Download as docx, pdf, or txt
Download as docx, pdf, or txt
You are on page 1of 16

Тақырыбы:Физикадан практикаға бағытталған есептерді шешу әдістемесі

Жоспар
Кіріспе
1-тарау.Практикаға бағытталған есептерді талқылау
1.1.Негізгі есептерді зерттеу
1.2.Есептерді шығаратын жалпы әдістер
1.3.Әдістерге талдау жасау
2-тарау.Физика сабағында есептерді шешу әдісімен жұмыс жасау
2.1.Заманауи жүйелерді қолдану
2.2.Есепті шығарудың тиімді жолдары
2.3.
3-тарау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Физикадан практикаға бағытталған есептерді шешу әдістемесі – педагогика


ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика
ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі
ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын
қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті: а) мектеп физика пәнінің оқу
бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау; ә) оқушыларға физикалық
білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту
әдістемесін көрсету. Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге
кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді. Мектепте физиканы
сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің
берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу
әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия,
педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің
мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша
физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен
жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі
педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады. Физика
әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау,
нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным
мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық
және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау,
оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т.т. пайдаланылады.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты
мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу
материалының көлемін және мазмұнын анықтау. Мысалы, мектепте неге
газдардың қысымы бірінші басқышта, ал термодинамика негіздерін екінші
басқышта оқимыз? Не себепті жарық құбылыстары бірінші және екінші
басқыштарда да оқытылады? Мұның дәлелін тек ғана физиканы оқыту
әдістемесі курсынан табамыз.
2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын
материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс.
3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен
тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын
көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент,
анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т.т.
4.Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз
ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық базасын
анықтау.
5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.
6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға
бағыт-бағдар беру.
7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және
дағдыларын қалыптастыру
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін
қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады 1.1 кестеде
көрсетілген:
ФОӘ=А+Б+С,
мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз;
Б-физикада не нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз.

Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді


диалектикалықматериалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір
мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен
дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді
меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А);
физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай
білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада
қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді
материалистік ойлауға дағдыландырамыз (Б);
физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық
санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік
және көрнекілік түрде түсіндіреміз.
1.Практикаға бағытталған есептерді талқылау

