктіріп, «Әділетті
Қазақстан» қозғалысын құрды. 2007 жылы Мәжіліс сайлауына түсті. Бұл
жолы партия 4,54 пайыз дауыс жинап, Парламентке өткен жоқ. Сол жылы
«Нағыз Ақ жол» ЖСДП құрамынан шықты.
2008 жылы ЖСДП «Халық кеңесін» құрды. Оған 30 саяфси партия мен
ұйымдар қатысты. Ал 2009 жылы «Азат» партиясы, Коммунистер партиясы,
ЖСДП мен тіркелмеген «Алға» партиясы күш біріктірді. 2009 жылы «Азат»
партиясы ЖСДП құрамына қосылды.
2012 жылы партия  Мәжіліс сайлауына тағы түсті. Бұл жолы партия 1,59
пайыз дауыс жинады. Парламентке кіре алмады. ЖСДП 2011 жылы да, 2015
жэылы да президенттік сайлауға қатысқан жоқ. Ал 2016 жылы Мәжіліс
сайлауына қайта түсті. 1,18 пайыз дауыс жинап, Парламентке тағы өтпей
қалды.
«Бірлік» партиясы 2013 жылы тіркеуден өткен. Бұл партия туралы
мағлұмат өте аз. «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп құрған
партия. 2016 жылы Мәжіліс сайлауына қатысқан. 0,29 пайыз дауыс жинап,
Парламентке өткен жоқ. Бұл экосоциализм бағытын ұстанатын партия.
Қазіргі таңдағы Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар осы. 28
жыл бойы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенді жұмыс жасаған
өзге де партиялар болды.
Бұрын тіркеуде болып, кейін таратылған партиялар:
Қазақстанның аграрлық партиясы,
Қазақстанның коммунистік партиясы,
"Әділет" Демократиялық партиясы,
Қазақстанның азаматтық қоғам партиясы,
"Қазақстанның халық конгрессі" партиясы,
Қазақстанның патриоттар партиясы,
Қазақстанның халықтық-республикалық партиясы,
"Асар" республикалық партиясы,
Қазақстанның республикалық партиясы,
"Руханият" партиясы,
Қазақстанынң социалистік партиясы.
Тіркелмеген партия:
Қазақстанның пираттық партиясы.
Қызметі заңмен шектелген, тыйым салынған партиялар:
Хизб ут-Тахрир әл-Ислами,
"Алға" партиясы.
Түйіндейік. Қазақстан Парламенті – қос палаталы парламент. Төменгі
палата – Мәжіліс, Жоғарғы палата – Сенат. Біз бүгін Мәжіліс туралы айттық.
Мәжілістегі көп партиялы жүйе туралы, Қазақстандағы саяси партиялар
туралы әңгіме қозғадық.
Расында, Қазақстан президентінің пәрменімен Парламенттің рөлін
күшейту ісі қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде Парламент тек заң
шығарушы орган ғана емес,  елдегі кадрлық саясатқа тікелей араласып
отырған саяси интститутқа айналды. Президент премьер-министрді, Ұлттық
банк төрағасын, бас прокурор мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын
парламенттің келісім беруімен тағайындайды, Жоғарғы сот төрағасы мен
судьялары, басқа да лауазымды тұлғалар депутаттардың келісімімен
сайланып, қызметтерінен босатылады. Ал 2012 жылы көп партиялы жүйеге
көшкелі бері бұл институттың ықпалы артпаса, кеміген жоқ.
Қазіргі таңда Мәжілісте үш саяси партияның барын айттық. Көп
партиялылық дедік қой. Бұл жалпы - мемлекетте үш, тіпті болса одан да көп
саяси партиялардың бәсекелесе отырып жұмыс жасауы. Ал көп
партиялылықтың қазақстандық формасы - демократиялылықтың элементі
дегенді айтуға әбден болады.
Қорыта айтқансақ, саяси партиялардың ең басты идеологиялық рөлі –
эволюциялық дамудың, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың
жолын айқындау, этнос аралық және қоғамдық тұрақтылықтың кепілі болу,
мемлекеттік қызметтің меритократиялық жүйесін қалыптастыруға үлес қосу
т.б. Дәл осындай ашық әрі нағыз саяси бәсекені жасау үшін бізде барлық
мүмкіндіктер бар.

You might also like