Инклюзивті білім берудің түсінігі мен негізгі принциптері.

You might also like

Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Орындаған: Бақыт Дана


Тексерген: Нурсеитова Жадыра

Алматы, 2023
Кез келген адамның негіз құраушы және маңызды құқықтары мен еркіндіктері
жүйесінде, білім алу құқығы басты болып саналады. Қазақстан
Республикасында барлық дамыған елдердегідей, аталған құқық адамдардың
әлеуметтік немесе материалдық жағдайына, жыныстық айырмашылығы мен
діни көзқарастарына, денсаулық күйіне және т.б. қарамастан барлық балаларға
берілген. Біздің еліміздегі бірде-бір баланы, дамудағы дене немесе
интеллектуалды ауытқулары себебінен, осы құқықтан айыруға болмайды.
«Инклюзивті білім беру – бұл балаларды ажырататын кедергілерді жоюға,
барлық балаларды жасына, жынысына, этникалық, діни көзқарасына, дамуында
артта қалуына немесе экономикалық мәртебесіне қарамастан, отбасының
белсенді қатысуымен, баланың дербес мұқтаждықтарын коррекциялық-
педагогикалық және әлеуметтік қолдау арқылы, ортаны балалардың жеке
ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне бейімдеу, яғни адекватты білім
беру жағдайларын құру арқылы оларды білім беру үдерісіне және әлеуметтік
бейімдеуге толыққанды ендіруге бағытталған мемлекеттің саясаты»
Адам мен қоғамды дамыту үшін жағдай құратын әлеуметтік жүйе ретінде, білім
берудегі жаңа құндылықтарды мойындау және тану, өз кезегінде инклюзивті
білім берудің дамуына үлкен әсер етті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау
қалыпты балалармен бірлесіп оқыту идеясының дамуы – қазіргі күннің талабы.
Бұл осындай балаларға білім беру жүйесін дамытудың заңды сатысы.
Мүмкіндігі шектеулі әрбір баланың кез келген білім беру мекемесінде білім алу
құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі және өзіне қажетті арнайы көмекті алу
мүмкіндігі болуы керек.
Инклюзивті немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беретін орта
мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін
қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру – жалпы білім беруді дамыту
үдерісі, ол білім берудің барлығы үшін қолжетімділігін білдіреді. Инклюзивті
білім беру оқушылар арасындағы айырмашылықтардың болуының
мойындалуымен басталады. Оқытудағы инклюзивті тұғырды дамытуда, мұндай
айырмашылықтар қолдау табады және білім беру үдерісінің негізі болып
саналады.
Инклюзивті білім беру – бұл әрбір білім алушыға өзінің физикалық,
интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық, тілдік және басқа ерекшеліктеріне
қарамастан, содан кейін ересектену кезеңіндегі балалға қоғамның толыққанды
мүшесі болуға мүмкіндік беретін, оның сегрегация және оқшаулану қаупін
төмендететін, оқыту мен тәрбиенің (дамыту және әлеуметтендіру) жалпы
үдерісіне енгізілу мүмкіндігі ұсынылатын білім. Инклюзивті білім берудің
негізіне, балалардың кез келген дискриминациясына (кемсіту) жол бермейтін
және барлық адамдарға теңдей қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше
білім алу қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай құратын идеология
алынады. Инклюзивті тұғырлар мұндай балаларға оқытуда және жетістікке
жетуде қолдау көрсетеді, бұл өз кезегінде балалардың жақсы өмір сүруі үшін
мүмкіндіктерін арттырады.
Инклюзивті білім берудің негізіне келесі қағидалар алынады:
1. Барлық адамдардың құқықтарының теңдігі принципі (олардың даралығы мен
ерекшеліктерін есепке алуды бір мезгілде сақтауда);
2. Дискриминацияның кез келген типіне жол бермеушілік, яғни мүмкіндігі
шектеулі адамның білім алу құқығын және әлеуметтік өмірге қатысуын кез
келген шектеуге жол бермеу;
3. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің барлық саласында мүмкіндігі шектеулі
балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырудың ерекше құқықтарын
мойындау, атап айтсақ, білім беруде (оқытудың арнайы жағдайлары, әлеуметтік
инфрақұрылымның объектілеріне қолжетімділік және т.б.);
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның оның табысты әлеуметтенуі үшін
барлық қажетті жағдайлар мен қызметтерді ұсынудағы міндеттері;
5. Барлық балаларды жалпы білім беретін орта мектептер мен мектепке дейінгі
мекемелерге қабылдаудың мүмкіндігі.

Инклюзивті білім берудің негізіне сегіз негіз құраушы принциптер


алынады:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне тәуелді болмайды;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға және өзін тыңдату құқығы бар;
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
5. Шынайы білім беру тек шынайы өзара қатынастар контексінде жүзеге
асырылады;
6. Барлық адамдар қатарластарының қолдауына және достығына мәжбүр;
7. Барлық білім алушылар үшін прогресске жету олардың қолынан не
келетінімен байланысты болады;
8. Алуан түрлілік адам өмірінің барлық қырларын күшейтеді.

Инклюзивті білім беру моделінің принциптері;


Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы бойынша, бала білім беру жүйесіне
енгізілуге дайындалу емес, мұнда жүйенің өзі кез келген баланы ендіруге
дайын болуы қажет. Бұл барлық педагогтар мен ата-аналардың инклюзивті
білім берудің жалпы білім беретін мектепке немесе балабақшаға ашылған есік
ғана емес, сонымен бірге білім берудің нәтижесі үшін жауапкершілік екендігіне
түсіністікпен қараудың қажеттілігін білдіреді. Оның сапасы ұсынылатын білім
беру қызметінің мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне
қаншалықты сәйкес болатынына тікелей байланысты болады. Инклюзивті білім
беру мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты балалардай жалпы білім беру
стандартының аясындағы білімді сол мерзімде меңгеруін қамтуы себепті,
мұндай тұғыр психофизикалық даму деңгейі баланың жасына сәйкес немесе
оған жақындау болған жағдайда мүмкін болады. Н.Н.Малофеев атап
көрсеткендей, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, мектепке дейінгі кезеңде
аса нәтижелі болады. Білім беру ұйымдары оларға адекватты түрде жауап
қайтаруы үшін, тиімді білім беру стратегияларын іздеу, оларды тәжірибеге әрі
қарай ендіру үшін модельдеу және сипаттау қажет болады.

You might also like