1.1.Негізгі есептерді зерттеу

Физика есебі дегеніміз - физика тақырыптары бойынша құрылған, шешуді


қажет ететін сұрақтар мен проблемалар. Физика есептерінің түрлері көп, оны
шығарудың тәсілдері жан-жақты. Мұның себебі физика бағдарламасында
қарастырылатын мәселелер өте көп, әрі көлемді. Сондықтан да физика
есептерін шығару күрделі мәселе. Дегенмен де, оқу бағдарламасын меңгеру
үшін, мұндай жаттығулар керек-ақ. Оқушы тақырып бойынша есеп шығара
алмайтын болса, ол физиканы терең түсінеді деп айту қиын.
Физика есептерін шығару үшін теориялық мәселелерді түсініп, іс жүзінде
пайдалана білу керек, демек, шығармашылық еңбек ете білуі, терең ойланып,
күрделі мәселелерді шеше алатындай болуы керек. Физика есебін шығаруда
оқушылар көптеген құбылыстардың заңдарын анықтайды, теорияның
мағынасын терең түсініп, өмірдегі ролін көрсетеді. Есеп шығаруда оқушылар
техниканың жаңалықтарымен танысады, физикалық негіздерін анықтайды,
жалпы білімдерін көтереді .
Физика есебін шығаруда оқушылар теориялық мәселелерді бір емес, бірнеше
рет қайталайды, осының нәтижесінде физикалық құбылыстар, заңдар ойда
сақталып қалатындай жағдай туады. Есеп шығару кезінде оқушылар
физикамен бірге өздерінің математикалық дайындығын жақсартады. Қорыта
келгенде, оқушылар физика есептерін шығаруға дағдыланып, үйренсе,
теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алатын болады. Оқушылар
мұндай дәрежеге жету үшін, мектеп қабырғасында, одан тыс, үйде де көптеп
есептер шығарулары керек. Оқушылар есепті қызығып шығаруы үшін оның
мазмұнын тартымды, бірақ әрқашан да өмірге жақын болуы керек.
Жалпы алғанда физикадан есеп шығару - оқу жұмысының қажетті элементі.
Есептер қандай да бір нақты жағдайдарда болып өтетін құбылыстарға
физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материал
береді. Сондықтан есеп шығару оқушылардың білімін нақтылауда үлкен
маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімдердің практикалық бағасы
болмайды, кітап жүзінде қалады.
Есептер шығару физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге,
логикалық ойлаудың дамуына, ұғымдылық, инициативалы болуға, ерік және
қойылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиеді, физикаға
қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге
көмектеседі және өзіндік ой қорытуда бірден-бір құрал болып табылады.
Есептер шығару үрдісінде кейде сабақта жаңа ұғымдар және формулалар
еңгізуге, оқып үйренілетін заңдылықтарды түсіндіру, жаңа материалдың
мазмұнына жақындата түсуге болады.
Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі
білім шеңберін кеңейтеді. Оқушылар есептерді шығарғанда тікелей
физикадан алған білімдерін қолдану қажеттілігімен кездеседі, теория мен
практиканың байланысын тереңірек сезінеді.
Есептер шығару - қайталауды, пысықтауды және оқушылардың білімдерін
тексерудің маңызды құралы .
Физика есептері мазмұны және дидактикалық мақсаттарына сай алуан түрлі.
Оларды түрлі мазмұндағы көптеген есептер үшін неғұрлым типтік
қасиеттерін бейнелейтін әртүрлі белгілеріне қарай классификациялауға
болады. Әдістемелік әдебиетте осы мәселеге байланысты түрлі көзқарастар
кездеседі, бұл оның жеткіліксіз дәрежеде зерттелгенін көрсетеді.
Бұл мәселені қарастырғанда есептерді классификациялау, басқа да ғылыми
ұғымдар сияқты, түрлі белгілеріне қарай - классификацияның мақсатына
байланысты жүзеге асырылатынын ескеру керек. Атап айтқанда, есептер
былай классификациялануы мүмкін:

 ондағы қамтылған информацияның берілу тәсілі бойынша;


 шығарудың негізгі тәсілі - есепте қойылған сұрақтың жауабын алу
бойынша;
 мазмұны және басқа белгілері бойынша.

