Professional Documents
Culture Documents
Libr Aues KZ Facul...
Libr Aues KZ Facul...
Алматы 2009
ОЖК 1(091)(075.8)
Кіріспе
Әл-Муалим ас-Сани, яғни Екінші Ұстаз деген атпен танымал Әбу Наср
әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы
тұлға ретінде фәлсафа тарихында үлкен орын алады. Аристотельдік логика
тарихында маңызды рөлге ие болып, латын тіліне Аристотель еңбектерін
аударған Рим консулы Боэтиус /525 ж.қ.б./ пен Батыс Еуропадағы Абелард
/1141 ж.қ.б./ тұлғаларынан алға кетті десек қателеспейміз. Өзінің ұстазы деп
мойындаған әл-Киндидің өзі /866 ж.қ.б./ оншалықты көп еңбек мұрағаттай
алмады. Әбу Якуб әл-Кинди асторономия мен исхологияның, физика мен
метафизиканың негізін салған. Дегенмен, кейбір деректерге жүгінетін
болсақ, ойшыл туындылары шашыраңқы, бір жүйелі емес, кеміс кеткен
тұстары көп, көптеген маңызды мәліметтерге тоқталмаған. Ал әр-Рази /925
ж.қ.б./ болса Платонды ерекше құрметтеп, оның бүкіл шығармашылығына
таңданыспен қараса да, фәлсафа мен дінді алшақтатуға әрекет жасаған.
Исламдағы ең үлкен сектант ретінде танымал болған ойшыл ресми діни
көзқарасты бес принциппен – жаратушы, жан, материя, кеңістік және уақыт
деп алмастырады.
1-тарау
Фәлсафаның шығуы
2-тарау
Ғылымдардың жіктелуі
-математика ғылымдары;
-жазу емлесі;
-силлогизм түрлері;
-өнер түрлері;
Көру түйсігі
Аспантаным
-бірінші тармақ бар нәрселер мен заттарды зерттейді, өйткені олар бар
болып табылады;
-үшінші тармақ дененің мәні емес және денесі жоқ материалдық емес
нәрселерді зерттейді.
3-тарау
Логика
А дегеніміз Р
В дегеніміз Р
С дегеніміз Р
А, В, С көпшілікті құрайды
------------------------------------
А дегеніміз Р
В дегеніміз Р
С дегеніміз Р
------------------------------------
Араб халифаты ислам туы астына Таяу және Орта Шығыс елдерін
топтастырған феодалды-теократиялық мемлекет болды. Әлеуметтік
құрылымына келсек: халиф, министрлер мен сановниктер /везирлер/,
эмирлер, ірі жер иеленушілер, көпестер және ең соңында еңбекші халық,
ұсақ жер иелері, шаруалар, малшылар, ұсақ қолөнершілер болса, ешқандай
құқығы жоқ қиын жұмыстарда пайдаланылатын құлдар өмір сүрді. Ұлан
ғайыр халифаттың әскеріне келсек жалданбалылармен бірге құлдық гвардия
да болған. Ал сарайда мыңдаған құлдар мен күңдер өмір сүрді. Олар
халифтың жеке меншігі болып танылған. Елдің экономикасында маңызды
рөл жер иеленушілердің еншісінде. Жер иеленушіліктің бес түрі белгілі:
халифтердің иелігі, билеуші династия иелігі /сұлтандар/, дін басыларының
иелігі, ірі жер иеліктері яғни қауым иелігі, қауым ішіндегі ұсақ жер
иеліктері яғни шаруа меншігі [78. 19-20]. Араб халифатында табиғи
климаттық жағдайға байланысты Египет, Оңтүстік Арабия, Бабыл,
Солтүстік-Шығыс Персия, Ауғаныстан, Орталық Азия аймақтарына
ирригациялық су жүйесін жүргізу өте-мөте қажет болды. Судың тапшылығы
оны қастерлеуге алғы шарттылықтар туғызып, «қауымның иелігінде деп
танылып, оны сатуға, сатып алуға тыйым салынған» [17.350]. Швейцарлық
шығыстанушы А.Мец «ирригациялық жұмыстарды шаруалар тек бір
кетпеннің көмегімен соқты» [17. 352] деп жазады. Құран мен Хадисте
(пайғамбарымыз Мұхаммед жөніндегі аңыз әңгімелер) айтылғандай бұл
аймақта салық жинаудың екі түрі болды: басқа діннің өкілдері– иуддей мен
христиандардан және кедейлер үшін жағдайы бар мұсылмандардан /зекет/
алынған. «Барлығына салық төленген, тек тегін ауамен дем алуға
мүмкіншілік болған». Шариғатқа иек артқан бұл жерлерде адамдар тек
әлеуметтік жағдайына ғана байланысты емес, діни ерекшеліктеріне қарай
да бөлінген: муслим, яғни құрамына арабтар мен мұсылман дінін ұстанушы
жат елдіктер мен зиммилер – ислам дінін мойындамайтын, бірақ халифатпен
өміріне қауіпсіздік және мүліктің дербестігіне шарт жасасқандар, сосын
харбтар – халифатпен шектесіп жатқан басқа халықтар деп жіктелген.
