Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 2

Тақырыбы: Жас ұландар – мақтанышы елімнің!

Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы


отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың
ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап
отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны
азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы
отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға
үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 

Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен
және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Жас ұландар – мақтанышы елімнің!»
атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін    
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.

(балалар сап түзеп мәңгі алау жанына сап түзейді) 


 Ән ұран айтылады.

1- оқушы: Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.


Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер
Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер.

2- оқушы:Қазақ жігіті керемет қой расында.


Жауапкершілік бар олардың басында.
Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.
Кереметтей қазақ жігітінің қасында.

3- оқушы: Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман.


Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.
Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес.
Асыл олар, аз боп қана таралған.

Ән: «Солдат болам мен ертең» (Ұлдар сапқа тұрып ән салады.)


Келесі ойын: Кім тапқыр? Жұмбақтар шешу
4- оқушы:Тебіренді тауың, желпінді далаң,
Көтерді көкке туларды ғалам.
Жеңістің ұлы күнімен сені,
Құттықтау үшін келіп тұр балаң.

5- оқушы:Жеңіс келді далама,


Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.

6- оқушы:
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат-күші құрыш мығым,
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын

7- оқушы: Сарбаздармыз саптағы біз,


Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз сенімменен.

8- оқушы: Желбіреген жалауымыз,


Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз

Жүргізушіі: Осымен «: Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты мерекелік


жарысымыз аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш
болсын!Тыңдап көргендеріңіз үшін көп-көп рахмет.  
 
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»  

You might also like