Классификациялау мақсаты түрліше болуы мүмкін. Егер, мысалы, есептер


политехникалық білімді жүзеге асыруға, кәсіптік бағдарлауға қандай
мөлшерде себі тиетінін білгіміз келсе, онда барлық есептерді мазмұны
бойынша классификациялаймыз да, оқулықтар мен есептер жинағындағы
барлық есептің қандай проценті өндірістік-техникалық мазмұнды, ал қандай
мөлшерде абстрактылы есептер екендігін санаймыз. Кейбір жағдайларда
бірқатар есептерді шығаруды жалпы тұрғыдан айқындау мақсатында немесе
шешудің алгоритмін құруда есептерді шығару тәсілдері бойынша
классификациялау ыңғайлы .
Есептерді онда қамтылған информация бойынша классификациялай отырып,
біз есептер шартының айтылу тәсіліне басты назар аударамыз. Келтірілген
классификациялардың кез келгені толық және соңына дейін жүйелі
болмайды, өйткені кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай
түрліше топтарға жатқызылуы мүмкін. Сөйте тұра, әдістемелік мақсаттарда
есептерді классификациялауды қолдану пайдалы. Есептерді
классификациялаудың бірнешесіне толығырақ тоқталайық.
Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай негізгі төрт түрге бөлуге болады:
текстілі, эксперименттік, графиктік және сурет-есеп. Олардың әрқайсысы өз
кезегінде сандық (немесе есептеу) және сапалық (немесе сұрақ-есептер)
болып бөлінеді. Сонымен бірге есептің негізгі түрлерін қиындық дәрежесіне
қарай оңай және қиын, жаттықтыру есептері мен шығармашылық есептер
және басқа типтерге бөлуге болады.
Физиканы оқу процесінде текстілі есептер жиірек пайдаланылады. Бұл
есептер - шарты сөзбен берілген, дәлме-дәл, әрі олардың шартында
физикалық константалардан басқа барлық қажетті мәліметтері бар есептер.
Шығару тәсілдеріне қарай оларды сұрақ-есептер және есептеу есептері деп
бөледі.
Сұрақ-есептер- бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық құбылысты
түсіндіруді (есептеуді орындамай) немесе белгілі бір жағдайларда
құбылыстың қалай болып өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер.
Әдеттегіше, мұндай есептердің мазмұнында сан мәліметтер болмайды.
Оқушылардың физикалық ұғымын түсініп, талдау ұғуы олардың логикалық
және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпалын тигізеді.
Оқушалырдың физикалық ойлауын дамытуда, В.И.Ленин айтқандай, ең
алдымен оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар
сырының қалай ашылғандығына (мысалы,архимед күші,электромагниттік
толқын, радио байланыс, т.т.) үйретіп,әлі шешілмеген мәселердің зерттеліп
толық білімге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш
кемелерін ұшыру , телевизиялық хабар беру, т.т) түсіндіріп, физикалық
заңдылықтардың өзара байланысын(газ заңдары, уранның тізбекті
реакциясы, т.т.) ашып көрсетуіміз қажет.
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларды логикалық ойлаудың
негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:
1. физикалық ойлау;
2. ғылыми-техникалық ойлау;
3. диалектикалық ойлау;
4. индуктивтік ойлау;
5. дедуктивтік ойлау;
6. абстракты ойлау.
Әрине,мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес,
мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп
түсінуіміз тиіс.
1. Физикалық ойлау деп оқушылардың:
a) Физикалық құбылыстарды бақылау,
b) Күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,
c) Олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды
анықтау,
d) Физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық
және сапалық байланыстарды тағайындау,
e) Физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу,
f) Физикалық білімдерді практикада қолдана білу ебдейліктерді
дамытуды түсінемңз.
Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекетінен көруге
болады:а)ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білу,
ә)физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп,тексере білуі, б)есеп
шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в)физикалық
шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, г)физикалық заңдылықтардың
өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.т. Физикалық ойлаудың осы
көрсетілген жүйелілігі бойынша, мысал үшін, фотоэффект құбылысын,
жылудың механикалық эквикалентін (c=A/Q), т.т. талдауға болады.
2. Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы физика мен
математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, оларлың