Зиммилер мен харбтардың салығы мұсылмандарға қарағанда өте ауыр
болған [78. 21] Құран мен Сүннетке (мұсылманның қасиетті аңыздарының
жиынтығы) негізделген араб халифаты осындай күй кешті. Себебі пенде
құлшылық етіп, Алланың құдіретті, әділетті, дана екенін мойындауы ләзім
(мұсылман дін басылары осыны мақұлдаған). Алайда адамның бостандығы
мен теңдігі тұрғысындағы идеялар, сөйтіп әр адамда құдайдың мекендеуі
мүмкін деген ұстанымдағы сопылық ағымдардың өмірге келуіне көмектесті.
Махаббат арқылы адамның құдаймен, құдайдың адаммен қауышуы дегенді
таратушылар болғанымен, бұл психолгиялық құпияларды өмірге әкелді.
Жалпы алғанда суфизм адам проблемасын шешудегі шынайы гуманистік
шешімдерден алшақ еді.
Хунейн ибн-Исхак (876 ж.қ.б.), Сабит ибн Курра (886-901), Коста ибн-
Лука (922 ж.қ.б.), Яхья инб-Ади (947 ж.қ.б.) сияқты аудармашылар Мансур
(754-776), Харун ар-Рашид (786-809), Маамун (813-833) сияқты халифтердің
қолдауымен гректердің небір туындыларын араб топырағына тасымалдаушы
болды. Мұсылман Ренессансы ғалымдары бұл өткеннің мұраларын үлкен
ілтипатпен қарсы алып, бұл турасында әл-Кинди: «Ақиқатты тану мен
қабылдаудың ұяттығы жоқ, тіпті оның негізін алыс тайпалар мен
мемлекеттер жасаған болсын. Ақиқатты ізденушіге ақиқаттан артық не бар.
Ақиқатты менсінбеуге тағы болмайды, ақиқатпен біреуді қорлай алмайсыз –
керісінше ақиқат барлығын игілендіреді, асылдандырады» [83. 59] деген.
Бұл ілімнің үрдісімен жақсы таныс болған Орта Азиялық ойшыл Жүсіп
Баласағұн да адам проблемасын терең қозғаған. Адам бойындағы этикалық
нормалар мен ережелерге терең үңілген.
Сол сөздерден осы кітап құрылған [143. 44 .],- деген өлең жолдары
арқылы Жүсіп Баласағұн Күнтуды, Өгдүлміш, Айтолды, Одғұрмыш сияқты
шығарма кейіпкерлерінің есімі мен мінез-құлқына қарай нағыз адамға
қажетті қасиеттерді түсіндіруге тырысқан. Сол уақыттағы адам тағдыры,
оның маңыздылығын, адами қасиеттер осы тұлғалар арқылы санаңа
жеткізілген. Жоғарғы деңгейге қол жеткізем дегендерге ойшыл білім
жолына түсуді ұсынады. «Білім мен ақылдың адам баласына шапағатын
көне дәуір ғұламасы түрлі-түрлі реңмен, алуан-алуан астармен айтады» -
дейді А.Егеубаев.
