ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

You might also like

Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 5

ӘОЖ 372.

8 Филология ғылымдары
Қ.О.Оралбекова

ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Аңдатпа
Аталмыш мақалада тілдік тұлға ұғымының жалпы теориялық мәселелері сөз етіліп,
тілдік тұлғаның құрылымдық деңгейлері жайлы сөз етілді. Қазіргі филология ғылымында
біртіндеп орныққан антропоцентризм бағыты зерттеушілердің алдына өзара тығыз
байланысты және бір-бірінің шарты болып табылатын екі мәселені шешу қажеттілігін
қойып отыр: біріншіден, адамның тілге тигізген әсері; екіншіден, тілдің адамға, оның
ойлау жүйесіне, мәдениетіне етер ықпалы қандай дәрежеде екендігін анықтау. Осымен
байланысты лингвистикалық зерттеулердің қазіргі кезеңінде «тілдік тұлға» терминіне
қатысты мәселе орын алды.
Түйін сөздер: Тілдік тұлға, тілдік тұлға құрылымы, сөйлеуші тұлға, тілдік құрал.
Антропоөзектік парадигмада «тілдік тұлға» түсінігі мен оның
анықтамасының пайда болып, оның зерттеу қағидасы мен теориясы орыс тіл
білімінде жасалғанымен, «тіл және тұлға» мәселесі, тілдің қызметі мен өмір
сүруін оны тұтынушы тұлғамен байланыста зерттеу идеясы тіл білімінде
барлық кезеңдерде де болды. Еуропа тіл білімінде бұл теорияның пайда
болуының тарихи алғышарттары тілдің әлеуметтік табиғаты, тіл мен
сөйлеудің, жеке адам мен ұжым тілінің ара қатынасы (В. Гумбольдт,
И.А.Бодуен де Куртене, Ф. де Соссюр және т.б.) туралы мәселелердің
қозғалуымен сипатталады. В.А. Маслова «Тілдік тұлғаға алғаш бетбұрыс
жасалуы неміс ғалымы Й. Вайсгербердің есімімен байланысты, ал орыс тіл
білімінде алғашқы қадамды тілдік тұлғаны зерттеудің екі жолын, яғни автор
тұлғасы мен кейіпкер тұлғасы арқылы шығу жолдарын көрсеткен
В.В.Виноградов жасады», − деп көрсетеді [1, 118].
«Тілдік тұлға» терминін нақтылап, ғылымға 1982 жылы МАПРЯЛ-дің
VI Халықаралық конгресіндегі «Роль прецедентных текстов в структуре и
функционировании языковой личности» атты баяндамасы арқылы енгізген
академик Ю.Н. Караулов «Русский язык и языковая личность» еңбегінде
тілдік тұлға теориясына қатысты тілді зерттеуге байланысты ғылыми
тәсілдерді жинақтап, сонымен қатар В.В. Виноградовтың [2] және Г.И.
Богиннің [3] еңбектерінде қарастырылған «тілдік тұлға» ұғымын
толықтырады.
Тілдік тұлға мәселесіне зерттеуші үш тұрғыда келетіні белгілі:
1) Сананың қалыпты және өзгерген күйіндегі тіл, сөзжұмсам және сөйлеу
қызметі психологиясын зерттей отырып, яғни психолингвистика тұрғысынан;
2) Тілді үйрену процестеріне талдау жүргізетін лингводидактика
тұрғысынан;
3) Таза филологиялық тұрғыдан, көркем әдебиет тілін зерттей отырып
қарастыру, өйткені «Тілдік тұлға дегеніміз – тілде (мәтіндерде) және тіл
арқылы көрініс тапқан тұлға. Оның негізгі белгілері тілдік құралдар негізінде
реконструкцияланады» [4, 38]. Әрбір мәтіннің ар жағында тұлға, яғни оның
авторы тұрады.