техникада қолдану мүмкіндігін алдын ала болжай білуге, физикалық
идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель схемаларды
жасай білуге үйрету арқылы дамытылады.Бұған шалаөткізгіштер мен
электромагниттік толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады,
себебі оның негізінде электрониканың және радио – телевизиялық
техниканың қарыштап дамығаны белгілі.
3. Табиғаттың объективті заңы – энергияның сақталу және айналы заңы-
мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара
байланыстылығы, материя қозғалысы формаларының өзгеруі,
энергияның сақталу туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика
курсын “қызыл жіптей көктеп” өтеді.Бұл оқушылардың
диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызады.
Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-
салдарларын анықтай білуге үйрету – оқушылардың диалектикалық
ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл.
4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан
жалпыға көшіп,жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады.Масалы,
балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол мен машина баллонының
камераларын насоспен үрлеп толтыруы, сабын суы көпіршіктерін
шығаруы, Паскаль шарымен (сумен және түтінмен толтырылған)
тәжірибе жасау арқылы жеке фактыларды қорытып, Паскаль заңын
түсіндіріп, оның тұжырымдамасын көреміз.
5. Аналтз (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп
оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. Мәселен,
Паскаль ,Бернулли, Ленц заңдары энергияның сақталу және айналу
заңының дербес түрі ретінде қорытылып шығарылады; Ньютон
заңдары, қоз,алыс мөлшерінің сақталу заңының жеке бір дербес түрі
ретінде қарастырылады; Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдары –
газдың кинетикалық теориясының дербес түрі.
Ойлаудың аналитикалық және және синтетикалық тәсілдері физикалық
есептерді шығаруда да көп қолданылады. Индуктивтік ойлауды дамытуда
бақылаудан және зерттеуден алынған фактілерді қорытындылаудың
маңызы зор.Дедуктивтік ойлауға дағдыландыруда физикалық
құбылыстарды классификациялау мен жүйелеу, салыстыру мен аналогия
тәсілдерін пайдалану да тиімді.
Физикалық шамаларды мәндерінің артуы бойынша талдап, жинақтап,
кестеге түсіргенде жүйелеу (систематизациялау) тәсілін қолданудың да
тиімді нәтижесі бар(мысалы, денелердің меншікті жылу
сыйымдылықтары мен өткізгіштің меншікті кедергеілерінің кестесі)
Оқушыларды физикалық құбылыстарды салыстырудың күрделі
формаларына үйретуге болады.
Төменгі сыныптарда денелерді көлемі мен формасын сақтау қасиеті
бойынша, механикалық классификациялауға үйретудің мүмкіндігі бар.
Меншікті салмағы, тығыздығы , жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы,
электр өткізгіштігі , балқу температурасы бойынша денелердің физикалық
қасиеттерін талдап , салыстыруға, жүйелеуге, классификауиялауға
болады.
6.Бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды
оңайлату мақсатында сабақта абстаркты ойлау (қиялдау, ойша
тұжырымдау) тәсілін қолдануға мәжбүрміз.Мысалы, идеал газ,
Карноның идеал циклы, абсолют қара дене сияқты ұғымдар ,
процестер, объектілер- абстаркты ойлаудың жемісі.
Оқушылардың фиизкалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне
үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану
қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі белсенділігі жоғарылайды, мұның бәрі
оқытудағы формализм мен догматизм жоюға ықпал жасап, жастарды
тапқырлыққа, ебтілікке,бақылау білушілікке, ізденушілікке, дәлел келтіруге ,
оқудағы қиыншылықты және білуге, ғылыми құмарлыққа тәрбиелейді.
Физиканы оқыту процесінде, әр мезетте,алға қойған міндетті оптималды
түрде шешу мақсатында мұғалім оған сәйкес оқыту әдістерін қолданумен
қатар, оны дұрыс ұйымдастырып, нәтижелі өткізудің әр түрлі фомаларын
пайдаланады. Оқыту әдістері мен оқыту процесін ұйымдастыру формалары
бір-бірімен өзара тығыз байланысты.Көп жағдайда белгілі бір тақырыпқа
сәйкес таңдап алынған оқыту әдістері өтілетін сабақтардың құрылымын
көрсетумен бірге олардың өткізілу формалары да анықтайды.
Осы тұрғыдан мектепте физиканы оқытудың жүйесі сабақтан, лекциядан,
оқу өндірістік экскурсиядан, әртүрлі электронды-кибернетикалық
машиналардың жәрдемімен оқушылардың өз бетінше есеп шығаруынан
