Download as doc, pdf, or txt
Download as doc, pdf, or txt
You are on page 1of 1

Машықтанушының есебі

Мен Сақтапбергенова Айжан Сабырқызы 30.09-02.12.2022 жыл


аралығында «Психологиялық-педагогикалық практика» бойынша іс-
тәжірибеден Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінен өттім.
Тәжірибе жинақтау үшін маған 1 «Е» сыныбы берілді. Ғаниқызы Назгүл
мектептегі іс-тәжірибемде жетекшілік етті. 1 «Е» сыныбымен тиянақты
жұмыс істеуге тырыстым. Өзімнің бойымдағы педагогикаолық мамандыққа
деген қызығушылығым мен сүйіспеншілігімді барынша дамытуға тырыстым.
Алғашқы күндерді оқушылармен танысып, бақыладым. Сынып
жетекшімнің сабақ өту процесін бақыладым. Сабақ барысында қолданған
әдіс-тәсілдерді ескеріп, барынша жинақтауға тырыстым. Сонымен қатар
жетекшіммен бірге сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырдық.
Оқушыларға тәрбие сағаттар ұйымдастырып, қоңырау уақытысында
оқушылар көңілді жаттығулар, ойындар жүргіздім. Мектеп психологыменде
байланысып балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, тест жұмысын
алдым. Оқушының дамуына диагностика жасауменде айналыстым.
Оқушыларға әр келген сайыс тақпақтар мен жұмбақтар, таратпа қағаздарын
әкелдім. Мен машықтанушы ретінде өзіме берілген уақытты тиімді әрі
ұтымды пайдаландым деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтау кезінде сынып
жетекшім Ғаниқызы Назгүл көп көмегін тигізді.

You might also like