Қазіргі кезеңде «тілдік тұлғаға» және «тілдік тұлға құрылымы»
ұғымдарының жалпы теориялық түсініктері анықталып, тілдік тұлға
типологиялары, модельдері жасала бастады. Оны екі бағытта зерттеу үрдісі
қалыптасқан.
1) Лингвомәдени бағыт бойынша тілдік тұлға белгілі бір тілді және
ұлттық-мәдени дәстүрді ұстанушының жиынтық бейнесі ретінде
қабылданады. Соңғы кездері «тілдік тұлға» ұғымын
лингвомәдениеттанушылық бағытта ұлттық мәдениетпен тығыз
байланыстағы белгілі бір ұлттық-тілдік-мәдени қоғамның мүшесі ретінде
қарастыру үрдісі белең алып отыр. В.В. Воробьев лингвомәдениеттанудың
объектісі ретінде тіл мен мәдениетті ұштастырған ұлттық тілдік тұлғаны
атап, өзінің монографиясында «адам» (ұлттық тұлға), «тіл», «ойлау»,
«мәдениет» (материалдық және рухани) ұғымдарының арақатынасын
қарастырады [5]. В.А.Маслова тілдік тұлғаны әлеуметтік құбылыс деп танып,
ондағы жекелік бастаманы атап, тілдік тұлғаның тілдік дәстүрлердің
қалыптасуына әсерін көрсетеді [1,120]. Жоғарыдағы аталған зерттеушілер
пікірлеріне сүйене отырып, тілді тілдік қызмет құралы ретінде қарастыратын,
тіл-мәдениет-тілдік тұлға үштігінен тұратын лингвомәдениеттану
айқындамасы тілдік тұлғаны рухани, этикалық, психикалық, әлеуметтік
компоненттерден тұратын және өзінің мүкіндіктерін сөз арқылы жүзеге
асыратын «жеке адам» ретінде зерттейтіндігін көреміз.
2) Лингводидактикалық бағыт жеке адамды тілдік қабілет жиынтығы
ретінде жадығат негізінде зерттейді. Осы бағыт өкілі Г.И. Богиннің ғылыми
еңбегінде тілдік тұлға моделі тілдік тұлға дамуы деңгейлерінің жүйеленген
тізімінен тұратын құрылым ретінде көрініс табады. Зерттеуші тілдік тұлғаны
тілдік іс-әрекеттерді орындауға, тілдік шығармаларды жасауға және
қабылдауға қабілетті адам ретінде қарастыру тұрғысынан
лингводидактиканың орталық ұғымы ретінде қарастырады [3, 9].
Осы екі бағыт шеңберінде төмендегідей аспектілерде қарастыру орын
алған:
− когнитивтік (А.П. Бабушкин, Ю.Н. Караулов және т.б.) аспектінің
негізінде «адамның іс-әрекеті мен қызметі көп жағдайда оның білімі арқылы,
ал тілдік әрекеті тілдік білім арқылы айқындалады» деген қағида жатыр [6,
22]. Когнитивист ғалымдардың пікірінше, тілдік тұлғаның негізгі қасеттері
ұлттық концептілердің вербалдануының әр түрлі деңгейлеріндегі тілдік
бірліктердің семантикалық толығуы арқылы көрініс табады;
− тілдік тұлғаны прагматикалық (прагмалингвистикалық) (И.П. Сусов,
Е.А. Горло және т.б.) тұрғыдан зерттеу мәтін авторының тілдік әрекетін
мәтіндегі жасырылып тұратын әсер ету тәсілдерін есепке ала отырып
саралауды білдіреді;
− коммуникативтік (К.Ф. Седов, С.А. Сухих және т.б.) аспектіде тілдік
тұлға ең алдымен коммуникативтік тұлға ретінде, яғни «тілдік-мәдени және
коммуникативтік құндылықтарды, білім мен ұстанымдарды ұстанушының
жалпы бейнесі» – ретінде қарастырылады [7, 22];
− ұлттық (В.В. Воробьев және т.б.) аспектідегі еңбектерде тілдік тұлға
ұлттық тілмен қаруланған ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде анықталады.