немес тақырыпты пысықтауынан, оқу конференциясы мен семинарлардан,
физикалық практикумнан , оқушы жастардың өздігінен кітап-оқулық пен
немесе бақылау-тәжірибемен айналысып, жұмыс істеуінен тұрады.
Фиизкалық оқыту жүйесі қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара
жатқан заманда, ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер
физикалық шығармашылық сабақтардың сан алуан түрлерін ойлап шығарып,
өз практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі,
іскерлік ойын, өнертапқыштық сабақ, жарыс сабағы, физикалық аукцион,
компьютерлік сабақ т.т. Сондай-ақ жаңашыл физик-мұғалімдер,
оқушылардың сабақтағы оқу қарекетінің белсенділігін көтеру мақсатында,
мынадай жаңа әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада жүзеге
асырып келеді: пресс-конференция сабағы, физикалық лото және теннис
сабақтары, “экспресс баға” және “Бұл не?қайда?қашан?” атты
сабақтар,лекция – парадокс, т.т.
Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру формаларын нәтижелі
жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық рөлі мен әдістемелік
ебдейлігіне байланысты екендігі даусыз факт. Өйткені, физиканы оқыту
процесін жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалім болып
саналады. Істің бәрін оның педагогикалық қабілеттілігі мен дидактикалық
шеберлігі шешеді.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлері болады:
1)жаңа оқу материалын түсіну сабағы; 2)лабораториялық сабақ; 3)есеп
шығару сабағы; 4)қайталау және қорытындылау сабағы; 5)оқушылардың
ебдейліктер мен сабағын қалыптастыру; 6)оқушыларды экскурцияға
дайындау; 7)бақылау жұмыстарын алу немесе оқушылардың білімдерін
тексеру сабағы; 8) барлық мақсат біріктіріліп қойған кешенді сабақ.
Есеп шығару – оқыту үрдісінің маңызды элементы. Есептер қандай да бір
нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды
қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материалдар береді. Сондықтан
есептердің оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі
көрінісін көруде үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімнің
практикалық маңызы болмайды. Есептер шығару физикалық заңдарды
тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді,
оқушылардың қызығушылығыноятады, өзіндік жұмыс дағдыларын игеруге
көмектеседі, әрі өзіндік ой қорытудың бірден-бір құралы болып табылады.
Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі
білім шеңберін кеңейтеді. Сондай-ақ, есептер шығару – қайталаудың,
пысықтаудың, оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы. Есептің
түрлері және оларды шығару тәсілдері
Есептерді шығарудағы графиктердің роліне қарай, қолда графикке жасалған
анализ негізінд, жауабы алынатын есептер және шамалар арасындағы
функциялық тәуелділікті график түрінде көрсетуді қажет ететін есептер
болып ажыратылады. Графиктік есептерді шығару шамалар арасындағы
функциялық тәуелділікті түсінуге, графиктермен жұмыс істеу дағдыларын
дамытуға көмектеседі. Олардың танымдық, политехникалық маңыздылығы
осында. Шартында оларды шығаратын мәліметтер жетіспейтін есептерді
толымсыз мәліметтермен берілгенесептер деп атайды. Мұндай есептерде
жетіспейтін мәліметтер анықтамалықтардан, кестелерден және басқа
әдебиеттерден алынады. Мұндай есептер өмірде жиі кездеседі, сондықтан
бұл есептердішығару бағалы. Оқушылардың есеп шығаруға қызығушылығын
арттыру үшін есептерді шебер таңдай білу керек. Олардың мазмұны түсінікті
де қызықты,қысқа да дәл тұжырымдалған болу керек. Есептегі
математикалық операциялар оның физикалық мағынасын көлеңкелемеу
керек. Жасандылықтан және есептер шартындағы ескірген сандық
мәліметтерден аулақ болған дұрыс. Тақырып бойынша есеп шығаруды
оңайынан бастау керек, олардың ішінде оқушылардың зейіні берілген
тақырыптағы оқып үйренілетін заңдылықтардың немесе жаңа ұғымдардың
белгілерін анықтап оның басқа ұғымдарымен байланысын тағайындау
төңірегіне тоқталады. Содан кейін біртіндеп қиынырақ есептерге көшкен
дұрыс.
Физикалық есептерді шығару әдістемесінің педагогикалық-психологиялық
негіздері Оқу практикасында логикалық ой тұжырымдар, физиканың заңдары
мен әдістерінің негізіндегі эксперимент пен матиматикалық әрекеттер
көмегімен шешілетін шағын мәселелерді физикалық есептер деп атайды.
Есепті шешу мақсатты бағытталған ойлау болғандықтан, оқушылардың
ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды
құралдарының бірі – физикалық есептерді шешу болып табылады.
Сабақтарда көбінесе оқушыларға есептр беру арқылы проблемалық
жағдайлар туғызып, оқушылардың ой әрекетінің белсенділігін арттырады.
Сұрақ- есептерді шығару, есептің графиктік материалы болатын
жағдайларынан басқасында, әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар
суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен
беріледі: «Тығыздығы шар затының тығыздығынан екі есе артық болатын
сұйықтың бетінде жүзіп жүретін шардың суретін салыңдар».
Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша
жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу
талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінің,
бақылағыштығын және графиктік сауаттылығын дамытуға әсер етеді.
Есеп шығарудың тәрбиелік маңызы ерекше. Есеп шығару барысында
оқушыларды жаңа прогресшіл идеялармен таныстырып, олардың зейіні
ғылым мен техника жетістіктеріне аударылады. Мазмұнына космосты игеру,
электр станциялары және жаңа техникалық жаңалықтар қамтылған
есептердің орны ерекше. Есеп шығару – үлкен күшті қажет ететін қиын
еңбек. Бұл процесс кезінде шығармашылық жетістіктер қуанышы, пәнге
деген қызығушылық, көңіл қалдыратын өкініш, өз күшіне сенбеушілік пайда
болуы да, пәнге деген қызығуышылықтың жойылуы да мүмкін. Есеп
шығарту арқылы мұғалім оқушылардың жетістігін, көңіл-күйін, өзінің оқу-
тәрбие жұмысының тиімділігін үнемі бақылап отыратындықтан, есеп шығару
сезімтал барометр тәрізді.
1.2.Есептерді шығаратын жалпы әдістер.
Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компенентті ғылыми-
практикалық ұғым.Физика сабақтарында көбінесе оқу материалдарын
ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданады.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1. Физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон заңдары) түсіндіріледі;
2. Физикалық құбылтардың (диффузия, электромагниттік индукция) мәні
ашылып, көрсетіледі;
3. Физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалыптастырылады;
4. Оқу материалдары қайталанып, бекітіледі (қозғалыс мөлшерінің,
энергиянығ сақталу заңдары);
5. Оқушылардың алған білімдері, дағдылары тексеріледі (Архимед күші,
динамометрмен өлшеу).
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі
болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық
түрлері мен кезеңдерінде және кластан жұмыстарында кездеседі. Есеп
шығару, физиканы оқытудің әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр
жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық
есептердің шығаруының мынадай маңызы бар: 1)оқушылапдың
логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық
амалдар мен түрлендіруді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар
мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады; 2)
физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына
және өмірмен байланыстығына көз жеткізеді; 3)мектеп оқушыларын
тапөырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке, ,
қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді,олардың ерік- жігерін
қайрайды; 4) физикалық ұғымдарды,жастардың практикалық
ебдейліктерні мен дағдыларын, шығармашылық қаюілеттерін
қалыптастырады; 5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен
беріктігін тексереді; 6)сабақта проблемалық ситуация қойып , оны
шешуге жәрдемдеседі; 7)физикалық құбылыстар мен заңдарды және
теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара
байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі; 8) оқушылардың білімдерін,
дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді; 9)пән
аралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды; 10)оқушылардың
физикаға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан да физикадан
есеп шығару бағдарлама және емтихан талаптары бойынша міндетті
түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негізгілерінің біріне саналады.
Физикалық есептерді шығару арқылы мұғалім сабақта оқушылардың білімі
мен дағдыларын тексеріп бағалайды, проблема қойып оны зерттейді,
сын жұмысын өткізеді, эксперимент орындатады, үйде өз бетінше
жұмыс істетеді, олимпиада мен конкурстарды ұйымдастырады, т.т.
Физикалық есептер негізінен мазмұны, дидактикалық мақсаты және шығару
