Professional Documents
Culture Documents
ЕСЕП Мадина
ЕСЕП Мадина
ЕСЕБІ
Аяна Маратқызы бізге үлкен жауапкершілікпен қарай отырып өзінің бар білетінімен
ұстаздың қандай болу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Алғашқы пассив
аптамызда апайымыз сыныппен қалай жұмыс жасау керектігін , балаларды тәртіпке
қалай шақыру керектігін , олармен қалай жұмыс жасау қажеттігін , бағалауды қалай
жүзеге асыру керектігін, қандай әдістермен баланы оқуға қызықтыру керектігін , қысқа
мерзімді сабақ жоспары қалай жасалынатынын барлығын түсіндіріп көмектесті.
Сабақ үлгерімдеріде тәртіптеріде жақсы бұл сыныппен тіл табысу оңай әрі тез болды.
Әр күн сайын сергіту сәтін жасап, әр дағдымызды дамытып, оқушылардан әр сабақтан
рефлексия ала отырып өзімдіде күн сайын дамытып отырдым.
8 ші ақпан күні 5 ә сыныбымен “Story tale” тақырыбында ашық сабағымды өткізген
болатынмын. Әдеттегідей белсенді оқушыларым бұл жолыда өте белсенді қатысып әр
тапсырмаға мұқият жауап беріп топтық жұмыстыда керемет орындап шықты. Балалар
жаңа тақырыпты меңгерген деңгейлері бойынша өздерін бағалады және сабақ туралы
пікірлерін қалдырды.
Бұл ашық сабақ арқылы оқу-іс тәжірибесінде өткен уақыт аралығында жаңартылған
білім білім беру жүйесі бойынша сабақ барысын қаншалықты дұрыс ұйымдастыра
және өткізе алатындығым тексерілді.
Басқада ұстаздардың ашық сабақтарына қатысу арқылы өзіме көп тәжірибе жинадым.