«Білімді – аз, білімсіздер қаптаған,
5-тарау
Саяси ғылымға әртүрлі топтар, дәстүр, ізгілік, өмір сүру үлгісі, әдет,
табиғи қабілет, мақсатқа қол жеткізу және де осы мақсаттардың адамзат
дүниесіне ішкерлей енуі немесе оны меңгеру тәсілдері енгізіледі. Оған қоса
бұл ғылым осы әрекеттердің қалай жүргізілетінін ашып айтып, ең ақырында
ізгі іс-әрекеттің көмегімен адамдардың бақытқа қол жеткізуі шарттылығына
алып келеді. Алайда қоғамда өмір сүруші адам ешқашан басқа адамдармен
бірге қызмет етпей, жеке дара өз бетінше ойлауға қол жеткізе алмайды. Кез
келген адам бұл қоғамда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін басқа
адамдармен жақын болуы немесе бірігуі қажет, адам «тек әлеуметтік топта
ғана өмір сүріп, моральды кемелденуге қол жеткізеді». «...Сосын саясат
ілімі амалдарды, мінез-құлық, этикалық, ерік-жігер қуаттарын егжей-
тегжейлі зерттейді. Саясат ілімі бұлардың барлығының бір адамның
бойынан табылатындығын, бірақ жалғыз адам мұның барлығын жүзеге
асыра алмайтындығын баяндайды. Бұл іс – топтың өзара бөлісуімен
міндеттелуі арқылы болады. Бұл топ өзара істі бөлісіп, әрбір міндеттер мен
жауапкершілік аясын нақтылап, бір-біріне өз салалары бойынша
көмектескенде ғана бұл іс жүзеге асады. Мысалы, жер жыртумен
айналысатын диқан үшін, соқа істейтін ұстаның, темір құятын теміршінің,
өгіз сататын саудагердің көмегі қажет. Амалдар мен таңдау қуаттардың
барлық түрлерінің үлкен топпен топты құрайтын жекелеген тұлғалар немесе
топтың төменгі бөлшегі – қауымдар арасында бөлініспейінше мақсатқа жете
алмайтындығы белгілі. Бұндай мақсатқа адам ағзаларының барлық дене
қызметін іске қосу үшін амалдар мен қабілеттері арқылы мақсатқа жетуде
жұмылуы керек. Ол үшін бұл топ белгілі бір жерде жинақы түрде орналасуы
керек екендігін саясат ілімі баяндайды. Бұдан кейін қала қауымы /жама’ат-
ул-мадани/, қарапайым қауым /жама’ат-ул-умми/ сияқты бір жерде тіршілік
етіп жатқан қоғам сыныптары туралы сөз болады» [99. 116]. Олай болса
адамдардың бірігуі мақсат емес – қажеттілік. Мақсат дегеніміз - өмірдегі
бақыт алып келетін кемелденуге қол жеткізу болып табылады. Әл-
Фарабидің бұл пікірі қазіргі уақытта Кеңес Одағы ыдырап, жеке адамдар,
бүтіндей бір халықтар, оның ішінде Қазақстан Республикасының халқы да
өтпелі кезеңнің қыспағын жеңіп отырғанымызда ойландыратын,
айтарлықтай экономикалық дағдарыстан, әлеуметтік жіктелуден шыға білуді
үйрететін аса маңызды қорытынды.
Адамдардың бірі билік құруға қабілетті болса, енді бірі тәуелді болуға
бейім. Сондықтан да қоғамның басында міндетті түрде қол астындағыларды
бақыт жолына жетелейтін ерекше қабілетті адам болуы шарт. Нағыз
билеуші дегеніміз – ол әрекет етуші интеллектіге мүлтіксіз жақындаушы
адам. Ол ақиқатты танып басқаларға көмектеседі. «Парасатты бірінші
басшының қоғамдық кәсібі /әл-михнат-ул маликийа/ негізінен Алладан өзіне
тікелей берілген аян /уахи/ мен байланысты кәсіп. Мұндай басшы,
«парасатты дінде» қабылданған амалдар мен көзқарастарды /пікірлерді/ тек
қана аянның негізінде анықтайды. Бұл /мәселе/ екі /жолдың/ бірі арқылы
немесе екеуімен бірдей жүзеге асады: а/ Жоғарыда айтылған пікір немесе
амалдардың барлығы «бірінші басшыға» нақты әрі анық аянмен беріледі; ә/
Аяннан немесе Болмыстан берілген күш /әл-қууат/ арқылы бірінші басшы
пікірді, іс-амалдардың шегін өзі анықтайды. Және бұл жағдай «парасатты
іс-амалдар мен пікірлердің кейбірі бірінші жол арқылы, ал кейбірінде екінші
жолмен жүзеге асып отырады. «Теориялық білім» /фи-л илми’н-назарийа/
бөлімінде Алланың адамға қалай аян бергендігі және адамда аяннан және
Ұлы Болмыстан алынған қабілеттің – күштің қалай пайда болғандығын
анықтаған болатынбыз» [20. 109]. «Алғашқы басшының орнына өлгеннен
соң қай жағынан болсын оған ұқсайтын бірі келгенде, жаңа бастық,
алғашқы басшының анықтай алмай, нақты көрсетпей кеткен әрекеттерін
көрсетеді, ол онымен де шектелмей, алғашқы басшының заңды деп тапқан
көптеген ұстаным-әрекеттерін де ауыстыруы ықтимал. Өзінің билігі
кезеңінде ең дұрысы осы жол екендігін білсе, бұрынғы басшыдан өзгеше
көзқарасқа ойысады. Бірақ, қаған /сұлтан/ болған әділ және ізгілікті
көсемдердің бірі жан-жақты өзіне ұқсас бірін орнына мұрагер тағайындамай
өлсе, алдыңғы басшының жолымен жүруі, оған оппозицияда болмауы,
өзгерістер жасамауы, оның анықтаған ұстанымдарын сол қалпында сақтауы
тиіс. Сонымен қатар алдыңғы басшының нақтыламай кеткен әрбір істің
анықталуы қажеттілік болып табылатын мәселелерде алдыңғы басшының
нақтылағандарын негізге алу керек. Бұл жерде фикх өнерін қолдану керек»
[20. 114]. «Ал көзқарастар мен іс-әрекеттердің анықтамасын енгізген
жағдайда фикх түрлі көзқарастар мен іс-әрекеттерге байланысты екі бөлімге
бөлінеді. Факих шариғатты құрастырушының адамның іс-қылықтарын
айқындауға байланысты жариялаған қағидаларының негізінде іс-
қылықтарға байланысты жинақталған білімді жеке игереді. Сөйтіп, іс-
қылықтарды айқындау шариғатты құрастырушының діни қағидаларына
немесе оның жеке басының қылықтарына байланысты жүзеге асырылады.