тәсілдері бойынша классификацияланады.
Физика есептері мазмұнына қатысты физиканың жеке тарауларына қарай
және де тарихи, политехникалық мазмұнды, қызықты,
шығармашылықты, эксперментті, кешенді болып бөлінеді.
Эксперименттің есептер мына типтес болып та келеді:
1) “Пружинанв белгілі масштабпен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп,
оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын
көрсететін формуланы өрнектеңіз”.
2) “Берілген сұйықтың тығыздығын арометрдің жәрдемімен
анықтаңыз”.
3) “Физика кабинетіндегі электр қоңыраудың істейтін моделі,
гальванилкалық элемент, кілт, сымдар берілген. Электрқоңырау бір
ақ рет шылдырлауы үшін электр тізбекті қалай өосу керек?”
Қызықты физикалық есептер көп кездеспейді.Оған мынадай есеп
мысал бола алады:
“Болат стерженнің екі ұшын да бірдей магниттік полюске
магниттеуге болады ма? Егер болсы қалай? Егер болмаса,неге?”
Шығармашылық есептердің ерекшелігі зерттеушілік (“Неге?” деген
сұраққа жауап беретін) және конструкторлық (“Қалай істеу керек?” деген
сұраққа жауап іздейтін) есептер болып екі түрге бөлінеді.
Өндірістік-техникалық мазмұнды есептер физика сабақтарында көп
шығарылады.Бір мысал:
“Шахтаға массасы 280 кг лифт бірқалыпты үдемелі қозғалыспен түсірілді.Ол
10 с ішінде 35 м тереңдікке түседі.Лифт қанатының керілуін табыңыз”.
Бұл есептердің 2-3 түрі бір сесепте бірігіп келсе, оны аралас кешенді есеп
деп атайды, олар көп кездеседі.
Барлық физикалық есептер берілу шарты бойынша текстік, эксперименттік,
графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. Дидактикалық мақсатта
олар қарапайым, жаттығу, күрделі есептер болып саналады. Қарапайым
есептер 1-2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті пайдалану
арқылы шығарылады. Жаттығу есептері көбінесе жаңа материалдарды
бекітуде сұрақ ретінде шешіледі. (“40 Н күш әсер еткенде дене 0,2 м/с^2 үдеу
алады.Дененің массасын анықтаңыз”).
Шығару әдістеріне қарай сандық, сапалық, графиктік,
эксперименттік есептер деп бөлінеді.
Математикалық түрлендірулер мен есептеулердің жәрдемімен
шешілетін есептер сандық есептер деп аталады. Ал сапалық
есептерде қарастырылатын құбылыстың тек физикалық мәні ғана
ашылады (“массалары бірдей мыс және алюминий кубиктер суға
батырылған. Оларға әсер ететін итеруші күш бірдей болады ма?”).
Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері кездеседі:
1. Арифметикалық тәсілде есептер математикалық теңдеулер құрылмай,
арифметикалық амалдардың жәрдемімен сұрақтар, қою арқылы
шығарылады.Бұл тәсіл, мысалы, жылу мөлшерін анықтауда көп
қолданылады.
2. Алгебралық тәсіл физикалық формулалардың негізінде
математикалық теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда
қолданылады. Мұндай есептер физиканың әр тарауында көп-
ақ.Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.
3. Геометриялық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигуралардың
геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін қолдану қажет
болған жағдайда пайдаланылады. Мұндай тәсілкинематика, статика,
электростатика, фотометрия, геометриялық оптика тарауларында
есептер шығаруда көп қолданылады.
1) Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың
жауаптары, түрлі графиктерінде талдау негізінде алынады.
2) Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің
негізінде шешіледі.
3) Аналитикалық тәсілде есептің мазмұны жеке қарапайым
элементтерге жіктеліп, жан-жақты талданып, соның негізінде
табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың заңдылықтары
қарастырылады.Есептің жауабына қатысты формуланы бірден
тауып аламыз да, ол арқылы есепті басқа теріс жолдарға
бұлдаңдатпай, оған берілген мәндерді қойып есептейміз. Бізді
бірден есептің мақсатына жетелейді. Мұндай тәсілді кластағы
оқушылардың білім дәрежесі жоғары болған жағдайда қолдану
тиімді, әйтпесе, күрделі физикалық құбылыстарды дұрыс талдап,
оған қатысты формулаларды түрлендіріп, керекті ең соңғы
теңдеуді шығарып алу балаларға қиынға соғады.
4) Синтетикалық тәселмен (жекеден жалпыға көшу) шығарғанда
есептің, берілгендері бойынша қандай шамаларды алдымен
табуға болса соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің
шешуіне жетеміз.Бұл тәсілдің әдістемелік қолайлылығы, берілген
сан мәндері арқылы алғашында мүмкін болған шамаларды оңай
анықтап, есептің жауабына бірте – бірте келеміз, яғни
ғылымдағы “қателесу және байқап көру ” әдісіне ұқсас. Бірақ,
бұл жол бізді әрқашан қажетті ақырғы формулаға алып келе
бермей, кейде тіпті оқушыларды басқа теңдеулерге “алып
қашып” кетуі де мүмкін. Есепті шешудің аралық кезеңдері дұрыс
талдай білуді талап етеді. Сондықтан да, аналитикалық тәсілді
жоғары , ал синтетикалық амалды төменгі кластарда пайдаланған
әдістемелік жағынан тиімді деп есептелінеді.
Физика есептерін шығарудың қазіргі кездегі жетілдірілген тәсілдерінің бірі –
алгоритмдік тәсіл мен компьютерді пайдалану.
Мысал үшін жылу балансы теңдеуіне қатысты есептерді шығарудың
мынадай алгоритмі қолданылып келетіні белгілі.
1.Есептің берілгенін оқып, не берілген және нені табу керек екенін анқытау.
2.Есептің берілген шартын жазу.
3.Жылу алмасы процесіне қатысатын денелерді жылу беретін (ішкі
эенргиясы азаятын) және жылу алатын (ішкі энергиясы артатын) денелер деп
екі топқа бөлу.
4.Жылу алмасы процесінде әр дененің күйі қалай өзгеретінін анықтау.
5.Жылу балансы теңдеуінің жалпы түрін жазу: а)егер шығын жоқ болса ( η=1)
онда Qб =Qа немесе б) П.Ә.К. берілген (η<1 ) болса, онда Qб >Qа.
6.Есептің берілген сан мәндерін процестерге қатысты теңдеудің
формулаларына қойып есептеу: Qқызд . =mc(t 02−t 01 ); Qбалқ . =mλ; Qбул=mL; Qжану =mq .
7.Белгісіз шамаға қатысты теңдеуді шешу.
8.Есептің дұрыс шешілгендігін тексеру.
Шығару жолы қиын және күрделі болса, онда есептердің алгоритм түзіп
программасын құрып ЭЕМ арқылы шешу тиімді.Ол үшін алдымен, есеп
бәрнеше бөліктерге бөлініп, олардың қандай тізбекпен шешілетіндігі
анықталады. Одан кейін формула түрінде жазылатын оның математикалық
моделі жасалады. Есепті шығару кезінде оның математикалық нобойы
зерттеліп, программаланады (яғни схемалар машина тіліне аударылады,
операцияларды орындау тізбегі қадағаланып , тексеріледі). Программалау
процесінде блок-схема құрылады және программа ЭЕМ тілінде жазылатын
болады. Сонан соң алгоритмдеу процесі арқылы математикалық нобойдың
жәрдемімен есептің жауабы табылатын тәсілдер тағайындалады.
Алгоритмдеуден кейін программа жасалады, яғни алгоритмді белгілі ереже
юойынша есептің шығарылу жолы машина тіліне аударылады. Программа
жасау процесі арнаулы бланкаларға жазылған команда арқылы орындалады.
ЭЕМ тапсырма алғаннан кейін есепті автоматты түрде өзі шешеді.
Есепті шығарудың алгоритмін және блок-схемасын түзу жолдарын нақты
мына бір есептің негізінде көрсетуге болады.
Есеп: m=1600 кг-ға тең автомобиль қисықтық радиусы 83 м-ге тең дөңес
көпірдің үстімен ν=40 км /сағ тұрақты жылдамдықпен келе жатыр. Көпірдің ең
биік нүктесінде автомобиль көпірге қандай қысыммен әсер етеді?
Бұл есепті шығару алгоритмі мынадай 8 қадамнан тұрады.
1-қадам. Есептің аргуметтерін (m, v, r ), нәтижесін (Q), керекті
формулаларын, шығару тәсілдерін анықтаймыз.
2-қадам. Берілген шамалардың өлшем бірліктерін халықаралық жүйеге
көшіреміз: m=1600 кг ; v=40 км/сағ = 11 м/с ; r=83 м .
3-қадам. Автомобильге әсер ететін күштерді талдай отырып олардың
векторлық теңдеуін жазамыз, сонда автомобильге горизонталь бағытта
кедергі күші мен двигательдің тарту күші әсер етеді де, вертикаль бойымен
салмақ күші мен көпірдің реакция күші әсер етеді. Дөңес көпірді шеңбердің
бір доғасы ретінде қарастыруға болады, онда автомобиль тұрақты
жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалады деп айта аламыз.
v=const болғандықтан, Ньютонның 3-ші заңы бойынша кедергі күші мен
двигательдің тарту күші шама жағынан бір-біріне тең, ал бағыт жағынан
қарама – қарсы болады.
Автомобиль дөңес көпірдің үстімен келе жатқандықтан, оның салмақ күші
мен көпірдің реакция күші тең болмайды, олай болса осы күштердің тең
әсерлі күші центрге қарай бағытталып, центрге тартқыш үдеу туғызады:


F ц .т . =⃗
ma n

Салмақ кұшінің бағытын оң бағыт деп есептеп, Ньютонның үшінші заңын


қолданып , келесі теңдеуді жазамыз:


P +⃗
Q= ⃗
F ц .т . (1)

Автомобильдің көпірге түсіретін қысым күшін, көпірдің автомобильге


түсіретін реакция күші арқылы тауып аламыз, өйткені, Ньютонның 3-ші заңы
бойынша бұл күштер шама жағынан бір – біріне тең, бағыт жағынан қарама –
қарсы: ⃗
Q=− ⃗N .
4-қадам. Жоғарыдағы векторлық теңдеулерді, координат жүйесін таңдап
алып, оның сол осьтегі проекциясын тауып, скалярлық түрде жазамыз:

You might also like