Көрсетілген аспектілердің қай-қайсысы да тілдік тұлға феноменін объективті
түрде сабақтастықта сипаттауға үлес қосары сөзсіз.
Қазіргі тіл білімінде зерттеушілердің ғылыми дәлелдемелері бойынша
көптеген тілдік тұлға типтерінің барлығы айқындалған. Атап айтсақ, мәдени
кеңістік тұрғысынан В.И. Карасик сөздік тілдік тұлғаны, коммуникативті
қызмет тұрғысынан С.А. Сухих тілдік тұлғаның психологиялық типтерін,
сөйлеуші тұлғаны И.П. Сусов, диалектілік тілдік тұлғаны В.Д. Лютикова,
эмоционалдық тілдік тұлғаны В.И. Шаховский, орыс тілдік тұлғасын
Ю.Н.Караулов, батыс және шығыс мәдениеттері тілдік тұлғасын Т.С.
Снитко қарастырған, сонымен бірге тарихи тілдік тұлға, элитарлық тілдік
тұлға типтері бар. Тілдік тұлға типологиясы негізінде тілдік ерекшеліктер
(адамның вербалдық іс-әрекетінің қайталанып отыратын ерекшеліктері)
алынады. Зерттеушілер жекелей алғанда тілдік тұлға типтерін ойлау, мінез-
құлық, әлеуметтік мәртебесі, білімі және т.б. қатысты ажыратады.
Тілдік тұлғаның даралық сипатын оның шығармаларының ерекшелігін
танытатын мәтіндер негізінде зерттеуге арналған еңбектер қатары көбейе
түсуде. Осы тұрғыда тілдік тұлға мәселесі қазіргі орыс тіл білімі мен қазақ
тіл білімінде төмендегідей бағыттарда қарастырылып келеді деп шартты
түрде белгілейміз:
1) нақты тұлғаның тілін оның когнитивтік және прагматикалық
интенцияларын назарға ала отырып талдау – Д.Н. Шмелев [8], Т.Е.
Пшенина [9], Н.А. Бурмакина [10], А.Б. Жуминова [11], Ш.С. Ниятова [12]
және т.б. Катулланың тілдік тұлғасын зерттеген Т.Е. Пшенина «тілдік
процесс кезіндегі жасаушы және қабылдаушы тұлға туралы сөз болған кезде
тілдік тұлға (нақты тілдік тұлға, ұлттық тілдік тұлға) ашық жүйе болып
табылады, біз белгілі бір автордың шығармасы сияқты аяқталған дискурсқа
кездескен кезде ол жабық жүйе саналады» – деу арқылы тілдік тұлғаға
қатысты жүйе түрлерін ұсынады [9, 9].
2) көптеген ғылыми еңбектерде тарихи тұлғалар тілін диахрониялық
тұрғыдан сараптау орын алған, жыраулар тілдік тұлғасын олардың
поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесін таныту арқылы зерттеген
Б.И. Нұрдәулетова: «біздің зерттеуіміздің нысанынына айналып отырған
жыраулар феномені ерекше тұлғалық нышанда танылады. Жыраулық тілдік
тұлғаны талдау арқылы көз жеткізген тілдік тұлға туралы өз пайымдауымыз
бар. Біздің ойымызша, тұлға – интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі» –
дейді [13, 148]. I Петрдің тілдік тұлғасына диахрониялық тұрғыдан сипаттама
берген Қазақстандық ғалым Н.И. Гайнуллина автор образы мен кейіпкер
бейнесі проблемасының тіл білімінде кең көлемде зерттелуіне байланысты
нақты тілдік тұлғаны бөлек, өз шығармашылығында көркем тілдік
тұлғаны жүзеге аысратын көркем сөз шеберлерінің, яғни ақын-
жазушылардың тілдік тұлғасын бөлек қарастыруды ұсынады [14, 12].