Демек, адамның өмірдегі әрбір қадамы осы қағидаларға сай болуы керек»
[98. 54]. Осы мәселе қазіргі біз өмір сүріп отырған тарихи кезеңдегі қоғамда
да, атап айтқанда, аса ірі, әрі ауқымды экономикалық және әлеуметтік
өзгерістер болып жатқан Қазақстан Республикасы үшін де аса маңызды.
Мемлекетті басқару өнері республикамызда нарыққа көшудегі жіберілген
қателіктерді жөндеп, енді қайталамай, дағдарыстан шығу үшін,
стратегиялық нысанамыз Қазақстанды шаруашылық жағынан түлетіп,
әлеуметтің нарықтың шаруашылық негізін қалыптастыру, халықты
әлеуметтік жағынан қорғаудың тиімді жүйесін жасау үшін де керек-ақ. Ұлы
ойшылдың азамматтық ғылымға мемлекетті басқару мәселесі мен идеалды
қоғамды кіргізуі өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан алғанда сөзсіз ілгерішіл
бағыт, батыл қадам болды десек, ол бүгінгі таңда өзінің мәнін жоймақ емес.
Қайырымды қала
Аллаға тән
Сенімнің бесінші тармағы Ақыр заман күніне илану Абу Насрде өзінше
бір келбетте көрінеді. Жалпы Ақыр заман жөніндегі ілім Құранда жазылған
мінез-құлық нормаларымен байланысты. «Оның қашан болатыны жайлы
білім тек қана Раббымның жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім
білдіре алмайды» (Ағраф сүресі). Бұл туралы ұғымын Әл-Фараби өзінің
Қайырымды қаласында өлгеннен кейін қайырымды қала тұрғындарының
жандары бір-бірімен қауышады, ал адасқан және надан қала
тұрғындарының жаны өлген соң ыдырап, ажырап кетеді деген идеяны
ұстанғанда айқындайды. Сенімнің бесінші бөліміне байланысты тәртіптің
діни және мінез-құлықтық ережелері әл-Фарабидің барлық философиялық
саяси трактаттарында дәлелденген. Сонымен бірге хадистердегі мумин
түсінігіне Әбу Насрдың Қайырымды адам бейнесі өте жақын. Сенімнің
алтынша белгісі – Тағдырға немесе қайырымдылық пен қатігездіктің Алла
бұйырған шарттылығына сену. Ол жөнінде « араларыңда өлімді біз белгілеп,
тағайындадық...» (Уақиға сүресі) деген Құран сүрелері бәрімізге мәлім. Осы
орайда Мұхаммед пайғамбар өлгенді жоқтауды айыптайды. Ұлы ойшыл
теологиялық пайымға тән дәлдіктен алшақтай отырып, Даналық
негіздерінде Қасиетті кітаптан алынған "Жайдан-жай бір тал жапырақ та
ағаштан түспейді [44. 2]" – деген мысал келтіреді.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
13. Ian Richard Netton. Farabi ve Okulu. Ankara “Elis Yayinlan”, 2005 /
түрік тілінде /.
15. Majid Fakhri. Al-Farabi. Oxford OX2 7AR, 2002 /ағылшын тілінде/.
41. Болтаев М.Н. Абу Али Ибн Сина. Москва «Сампо» 2002.
112. The cultural atlas of Islam. New York, 1986 /ағылшын тілінде/.
114. Абу Али Ибн Сина. Избранные произведения. Душанбе, 1980. Т.1.
Мазмұны
Кіріспе
3-тарау. Логика
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі