"Қыс. Қыс құбылысы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

You might also like

Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 6

Тақырыбы: «Қыс. Қыс құбылысы».

Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың таным қызығушылықтарын арттыру. Жыл
мезгілдерін ажыратып, құбылыстарына зер салу. Табиғат, қыс әлемі
туралы білімдерін тереңдету.
2. Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық және патриоттық тәрбие беру.
Табиғат құбылысының әсемдігін көре білуге, қабылдауға, оған
қамқорлық, аяушылық жасауға баулу. Табиғатты сүюге, еңбекке
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлауын, тілін, есте сақтау
қабілетін, зейінін, сөйлем құрастырып айта білуін дамыту. Өнерге
баулу. Ән айтып, би билеуге ынталандыру.
4. Түзетушілік: Дыбыстардың дұрыс және анық айтылуын, сөздерді
дұрыс байланыстыра сөйлеуін қадағалау.

Көрнекілігі: бейнеролик, табиғат құбылысы суреттері, қима қағаздар,


салыстырмалы заттар (мақта, құмшекер, тұз)

Меңгерілетін сөздер: Қыс құбылысы. Тамаша. Керемет. Ғажайып. Ұлпа қар.


Боран. Аяз. Тұман. Салмақ. Ауыр. Жеңіл. Мезгіл. Уақыт.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу

Тәрбиеші:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып
Балалар далада ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқытып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
- Әрине, бұл қыс мезгілі.
Тәрбиеші:
- Олай болса, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз қысқы табиғат
жайлы болмақ.
Бірге:
- «Қыс. Қыс құбылысы».

Тәрбиеші:
- Бәрекелді! Жарайсыңдар, балалар!
Сұрақ-жауап
- Жылдың неше мезгілі бар?
- 1 жылда 4 мезгіл бар.
- 1 жылда неше ай бар?
- 1 жылда 12 ай бар. 12 ай 3 айдан 4 мезгілге бөлінеді: қыс, көктем, жаз,
күз.

Тәрбиеші:
- Өте дұрыс. Қазір қай мезгіл?
Оқушы:
- Қазір қыс мезгілі. Қыстың 3 айы: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші:
- Бүгін қандай күн?
Оқушы:
- Бүгін желтоқсанның 20-шы жұлдызы. Аптаның 4-ші күні. Бейсенбі.

Тәрбиеші:
- Қандай уақыт? Қай мезгіл?
Оқушы:
- Уақыт: сағат 15-тен 20 минут кетті.
- Мезгіл: Түс мезгілі.

Тәрбиеші:
- Бүгін ауа-райы қандай?
Оқушы:
- Бүгін, далада ауа-райы ... ... . (оқушы бүгінгі ауа-райын айтады)

Тәрбиеші:
- Бәрекелді! Өте дұрыс айтасыңдар. Бүгін ... .
- Балалар, ендеше қыстың ерекшелігін айтыңдаршы.

Оқушылар:
- Күн суытады. Қар жауады. Адамдар жылы киінеді. Үйге от жағылады.
- Түн ұзарып, күн қысқарады. Ерте қараңғы түседі.

Тәрбиеші:
- Балалар, қыс белгісі не?

Оқушылар:
- Қыс белгісі – қар, мұз, боран, аяз.
Тәрбиеші:
- Дұрыс, жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «құбылыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар:
- «Құбылыс» ол – ерекшелік. Қыс құбылысы: Қар. Мұз. Боран. Аяз.
Тұман. Қардың еруі. Қардың қалың жаууы. Сырғанақ. Тайғақ. Күн
қысқа, түн ұзақ болады.

Тәрбиеші:
- Қар неге ұқсас? Ойланыңыздар. Ойларыңа не келеді? Қарға ұқсас зат
бар ма?
Оқушылар:
- Мақтаға ұқсас. Қар – табиғат құбылысы, мақта – зат.
- Үлпілдек құмшекерге, тұзға ұқсас.

Тәрбиеші:
- Онымен не жасауға болады?
Оқушылар:
- Қардан аққала жасауға болады.
- Қарды ерітіп суын пайдалануға болады.
- Қар ерісе су, қатса мұзға айналады. Мұз айдыны болады.

Тәрбиеші:
- Қар қандай қатты ма, жұмсақ па? Салмағы бар ма?
Оқушылар:
- Қар жұмсақ. Тез ерігіш.
- Егер көп жауса қалыңдап, қатты, ауыр салмағы болады.

Тәрбиеші:
- Өте дұрыс, балалар. Қар туралы білдіңдер.

ІІ. Тәрбиеші:
- Балалар, қыс мезгілінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Оқушылар:
- Күн суытып өзен, көлде, жерде мұз қатады, жол, көше тайғақ болады.
- Мұз жұқа болса, салмақ көтере алмайды.
- Жолда, көшеде абайлап жүру керек.
- Жұқа мұздың үстінде сырғанауға, шанамен ойнауға, шаңғы, коньки
тебуге болмайды. Өте қауіпті.
- Қалада көліктер көп. Қыс ауасы жол қауіпсіздігін есте сақтап, сақ
болып жүру керек.
- Жол тайғақ, кейде тұман, тайғақ, боран болады.

Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар! Қауіпсіздік ережесін ұмытпаңдар.
Сергіту сәті.
Шаттық шеңбері (балалар дөңгелек шеңбер жасайды).
- Сәлем, күн!
- Сәлем, жел! 3 рет
- Сәлем, жер!
- Сәлем, саған туған ел!

Тәрбиеші:
- Бәрекелді! Орындарыңа отырыңдар, балалар.
- Қыс айларында қандай мерекелер бар? Қалай аталады?
Оқушылар:
- 1-желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні.
- 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- 1-2 қаңтар - Жаңа жыл.

ІІІ. Жұмбақ шешу.


1. Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады. (Боран)

2. Шанамен зырлап келетін,


Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі)

IV. Ойын.
1. «Адасқан әріптің орнын тап».
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

2. «Ұйқасын тап» (қазақ, орыс тілінде)


мать – ана лёд - мұз птица - құс мальчик – бала үй - дом
санки – шана соль – тұз зима – қыс гени - дана сынық - лом

Тәрбиеші:
- Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?
Оқушы:
- Жаңа 2019 жыл келе жатыр.

Тәрбиеші:
- Дұрыс, Жаңа жылға арнап дайындаған қандай өнерлерің бар?

Тақпақ:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастасын жыл дастанын.
Қуанышпен келсін той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым.

Ән: «Аппақ қар». Орындайтындар: Жорабаева Аида, Умиршаева Шахноза.


Аппақ қар
1. Аппақ, аппақ қар жауып тұр,
Бүгін тынбастан
Жаңа жылым келді міне еліме.
Қуанғандай жарқырайды,
Бүгін түнгі аспан
Ақ ұлпадан шашу шашып жеріме.

Қайырмасы:
Орындалсын армандар,
Ақ тілекті жалғаңдар,
Қанат қағып, биіктерге самғаңдар.

2. Аппақ, аппақ қар жауып тұр,


Бүгін далада
Оралғандай ақ кілемге айнала.
Жаңа жауған ақ ұлпаға,
Мәз боп бар бала
Қалықтаған секілді ақ шағала.

Қайырмасы:
Орындалсын армандар,
Ақ тілекті жалғаңдар,
Қанат қағып, биіктерге самғаңдар.

Бейнеролик: «Қыс қызықтары».

Тақпақ:
Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,
Жаса, жаса, Достық, Бірлік, Туыстық!
Құттықтайық Жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

V. Қорытынды.
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатында не білдіңдер?
- Қандай жаңалық болды сендерге?

Оқушылар:
- Қыс мезгілі, қыс құбылысы туралы білдік.
- Жаңа сөздермен таныстық.
- Қауіпсіздік ережесін есте сақтап жүретін болдық.
- Қыс мезгілі туралы көп білдік.
- Жаңа сөздермен таныстық.
- Қыс айындағы мерекелерді білдік.
- Қыс қызығы туралы бейнеролик көрдік.

Тәрбиеші:
- Рақмет, балалар!
- Бүгінгі тәрбие сағатына барлығың жақсы атсалыстыңдар. Келе жатқан
Жаңа жылымыз құтты болсын!
- Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт заман болсын!
- Сау болыңдар!

You might also like