3) бөлек-бөлек мәтіндер негізінде тілдік тұлғаны модельдеуге
арналған зерттеулер де пайда бола бастады: А.А. Реформатсийдің тілдік
тұлғасын оның ғылыми еңбектерін зерттеу материалдары негізінде Е.В.
Красильникова бастаған авторлар тобы [8], сот материалдары арқылы А.Ф.
Конидің тілдік тұлғасын З.В. Баишева [15] қарастырған. Б.С. Каримова
қазіргі кездегі саясаткердің тілдік тұлғасын публицистика материалдары
негізінде зерттеп, «бірегей тілдік тұлға», «элитарлық тілдік мәдениетті
ұстанушының тілдік тұлғасы» терминдерін қатар қолданады [16]. Қазақ
ғалымы Қ. Жұбановтың ғылыми еңбектері негізінде тілдік тұлғасын
зерттеген Ф.Е. Терекова оны кәсіби қызметіне байланысты әлеуметтік
тұрғыдан түсіндіріп, оны «қазақи тілдік тұлға» ретінде таниды [17, 26]. О.Ф.
Кучеренко Л. Толстойдың тілдік тұлғасын оның хаттарының негізінде
зерттеп, «күшті тілдік тұлға» терминін «қарапайым» тілдік тұлғаларды тілде,
ғылымда, тарихта, өнерде із қалдырған өзіндік орны бар тұлғалардан
ажырату үшін қолдануға болатындығын айтады [18].
4) шығармадағы кейіпкерлердің тілдік тұлғасын ашу арқылы шығарма
авторының тілдік тұлғасына шығуды мақсат тұтқан зерттеулер де
кездеседі. Э.Хеменгуэйдін әдеби-көркем шығармаларындағы кейіпкерлерінің
тілдік тұлғасын З.А. Кузневич [19], Б. Соқпақбаевтың шығармаларындағы
кейіпкерлері арқылы жазушының тілдік тұлғасын Ж.Б. Саткенова [20],
балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасын З.А. Абдуллина [21] осы
бағытта қарастырған.
5) тілдік тұлға бойындағы қасиеттерді оның ұлттық болмысына сай
қарастырған еңбектер ғалым Ю.Н. Караулов зерттеуінен бастау алатыны
сөзсіз. Осы тұрғыда әсіресе, орыс тіл білімінде біркелкі зерттелген бұл
мәселеге қазақ тіл білімінде қазіргі таңда шындап ден қойылып, зер салынып
өзіндік сала ретінде дамып келеді. Өз зерттеуінде ұлттық тұлға терминін
қолданған Ислам Айбарша ұлттық мәдениеттің тілде орныққан тілдік
бейнелеріне талдау жасайды [22]. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің
тілдік релеванттарын зерттеген Ш.М.Елемесова дара тіл өзгешелігін
лингвостилистикалық және псохолингвистикалық сабақтастықта талдайды
[23]. Т.Ізтілеуовтың тілдік тұлғасының дискурстық сипатын зерттеген
Ф.Б.Қожахметова «тілдік тұлға дегеніміз ұлт тілі мен ұлт мәдениетінің
ақпаратын сатылы деңгейде толық меңгерген тілдік-мәдени құзырет иесі»
ретінде анықтауға болатындығын айтады [24]. М. Дулатұлының тілдік
тұлғасын зерттеген Г.Е. Имашева М. Дулатұлы тіліндегі қазақ ұлтының
рухани дүниетанымы оның тіліндегі «ғаламның бейнесі» ретінде
байқалатындығын айта келіп, сонымен бірге тілдік тұлға туралы ««тілдік
тұлға» есімі, оның айтқан сөздері, шығарған өлең-жырлары, жазған
мақалалары ел есінде мәңгі қалуы тиіс» − деген пікір білдіреді [25, 7].
Абайдың тілдік тұлғасын зерттеген Г.Ә. Мұратова қазақ тіл біліміндегі тілдік
тұлғаның классикалық үлгісін ұлы Абайдың қазақ әдеби тіліндегі орнын
саралау арқылы айқын көруге болатындығын атай келіп, тілдік тұлға
мәселесін анықтауда «өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта
отырып, тілді тұтынушы ретінде әрі тілді жасаушы ретінде, тұтастай алғанда
тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына қандай үлес
қосқанын айқындау мәселесі – тілдік тұлға мәртебесін одан әрі бекіте түсетін
немесе оның тағы бір қырын, яғни толыққанды тілдік тұлға болмысын
ашатын басты ұстаным болуға тиіс» − деп біледі [26, 11].
Соңғы кездері тілдік тұлғаны түсіндіруге бірнеше бағытта келу үрдісі
қалыптасқандығын байқауға болады:
1. Тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі
жүйелерін анықтау (тегі, өмір сүрген ортасы, әдеби және тілдік, ұлттық-
мәдени ықпал т.б.);
2. Жеке адамның тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін
танытатын ерекшеліктерді көрсету, яғни оны өз бетінше білім алу, өзін-өзі
жетілдіру, тәрбиелеу, өз тілдік тәжірибесін ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда
жеке жауапкершілігін сезіну, білім дағдыларын игеру, шеберлік дағдыларын
меңгеру, игерген білімдері мен тәжірибесін болмыс өзгерту үшін қолдану
т.б. қасиеттерден тұратын күрделі, көп сатылы зерттеу нысаны ретінде оның
тілінің ассоциативтік-вербалдық, лингвокогнитивтік, прагматикалық
деңгейлерін сипаттаудан тұратын деңгейлік талдау арқылы қарастыру қажет
екені айқындалды [27, 14].
Көрсетілген деңгейлердегі жеке тұлғаның ұлттық болмысын ашудың
маңыздылығы туралы ғалым Ж.А. Манкееваның пікіріне жүгінсек: «Аталған
деңгейлердің дамуының белгілі бір тілдік тұлғада көрініс табуы әртүрлі
дәрежеде өрістеп, түрлі сипатта көрінеді. Оның шығармашылық танымдық
мазмұны дүниетанымдық, мәдени құндылықтар жүйесінен тұрады.
Сондықтан тілдік тұлғаны алдымен ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз.
Себебі тілдік тұлға табиғаты тұлғаның ұлттық мәдени сатысымен тікелей
байланысты», − болып шығады [28, 281].
Cонымен бірге тұлғаның өмір сүруінің негізін құрайтын, оның
мақсаттары, ниеттері мен ұстанымдарын белгілейтін шығармашылық
қажеттіліктері туралы да айтуға болады. Тұлғаның қоршаған әлемге,
айналадағы басқа адамдарға, өзіне деген қарым-қатынасы арқылы
анықталатын құндылықтар жүйесі, яғни адамның материалдық және рухани
игіліктері мен мұраттары, белгілі бір әлеуметтік, мәдени және адамгершілік
құндылықтарды таңдап алуының себептері оның танымындағы ғалам
бейнесін ашу арқылы анықталынады. Ал танымы мен мақсат-мүдделерінің
прагматикалық әлеуеті оның тілі арқылы көрініс табады.
Зерттеушілер тілдік тұлға қалыптасуына әсер ететін факторлар ретінде
«баланың өскен ортасындағы жағдайды, мектепте білім алу процесі мен білім
берген оқытушылардың тілдік тұлғалары типтерін, прецедентті мәтіндер
сипатын, яғни жеке адам тілді қолдану барысында үлгі етіп алатын
мәтіндерді атайды. Тілдік тұлғаның элитарлық типінің қалыптасуына
классикалық көркем әдебиет мәтіндері тірек болып табылады» – деп тілдік
тұлғаның қалыптасуы сәби кезінде басталып, өмір бойына жалғасатындығын
айтады [29, 9].

You might also like